Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
40. Пәнді оқыту үшіншығармаларды оқып, талдауға 90 сағат, жазба және шығармашылық жұмыстарға 8 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармаларды әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 102 сағат бөлінген.
41. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) «Кіріспе» (1 сағат).Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Фольклорлық мұралардың генезисі, тарихилығы, жанрлық белгілері. Фольклордың сөз өнерін ғана емес, халықтың музыкасын, қолөнерін, ырымдары мен ғұрыптарын, наным-сенімдерін қамтуы. Бейнелі ойлаудың фольклорға аса тән екендігі. Фольклордың түрлері. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері. Жекелеген қаламгерлердің шығармашылық жолдары мен мұралары туралы қысқаша шолу.
42. «Халық ауыз әдебиеті» (20 сағат):
1) «Ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары» (1 сағат).Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі.Халық әдебиетінің жанрлық, тақырыптық әр алуандығы. Ауыз әдебиетінде басқа өнер түрлерінің элементтері араласып келуі. Ауыз әдебиетінің түрлері: тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыстар. Фольклор поэтикасының өзіне тән ерекшелігі мен образ жасау тәсілдері. Әдебиет теориясы:фольклор, миф туралы түсінік;
2) «Тұрмыс-салт жырлары» (3 сағат). Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей, кейбірінің жанамалай қатыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған өлең-жырлар. Наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, сыңсу, жаңылтпаш т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар;
3) «Аңыз әңгімелер» (3 сағат).Аңыз әңгімелердің жанрлық ерекшелігі. Аңыз жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде қалыптасатындығы. Аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, жыл мезгілдерінің аталуы. Аңыздың көбінесе үшінші жақта, өткен шақта баяндалатындығы. Аңыз ауызша тарағандықтан, нұсқаларының көп болатындығы. Аңыз әңгімелердің пайда болу тарихы туралы ғылыми болжамдар. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы. Асан қайғы, Қожанасыр, Алдаркөсе, т.б. туралы аңыздар. Олардың айтқан сөздерінен халықтың арманы мен тілегінің көрініс табуы. Аңыздық прозаның түрлері, жанрлық сипаты. Әдебиет теориясы:шағын көлемді эпикалық жанрлар;
4) «Батырлар жыры.«Қамбар батыр»жырынан үзінді» (3 сағат).Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы:шендестіру, баяндау;
5) «Лиро-эпостық жырлар.«Қыз Жібек»жырынан үзінді» (3 сағат).Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қыз Жібек» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Төлегеннің өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Қыз Жібектің сұлулығын бейнелеудегі көркемдік амал-тәсілдер. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. Жырдағы жер, су, ру, тайпа атаулары және оның тарихи шындықпен сәйкестігі. «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. «Қыз Жібек» жырының композициялық құрылымы, сюжеттік даму желісі. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог;
6) «Шешендік сөздер» (4 сағат).Шешендік өнердің тарихи негіздері, аталған өнердің пайда болу, даму ерекшеліктері туралы деректер. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Қазақ ауыз әдебиеті мен көне жазба ескерткіштердегі шешендік ой-толғамдар. Сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы, мазмұны, тұлғасы, қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ еместігі. Көркемдік әсерлілігі мен стилі. Шешендік өнердің бастауы ертегі аңыздарда жатқаны, оларда кездесетін бейнелі сөз тіркестерінің шешендік сөздердің алғашқы нұсқасы екендігі. Шешендік сөздерге тән астарлылық, қысқалық, дәлдік, сөздің ойнақылығы, ойдың ұшқырлығы. Қазақ шешендерінің көрнекі өкілдері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. Әдебиет теориясы:риторикалық қайталау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы);
7) «Айтыс.«Біржан мен Сара» айтысы» (3 сағат).Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация;
43. «80-жылдардан бергі ақындар айтысы» (4 сағат). Қазіргі ақындар айтысының даму тарихы. Өткен ғасырлардағы ақындар айтысымен ұқсастығы мен айырмашылығы. Кеңес дәуіріндегі айтыстың ерекшелігі. Манап Көкенов, Надежда Лушникова, Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, т.б. ақындардың айтыс өнеріндегі орны. Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы. Тақырыптарының әр алуандығы. Көркемдік ізденістері. Жазба әдебиетпен байланысы. Жанрлық жағынан толысуы. Қазіргі ақындар айтысындағы дәстүр жалғастығы. Аманжол Әлтаев, Мұхамеджан Тазабеков, Оразалы Досбосынов, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Ақмарал Леубаева, Мэлс Қосымбаев, т.б. Айтыстың ұлттық сипаты, табан астында шығарылатын суырыпсалма өнер екендігі. Қазіргі айтыстағы көркемдік айшықтар. Әдебиет теориясы: импровизация.
44. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (4 сағат):
1) «Түркі тектес халықтарға ортақ мұра» (2 сағат). Күлтегін, Оғызнама, А.Йасауи шығармаларының көне түркі ұлыстарына ортақтығы туралы. «Күлтегін» жырларындағы Білге қаған, Күлтегін батыр, Тоңыкөк жырау образдары. «Күлтегін» жырының қазақтың батырлар жырымен ұқсас, үндес жақтары. «Күлтегін» жырының тарихи маңызы. Жырдың тәлім-тәрбиелік мәні. «Оғызнама» жырының негізгі идеясы. Жырдағы мифологиялық суреттер. Жырдың түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұматы. Жырдың тарихилығы. Йасауидің исламдық дүниетанымы және сопылық ілімі. Йасауидің Алла тағаланы тану тұрғысындағы пайымдаулары. Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы;
2) «Ахмет Йасауи.«Даналық кітабы» (2 сағат).А.Йасауидің өмірі, білім алған мектептері туралы деректері. А.Йасауи шығармаларының зерттелуі және оның түркі халықтарына ортақ мұра екендігі. «Даналық кітабы» («Диуани хикмет») және оның мәні мен маңызы. Сопылық дәстүр және оның ақын шығармаларында орын алу себептері. Ақын шығармаларындағы философиялық түйін. Бүкіл адамзаттық және ұлттық құндылықтардың діни уағыз үшін пайдаланылуы, дидактикалық сарын. Әдебиет теориясы: историзмдер мен архаизмдер.
45. «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (15 сағат):
1) «Жыраулар поэзиясы» (1 сағат). Орта ғасырлардағы жыраулық өнер және жырау тұлғасы. Жыраулар поэзиясының көтерген мәселелері. Ел қорғау, халықты басқару, әлеумет бірлігін сақтау мәселелерін толғауы. Жыраулар поэзиясының жанрлық сипаты. Жыраулар поэзиясының құрылымдық ерекшелігі. Жыраулар поэзиясындағы тіл көркемдігі, сөз айшықтарының кестелену сипаты. Ұйқас, ырғақ мәселесі. Жыраулық өнер және қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығы. Әдебиет теориясы:шағын көлемді эпикалық жанрлар;
2) «Асан қайғы.«Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең, кем деме», «Көлде жүрген қоңыр қаз», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары» (2 сағат).Ұлы жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. Асан қайғы жырларының тақырыптық ерекшеліктері және ондағы философиялық сарын. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. Адам өмірі мен мінезі, оның өзгерімпаздығы туралы толғамдары. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да, Жайық бол» жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы:өлең ырғағы;
3) «Қазтуған жырау (ХV ғасыр).«Мадақ» жыры» (1 сағат).Қазтуған жырау өмір сүрген орта және тарихи жағдай. Қазтуғанның шыққан тегі, атқарған қызметі. Жырау жырларының көтерген тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері. Жыраудың сөз саптауындағы интонациялық екпін мен пафос. Жырау дүниетанымындағы адам, қоғам, табиғат мәселелерінің көркем жинақталуы. «Мадақ» жырының көркемдік сипаты, идеялық мұраты. Жырау поэзиясындағы туған жер, ата мекен туралы толғаныстар. Елдік пен ерлік туралы толғаулары. Жырау жырларының құрылымдық ерекшелігі. Әдебиет теориясы:толғау;
4) «Шалкиіз жырау.«Би Темірге бірінші толғау» (2 сағат). Шалкиіз жыраудың шыққан тегі, өмірі туралы мағлұмат. Орта ғасырдағы Ноғай ордасы және Қазақ хандығы арасындағы байланыстар. Шалкиіздің өзінің алдында өмір сүрген жыраулардан ерекшелігі. Жырау поэзиясының рухы – ерлік екендігі. Жыраудың философиялық толғаныстары. Шалкиіз жырау шығармалары тіліндегі көркемдік қолданыстар. Оның жыраулық өнердегі орны. Шалкиіз жыраудың шығармашылық дәстүрін жалғастырушылар. (Махамбет, Мұрат). Әдебиет теориясы: өлең ырғағы;
