Жүрегім, ойбай соқпа енді

Жүрегім, ойбай соќпа енді! Бола берме тым күлкі. Көрмейсің бе, тоќта енді, Кімге сенсең сол шикі.   “Жетім ќозы— тас бауыр, Түңілер де отығар”. Сорлы жүрек мұнша ауыр Неге ќатты соќтығар?   Сенісерге жан таба алмай, Сенделеді ит жүрек. Тірілікте бір ќана алмай, Бұл не деген тентірек?   Жоќ деп едің керегің, Топ жиып ең бір бөлек. Кезек келер демедің, Ендігі керек ќай керек?

Жүрегім менің - қырық жамау

Жүрегім менің—қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден. Қайтып аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден.   Өлді кейі, кейі — жау, Кімді сүйсе бұл жүрек. Кімі — қастық, кімі дау, Сүйенерге жоқ тірек.   Кәрілік те тұр тақау, Алдымызда айла жоқ. Қайғысыздың бәрі — асау, Бізге онан пайда жоқ.   Қанжүректі қайғылы-ау, Қайырыла кет сен маған. Қасиетін ойлан-ау Қам көңілдің тынбаған.

Жүректе қайрат болмаса

Жүректе қайрат болмаса Ұйықтаған ойды кім-түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Қайуанша жүріп күнелтпек.   Аспаса ақыл қайраттан, Тереңге бармас, үстірттер. Қартыңның ойы шар тартқан, Әдеті жеңіп күңгірттер.   Тән сүйгенін бермесе, Жан шыдамас жаны ашып, Бере берсең бер десе, Үміт етер таласып.   Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса. Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?   Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?!

Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас

Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. Жүректен қызу-қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық, іс табылмас.   Достық, қастық, бар қызық—жүрек ісі, Ар, ұяттың бір ақыл — күзетшісі. Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық. Арын, алқын — бұл күннің мәртебесі.   Қартаң тартқан адамнан от азаймақ, От азайса, әр істің бүрі тайғақ. Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып, Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.

Жұмбақ (Алла мықты жаратқан сегіз батыр)

ЖҰМБАЌ Алла мыќты жаратќан сегіз батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып. Кім жығары белгісіз түбінде аќыр. Ш е ш у і: Мұны тапсам ойланып, аќын деңіз, Таба алмасам, аќылды болар неміз? Ќыс пенен жаз, күн мен түн, таќ пенен жұп. Жаќсылыќ пен жамандыќ— болды сегіз.

Жұмбақ (Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің)

ЖҰМБАЌ Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің, Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. Жан ќұмары дүниеде немене екен — Соны білсең әрнені білгендерің. Шешуі: Білмекке құмарлық.

Жұмбақ (Қара жер адамзатқа болған мекен)

ЖҰМБАЌ Ќара жер адамзатќа болған мекен, Ќазына іші толған әртүрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, Солардың ең артығы немене екен? Ш е ш у і: темiр

Нтернатта оқып жүр

Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы — Жаңа өспірім, көкөрім, Бейне қолдың саласы. Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы, Ойында жоқ олардың Шариғатқа шаласы. Орыс тілі, жазуы — Білсем деген таласы. Прошение жазуға Тырысар келсе шамасы. Ынсапсызға не керек Істің ақ пен қарасы. Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе елдің арасы. Еждићатсыз, михнатсыз Табылмас ғылым сарасы. Аз білгенін көпсінсе, Көп қазаққа епсінсе, Кімге тиер панасы? Орыс теріс айтпайды Жаман бол деп оларды, Қаны бұзық өзі ойлар Қу менен сұм боларды, Орыста қалар жаласы. Бұл іске кім виноват — Я Семейдің қаласы? Я қазақтың аласы? Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой, Көңiлінде жоқ, санасы. Ақылы кімнің бар болса, Демес мұны тілі ащы. Айтыңызшы болсаңыз Здравомыслящий, Ақыл айтпай ма ағасы? Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта Ерінбей оқып көруге. Военный қызмет іздеме Оқалы киім киюге, Бос мақтанға салынып, Бекер көкiрек керуге. Қызмет қылма оязға. Жанбай жатып сөнуге. Қалай сабыр қыласың Жазықсыз күнде сөгуге? Өнерсіздің қылығы — Тура сөзін айта алмай, Қит етуге бата алмай, Қорлықпенен шіруге; Аз ақшаға жалданып

