I БӨЛІМ Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе .......................................................................................

I БӨЛІМ. Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері.

Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері ........................................................................................................

1.3 Балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әректесттігі...............................................

I бөлім бойынша тұжырымдамасы.........................................................................

II БӨЛІМ. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің эксперименталды бөлімі.

2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер кешені.....................................................................

2.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы.........................................

2.3 Балалар үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық-әдістемелік нұсқаулар........................................

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................

ҚОСЫМШАЛАР........................................................................

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздегі жариялық дәуірі қоршаған ортаның көптеген “қара дақтарын” айқындады. Солардың бірі: балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мәселесі. Қазіргі таңда баспасөз беттерінде балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы жағдай туралы,ондағы тәртіп пен материалдық жағдай жайлы ашық әрі көптеп жазылып жүр. Бірақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса қиын жағдайда. Бұл жағдайға қатысты негізгі мәселелердің қомақтылар мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық орналасуына жағдай жасау, психикалық даму ерекшеліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.Демек,балалар үйіндегі тәрбиеленушілер дамуының ерекшеліктері психология ғылымының маңызды да, қызықты мәселенің бірі болып отыр.Бұл мәселенің көкейкестілігі психология ғылымының отандық деңгейде өарастырылуымен,қаракөз жетімдер санының күннен-күнге қарқынды өсуімен және соған байланысты әртүрлі құрылымдағы балалар үшін пайда болуымен өсе түсті. Баланың әлеуметтік мәнді қатынастар жүйесіне енуіне даярлық ретінде жас дамуының түрлі кезеңдерінде психологиялық тұрғыдан дамуын басты орынға қою қажеттілігі туындап отыр. Психологиялық еңбектерді қарастыру баланың психикалық дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі көзқарастардың бар екендігін көрсетеді.

Бала психикасының дұрыс қалыптасуында жанұяның ерекше орын алатыны белгілі. Жанұяның мәні баланың тәжірбие жинақтауға жасалатын жағдайлармен анықталады. Адам ерте балалық шағынан бастап ересектерден тек жүру, сөйлеу, заттарды дұрыс қолдану, ойлану, білім алу, еңбек етуге ғана емес, сезімдерге, ойлауға, күйзеліске, өзіне және өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Жанұяда бала табиғи жағдайда өмірге бейімделе алады, себебі күнделікті, таңертеннен кешке дейін ата-аналары, апа-аталары баланың мінез-құлық, жүріс-тұрыстың әртүрлі үлгілерін ұсынады: сөйлеу және ым-ишара мәселелері, еңбекке баулу, адамдармен қарым-қатынас жасау, саясатқа деген көзқарасын қалыптастыру т.б.

Жанұяда тек қалай өмір сүру керектігін ғана емес, нені білу керегі мен шын мәніндегі өмірді түсінуді естіп біледі.: адамның өзара және өзге адамдармен қарым-қатынасы олардың бағалаулары мен пікірлері, күйзелістері мен ой толғаулары т.б.

Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі туыстық сезімге негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады.Баланың туғаннан мектепке дейінгі кезеңді туыстық эмоционалды байланысқа сүйене отырып,бірінші кезекте ана мен бала байланысы қарастырылады.Мектепке дейінгі кезеңде баланың қарым-қатынасқа түсетін адамдары ортасының өзіндік ерекшеліктері бар.Психологтар мен педагогтардың пікірінше,сүйіспеншілікке,сенімге,өзара қызығушылыққа негізделген, ересектермен жақын қарым-қатынас жанұялық тәрбиені сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. Осындай пікірдің аясында бұрынғы Кеңес Одағында алғашқы қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Осындай пікірдің аясында қарым-қатынасқа мектеп ашылды. Онда А.Г.Харчевтің (1971) тұжырымдамасы ұсталынды: «бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық дәстүрлі мәдениетін, өнегеліктіңбіртұтас жүйесін жанұядан меңгереді. Дәл осы нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім, қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқыныш сезімі мен мазасыздық қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер адамда өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоционалды үндестігінен, ерекше стилінен көрініп отыратындығын зерттеулер нәтижелері анықтаған».

