Психодиагностиканың кәсіптік-этикалық аспектілері

Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіптік әрекетінің жауапты және күрделі аймағы. Ол кәсіптік шеберлікті, білімді керек етеді. Бұл жұмыс адамдар тағдырына да әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы зерттеулердің негізінде медициналық немесе сот-психологиялық диагноз қойылады. Сол себепті психодиагностикада психодиагностарға көптеген әлеуметтік этикалық талаптар қойлады. Олардың кейбіреулері психологтың этикалық кодексіне кіргізілген. Солардың ішінде психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностиканың әдістерінің ғылымилығы, зерттелушіге зианын тиігзбеуі, оларға зерттеу нәтижесінің ашықтығы, қорытындылардың обьективтілігі бар.

1.Құпияны сақтау принципі. Психодиагностика жүргізілген адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын жария етпеу. Бұл принцип кәмелетке толған адамдарға қатысты. Кәмелетке толмағандар үшін ата-ананың келісімі қажет.

2. Этикалы негізділік принципі. Әдістеме сенімді және валидті болуы керек.

3.Зианын тигізбеу принципі . Психодиагностика қорытындылары адамға зиян тигізбеуі керек. Егер психодиагностика адамды жұмысқа алу емесе конкурстық таңдауға жүргізілсе, бұл принцип ашықтық принципімен қоса қолданылады. Зерттелінуші зерттеу қорытындысын, анық дағдарыс қандай қатысы барын біле алады.

4.Қорытындының обьективтілігі птинципі. Тестілеудің қорытындылары ғылыми негізді болуы тиіс. Валидті және сенімді әдістемелер арқылы зерттеу жүргізілуі қажет.

5. Берілген нұсқаулардың эффективтілігі принципі. Бұл нұсқаулар міндетті түрде адамға пайдалы болуы керек.

Психодиагностикамен айналысып жүрген адамдарға кәсіптік талаптар қойылады. Олардың негізгісі – жақсы теориялық дайындық, психодиагностика әдістерін жақсы білу және дұрыс қолдану.

Әрбір психодиагностика әдістері психологиялық теориялар негізінде пайда болады. Мысалы тұлға тестілер тұлға теорияларына сүйенеді, Психодиагностика әдістерін дұрыс қолдану үшін, ол сүйенетін теорияны білуіміз керек.

Тест қаншалықты жақсы болғанмен, оны қолданарда, зерттелушінің даралық ерекшеліктері ескеріледі.

Психодиагностикалық әдістердің қолдануларының тәжірибелері маңызды. Негізінен бұл проективтік және басқа әдістерге қатысты. Бұл жерде көктеп талдаудың қоданылуы, стандартсыз талдау процедуралары қорытындылардың жағдайына байланысты. Психодиагностика психологиялық білім міндетті түрде керек пе? Кейбір жағдайларда, мысалы соттық медициналық, психодиагностикалық экспертизада, күрделі психологиялық тестерді қолдануда мемлекеттік арнайы білім қажет.

Барлық жағдайда психодиагностиакмен айналысатын адам міндетті түрде моральдік этикалық нормаларды сақтауы тиіс:

1. Адамды еріксіз зерттеуге болмайды.(Тек ғана заңға сүйеніп сот немесе медициналық тәжірибеде)

2.Психологиялық тесілеу кезінде алдында адамға зерттеу процесі кезінде ол еріксіз өзі туралы ақпарат беретінін түсіндіру.

3.Әрбір адам (заңға қарсы келмесе) өз зерттеуінің нәтижесін білі алады.

4.Тестілеу ұғынықты формада өтеді.

5.Кәмелетке толмаған балаларды зерттеуінің қорынындысын ата-анасы немесе басқа олардың орнындағы ересек адам алады.

6.Егер тесілеу адамның психологиялық дамуы анықтау мақсатында, конкурстық талдауға, жұмысқа алуға арналса, адам тестілеу мақсаты мен қорытындысын ала алады.

7.Психологиялық тестерді қолдану жауапкершіліг психологтарға, оларды қоданатын ұйымдарға тән.

Сұрақтар:

1.Қабілетті зерттеуге арналған психологиялық тестті ата және оның мазмұнынмен қысқаша таныстыр.

2.Практик психологқа қойылатын принциптер, заңдылықтар.

