Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi.

Зерттеушiлер Блэк және Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшiн оқушы керi байланыс деген не екенін түсiну керек. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек ». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.

Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі түрі болады.

· Ауызша

· Жазбаша

Кері байланыстың құралдары төмендегідей болуы мүмкін.

· Жазбаша түсініктеме

· «температура өлшемі»

· Бақылау

· Опрос-молнии?????

· Күнделік/ өзін-өзі бағалау журналы

Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы және толық түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана («жақсы», «жарайсың», «нашар», «дұрыс емес») қамтып қоймай, сонымен қатар:

а) ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсетеді

б) қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді.

Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана қамтиды. «жарайсың», «нашар», «жақсы» т.с.с.

Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін.

Позитивті немесе бейтарап (нейтрал) түсініктемелер төмендегідей болады:

· Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер: «иә, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «барлығы дұрыс», «Сәуленің қаншалықты нақты жауап бергеніне назар аударыңдаршы», «Жарайсың!»

· Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: «жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейік», «балалар, Таланттың айтуы бойынша осылай, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «ал сен неге олай ойладың?», «сен бұл жерде біраз қателестің, қане тағы бір рет оқып шық».

· Жауабын нақтылап және толықтыра түсуін өтіну.

Ұстаз сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалға: «ақымақ жауап», «осылай ойлауға қалайша дәтің барды?», өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. «Дұрыс емес», «қате», «дұрыс жауабын кім береді?» деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады.

Оқушыны ынталандыру (мотивация)

Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.

Бағалаудың мақсаттарының бірі оқушыны оқуға бағытталған ынталандыруының қолдауы және реттеуі болып табылады. Ынталандыру талдау негізінде шешім қабылдау процесін көрсетеді. Ынталандыру туралы сұрақ адамның әрекетінің себебін түсіндіру қажет кезде әрқашан туындайды. Ынталандыру ортасы мазмұнына қарай оқушылардың сәттілікке талпынушылығының туындауына қалай көмегін тигізсе, солай кедергі болуы мүмкін, сонымен қатар осы талпынушылықтың күші мен бағытына әсер етеді.

Оқу барысында ішкі ынталандырудың реттелуіне қалайша әсер етуге болады?

Ішкі ынталандыру сәтті оқудың маңызды шарты болып табылады. Егер ол жоқ болса, қалай болуы мүмкін? Көптеген ұстаздар балаға қажетті ынтаны қалыптастыру арқылы көптеген қол жетімді жетістіктерге жетіп сол арқылы оқу мәселелерін біршама оңтайлы шешуге болатындығын айтады. Е.П. Ильин «Ынта – дегеніміз тұлғаның (субъект) өзі қалыптастыруы тиіс күрделі психикалық білім»деген.Ұстаз бұл процеске тек себепші ғана бола алады.

Ынталандырушы әдістер:

· Талабыңыз биік және шынайы болуы қажет;

· Оқушымен бірге мақсат қоя біліңіз;

· Сіздің пәніңіз бойынша жетістікке жету үшін нақты не керек екенін түсіндіріп беріңіз;

· Ішкі ынталандыруды дамыту үшін «міндеттісің», «талап етемін» деген сөздердің орнына «қызық, тырысып көр», «істеп көр» т.с.с. сөздерді қолданыңыз;

· Оқушылар арасында бәсекелестік тудырудан аулақ болыңыз.

· Өз пәніңіз жайлы әрқашан шабытпен, құлшыныстықпен айтыңыз.

· «Жетістік ахуалын» қалыптастырыңыз.

Сабақтың құрылымы:

· Әрқашан қатысушының мықты жағы және қызығушылығы жағынан табыла біліңіз.

· Оқытылып жатқан материалды біртіндеп күрделендіре түсіңіз.

· Оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға тырысыңыз.

· Қатысушының тек қана бағалауына ғана емес, оның жаңа икемдер мен білімге назарын аудартыңыз.

· Оқушыны ешқашан нашар баға қоямын деп қорқытпаңыз.

· Тест оқушының үрейін тудырмай, керісінше оның біліміне назар аудартуға себепші болуы керек.

Ынталандыру арқылы оқушының атқарған жұмысына түсініктеменің берілуі:

· Кері байланыс өз уақытында болуы керек.

· Жетістіктерін тек қана мақтау сөздермен ғана айтып қоймай, оң конструктивті (құрылымдық) түсінікпен де жеткізу қажет.

· Бір-бірінің жұмыстарын оқып тексеруге беріп, олардың оң жақтарын және толықтыратын тұстарын көрсетіп бағалайық.

· Ең алдымен әрқашан оң аспектілерін атап алыңыз, содан соң сынға алыңыз. Негативті кері байланыс оқушыға емес, жұмыстың осал жақтарына бағытталуы қажет.

· Оқушының әлсіз жақтарын ешқашанда көпшілік алдында қорлау сөздермен кемсітіп көрсетпеңіз.

· Оқушыларға өздерінің ойлануларына мүмкіндік беріңіз, аузына сөз салып беруге (подсказка) асықпаңыз.

Оқыту барысында ғылыми игерілген бір қатар әдістердің бар екендігін атап өту керек.Осылардың көмегімен алғашында айтылып кеткен қиыншылықтарды шешуге болады. Ол үшін төмендегідей талаптарды міндетті түрде ұстануымыз қажет.

1. Мүмкіндік болса, дұрыс атқарылған тапсырмалар үшін марапаттау мен сыйлық беруді доғарып, оның орнына жай ғана бағалап, мақтап қоюымыз жеткілікті.

2. Сабақты көбінесе оқушыларды жарыстыру арқылы өткізу қажет. Оқушыны өз жетістіктері мен нәтижелерін салыстырып, талдау жасауға үйретуіміз тиімдірек болады.

3. Оқу мақсатында «жоғарыдағылармен» байланыстырмауға тырысыңыз. Оқушымен бірлескен жұмыс оның алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауларына едәуір тиімді.

4. Қателігі үшін оқушыға қатты айтылған сын оған негативті эмоция туғызатындығы және оқуға деген белсенділігіне кері әсерін тигізетіндігін есте ұстағанымыз абзал.

5. Уақытша шектеулер қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол шығармашылықты тежеп қана қоймай, ішкі талпынысты да тежейді.

6. Әрбір оқушының өз шеберлігі және ұшқырлығын дамыту үшін оларға тапсырмаларды қиындық деңгейіне қарай бөліп беру керек.

7. Әр оқушыға есептің шешу жолы мен әдістерін өзіне таңдатуға мүмкіндік беру қажет.

Ынталандыру оқушының танымдық белсенділігін жоғарылатуға және оқу бағдарламасын меңгертуге мүмкіншілік береді.

Наши рекомендации