Психологиялық қызмет іс-әрекетінің үлгі жоспары.
Айлары | Іс-әрекет түрлері | ||
Диагностика | Консультация | Профилактика | |
Қыркүйек | 1. Мектептегі оқуға әзірлікті жеке диагностикалау (1 сынып). 2. «Шындықты анықтау» тәрбиелік шараларының кезеңін өткізуді психологиялық қамсыздандыру және диагностикалық көмек (сыныптық ұжымды және топтық жұмылу деңгейін зеттеу) ( 5-10 сыныптар). | 1.Оқушылармен ата-аналарға ағымдағы кеңес. 2. Педагогтарға сыныптық ұжымды және топтық жұмылу деңгейін зерттеулер нәтижелері бойынша кеңес. | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топтық әңгімелер. |
Қазан | 1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика (5-10 сыныптар). 2.Балалардың наркопосттар жұмысы шеңберіндегі салауатты өмірге қатынасына алғашқы диагностика. 3. Оқушы тұлғасының өзін-өзі бағалауына диагностика. | 1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес. 2. Балалардың салауатты өмір салтына қатынасын зерттеу нәтижелері бойынша педагогтарға кеңес. | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме жүргізу. 2. Кикілжіңдік жағдайлардың алдын-алу (оқушылардың өзін-өзі бағалауын диагностикалау нәтижесі бойнша). |
Қараша | 1. Оқушылар тұлғасын жеке диагностикалау (5-10 сынып). 2. Тұлғалық-бағдарлық оқытудың оқушылардың психологиялық жағдайына әсерін алғашқы зерттеу. | 1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес. | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме өткізу. 2. « Мұғалімдер мен мектеп психологының өзара іс-әрекеті мектептегі эксперименттік жұмыстың табыстылық факторы» тақырыбындағы мұғалімдер мен әкімшілікке арналған семинарларды ұйымдастыру және өткізу. |
Желтоқсан | 1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика (5-10 сыныптар). 2. Оқушының танымдық сферасын зерттеу ( интеллектуалды даму және жұмыс қабілеттілік деңгейі). | 1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес. 2. Интеллектуалды даму және жұмыс қабілеттілік мәселелер бойынша кеңес. 3. Жас сынып жетекшілеріне түрлі психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша кеңес. | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме өткізу. 2. «Жас сынып мектебі» жұмысын психологиялық қамсыздандыру. 3. Оқушылардың жастық психологиялық ерекшеліктері мәселелері бойынша сынып жетекшілері алдында сөйлеу. |
Қаңтар | 1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика (5-10 сынып). 2. Жас сынып жетекшілерінің тұлғалық ерекшеліктеріне диагностика. | 1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес. | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме өткізу. |
Ақпан | 1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика(5-10 сынып). 2. Оқушының көңіл-күйі сферасын зерттеу ( жағдайлық және жеке алаңдаушылық деңгейі). | 1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес. 2. Педагогтар мен ата-аналарға оқушылардың психологиялық психологиялық мәселелері бойынша (оқушылардың психологиялық жағдайының қолайлылық деңгейін зерттеу нәтижелері бойынша ). | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме өткізу. 2. Оқушылар мен педагогтарда келеңсіз көңіл-күйді бастан кешірудің және психологиялық жағдайлардың алдын алу. |
Сәуір | 1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика (5-10 сынып). 2. Балалардың наркопосттар жұмысы шеңберіндегі қатынасы екінші диагностика. | 1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес. 2. Педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға салауатты өмір салтындағы мәселелер бойынша кеңес. | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме өткізу. 2. 5-10 сынып оқушыларымен шылым шегушілер мен нашақорлар мәселелері туралы әңгіме. |
Мамыр | 1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика (5-10 сынып). 2.Балалардың интеллектуалды және мәдени дамуының мониторингі. 3. Тұлғалық –бағдарлық оқытудың оқушылардың психологиялық жағдайына әсерін екінші зерттеу. | 1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес. 2. Педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға интеллектуалды және мәдени даму мәселелері бойынша кеңес. | 1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме өткізу. 2. Педагогикалық кеңесте тұлғалық-бағдарлық оқытуды гимназияға енгізу жөніндегі эксперимент нәтижелері бойынша сөйлеу. |
Мектепте психолог маман жоғарыда сызбада көрсетілген бағдарлама негізінде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар коррекциялық топтармен де жұмыс жасайды. Ол мынадай кезеңдерден тұрады.