5) «Доспамбет жырау (ХVІ ғасыр).«Арғымаққа оқ тиді», «Дүниенің басы сайран, түбі ойран», «Айнала бұлақ басы тең» толғаулары» (1 сағат).Доспамбет – жорықшы жырау. Оның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректердің аздығы. Шыққан тегі, өскен ортасы туралы жорамалдар. Доспамбет жырларындағы архаизмдер. Оның шығармаларындағы өмір, оның өтпелілігі туралы толғаныстар. Доспамбеттің туған жер, адамгершілік, ерлік туралы философиялық толғамдары. «Арғымаққа оқ тиді», «Дүниенің басы сайран, түбі ойран», «Айнала бұлақ басы тең» толғауларының көркемдік-идеялық сипаты. Әдебиет теориясы:өлең ырғағы;
6) «Ақтамберді жырау» (2 сағат). Жырау өмір сүрген кездегі саяси-әлеуметтік жағдай. Шыққан тегі, балалық шағы, өскен ортасы. Ақтамберді жырларындағы көшпелі халық тұрмысы, жаугершілік заман суреті, арман-мүддесі. Жыраудың төрт түлік мал, арғымақ жылқы туралы пайымдаулары. Толғауларының көркемдігі. Жырау шығармашылығындағы басты сарын ерлікке, батырлыққа үндеу екендігі. «Күлдір, күлдір кісінетіп» деген толғауының негізгі идеясы.Әдебиет теориясы:өлең ырғағы;
7) «Үмбетей жырау.«Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» жыры» (1 сағат). Жыраудың Абылай ханның, Бұхар жыраудың замандасы екендігі. Оның жырларындағы ерлік пен өрлік, ел бірлігін сақтау идеясы. Жырау шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі. Жыраудың ұйқасқа ерекше көңіл бөлуі. Үмбетей жырларындағы замана, дәуір бейнесі. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» жырындағы Абылай мен Бөгенбай образдары. Әдебиет теориясы:жеті-сегіз буынды жыр үлгісі;
8) «Жиембет жырау» (1 сағат). ХVІІ ғасырда өмір сүрген әйгілі жырау әрі әскербасы. Жырау жырларындағы ерлік рух пен туған жерге деген сағыныштың көркем бейнеленуі. Жырау жырларындағы көркемдік құралдар мен өлең өріміндегі ерекшеліктер. Жиембет жырау жырларындағы ақындық «мен» және оның қазіргі лирикадан өзгешелігі мен ұқсастықтары. Жалпы жыраулар поэзиясына ортақ сарындардың Жиембет жырларынан көрініс беруі. Әдебиет теориясы:силлабикалық өлең;
9) «Бұқар жырау.«Бірінші тілек тілеңіз», «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай», «Асқар таудың өлгені» «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» (3 сағат).Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Бұқар жырау шығармашылығының зерттелуі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Өлең құрылымына әкелген жаңалығы. Әдебиет теориясы:ұйқас түрлері;
10) «Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы. 1748-1819 жж.). «Ата-ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы» (1 сағат). Жыраулық поэзия мен ақындық өнердің айырмашылығы. Шал ақынның шыққан тегі, алған тәрбиесі, өмір өткелдері. Шал ақын поэзиясының қамтыған тақырыптары. Шал ақын шығармаларындағы дини-философиялық сарын. Ақынның жыраулық поэзияны күнделікті қарапайым тұрмысқа ыңғайлауы. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Көтерген тақырыптары. Нақыл өлеңдері. Әдебиет теориясы:қара өлең.
46. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (13 сағат):
1) «ХІХ ғасыр әдебиетіне шолу» (3 сағат). XIX ғасырдағы саяси-әлеуметтік және қалыптасқан тарихи жағдай. Орыс отаршыл үкіметінің басты нысанасы. Ұлт-азаттық көтерілістердің белең алуы. Қазақ жерлерінің әкімшілік бөлінісі. Ұлт-азаттық идеяларының Дулат, Шортанбай, Махамбет, Нысанбай жырау шығармаларында көрініс табуы;
2) «Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы:ерікті ұйқас;
3) «Нысанбай жырау (1822-1883 жж.).«Кенесары-Наурызбай» жыры» (2 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы:тарихи жыр;
4) «Ыбырай Алтынсарин.«Қазақ хрестоматиясы» (2 сағат).Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі. Ы.Алтынсарин мектебіндегі оқудың ескі діни оқудан айырмашылығы. Ұлы ұстаздың қазақ балаларына арнап жазған оқулықтары және оның мәні мен маңызы. Ыбырайдың поэзиясы және оның адамгершілік, ғибраттық мәні. Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Ыбырайдың прозалық шығармалары мен аудармалары. Әдебиет теориясы:архаизм, историзм;
5) «Абай Құнанбайұлы.«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол», «Жазғытұры». «Ескендір» поэмасы» (4 сағат). Қарасөздері.Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сізім иірімдері. «Ескендір» поэмасы, тақырыбы мен идеялық-көркемдік маңызы. Поэмасындағы шығыстық сарын. Қарасөздеріндегі философиялық түйіндер және оның ұлттық дүниетаныммен сәйкестігі.Абайдың адам өмірі оның мәні мен маңызы туралы толғамдары. Өнер, еңбек, талап, ынта, ықылас, терең ой, қайрат, жігер т.б. адами қасиеттер турасындағы ойлары. Қазақ өлең жүйесіне енгізген жаңалықтары. Әдебиет теориясы:көп мағыналы сөздер.
47. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (28 сағат):
1) «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу» (2 сағат).ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай. Әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өміріне тигізетін ықпалы мен әсері. Әдебиеттегі азатшылдық ұран. Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары. Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері;
2) «Жамбыл Жабаев. «Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдері» (2 сағат). «Зілді бұйрық». 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдеріндегі туған елге, туған жерге деген біртұтас сүйіспеншілік сезімнің жырлануы. Әдебиет теориясы:дастан жанры;
3) «Сұлтанмахмұт Торайғыров.«Таныстыру» поэмасы, «Алаш ұраны»өлеңі» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Ақын лирикасындағы азаматтық сарын және әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы. «Таныстыру» поэмасының саяси мәні. Тақырып ерекшелігі. Көркемдігі. «Алаш ұраны» өлеңінің идеялық мұраты. Өлеңдегі азаматтық пафос, өршіл рух. Әдебиет теориясы:арнау;
4) «1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу» (2 сағат). 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары. Саяси-әлеуметтік жағдай. Кеңес үкіметінің идеологиялық нысанасы. Социалистік реализм әдісі;
5) «Жүсіпбек Аймауытов.«Қартқожа» романы» (3 сағат).Ж.Аймауытов – прозашы, драматург, ғалым, публицист. «Қартқожа» романы. Шығармада ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтардың жан-жақты бейнеленуі. Романдағы Қартқожа бейнесінің көркем жинақталуы. Романның көтерген тақырыбы, идеялық маңызы, композициялық құрылымы, сюжеттік желісі. Әдебиет теориясы:қара өлең;
6) «Мағжан Жұмабаев» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан поэзиясындағы халық тарихы, ұлт тағдыры мәселесі. Ақын лирикасындағы азаматтық әуен, отаншылдық сезім. Мағжан поэзиясының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері. Махаббат лирикасы. «От», «Пайғамбар» өлеңдері, т.б. Әдебиет теориясы:силлабикалық өлең жүйесі;
