Лекция. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары.

Түйсіну бейнелерінің ерекшеліктері. Түйсіну және рецепторлар. Психофизиканың элементтері. Психофизиологиялық заңдылықтар. Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде. Түйсінулердің классификациясы. Түйсінулердің психологиялық айшықты ерекшеліктері. Сенсорлық жүйелер және сенсорлық белсенділік.

Психикалық процестер психифизикалық функциялардың сапасы бола отырып іс-әрекетке қосылады. Сондықтан да психикалық процестер (қабылдау, ойлау) алғашында нақты бір іс-әрекеттің процессуалды компоненттері, содан кейін ішкі, теориялық іс-әрекеттің формалары ретінде құрылады.

Іс-әрекет психологиясын зерттеуден кейін біртіндеп жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттеуге өтеміз. Психология ғылымы психологиялық сана және өзіндік сана жайлы ілімдерден басқа мына ілімдерді қамтиды: психофизикалық функциялар, психикалық процестер, іс-әрекеттің психикалық құрылымы, жеке адамның психикалық қасиеттері.

Сондықтан да танымдық-психикалық процестер жайлы психологиялық ойлау жүйесінің методологиялық негізі былай көрсетіледі: психикалық процестерді аналитикалық зерттеуден (біз мұнда осы функция компоненті ретінде қосамыз) іс-әрекет психологиясына қарай; ал іс-әрекет психологиясынан жеке адамның психикалық қасиеттеріне қарай зерттеуді негіздейміз.

2.Тікелей сезімдік танымның нақты механизмдері жайлы ғылыми түсініктердің дамуы екі жақты мәнге ие болды: психологиялық және философиялық (А.Н. Леонтьев).

Философия оны ғылыми және гносеологиялық тұрғыдан басым талдайды. XIX ғасырдағы сезім органдарының классикалық физиологиясы көптеген ғылыми және фундаменталды мәліметтер мен заңдылықтарды ашты. Қазір түйсінудің рефлекторлық теориялық концепциясы жайлы ілімі дамыды.

Кейде оны түйсінудің рецепторлық концепциясы деп атайды және И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың ілімдеріне сүйеніп, рефлекторлық концепциясына қарсы қояды.

Түйсінудің рецепторлық концепциясы И. Мюллердің «сезім органдарының арнайы энергиясы» деген принципіне қатысты туындады. Ол өзінің «Адам физиологиясы курсы» деген еңбегінде бұл принципті былай тұжырымдайды: «Сыртқы принциптермен шақырылған түйсінулерді ала алмаймыз, ол себептерсіз-ақ сезгіш нервтермен шақырылады.

Бір ғана сыртқы себеп – олардың табиғатына байланысты әр түрлі сезім органдарында әр түрлі түйсіну туғызады. Әрбір сезгіш нервке тән түйсіну көптеген ішкі, сыртқы әсерлермен де шақырылуы мүмкін. Түйсіну санаға сыртқы дененің күйі, сапасы ретінде беріледі, әр түрлі сезгіш нервтер үшін әр түрлі болып келеді».

Міне, осы тезистерден И. Мюллер гносеологиялық қорытынды жасайды: «түйсіну әсер ететін заттардың сапасы жайлы білімдерді бермейді, себебі ол сол сезгіш нервтерге ғана сәйкес келеді. Организмнің ортаға бейімделуін қамти отырып, сезім органдары өз функциясын адал орындайды, егер де ол оның обьективті қасиеттерін шын бейнелесе».

Сөйтіп «сезім органдарының айырықша энергиясы» «арнайы энергиялардың органы» принципі деп қайта ұғынылады. Мюллер бойынша, түйсіну тітіркендіргіштің табиғатына емес, тітіркену процесі өтетін органға немесе нервке байланысты және оның арнайы энергиясы болып табылады. Мюллердің принциптерін талдау, сынау жайлы талдаулар толық семинар сабағында қаралады.

Эволюциялық және генетикалық ықпалдарды зерттей отырып, түйсінудің функционалды дамуын да зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Яғни, сыртқы факторлардың әсерінен туындаған түйсіну табалдырықтарына байланысты эксперименттік зерттеулер, соның ішінде сезім органдарын бұрмалайтын жасанды шартты кіргізіп, түйсінуді өзгерту жайлы тәжірибелер (М. Страттон тәжірибелері, И. Келердің кейінгі жұмыстары).

Осы жағдайда өткен түйсінудің қайта жасалуы түйсінуді дұрыстауға итермелейді, яғни қоршаған әлем заттарымен практикалық байланыс тәжірибелеріне адекваттылықты орнату жайлы сөз болып отыр. Түйсінулердің өзара әрекеті жайлы зерттеулерге 1930 жылдан бастап назар аударылды (С.В. Кравков).

Сыртқы ортаның әртүрлі әсерлері адам миына әсер етіп, онда әртүрлі психикалық функциялар ретінде бейнеленеді. Таным процесінде түйсіну – психикалық функциялардың бастапқы және ең төменгі сатысында тұрады.

