ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін. 2 страница
10,Визуальді қарым-қатынас ерекшеліктері көзқарастың бағыты әңгімелесушінің зейін салып , деп қойып тыңдап отырғанын және оның алған мәліметтерге қандай оймен қарайтынын , құптайтынын немесе мақұлдамайтынын білдіреді. Сонымен қатар , көзқарасты қарым-қатынас орнатқысы келген жағдайда , серіктесінің көзқарасын іздей бастайды . біреу біздің көзімізге ұзақ қадалып қараса, бұл жағдай бізге қолайсыздық туғызуы да мүмкін.
11,Дау-дамайдың құрылымы және дамуы. Коммуникативті кедергі туралы түсінік. Дау-дамайдың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. Дау-дамайдың табиғаты мен психологиялық ерекшелігі. Дау-дамайдың құрылымы және дамуы. Коммуникативті кедергі туралы түсінік.Эмпатияның қарым-қатынастағы рөлі.
Дау-дамайдың алдын алу. Дау-дамай жағдайында ұйымдастырылатын ойын- жаттығулар. Конфликтті жағдаяттарда сүйеу болатын 4 тәсіл . Дау-дамай туралы идеяларды жинақтау дәстүрінің көп ғасырлық тарихы бар. Дау-дамай жайлы алғашқы ғылыми тұтас тұжырымдар XIX -XX ғасырда пайда болды, бірақ кейінгі жылдары да осы феноменнің табиғаты жайлы жазып отырды.
Алғашқы адамдық қоғамдастықтармен қатар пайда бола отырып, дау-дамайлар күнделікті құбылыс ретінде түсінілді және ұзақ уақыт бойы ғылыми зертету объектісі бола қоймады. Орта және Жаңа ғасырда бұл құбылыстың мәнін түсінуге алғашқы қадамдар жасалды. Бір топ ойшыл-гуманистер дау-дамай жайлы, оның адамзат өміріне зиян келтіретіндігі туралы және соғысты болдырмау, бүкіл әлемде тек бейбітшілік орнауын аңсап, өз ойларын білдірді.
А.Я.Анцупов,А.И.Шипиловтар көрсеткендей, Антикалық дәуірде дау-дамай проблемасын Платон, Эпикур, Цицерон сияқты ұлы ойшылдар мен философтар қарастырды. Платон соғысты дау-дамайдың бір түрі, ұлы зұлымдық деп білді. Оның айтуынша, қай бір кезеңде «алтын ғасыр» кезеңі болған, онда «адамдар бір-бірін жақсы көрген, әрі бір-біріне өте қайырымды болған». Философ-материалист Эпикур адамдардың бір-бірімен бейбіт өмір сүруін қалады. Цицерон жасалған зұлымдық үшін, елден жауды қуу үшін жүргізілетін соғысты «әділ және қайырымдылық соғысы» деп бағалады.
12,Жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын теориялар(Э.ЭРИКСОН,А.МАСЛАУ,М.И ЛИСИНА) Э.Эриксонның теориясы
Атақты З.Фрейдтен кейін көптеген зерттеушілер эго-процестердің маңызы мен олардың дамуын көрсету үшін психоанализді қайта қарастыруға тырысты. Солардың қатарында әйгілі эго-психолог Эрик Эриксон да бар. Көптеген постфрейдистер сияқты, Э.Эриксон үшін эго және индивидтің дамуы барысындағы оның адаптивті мүмкіндіктері маңызды болды. Дегенмен, бұдан ол өз теорияларында биологиялық және әлеуметтік факторларды қарастырмады деп айтуға болмайды.
Э.Эриксон теориясының негізгі бағдарлары келесі кезеңдерден тұрады:
1). Адамның бүкіл ғұмырлық даму процестерінде болып отыратын өзгеріс акценті;
2). Идентикалық сезімінің жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінеді;
3). Жеке тұлғаның құрылымындағы тарихи және мәдени факторларды зерттеу барысындағы клиникалық бақылауға назар аударылады.
Э.Эриксон жасаған ңадам жасының сегіз кезеңің (ңвосемь возрастных периодов ÷еловекаң) өз кезегінде жеке тұлға теориясына қосылған маңызды және түбегейлі еңбек болып табылады.
Оның мәдениетті тұлғаның дамуына тигізетін әсерді көрсетуге жасалған қадамы көптеген зерттеушілердің еңбегіне бастама болды. Осының нәтижесінде бүгінгі таңдағы адамзат кездесіп отырған негізгі психологиялық мәселелерді зерттеуге құлшыныс байқалды.