7) «Ілияс Жансүгіров. «Күйші» поэмасы (үзінді)» (2 сағат).І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Оның эпикалық туындылары. «Күйші» поэмасының тақырыбы. Поэманың тарихи оқиғамен байланысы. Күйші бейнесі. Оның психологиялық болмысы. Шығармадағы тартыс. Сюжеттің шарықтау шегі мен көркемдік шешімі. Ақын тіліндегі бейнелеуіш құралдардың қолданылуы. Әдебиет теориясы:өлеңдегі буын мен бунақ;
8) «Мұхтар Әуезов.«Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді)» (5 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы:кең көлемді эпикалық жанр. Пәнаралық байланыс:Қазақстантарихы, география, электрондық оқулық;
9) «Ғабит Мүсірепов.«Ұлпан» повесінен үзінді» (2 сағат).Ғ.Мүсірепов – сөз зергері. Шығармаларындағы аналар бейнесінің сомдалуы. Ана бейнесін эпикалық жанрда сомдау жолындағы ізденістері. Ұлпан образындағы қазақ қыздарына тән ұлттық мінез сипаты. Есеней образы. Жазушының сөз саптау ерекшелігі. Роман сюжетінің даму сатылары. Есеней мен Ұлпан арасындағы адамгершілік, достық қатынастар. Жазушы стиліне тән юморлық иірімдер. Әдебиет теориясы:юмор және сатира;
10) «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді» (3 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары, би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы:тарихи роман;
11) «Тәкен Әлімқұлов.«Қараой»әңгімесі (үзінді)» (1 сағат).Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы:әңгіме жанры;
12) «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы:стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»).
48. «Сатира» (1 сағат). Қазақ әдебиетінде сатира жанрының даму, қалыптасу кезеңдері. Абайдың сатирасына шолу. Кеңес дәуіріндегі сатираның дамуы. Сатираның жанрлық ерекшелігі. Сатира мен юмордың ортақ қасиеттері мен өзгешеліктері. Тәуелсіздік жылдарындағы сатира (А.Тоқмағамбетов, Ш.Смаханұлы, О.Әубәкіров, С.Адамбеков, Ү.Уайдин, С.Кенжахметов, К.Әмірбеков). Әдебиет теориясы: суреткер қиялы.
49. «Фантастика және детектив жанрлары» (1 сағат). Қазақ әдебиетінде фантастика және детектив жанрларының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері. Олардың әлі күнге дейін ұлттық әдебиетімізде нық тұрып, жеке жанр ретінде толық кемелдене алмау себептері. Фантастика мен детективтің жанрлық ерекшеліктері. Оларды көркем әдебиетке жатқызамыз ба, жоқ па, сол мәселе төңірегіндегі пікірталастар. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы детективті шығарма С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» повесі екендігі, бұл жанрды К.Тоқаевтың («Сарғабандағы оқиға») дамытуы, фантастика жанрында Ә.Мархабаевтың қалам тартуы («Күнге тағы дақ түсті» повесі). Әдебиет теориясы: жанрдың пайда болуы.
50. «Түбі бір түркі әдебиеті» (2 сағат):
1) «Мақтымқұлы Фраги. «Түрікмен тағдыры», «Ақырзаман», «Боларсың» (1 сағат). Мақтымқұлының өмірі туралы мәлімет. Шығармаларында халықтың береке-бірлігін, тұтастығын жырлауы. Өмір туралы толғаныстары. Түрікмен әдебиеті тарихындағы биік тұлға, ұлы ақын екендігі. Қазақ әдебиетімен байланысы. Әдебиет теориясы:мотив. Өмір және көркемдік шындық;
2) «Шыңғыс Айтматов. «Шынарым менің, шырайлым менің» (1 сағат). Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық өмірбаяны. Шыңғыс көтерген жалпыадамзаттық құндылық мәселелері. Шыңғыс шығармаларының дүниежүзілік әдебиеттің тарихи фактісіне айналуы. «Шынарым менің, шырайлым менің» хикаяты оқырмандардың жүрегін шымырлататын, тебіреніске түсіретін көркем шығарма екендігі. Шығармадағы шынайы адамгершілік қасиеттер, достық мейірім. Әдебиет теориясы:аударма шығармалар ұғымы
51. Әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға 1 сағат бөлінген.