Кейде есер көңіл құрғырың

Кейде есер көңіл ќұрғырың Махаббат іздеп талпынар, Ішем деп бейнет сусынын Асау жүрек алќынар.   Тартќан бейнет, өткен жас Жүректің отын сөндірмес. Махаббат— өмір көркі рас, Өлген ол да үндемес.   Махаббатсыз — дүние бос, Хайуанға оны ќосыңдар. Ќызыќтан өзге ќалсаң бос, Ќатының, балаң, досың бар.   Жүрегі жұмсаќ білген ќұл Шын дос таппай тыншымас. Пайда, маќтан бәрі —тұл, Доссыз ауыз тұшымас.

Келдік талай жерге енді

Келдік талай жерге енді, Кіруге-аќ, ќалдыќ көрге енді. Ќызыл -тілім буынсыз, Сөзімде жаз бар шыбынсыз, Тыңдаушымды ұғымсыз Ќылып тәңірім бергенді   Осы жасќа келгенше, Өршеленіп өлгенше, Таба алмадыќ бір адам Біздің сезге ергенді. Өмірдің өрін тауысып, Білімсізбен алысып, Шыќтыќ міне белге енді.   Енді аяңда, жығылма, Сыймас жерге тығылма, Ќой бұрынғы желгенді Ќайғы шығып иыќќа. Ќамалтпасын тұйыќќа, Сергі, көңілім, сергі енді Балапан ќұстай оңдалып.   Ќанатыңды ќомданып, Жатпа ұяда, ќорғанып, Ұш, көңілім, көкке, кергі енді Көңілде ќайғы, ќалың зар, Айтатұғын сөзім бар, Салсын ќұлаќ, ұќќандар, Өрбі, сөзім, өрбі енді! Іште ќайғы дерт пысып, Көкіректі өрт ќысып, Айтуға көңілім тербенді.   Өзің жалғыз, надан көп, Ұќтырасың сен не деп, Әулекі, арсыз елге енді? Тыныштыќ сүймей ќышынып, Өтірікке түсініп, Пәледен тұрмас шошынып, Тұл бойын желік жеңгенді.   Туған жерді ќия алмай, Тентекті жеңіп, тия алмай, Әлі отырмыз ұялмай, Таба алмадыќ, өңге елді. Әзілде тәңірім сорлы етті, Арсыз елмен әуре етті, Жалғыз үйде күңірентті, Тағдырға білдік көнгенді, Адам деген даңќым бар, Адам ќылмас халќым бар, Өтірік пен өсекке Бәйге атындай аңќылдар, Тұла бойым шіміренді.   Барма топќа шаќырмай, Жат үйіңде шатылмай, Шыдармын ба, япырмай, Жатуға шыќпай үйде енді? Ќатыныңның, ойнасын Көрсең, білсең ќоймасын , Не ойлар едің, өз басың, Сонымен тең біз де енді.

Кешегі Оспан ағасы

Кешегі Оспан ағасы Кісінің малын жемепті. Мал сұраған кісіге Жоқ, қайтемін демепті. Қуаты артық, ойы кең, Жұрттың бәрін шенепті. Досына дәл — жаз, жауға — аяз, Алысқанды денепті. Адалдық үшін алысып, Жегішке ақы төлепті. Бас шайқаймын дегеннің Басына салды әлекті. Қадыры қалың, малы көп, Қылмаған кімге себепті? Алақолсыз мырза еді, Кем-кетікті елепті. Оны да алды бұл өлім, Сабыр қылсақ керек-ті.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?   Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.   Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.   Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол — бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.   Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.   Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы. Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы

Күйісбайға

Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең— бересің, тайсаң— танып, Алдамшы атағанның несі пайда?

Күлімбайға (Болыс болдым мінеки)

Наши рекомендации