Силанттардың сипаттамасы

Қазіргі кезде фиссураларды толтыру үшін материалдарға – силанттарға көптеген талаптар тізімі келтірілді:

· фиссураға терең енуге қабілеттілігі, яғни жоғары аққыштығы;

· арнайы ретенционды қуыстарды жасамай фиссуралар тіндерімен мықты байланысуға қабілеттілігі;

· ауыз қуысының агрессивті химиялық және физикалық факторларына төзімділігі (төмен суды сіңіруі және ерігіштігі, термиялық кеңею коэффициенті тіс тініне жақын, жоғары тозуға төзімділігі);

· материалдың оған жақын тіндерге фторид және кальций бөлу қабілеттілігі, яғни минерализдеуші белсенділігі;

· басқарылатын жұмысшы уақыт (материалдың қатаюының басталуын бақылау);

· басталудан кейін тез қатаюы;

· түсті сипаттамаларға арнайы талаптар:

а) эстетикаға жоғары талаптар кезінде – тіс эмалінің түсі (жартылай мөлдір А1-А3);

б) фиссурада герметиктің сақталуын бақылау мүмкіншіліктеріне жоғары талаптар кезінде – күңгірт ақ түс немесе боялудың басқа нұсқалары.

Герметиктің анықтамасына сәйкес, герметиктің фиссуралар өзегінде эмальмен ұзақ мерзімді сенімді байланысын қамтамасыз ету қабілеттілігін ең маңызды деп санайды.

Қазіргі уақытта фиссураның герметизациясы үшін Bis-GMA полимерлер, әйнек иономерлі цементтер, компомерлер негізінде жасалған материалдар қолданады.

Bis-GMA негізіндегі герметиктер. Эмальмен микромеханикалық байланысқан герметиктер ретінде цианакрилаттар негізіндегі композициялар (52% - 1 жылдан кейін сақталуы) мен полиуретандар негізіндегі композициялар (Epoxylite 10% монофторфасфат натриймен, Elmex protectorаминофторидпен), олар 6 айдан көп фиссурада сақталмады және тіс жегісінің редукциясын қамтамасыз етті.

Боуэн 1960 жылдары стоматологиялық пломбалық материалдардың жаңа негізін ұсынды – композиционды материалдардың қазіргі заманғы кластар бастауын берген Bis-GMA (А бисфенол мен глицидилметакрилат арасындағы реакцияның өнімі). Bis-GMA тіс тіндеріне жеткілікті адгезивтілігі бар, бірақ – жоғары тұтқырлығы және ұзақ уақыт қатаюы. Фиссураларды толтыру үшін қажет аққыштықтың әсерін жасау үшін Bis-GMA және оның химиялық ұқсастарына төмен тұтқыр мономерлер (метилметакрилат) қосылады.

Композициялар компоненттерді араластыру кезінде (химиополимерлер) немесе жарық энергиясының сыртқы көздері әсерінен (фотополимерлер) полимеризацияланады. Бірінші фотополимерлер УКС әсерінен қатайды, қазіргі заманғы полимерлер – көк түс зонасында көрінетін жарықтың әсерінен. Химиополимерлердің кемшіліктеріне араластыру уақытында көпіршіктер түзілу қаупі, шектелген жұмыс уақыты полимеризация аяқталуының анықталмаған уақыты жатады, артықшылықтарына – арзандығы. Фотополимерлер жарықтың арнайы көздерін талап еттеді, бірақ химиополимерлердің кемшіліктері жоқ.

Bis-GMA-силанттар мөлдір және тістің түсіне немесе ақ түске боялған опакты болуы мүмкін. Мөлдір және “тістің түсіне” герметиктер эстетикалық, бірақ тісте байқалмайтындықтан салу кезінде бақылауға қиын келеді және қайта қараулар кнзінде қиындықтар тудырады (20% жағдайда дәрігерлер герметикті жоқ жерде “көреді”). Келісімді нұсқасы ретінде тек полимеризация кезінде немесе фотополимеризациялық лампамен әрбір жарықтандыру кезінде, соның ішінде бақылаулы қарау кезінде ашық түсті иемденетін хамелеон-герметиктерді санауға болады.

Мөлдір герметиктің артықшылықтарына герметик астындағы тіндердің жағдайын, соның ішінде Диагнодент көмегімен.

Bis-GMA-силанттар толтырылмаған және толтырылған болуы мүмкін, яғни құрамында органикалық емес бөлшектердің сәйкес 20% төмен және жоғары көлемі болады. Тотырылмаған силанттар фиссураларға жеңіл енеді, бірақ тез тозады (жалпы түсініктер бойынша бұл теріс қасиеті герметиктерге арнайы коррекциясыз окклюзияға бейімделуге көмектеседі). Толтырылған силанттар (сұйық композиттер), керісінше, механикалық күшке төзімді, бірақ олардың жіңішке фиссураларға және микроретенционды кеңістіктерге ену дәрежесі және демек, микромеханикалық қосылу алаңы салыстырмалы жоғары емес (толтырғыш бөлшектердің мөлшеріне кері пропорционалды), бұл фиссурада ретенция мерзімдерінде көрінеді.