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар адамға әсер етеді, санада бейнелерді қалыптастырады.

Адам дүниені, заттарды санасында бейнелеу арқылы таниды.

Түйсіну қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің санамызда бейнеленудің нәтижесін беретін психикалық іс-әрекет болып табылады. Түйсіну барлық таным процестерінің қайнар көзі деп айтуға болады.

Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтарына, сипаттамасы мен заңдылықтарына келетін болсақ екі негізгі нәрсені ескеру қажет:

1) тітіркендіргіштердің физикалық сипаттамасы, яғни түйсінуді тудыратын адамның сезім мүшелеріне әсер етуші сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың сипаттамасы;

2) түйсінулер пайда болатын сезім мүшелерінің сипаттамасы.

Тітіркендіргіштерді, қабылдайтын мүшелерді саңылау, яғни рецептор дейді. Рецепторлардың негізгі үш түрін ажыратуға болады. Олар:

· экстероцепторлар, сыртқы тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайлайтын сезім мүшелерінің ең сыртқы бетінде, я соған таяу жерлерде тұрған саңылаулар;

· интероцепторлар организмнің ішкі мүшелерінен шығатын тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайланған сезім мүшелердің бетінде болатын саңылаулар. Бұларды органикалық түйсінулер деп те атайды;

· проприоцепторлар дене мүшелерінің қозғалысын, денені тендікке ұстауды қабылдайтын мүшелердің астарында жатқан саңылаулар.

Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері. Кез-келген танымдық процесс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады. Бірақ бейнелеу қызметінен басым процестер (танымдық процестер) және реттеу қызметінен басым психикалық процестерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады.

Танымдық процестер жүйесіне (ТПЖ) келесі блоктар кіреді:

1. түйсік және қабылдау

2. зейін

3. ес

4. қиял

5. ойлау

6. сөйлеу

7. эмоция

ТПЖ барлық блогы үнемі өзара әрекеттесу процесінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді. ТПЖ өзара әрекеттесі процесінде үнемі аралық нәтижелер көрінеді.

Ақпараттың бұрмалануы мәселесі.

2-суретте ТПЖ бірінші блогынан екіншісіне ауысқандағы ақпараттың қандай өзгерістерге ұшырайтыны көрсетілген (синусоид түрінде кестеде бейнеленген). ТПЖ жұмысының соңғы нәтижесі алынған материалға сәйкес келеді, бірақ оның тура көшірмесі болмайды (кестеде ұзын сызықтармен бейнеленген). Сонымен, танымдық процестер жүйесінің жұмысы адамның обьективті шындықты адекватты субъективті бейнелеуін қамтамасыз етуден тұрады.

Қабылдау тек тітіркендіргіштерге ғана емес, сонымен бірге оны қабылдайтын субъектіге де қатысты. Басқаша айтқанда, қабылдау субъективті болады. Әрбір адам заттан нені көргісі келеді, соны көреді. Бұл жерде қабылдаудың нәтижесі ретінде зат пен бейненің обьективті негізделген сәйкессіздігі туындайды. Бұл өңдеу деңгейіндегі ақпараттың бірінші бұрмалануы.

Ол қандай да бір затты қабылдау кезінде өткен қабылдау ізінің белсенді болуымен детерминантталады. Қабылдау субъектінің өткен тәжірибесіне тәуелді. Адамның тәжірибесі неғұрлым бай болса, онда соншама көп білім болады, соғұрлым қабылдауы бай, заттан көп нәрсе көре алады.

Қабылдаудыі мазмұны адам іс-әрекетінің алдына қойған міндеттері және мотивтерімен анықталады. Қабылдау процесіне қабылдаудың мазмұнын өзгерте алатын эмоция да қатыса алады. Эмоциялық реакциялар мен қабылдаудың маңызды рөлі бірқатар әртүрлі эксперименттермен дәлелденеді.

Сонымен, қабылдау – бұл басқаруға болатын белсенді процесс.

Психика – мидың қызметі. Ол өзара әрекеттесу кезінде ғана көрінеді: мидың іс-әрекеті мен қоршаған орта тоғысында пайда болады. Адам бұл өмірде белсенді өмір сүру үшін бізді қоршаған ортаның адекватты, шынайы бейнесі керек. Барлық танымдық процестер адамның өзін қоршаған ортаны дұрыс бейнелеуі үшін жұмыс істейді.

ТПЖ басты міндеті адамның бірнеше сұрақтарға жауап беруіне көмектесуден тұрады: мен кіммін? басқалаға қатысты мен қандаймын? ұжымдағы менің орным қандай? басқаларға мен қалай көрінемін? қоршаған орта мені қалай қабылдайды? және т.б.

           
    Лекция. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. - student2.ru
 
    Лекция. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. - student2.ru
 
  Лекция. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. - student2.ru
    Лекция. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. - student2.ru
 

2-сурет. Психикалық танымдық процестердің өзара тәуелділік схемасы.

Наши рекомендации