3.Зерттеу жұмысын жүргізіп нақты нәтиже алу үшін қойылатын кәсіби-этикалық талап.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // «Қазақстан мектебі» №2, 1999.

2.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1996.

3.СтоляренкоЛ.Д. «Основы психологическии практикум» М.,2001г.

4. А.З.Зак. Развитие интеллектуальных способностей у детей 9 лет. М.,1996г.60-101

Пәннің оқу-әдістемелік қамтылуы:

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика.- Оқу құралы. Ақтөбе, 2012.

2. Анастази А. Психологические тестирование. Т. 1,2 – М., 1982

2.Выготский Л.С. Собрание сочинений. В 6-ти. – М., 1984.

3.Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике

4.Бурлачук Л.Ф., Психодиагностика. – Спб., 2003

5.Диагностика психологического развития / под№ ред№ И№Шванцары – Прага, 1978

6.Гуревич К.М. Что такое психологическая диагностика. – М., 1985

7.Дружинин В.Н. Психодиагностика общих способностей. – Спб., 1999.

8.Кабанов М.И., Личко А.Е. Методы психодиагностики и коррекции в клинике. – Л., Медицина, 1983.

9.Мельников В.М., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности. – М., 1985

10.Немов Р.С. Психология. В.т.3- М., 2001

11.Общая психодиагностика ./ под ред. Бодалева А.А., Столин В.В. – М., 2003

12.Психодиагностика. Проблемы исследования./ под ред. Гуревича К.М. –М., 1997

13.Психодиагностика и школа./ под ред. Гуревича К.М.,- Таллин, 1980

14.Собчик Л.Н. Введение в психологию индивидуальности (теория и практика психодиагностики). – М., 1997

15.Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. – М., 1980

16.Степанов С.С. Психология в лицах. – М., 2001

«ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ» ПӘНІНЕН

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

КІРІСПЕ

Қоғамдағы түрлі құбылыстардың адам психикасына әсері олардың психикалық жай-күйін, дамуын, қалыптасуын, қоғамдағы орнын анықтауды және бағыттауды қажет етеді. Бұл тұрғыда, адам қоғамына қызмет етуші болашақ педагог-психолог мамандарды кәсіби даярлау мәселесіне ерекше назар аударылады. Болашақ педагог-психологтар тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған педагогикалық, психологиялық үдерісті ұйымдастыру, стандартталған нұсқауларды пайдаланып, педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізу, алғашқы нәтижелерді өңдеу, ауытқушылық түрін анықтау үшін арнайы диагностика жүргізу, арнайы әдістемелерді пайдаланып әртүрлі жастағы балаларға психологиялық тексеру жүргізу, алғашқы нәтижелерді өңдеу және психологиялық қорытынды жасай білу, білім беру ұйымдарында психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу сияқты қызмет түрлерін ұйымдастыра білетін маман ретінде дайындалады. Осы мазмұнындағы қызметті ұйымдастыруда теориялық білім және практикалық дайындықты қамтамасыз ететін психологиялық циклдегі пәндерді оқытудың бір саласы «Психологиялық-педагогикалық диагностика» оқыту пәні.

Бұл пәнді оқыту барысында студенттер психодиагностика саласының қалыптасу тарихымен, психологиялық тестілеу қағидаларымен, психодиагностикалық әдістермен және әдістемелермен танысып, ғылыми теориялық білімді меңгереді, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі психолог қызметінің мазмұнымен және ұйымдастырылу бағытымен танысады. Лабораториялық сабақтарда жалпы, балалар, жас ерекшелік психологиясы пәндері бойынша берілген білімді жүйелеу, тереңдету, нақтылау міндеттері шешіледі.

«Психологиялық-педагогикалық диагностика» пәнін оқыту мақсаты:

- Болашақ педагог-психолог мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарын жүзеге асыру;

- Тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануға үйрету;

- Педагогика және психология ғылымындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми іс-әрекетті меңгерту;

- Маманның практикалық дайындығын және кәсіби дағдыларын игеру.

Ұсынылып отырған оқулық 5В010300-Педагогика және психология мамандығының ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының мазмұны негізінде (Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы) оқу пәнінің типтік бағдарламасына сәйкестендірілген.

Наши рекомендации