Эго-психологияның пайда болуындағы негізгі аспектілер әлеуметтік және мәдени ортадағы тұлғаның дамуына әсер ететін туысқандық теорияның пайда болуына алып келді.
А.Адлер мен Э.Эриксон көрсеткен бағыт бойынша, бұл теорияда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың талдау жолдары бүкіл жеке тұлға мен мотивациялық процестердің іске асырылуы үшін жаңа жолдар іздестірілді. Бұл теорияның негізін қалаушылар З.Фрейдтің адам табиғатында кездесетін инстинктивті сексуалдық мотивінен бас тартты.
Сонымен, тікелей Эрик Эриксонға (Erіk Erіkson) келсек, ол 1902 жылы Германияның Франкфурт қаласында дүниеге келген. Жоғарыда аталған оқымыстылардан айырмашылығы – Э.Эриксон арнайы жоғары білім алмаған. Бірақ сонысына қарамай, оның тарихқа және өнерге деген ынтызарлығы мен құштарлығы зор болған. °сіресе, 1927 жылғы оның Венада З.Фрейд әулетімен танысуы және осы тұстан бастап оның психоанализ теорияларына назар аудара бастауы оның өмірінің басқа арнаға ауысуына әсер етті. 1927-1933 жылдары Анна З.Фрейдтің басшылығымен психоанализді тереңдете зерттеуге көшті.
Оның психоанализдік көзқарасының қалыптасуына АқШ-тың Гарвард университеті көп көмегін тигізді. Баланың дамуына мәдениеттің әсерін зерттеу оның негізгі тақырыбына айналды. Бұған 1950 жылы шыққан ''Балалық шақ және қоғам'' атты еңбегі дәлел бола алады. Бұдан өзге ''Лютердің жастық шағы: психоаналитикалық және тарихи зерттеулер'' (1958), ''Идентификация: жастық шақтың кризисі'' (1968), ''Жастық шақ: өзгерістер мен шақырулар'' (1963) атты негізгі үш кітабы жарық көрді. ңБалалық шақ және қоғам'' атты еңбегінен кейін ол әлемдік эго-психологияның жетекшісі ретінде танылды. Эрик Эриксонның бүкіл шығармалары осы эго-психологияның дамуына үлкен әсерін тигізді. Оның ісін өзімен қатар көптеген шәкірттері де жалғастырды.
13,Жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын теориялар Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану-осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан- жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.
Леонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.
Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф.Ломов берді: «....қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөлімдері-сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі – жайлы сөз қозғайды. Б.Ф Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:
· Макродеңгей
· Мезодеңгей
· Микродеңгей
Макродеңгей – индивидтің басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдық қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан контактілі байланыс.
Неміс – американдық психологы К. Левин адамдарды жекелей өзгерткенде топ арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығы психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелденген. Алайда бұл жайдың тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің ритуалыдқ жолдары көпшілік топ ішінде эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы спихологиялық әсер ету абсты мақсат болды. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушылар жақсы игерген. Соның арқасындабақсылық ұстаушылар әрекеттер топта санасыз қабылданып,түсінік қылықтарға илану, пихологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левин есімімен байланысты. Ол АҚШ-та 1933жылы топтық динамика әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты Левин өзінің өрістер теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болды. Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған. Г.М.Андреева өзінің «әлеуметтік психология» еңбегінде қарым – қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық түрғыларды интеграциялауға тырысты. Г.М.Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре және жалпылай отырып, қарым – қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс - әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылады: яғни адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым – қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашан да сол жайында кейбір іс әрекеттермен қарым – қатынаста болады дейді.
Сондай – ақ қарым–қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зерттеу барысында М.Андрееваның қарым – қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым – қатынасты бір – бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.
Қарым – қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады;
Интерактивтік жағы қарым – қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады;
Перцептивтік жағы адамдардың бірін- бірі қарым – қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді.
Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым – қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.
Р.С.Немов та қарым – қатынас құрылымын жіктеуге аса назар аударды. Яғни ол мазмұны бойынша қарым – қатынастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс әрекет өнімдерін алмастыру), когнитивтік (білімдерін алмастыру), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайларды алмастыру), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс- әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу).
Мақсаты бойынша, (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым – қатынас деп бөледі.
Тәсілі бойынша (кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен) қарым – қатынас тура және жанама болады.
