Ойлау туралы негізгі теориялар

Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теорияларға тоқталатын болсақ, ең алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен өзгермейтін табиғи, интеллектуалдық қабілеттіктердің болатындығы туралы қағидадан туындайды, екінщі топтағы түжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін, өмір бойы қалыптасады және дамиды деген түсінікті жатқызады.

1. Бірінші тұжырымдар бойынша интеллектуалдық қабілеттіктер жөне интеллектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты оңдауда қамтамасыз ететін ішкі құрылымның жиынтығы ретінде анықталады.

Сәйкес келетін интеллектуалдық құрылымдар даяр күйінде адамда туғаннан беріледі, бірте-бірте организмнің ес үрдісінде дамиды деп есептеледі. Бұл интелектуалдық қабілеттіліктер (нышандар) идеясы неміс психологтарының мектебінде орындалған ойлау саласындағы көптеген еңбектерге тән.

Ол ерекше айқын ойлаудың гештальттеориясында берілген. Бұл теория бойынша құрылымды қалыптастыру және қайта өзгерту, оларды реалдік шындықты көру интелектінің негізі болып табылады.

2. Бұл теорияға қарама-қарсы интелектінің генетикалық тұжырымдамалары бойынша ақыл-ой қабілеттілікторі туғаннан берілмейді, өмірге келгеннен кейін қалыптасады және дамиды деген қағиданы пайымдайды.

Генетикалық тұжырымдамалар ойлауды сыртқы ортаның ықпалынан дей келіп, субъектінің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әрекетінен деп түсіндірді.

Ойлаудың өзіндік тұжырымдамалары психологиялық зерттеулердің төмендегідей бағыттарында қарастырылады: эмпирикалық субъективтік психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негізгі әдісі бойынша, гештальтпсихологияда алдыңғыдан айырмашылығы тек қана психикалық үрдістердің элементтілігін жоққа шығаруы және олардың тұтастығының жеке элементтер құрамына қарағанда үстемдік етуі, артықшылығын мойындады, оның ішінде ойлауда, бихевиоризмде, оның жақтаушылары ойлау үрдісін субъективтік феномен ретінде мінез-құлықпен (ашық немесе жасырын ақыл-ой) ауыстыруға әрекет етеді: психоталдауда ондай ойлауға барлық басқа үрдістер сияқты талпынуға бағындырды.

Ойлаудың белсенді психологиялық зерттеулері XVII ғасырдан жүргізіле бастады. Сол кезде, содан кейін біршама ұзақ кезең психология тарихында ойлауды логика ғылымыньщ құрамыңда, оның бірден-бір түрі ретіңде ұғымдық теориялық ойлау қарастырылды.

Ойлауға қабілеттіліктің өзі туғаннан берілген, туа біткен қасиет, ал ойлау дамудан тыс қарастырылды. Интеллектуалдық қабілеттіліктердің қатарына ол кезде байымдау, логикалық ой қорытындысын жасау және рефлексия (өзін-өзі тану) жатқызылды.

Ойлау тәсілдеріне (операцияларына) жалпылау, талдау, жинақтау, салыстыру және жіктеу кірді.

Ойлаудың өзі ассоциатавтік эмпирикалық психологияда, оның барлық әртүрлі көріністерінде қазіргі тәжірибеден алынған ассоциаларға, өткеннің және көңіл-күйлер іздерінің байланыстарын жатқызады.

Ойлаудың белсенділігі, оның шығармашылық сипаты да осы теория шеше алмаған негізгі проблема болды. Сондықтан да оның жақтаушыларына ақыл-ой шығармашылық қабілеттікгер ассоциацияға бағынбайтын туа біткен ақылдың қабілетгіліктері деп хабарлаудан басқа ештеңе қалмады.

Бихевиоризм бағытында ойлау стимулдар мен реакциялардың арасындағы күрделі байланыстарды қалыптастыру үрдісі ретінде жеке міндеттерді шешуге қатысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.

Гештальтпсихология багытында интуитивтік тұрғыдан түсіндірілді. Психологиядағы соңғы екі бағыт (бихевиоризм мен гештальтпсихология) ойлауды түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмайды.

Бихевиоризмнің арқасында психологиялық зерттеулердің саласына практикалық ойлау енгізіледі, ал гештальтпсихологияның арқасында психологтар ойлаудағы интуиция және шығармашылыққа ерекше көңіл бөлді.

Ойлау психологиясы проблемасын шешуде психология бағытындағы психологтардың сіңірген еңбектері баршылық. Олар негізінен зейінді ойлаудың санасыздық түрлеріне қатыстырумен, сонымен қатар ойлаудың адамдардың талпынулары мен қажеттіліктеріне бағыныштылығын зерттеуге байланысты.