· Танысулық– қолданылатын әдіс –тәсілдері негізінен біріншіден ойындар: ( «Кел танысайық», «Мен қандаймын», « Айна», «Хоровод», « Ассоциациялар»; екіншіден тақырыптық сурет салу: «Автопортрет», «Менің жанұям».
· Танымдық процестерді дамыту: ( есте сақтау, ынта, ойша елестету) қолданылатын әдіс –тәсілдері негізінен ойындар: «Есте сақта және қайтала», « Есте сақта және бейнеле», «Не жоғалды?», « Сиқырлы қапшық», «балалар лотосы», « Ретсіз санап шық», «Лего» көмегімен құрастыру, «Қиял қаласы» тақырбы бойынша пласталинмен мүсіндеу. « Сиқырлы жұмыртқа» т.б. суретін салу.
· Қолдың ұсақ қимылын (моторикасын) жетілдіру: ( контур бойынша сурет салу, балшық пен пластилиннен тақырыптық мүсіндеу, « Қуыршақ үшін төсеніш», аппликациясы, ойындар: « Таны, біл, ата», «Өзің жаса», контур бойынша фигуралар қию және т.б.
· Мінез-құлық еркіндігін дамыту:Психогимнастика: «Гномдар ойыны», мінез-құлықпен тілдесу тренингтері (Р.В. Овчарованың бағдарламасы бойынша).
· Мектептік үрей мен алаңдаушылықты түзету:Тақырыптық сурет салу: «Мектепте», « Көшеде, аулада», «Менің жанұям» аяқталмаған ұсыныстар әдісі, ойын әңгімелер: «Менің түсіме қорқынышты не енеді немесе күндіз неден қорқамын?» « Ең жаман және ең жақсы», «Кім болғым келеді?» т.б.
Сонымен қатар Ю.Б. Гиппенрейтер бойынша баламен тілдесу ережелері психолог қызметі барысында жиі қолданылады. Оны талдар болсақ:
1.Өзіңнің көңілің толмайтын дағдыңды тұтастай баладан емес, оның жекелеген әрекетінен көру.
2. Баланың әрекетін сынау, бірақ қаншалықты дұрыс болмаса да оның
сезімдеріне тимеу.
3. Баладан болмайтынды немесе орындалуы қиынды талап етпеу. Ең жақсысы қалыптасқан жағдайда нені өзгертуге болатынын қарау.
4. Баланың әрекетіне көңіл толмаушылық тұрақты болмауы тиіс, әйтпесе ол қабылдаудан қалады және т.б.
Мектеп психологының негізгі қызметтерін ғылымы жұмыс мазмұны барысында тарқатып өтсек.
Мектептегі оқуға дайындық:
Баланың мектепке деген психологиялық дайындығын анықтаған соң, психолог нақты неге бұны жасап жатқанын саналы түсінуі керек.
Егер мектепке балаларды алу үшін іріктеу жұмыстары жүріп жаткан жағдайда, психолог баланың функционалды дайындық немесе оның мектепте оқытуда тапсырмаларды орындау процесіне және жүйкелі психикалық функциясының деңгейіне байланысты іріктеуге де болады. Егер баланың функционалды дайындығы төмен болса, онда ол «қауіп-қатер тобын» құрады. («группа риска»). Яғни тапсырманы қабылдау және жоғарғы қажымалық көз-қарасы жағынан. Осы балалардың көпшілігі дәл айтқанда бірінші күннен бастап олардың үлгерімі төмен категориясына түседі, ал басқалары ( әдетте интеллектуалды деңгейінің жақсы дамуы немесе мектепке жақсы дайындығында да болуы мүмкін) жақсы оқуы әбден мүмкін, бірақ оларда жүйкелі психикалық қысым болады. Содан невроз, психосоматикалық ауруға әкеп соғуы мүмкін.