Дүниежүзінің әр түкпірінде әртүрлі құрылымдағы балалар мекемелері ашылуда, олардың бірінде тек 2-3 сағаттарын ғана осындай мекемеде өткізіп,қалған уақытта жанұяда болса,екіншісінде аптаның бес күнін сонда өткізіп,сенбі-жексенбіде өз үйіне барып тұрады.Бұлардың біріншісі-күнделікті келетін мекемелер,екіншісі тәуліктік немесе апталық,үшіншісі жабық түрдегі мекеме деп аталады.

У.Денис пен П.Наджарьян Ливанда 100 жетімді зерттей отырып,балалар үйінде тәрбиеленушілердің өмірінің бірінші жылының аяғында-ақ жанұяларда тәрбиелеуші өз қатарластарынан психикалық даму жағынан кейін қалатындығын анықтаған.Зерттеушілер бұндай ерекшеліктердің себебін ана мен бала қарым-қатынасының кемшілігінен тапқан.

Л.Ярроу анасымен және анасыз тәрбиеленген балалардың биологиялық және әлеуметтік жағынан дамуында ерекшеліктері болатындығын анықтаған. Дәл осындай қорытындыға М.Раттер жабық түрдеғі мекемелерде тәрбеленуші балалардың «кері» тәрбиеленуінің себебі анасымен жеткіліксіз эмоционалды қатынасы,сенсорлы және әлеуметтік стимуляциялардың аздығынан деп түсіндіреді.

Егер Р.Заззо жазбаларына үңілетін болсақ(1967).француздар бастапқыда, бала-бақшалардың құрылуына қарсы болған. Олар балаларын мұндай мекемелерде «нақұрысқа» айналдырды деп есептеген және сондай жағдайдың пайда болуынан сақтаған.

Р.Спиц жазбаларынан анасынан бөлініп,жабық түрдегі мекемелерге келген сәбилердің бір жасқа деңгейінің 70% шегінетінін,ал қалған бөлігінің ақыл-ойлары артта қалатындығын көруімізге болады.

Ана бала үшін ғана жақын адамы,қамқоршысы болады.Балалар үйінде де бірнеше қамқоршы тәрбиешілер бар,олар сондағы балалардың туған анасын алмастыруға әрекеттер жасайды.

Балалар үйі тәрбиешілерінің жұмысының тиімділігі,балалардың жеке адам болып қалыптасып,дамуы,мінез-құлқы,жұріс-тұрысына тигізетін әсерә туралы мәселерді көптеген психологтар жан-жақта қарастырған. Г.Х.Рейнгольд пен Н.Бейли(1959) көп аналардың балаға тигізер психологиялық әсерін сипаттады. Олар өз эксперименттерінде екі топтағы балаларды қарастырады.:бірінщі топта-6 айлық баланы 8-айының соңына дейін бір ғана тәрбиеші күткен,ал екінші топтағы балаға төрт тәрбиеші қамқор болған. 3 ай мерзімінде жүргізілген эксперимент нәтижесі бірінші топтағы баланың екінші топтағы балаларға қарағанда әлеуметтік реактивтіліктің жоғарылығын көрсетті, ал 1 жылдан соң,бұл эксперимент алдыңғы нәтижені қайталамады. Зерттеушілер балаға бір немесе бірнеше тәрбиешінің қамқорлығында болуы оның дамуына байланысты өзге зерттеулерде ғалымдар мынадай қорытындыға келеді. Осы мәселеге байланысты өзге зерттеулерде ғалымдар мынадай қорытындыға келеді: «Қанша адамның қамқор болуы бала бала үщін маңызды емес,аса маңыздысы әр баланың қамқорлықпен сүйіспеншілікті біліп,сезініп өсуінде»,-дейді.Тәрбиешінің аздығы баланың дамуын тежейді,даму ең алдымен ересектермен қарым-қатынас процесінде,іс-әрекетте ілгері басады.Нәресте неғұрлым жас болса,соғұрлым ол әлсіз болады,сондықтан да қай ортада өмір сүрсе,соған тәуелді болады.Жанұяда және жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың психологиялық дамуы жөніндегі ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек,көп жағдайда жанұя тәрбиесіндегі балаларға қарағанда жанұядан тыс тәрбиеленушілердің даму барысыеың әлде қайда баяу екедігін көреміз,вербальды емес функцияның қалыптасуының тоқырауға ұшырауы ерте жастағы ойлауға,балалардың айналадағы адамдармен қарым-қатынасына,сөйлеуіне,т.б іс-әрекеттері де

із қалдырады. .

Мектеп интернаттарында балалар дамуындағы шынайы қауіп-оларды «өзгелердің ақылымен» басқарыла отырып,өмір сүруінде.Үнемі қатарластарының ішінде жүруі,шулы уақытта бос өткізетін ортада жүруі,ересектердің оларға сирек көңіл аударуы, балалардың жүйкесінің шаршауына себепші болады.Бұл тәрбиенің

жетіспеушілігі болып табылады.

Жалпы айтқанда балалар үйінде тәрбиеленушілер психикасы жағынан кейін қалып отырады және де ауытқулары да байқалады.Сонымен балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикалық дамуын қарастыра отырып,арнайы ұйымдасқан психологиялық қызмет көрсетуді талап етіп,айтуымызға болады.Себебі,жабық түрдегі мекеме психологы балалардың психикалық дамуындағы өзгерістерінің орнын басуға мүмкіндік беретін дамытушы,психокоррекциялық бағдарлама ларды құруы балалар үйінде тәрбиеленушілердің көптеген мәселелерін шешуге

жол ашар еді. Зерттеу жұмысының мақсаты: Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды еріктік аумағының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен пәніне орай келесі зерттеу міндеттері туындады:

1.Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдебиеттерге(шетелдік,отандық,Ресейлік) толық теориялық талдау жүргізу;

2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоциясы мен ерік аумағын дамытуға ықпал ететін факторларды анықтау;

3.Балалар үйіндегі балал

рдың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу;

4.Балалар үйіндегі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу;

5.Осы балалардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін дамытуға көмектесетін түзету шараларының кешенін анықтап зерттеу;

Зерттеу жұмысының обьектісі: Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер.

Зерттеу жұмыстарының міндеттеріне орай,келесі зерттеу болжамы ұсынылады: Балалар үйіндегі балалармен түзету-дамыту жұмыстарын психологиялық тұрғыдан дұрыс өткізген жағдайда,олардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін жетілдіруге қол жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы,С.Л.Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің бірлігі жайлы теориясы,Джеймс-Лангенің эмоцияның пенрифериялық теориясы.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері:

1.Эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеу әдістемесі:

(Р.С.Немовтың айтуы бойынша)

2.Эмоцияны бағалау шкаласы (Б.И.Додонов)

3.Бақылау

4.Әңгімелесу

5.Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалу әдісі.(Ағылшын психологтары А.Е.Уэссман және Д.Рикс бойынша өңделген)

6.Эмоционалды –еріктік ерекшеліктерін дамытуға бағытталған түзету тренингтері.

7.Эмоцияны басқару мен ерікті жұмсауға арналған ойындар,тесттер,тренингтер.

Зеттеудің ғылыми жаңалығы: Балалар үйіндегі балалардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктеріне арналған қазақ тіліндегі теориялық материал толықтырылды.

Практикалық құндылығы: Балалар үйіндегі балалардың эмоциясы мен ерік аумағын дамытудың жолдары,шараларын анықтау арқылы,қоршаған орта мен қарым-қатынасы мен осы орындардағы оқу-тәрбие процесін жақсартуға қол жеткізуге болады.Эмоционалды-еріктік әрекетін қалыпқа келтіруді көздейтін түзету-дамыту жұмыстарыныңкешені оқытушы-тәрбиешілердің бірден-бір негізгі құралдарының бірі болмақ.

Дипломдық зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Дипломдық зерттеу жұмысының жалпы көлемі 65 бет.

Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Облыстық жасөспірімдер үйі.

I БӨЛІМ Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері

Наши рекомендации