Танымдық және ақыл - ойдың коэфициенті туралы түсінік.

Билет

Адамның ақылы туралы біз өте аз білеміз. Соңғы жылдары ғана ғылымның қарқынды дамуының арқасында ақыл- ой мен психикаға байланысты зерттеулердің арқасында біз білімнің негізгі бөлігіне қол жеткіздік. Мысалы,IQ идеясы(ақыл- ойдың коэфициенті) ақыл- ойдың жан-жақты табиғатына сәйкес екенін білеміз. Бұл әдістеме ой қабілеттерінің белгілі бір ғана бөлігін, мәдени ортада, белгілі бір мақсатпен өлшейді. Қысқасы, ол әдістеме тілмен , логикамен, акамубен, академиялық біліммен байланысты «солдық – жартышарлық» функцияларды өлшейді , және ол интеллекттің қызығушылық қабілеттермен байланысты функцияларды өлшейді.

Интеллекттің бірнеше түрлері бар және олар өздерін әртүрлі әдістермен көрсетеді. Академиялық « милық » интеллектуал IQ жоғары деңгейімен, мысалыға, әлеуметтік мағынада мүлдем дамымаған болуы мүмкін яғни спорт, музыка, пометикалық ойлау т.б. қабілеттері жоқ болуы мүмкін. Кейбір он жасар бала,басқа ақыл- ой коэфициенті жоғары үлкен адамдарға қарағанда, өмірлік жағдайларда тез шешім қабылдауы мүмкін.

Көптеген психологтар интеллектті тума фактор етіп қарастырады. Интеллектті көздің түсі мен адамның бойы сияқты нәрселерді болжауға болады деп сенеді. Израильдік психолог доктор Ройвен Фойерштайн басқалармен қатар адамның миының функциясын кез- келген жаста жетілдіруге болатынын айтқан.

Егер біз интеллекттің түрлі анықтамаларын қарастыратын болсақ , онда ақылдың даму шегі туралы ой – пікірлер әртүрлі болып келетіні заңдылық. Барлық нәрсеге қол жеткізуге болады деген тұжырымдама дұрыс емес шығар, бірақ сіздің өз миыңыздың іске асырылмаған үлкен потенциялын меңгеруіңізге болады. Бұл нәрсені оптимизм деп айтуға болады.

Интеллект коэффициенті генетикалық факторлардың ең тәуелдісі ретінде білім беру саласында , коммерциялық іс-әрекеттерде және Батыстың барлық ресми жүйелерінде үлкен роль атқарады. Ол біздің өмірімізге жан-жақты ықпал етеді. Бірақ бұндай көзқарас маңызды шектеулерге тап болады және коммуникация қабілетіне , яғни әлеуметтік интеллектке негізгі зейін аудармайды.

Интеллекттің әр түрі адам үшін мәдениеттен немесе қоршаған ортаның тіке байланысынан тыс өзінің құндылығына ие болады. Мысалы, көптеген үйде отыратын әйелдер немесе көп балалы аналар бірден пайда болған бірнеше тапсырмаларды ойдағыдай шеше алады. Керісінше, бұл тапсырмаларды әлдеқайда ақылды адамдар, әсіресе еркектер, орындай алмайды. Интеллекттің әр түрінің құндылығы өзіңіздің өміріңіздегі ең маңызды нәрсеге тәуелді.

Ең басты, мақсатқа жету үшін дұрыс құрал таба білу . Интеллекттің түрін қалай ажырата аламыз, егер эксперттердің өздері бір шешімге келе алмай отыр? Оқытушы ма, оқушы ма? Жұмысқа қабылдаушы немесе кәсіпорын жұмысшысы ма? Студент немесе емтихан қабылдаушы ма? Менеджер – маман немесе тәуелсіз антерпренер? Интервьюер немесе интервью алушы ма? Ата – аналардан төмен интеллектуалды деңгейді алатын болсақ , онда біз не істеуіміз керек?

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп сіз интеллект туралы өзіңіздің тұжырымдамаңызға келесіз.

–Сіз үшін « интеллект » ұғымы не білдіреді?

–Сіздің табыстарыңызға, келешегіңізге ықпал ететін адамдар үшін – жұмыс берушіге, клиенттеріңізге, достарыңызға, мұғалімдеріңізге осы ұғым нені білдіреді.?

–Егер сіз интеллектіңізді дамытсаңыз , қандай жетістіктерге жетуіңізді қалайсыз , кім болғыңыз келеді?

–Интеллекттің қай түрлерін сіз бағалайсыз , ой іс-әрекеттердің қай саласында жетістіктерге жетуіңізді қалайсыз?

–Жаңа жетілдірілген интеллектпен сіздің өміріңізде не өзгеруі мүмкін?

–Өз интеллект потенциалды іске асырып , өмір сүру үшін сіздің қызығушылығыңыз неде?

Ақылдың дамуы қайта оқуды қажет етеді. Біз бәріміз әдетке беріліп , өзіміздің өмірімізді өзгертуге асықпаймыз , бұл өзгеріс жақсы өмірге әкелсе де. Ең қиыны - өзіңіздің тума интеллектті қабылдап әртүрлі формада оны қолдану. Егер сізге нейрохирургиялық операциялық жасалынбаған болса , онда « аппарат » және сіздің миыңыздың ресурстары аденваттық түрде жауап береді. Бұл нейрофизиологияның мәселесі. Егер миды дұрыс пайдаланбасақ, онда адамның миы атрофияға тап болады. Бұл нәрсе мәдени және әлеуметтік жағдайлардың ықпалымен болады. Осы кезде « қайта оқу » іске кіріседі, әсіресе бұл төмен өзі-өзін бағалауға қатысты. Барлық керек емес нәрселерден босатылып, сіз өз миыңызды дамытып, өзіңіздің потенциялыңызды ашасыз.

Наши рекомендации