Толтырылмаған силант (аққыштығы) пен толтырылған композит (механикалық жүктемеге тұрақтылығы) артықшылықтарын бір процедурада біріктіруге мүмкіндік жасалды, оған супергерметизация немесе күшейтілген герметизация деген ат берілді. Пікір Симонсендікі (1977): автор берілген материалдар қосындысын I класс эмаль мен дентин тіс жегісін емдеуге қолдануға ұсынды. Күшейтілген герметизация бірнеше сатыда жүргізіледі: дайын фиссураға бірінші қабат етіп, фторгерметик енгізеді, екінші қабат (герметиктің полимеризациясына дейін) - композит, содан соң осы екі қабатты массаны фиссура тереңдігіне механикалық енгізеді. Нәтижесінде фиссуралық "тереңдеген" көлемі герметикпен толтырылады, ал окклюзионды беткейде композиттің механикалық мықты қабаты жатады. Супер-герметикті лампамен 60 секундта бір сеанста қатырады.

Соңғы уақытта фиссуралардың тек бір ғана фторполимерлі бондпен үздік герметизациялануы туралы айтылып жүр.

Bis-GMA-силант өндірушілері оларды жиірек фторидтермен толықтыруда. Фторидтердің полимеризацияланған герметиктен тек алғашқы тәулік кезінде шығатыны белгілі, ол қосымша клиникалық жетістікте қамтамасыз етпейді.

Bis-GMA-силанттарының 20-90% жағдайда 10-15 жыл бойы сақталатыны айтылуда. Осы герметиктер классының алдын-алу әсері олардың фиссураларда сақталу дәрежесімен тепе-тең келеді.

Әйнекиономерлі цементтер - аллюмосиликатты әйнек ұнтағы мен полиакрил қышқылының сулы ерітіндісінің әсерлесуінен пайда болады. Бұл жоғары аққыш, гидрофильді (яғни ылғалдың төмен бақылауына төзімді) материал. ӘИЦ эмаль мен дентин компоненттерімен ионды байланыс түзеді. ӘИЦ карбоксильді топтарының сутегісі тіс тіндерінің кальцийімен қосылады. ӘИЦ-тің тамаша қасиеті оральды ортада фторидтердің жоғары құрамын ұстап тұруы: ӘИЦ фторды өз құрылысынан бөледі, сонымен қатар жергілікті және жүйелі фторлы алдын-алуға арналған препараттар фторидтерімен "толтырылады".

ӘИЦ кемшіліктеріне оның механикалық жүктемеге төмен тұрақтылығын жатқызады. Классикалық ӘИЦ-тің герметиктер түрінде қолдану жұмыстары көп. Бақылау мерзімдерінде 1-6-12-24 айларда осы герметиктердің сақталуы 90-80-60-20%, бұл Bis-GMA-силанттар көрсеткіштерінен қалық. АРТ-әдістемеге жасалған және саусақ қысымымен эмаль тереңдігіне енгізілетін тығыз ӘИЦ. 3 жыл ішінде 70% дейін жақсы сақталады.

ӘИЦ-тің фиссурада сақталуына тәуелсіз тегінің жоғары деңгейде редукциялануын қамтамасыз етеді. ӘИЦ –пен аппликация нәтижесінде эмальдың қышқылтұрақтылығы 20%-ға жоғарылайды- тіс жегінен қорғанысты әи-мен эмальге берілген фторид және ӘИЦ-пен силант негізгі массаның жайылуынан кейінгі фиссураларда сақталып, тұрақталып қалатын оның макроскопиялық бөліктері қамтамасыз етеді. Сондықтан ӘИЦ-силанттың алдын-алу әсері оның қалай сақталуында емес, тіспен қанша уақыт қатынаста болғандығында. ӘИЦ–силантты тек жарып шыққан тістерде қолдануға ұсыным беріледі, себебі "жас" тістер минералдарды ерекше қажет етеді және қызылиек тіндерімен жабулы болуы мүмкін.

ӘИЦ-силанттардың жойылуы статистикасына қарай қайталамалы қаралуларды және 3-6 ай сайын регерметизацияға ұсыным берілді. Соңғы уақытта ӘИЦ-ты жиі тіс жарып шығу кезінен, майлау беті қауіп зонасынан шығып, тіс жегісінен қорғануға жағдай жасалғанға дейін қолданатын уақытша герметик ретінде қарастырады.

Компомерлер - композиттер мен әйнекиономерлер қасиеттерін біріктіретін материал: ӘИЦ- компоненті арқасында олар фторидтерді бөлуге қабілетті (шынайы ӘИЦ-ке қарағанда аз мөлшерде), композитті құрамының болуы материалмен дайындалған эмаль арасында жоғары механикалық байланысты және механикалық жүктемеге жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Компомерлерді енгізу технологиясы эмальды қышқылмен өңдегеннен кейін жуу мен кептіруді қажет етпейді, сондықтан материалдардың бұл класы кішкентай балалармен, құсу рефлексі жоғары науқастармен жұмыс жасауда қолданылады.

Компомерлі герметиктердің сақталуы 1 жылда 59-дан 95%-ға дейін жетеді. Компомерлердің тіс жегісіне қарсы әсері ӘИЦ-тің әсеріне жақын деп есептейді. Компомер жайылғаннан кейін тіс жегісі, композитті герметик жайылғаннан кейінгіге қарағанда сирек дамиды.

Амальгама фиссуралар мен шұңқырлар жүйесінің шектелген аймағында жегіленген зақымдануы бар тістердің консервативті реставрациясы процедурасында герметик ретінде қолданылады. Эмальдің табиғи сау тереңдеулерін қышқылмен өңдейді, адгезивті жүйемен өңдейді және амальгамамен толтырылады. Амальгаманың фиссуралардағы ретенциясы 5 жыл ішінде 30-50% деңгейінде.

Наши рекомендации