Түрлері бойынша – іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір біріккен өнімінің іс - әрекеті сияқты болады), тұлғалық (көбінесе адамның ішкі сипатының психологиялық мәселесінің аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болып табылмайтын қарым –қатынас өзбеттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне - өзі қызмет ету қарым – қатынасы) болып бөлінеді.
14,Кеңестік психология мен педогогика қарым-қатынасқа берген анықтамаларға салыстырмалы талдау , М.И.Лисина , Х.Т.Шерьязданова зеріттеулеріне шолу. еңбектерi көрсеткендей, мұндай қарым-қатынастың "қосылуы” баланың дамуының түрлi аспектiлерiне: олардың танымдық белсендiлiктерiне, тiлiнің дамуына, заттық әрекет игеруiне игi әсерiн тигiзедi. Қарым-қатынасқа қажеттілік жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерінің ішінде жетекші іс-әрекеттік қасиетке ие. Көптеген ғалымдардың пікірінше (А.В.Запорожец, А.А.Леонтьев, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова), қарым-қатынасқа қажеттілік, адамның басқа ниеттерімен қауышпайтын, ерекше, өзіндік іс-әрекеті болып табылады. Зерттеушілердің бақылауларынан, қарым-қатынасқа қажеттілік, баланың өмір сүру барысында, нақты қарым-қатынас үстінде қалыптасатын іс-әрекеті екенін көреміз. Ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі кезеңде қарым-қатынас (А.В.Запорожец, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова тұжырымдамаларына сәйкес) өзіндік-сапалы формаларымен ерекшеленеді. Баланың ересектермен қарым-қатынасын осы іс-әрекеттің бірнеше формаларының ауысуы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынастың алғашқы формасы-жағдайға байланысты жеке тұлғалық (ЖБЖТ), келесі – жағдайға байланысты-іскерлік (ЖБІ), үшіншісі – жағдайдан тыс-танымдық (ЖТТ), ең соңғысы – жағдайдан тыс жеке тұлғалық (ЖТЖТ). Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты, мектепке дейінгі кезеңдегі ең негізгісі жағдайдан тыс-жеке тұлғалық қарым-қатынас ерекшеліктері.Қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негiзгi факторы, әрi шарты. Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бiрнеше анықтама бередi. Бiреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсiнсе, келесi бiреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бiр бөлiгi деп қарастырады. «Қарым-қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді...». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады. Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. А.А.Бодалевтің айтуынша, мәселе басқада: ол қай уақытты, қалай және қандай жақтарымен жеке тұлға дамуына әсер етеді, сонымен қатар, адамның кез келген дене және рухани сипаттамаларымен ғана емес, жеке тұлғаның қоғамның жоғарғы идеалдарына сәйкестілерімен қалыптасуына әсер ететін жақтарының қалай өзгеретінін анықтауда.
15,Кинесика – оптикалық-кинестикалық жүйе ретінде Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді [4]. Көптеген ұлттар мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер жүйелі әрі кешенді түрде зерттелген. Қазақ тіл білімінде М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, Қ.Қажығалиевалар ым және ишараттарды әр түрлі қырынан фрагментарлы түрде зерттеген. Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған. Кинесика – адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа қадамның ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну – салт бойынша қазақ әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша жоқтайды. «Бүйіріңді таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 4) Иілу – сәлем беру. Б) Дене қалпы. Адамның денесі 1000 түрлі қалып-күйде қозғалуы мүмкін. Дене қалпын бейвербалды амалдардың бір түрі ретінде психолог А.Шефлен көрсеткен болатын. Мәселен 1) Қос қолды кеудеге қою – сәлемдесу; 2) Желке қасу – қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті, әрекетсіздікті танытады; 3) Желкеге қолын қою – айыпталу, тұтқын болудың айғағы; 4) Басын төмен салу – ұялу, қымсыну, қысылу.В) Қимыл-әрекет. Қимыл-әрекет тілі – қарым-катынасқа түсудің ең көне түрі. Әр дәуірде әр халык түсінісу үшін белгілі бір арнайы амал-әрекеттер жиынтығын қолданған. Қимыл-әрекеттің саны ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл этностық, ұлттық болмысқа байланысты болады. Мәселен, 1) жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 2) Басын изеу – келісу, мақұлдау.