Диагностикалық функционалды дамуына, біздің елде және басқа да елдерде Шығыс Европада да Керна- Йирасеканың тестін қолданады.
Мектепке бейімделуі:
Мектепке бейімделу бірінші сынып балалары үшін өте қиын.
Әдетте ол 4-7 апта араларын құрады. Бейімделі кезеңінде кейбір оқушылар өте шулы болады, айғайлайды, коридорда жүгіреді, сабакта кайта- кайта алаңдайды, мұғалімдермен өзін әдепсіз ұстайды; Ал басқа оқушылар, алдындағыларға қарағанда қарама- қарсы яғни, қысылып отырады, Мұғалім оған сөйлеген кезде ұялады, кішкентай бір сәтсіздік болғанда, жылай салатын болады.
Кейбір балалардың ұйқысы, тәбеті бұзылады, олар өте қырсық болады, және бірден ойынға деген қызығушылығы артады, ойыншықтарға , оте кішкентай балаларға арналған кітаптарға да қызығады және оларда ауру саны көбейіп кетеді. Осы барлық бұзылулар (оларды функционалды ауытқу деп айтады) бала психикасына ауырлық түскенде туады және оның ағзасынада ауырлық түседі, яғни бірден өмір сүру салты маңызының өзгеруі, сапслы талаптары балаға әсер етеді. Әрине, барлық балаларда мектепке бейімделу осындай функционалды ауытқулармен жүрмейді, бірақ бірінші сыныптар арасында көбірек кездеседі.
Мектепке бейімделудің қиындығы, егер бала алдын бақшаға бармаған болса, өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түспеген жағдайда, қиынға соғады деп саналады. Бірақ практика шындықпен сәйкес келмейтінін дәлелдейді.
Бейімделу кезінде қиындықтарды, алдын бала-бақшаға барған балаларда сол қиындық кезінен өтеді.
Ерекше қиыншылықты, үш жылдық бастауыш мектеп программасы оқытылататындар қиыншылықты сезінеді. Өйткені олар тез интенсивті оқу курсына ауысады.
Бейімделу кезеңінде бірнеше сынып оқушыларымен психологтың жасайтын жұмысы қандай болу керек деген бірнеше көзқарастар бар. Соның біреуімен келісетін болсақ, онда психолог өз жұмысындамаксималды белсенді болу керек, яғни, оқушыларға тезірек және жақсы бейімделу үшін көмектеседі, ал мұғалім әрбір балаға дұрыс жасау керек.
Психолог ерекше зейінді көбінесе анық функционалды ауытқулары көрініп тұрған балаларға яғни ұйқысы бұзылған және басқа да невротикалық белгілерге де барларды да қарайды.
Енді басқа да көзқарастарға сүйенсек, психолог әрбір балалардың психикалық дамуы жайлы ақпараттарға уақытын арнауы керек.
Бейімделу кезеңінде психолог сыныпты тек мұғалімге беру керек, яғни мұғалімнің өтініші бойынша ғана араласа алады. Орташа ағымдағы бейімделу процесі көп жағдайлардағы функционалды ауытқулар өзбетінше өтеді, сондықтан мұнда арнайы жұмыстар жүргізуді талап етпейді.
Психолог жұмыстың ең ықтимал формасы, мұнда ата – аналар жиналысында, осы кезеңнің ерекшеліктері туралы және ата – аналарға ocы кезең жеңіл өту үщін не істеу керек екенін айтып түсіндірсе өте ықтимал болады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. «Тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностика» пәнінің міндеттерін аайтыңыз.
2. Психодиагностика ұғымының шығу тарихы.
3. Қоғамдағы педагог-психолог маманның орны.
4. Педагог-психолог маманның қызметі.
5. Мектептегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері.