Темперамент туралы ілімнің дамуы

Қазіргі кезде темперамент сангвиник,флегматик,холерик,меланхолик деп аталатын типтері туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтіріледі. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129-199 жж.) темпераменттің санын көбейтіп он үшке жеткізді. Ол темперамент түрлерін Гиппократтан өзгеше,яғни оның физиологиялық ерекшеліктерімен қоса,психологиялық,тіптен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді.

Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы ілімді ықшамдап,оның бұрынғы төрт типін сол қалпында қалдырды. XVIII ғасырда атақты неміс философы И.Кант (1724-1804) 1798 жылғы жарық көрген «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түріне сипаттама беріп,оларды тек психологиялық қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуірге дейін,негізінен психологиялық қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес енді темперамент типтері жайындағы мазмұн мәнісі өзгере бастады. Темперамент түрлерін тек физиологиялық қана емес,психологиялық ерекшеліктері тұрғысынан қарастыруға баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде И.Кант сезім күйінің әрқилы болуымен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі арасындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пікір айтты. Ал XIX ғасырдың соңында әйгілі неміс психологы В.Вундт темпераменттер адамның «жан дүние тебіреністерінің» күш-қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелді болады деп есептеді.

Мұндай пікірлер,темперамент типтеріне түрліше сипаттама беріп,олардың түрлерін әркім өзінше анықтауға тырысты. Мәселен,Гален темпераменттің төрт түрінің басқа да бірнеше түрі болады десе,өзге зерттеушілер алты,тіпті сегіз типі болады деген пікірлер айтты. И.Канттан басқа да бірсыпыра оқымыстылар темперамент ерекшеліктерін адамның жек басына тән мінез-құлық сипаттарынан бөліп қарастыра бастады. Алайда,темперамент пен адамның даралық сипаттарын білдіретін психологиялық өзгешеліктерді анықтап көрсетудің нақтылы тіректері мен өлшемі ұзақ жылдар бойы айқындала қоймады.

Темперамент туралы ілімнің тарихын сөз еткенде,оның типтерін түсіндіру барысында екі түрлі бағыттың тартысы болғандығын ескерген жөн. Оның бірі-неміс психологы Кречмер мен американ психолгы Шелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санауы. Ал екінші бағыт И.П.Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті ғылыми тұрғыдан дәйектеп,сара жолға салды. Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекті орыс педагогі П.Ф.Лесгафттың (1987-1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты дейді.Ал П.Ф.Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтады.

Темперамент жайында арнайы сөз етіп,оның типтері мен түрлерін,адамның мінез-құлқы мен әр алуан қимыл-әрекетіндегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен ұштастыра отырып іздестірген-қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген еңбегінде тек темперамент түрлерінің ғана емес,жалпы психология ғылымының өзекті мәселелерін өз кезіндегі ғылымның деңгейінде қарастырып өте құнды пікірлер айтты.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген-академик И.П.Павлов.Жүйке жүйесінің типтері мен қабығындағы қозу,тежелу процестерінің негізгі үш белгісі-қозу мен тежелудің күші,олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан тұрады.Жүйке процестерінің күші ми қабығының жұмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне жатады. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса-сангвиник(латынша-сангуис),сөл көп болса-флегматик(грекше-флегма),өт көп болса-холерик(грекше-холе) және күшті пропорция қара өтте көп болса-меланхолик(грекше-мелаинхоле) деп төрт типке бөлінген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды.

Наши рекомендации