Г) Мимика.Түрлі сезімдерді білдіретін бет бұлшықеттерінің қозғалысы. Бет-әлпет мимикасы негізгі алты түрлі эмоцияны білдіреді: ашу, қуаныш, қайғы, қорқыныш, таң қалу, жиіркену. Мәселен, 1) қасын керу – таңданысты білдіру; 2) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту – біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.Ғ) Визуалды контакт – қарым-қатынастың негізгі элементі. Трансмиссорға карап тұру тек қызығушылыктың белгісі емес, сонымен қатар рецепиентке акпаратқа назар аударуға көмектеседі. Мәселен, 1) Көзін қадау (оқты көзін қадау)- жиіркенуді, жек көруді аңғарту; 2) Көзімен адырая (бажырая) қарау – шектен шыққан ашуды білдіру; 3) Ала көзімен қарау – көңілі толмау, жек көру; 4) Көзін төңкере қарау – сұхбаттасына қылымсу, еркелеу; 5) Көзін қысу – ниеттестікті білдіру; Просодикаға тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз. Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту – мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын қағы – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау.Такесика –коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі дене мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю сияқты амалдар жатады. Мәселен, 1) Құшақтасу – біреумен кездесуге қатты қуану, сүйіспеншілік белгісі. Салттық ишарат бойынша, жақыны, туысы қайтыс болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен жасалады; 2) Арқасынан қағу – мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 3) Төс қағыстыру – амандасу; 4) Бетінен сүю – еркелету, жақсы көруді білдіру. 5) Бауырына басу (алу) – амандасудың белгісі немесе жақсы көру, еркелету. Проксемика – адамдардың коммуникация процесіндегі ара қашықтықты (дистанция) жәнекоммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. Мәселен, 1) Бұрыла қарау – қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін білдіру; 2) Шалқайып отыру – бәрінің айтылып болғанын, әңгіменің таусылғанын білдіру.Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық, такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі. Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз. Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы
16,Коммуникативті кедергі (барьер) туралы түсінік. Коммуникацилық кедергілерКоммуникациялық кедергі туралы түсінік Коммуникация барысында ортақтасуға қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алысу емес, сол ақпаратты қатынас серігінің мүмкіндігінше дұрыс қабылдап түсінгені. Коммуникатордан рецепиентке түсетін мәлімдемелерді жору тұлғааралық коммуникацияның жеке мәселесі ретінде қарастырылады.
1.Мәлімдеменің құрылысы мен мазмұны коммуникатордың жеке тұлғалық қасиеттеріне, оның рецепиентке қалай қарайтыны, ортақтасу өтіп жатқан жағдайларға тәуелді болады.
2. Коммуникатор жіберген мәлімдемелер тұрлаусыз болады: олар реципиенттің жеке психологиялық өзгешеліктеріне, оның сөйлеушіге, сөз мағынасы, ортақтасу жағдайына деген қатынасы орай өзгереді. Мысалы, бастығынан не ұлынан бірдей сөз естіген адам екі түрлі сезімге бөлінеді. Бастығының сөзін ілтипатпен тыңдаса, ұлының дәл сон дай сөзін бір шәкіртті насихат ретінде қабылдаса, екінші құлаққа ілмейді де. Бір телебағдарламаны әркім өз саяси көзқарасына, мәдени дәстүрлеріне, рухани құндылықтарына қарай әртүрлі бағалайды.
Ақпаратты дұрыс қабылдау неге байланысты, тәуелді? Негізгі себеп-ортақтасу процесіне коммуникациялық кедергілердің болуы не болмауы. Коммуникациялық кедергі – қатынас серіктері арасында дұрыс ақпарат беру жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді ,нежоғалады, не мүлдем рецепиентке жетпейді.
Коммуникациялық кедергілердің түрлері: Түсініспеушілік кедергісі әлеуметтік – мәдени айырмашылық кедергілері қатынас кедергілер.
Түсініспеушілік кедергі : фонетикалық, семантикалык, стильдік, логикалық.
Фонетикалық кедергіадамдар әр түрлі тіл де, диалектте, не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңкі жоқ, тез, жаңылтпаш, қажетсіз сөздерге толы болған кезде де, түсініспеушілік кедергісі туындайды.
Мысалы, орыс тілін білмейтін адам Ресейде, бірінің тілін бірі ұқпайтын жолаушылар түсініспеушілік кедергісіне тап болады. Мысалы, Оңтүстіктегі қазақтар “сым” дегенде шалбарды елестетеді. “Тамаша” әртистері осы психологиялық кедергілерді жиі пайдаланады.