Қазіргі іс-әрекет іліміне негізделген психология ғылымында ойлау жаңаша көзқарасқа ие болды. Ойлауды таным іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастырды. Ойлауды психологияга енгізу арқылы іс-әрекет категориясында теориялық және практикалық интелектіні танымның объектісі мен субъектісін қарама-қарсы қоюды жеңу іске асты.

Алғаш рет ойлаудың генозисі туралы мәселелерді қою және шешу мүмкіншіліктері пайда болды.

А.Н. Леонтьев адамзат ойлауының жоғары түрінің сипатын, әлеуметтік тәжірибенің, оның дамуының мүмкіншілігін атай келіп, былай деп жазды: "Адамның ойлауы қоғамнан тыс, тілден тыс, жинақталған адамзат білімінен тыс және олардың қалыптасқан ойлау іс-әрекетінің тәсілдерінен тыс өмір сүруі мүмкін емес...

Жекелеген адам тілді, ұғымдарды логиканы ғана меңгере отырып, ойлау субъектісі болып табылады". Ал ойлаудың тұжырымдамасын ұсынғанда, ол бойынша арасында ұқсастық қатынастар болатындығын дәлелдеді. Ішкі ойлау іс-әрекеті тек сыртқы, практикалық іс-әрекетінің туындысы болып қоймай, сондай құрылымға ие болады.

Ойлаудың іс-әрекеттік теориясы балаларды оқыту және ақыл-ой дамуымен байланысты көптеген практикалық міндеттерді шешуге көмектесті. Оның негізінде оқытудың әртүрлі теориялары қалыптасты, атап айтқанда П.Я. Гальпериннің, Л.В. Заковтың, В.В. Давыдовтың теориялары. Олардың бәрін ойлауды дамыту теориялары деп қарастыруға болады.

Біздің елімізде оқыту үрдісінде практикалық түрде кеңінен енгізілген теориялардың бірі — П.Я. Галпериннің "Ақыл-ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру" теориясы Л.С. Выготскийдің белгілі қағидаларына және А.Н. Леонтьевтің ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы зерттеулеріне негізделеді.

Бұл теориялардың мәні мынада: ішкі материалдық әрекеттер бірте-бірте ішкі ақыл-ой әректіне айналады (интериоризацияланады).

П.Я: Гальперин балалар интелектісін қалыптастыру теориясын талдады, ол теория оқыту психологиясының ғылыми тұрғыдан негізделген практикалық теориялардың бірі ретінде практикалық жағынан кеңінен қолдау тапты.

Оқыту және дамыту проблемасын талдауға Л.С. Выготский ерекше үлес қосты. Л.С.Выготскийдің және оның ғылыми мектебі қызметкерлерінің жалпы теориялық қағидалары мен зерттеулері оқыту дамуда жаңаның қалыптасуының қайнар көзі бола отырып, дамумен бірлікте оқыту дамудан озып отыруы қажет деген қорытындыға келеді.

Оқытудың негізгі міндеті — ғылым негіздерін мектеп оқушыларьшың белсенді және берік, саналы және бір жүйелі меңгеруді қамтамасыз ету. Мысалы, Л.В. Занков талдаған оқытудың дидактикалық жүйесі (бастауыш мектеп оқушыларына қатысты) белгілі. Бұл жүйе теориялық білімдердің өзіндік салмағын арттыру, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту және материалды тез қарқынмен өту қағидаларына сүйенеді.

Оқытудың екінші жүйесін Д.Б.Эльконин және В.В. Давыдов жетекшілік еткен бір топ психологтар зерттеді. Оқытудың бұл жүйесі ойлаудың ғылыми теоршілық түрін тәрбиелеуге бағытталған. Бұл диалектикалық мазмұнды жалпыламалар мен ұғымдарды (дерексізден нақтылыға) меңгергенде ғана мүмкін.

Сонымен қатар бастауыш мектепте шәкірттерде ғылыми, шығармашылық ойлаудың негіздері қаланады.

Оқыту психологиясындағы зерттеулердің негізгі бағыттары мектеп оқушыларында белсенді, өз бетімен және шығармашылық ойлауын, білімдерді шығармашылықпен қолданудың қабілеттілігін қалыптастырудың әдістерін іздестіруге байланысты.

Л.С. Выгодский баланың ақыл-ой дамуыньщ екі деңгейін — актуалды даму деңгейі және жақын арадағы даму аймағы, атап көрсетті. Ескі көзқарастан айырмашылығы, жақын арадағы даму аймағы туралы ілім қарама-қарсы қағиданы ұсынуға мүмкіншілік береді, тек ол дамудан ілгерілеп, алға озып отырса сондай оқыту жақсы болады.

Оқытудың маңызды белгісі болып табылатын оқыту дамудың таяу арадағы аймағын жасайды, демек, баланы өмірге шақырады, дамудың көптеген ішкі үрдістерін талпындырады және қозғалысқа келтіреді.

Наши рекомендации