Бақылау сұрақтары.

1. Суреттегі киім моделі қай уақыттағы модаға сай?

2. Ұсынып отырған модельде қандай бейнелеу әдістері қолданылған?

3. Техникалық құжаттағы киім моделін әдісінен ұсынып отырған жарнамалық сипатқа ие киім моделінің айырмашылығы неде?

4. Жаңа моделді бейнелеуде қандай құралдарды пайдаланған?

5. Киім модельін бейнелеуде қандай көркем графикалық ерешеліктер (сызықтар, түстер, ылғалды бейнелеу) қолданылған.

6. Журнал бетіндегі суретші- модельердің суреттері мен адам тұлғасының пропорциялық ерекшелігі неде?

7. бақылау сұрақтары. - student2.ru Мода журналдарындағы киім модельдеріні тақырыптық мазмұны қандай тәсілмен жеткізілген?

бақылау сұрақтары. - student2.ru  

Практикалық жұмыс №3

Көлемдік- кеңістік пішіндегі негізгі бөліктің көзге түсу принциптері (сапа заңы, мөлшер заңы, мән-мағыналық заңы, орталық орналасу заңы).

Мақсаты:Киім формасының көлемді кеңіңстіктегі қасиетімен элементтерін анықтап, оның көркемдік шешімін зерделеп, киім моделін құрастыруда алған білімді пайдалана білу.

Жұмысқа тапсырма.

1.1.Теориялық бөлімін оқып шығу.

1.2. Мода журналы мен танысып, киім формасымен оның жеке бөліктерін геометриялық түрде жіктеп, силуэтін анықтау.

1.3 Жеке бөліктерімен бөлшектерінің көлемін өзгерту арқылы киім формасын жасау (3- эскиз салу).

1.4. Киім бөліктерінде сызықтар мен сәндеулерді қолдана отырып киім формасын өзгертіп қабылдау бойынша 3 киім моделін бейнелеу.

Теориялық бөлім.

Киімнің негізгі атқаратын эстетикалық және тұиыну қызметі, оның формасына, конструкциялық шешіміне, материалды таңдап алуына, әшекейі мен түсіне байланысты.

Костюм формасы киімнің сыртқы құрылымын білдіреді.

Эстетикалық шешімді дұрыс ұйымдастырылған костюм формасы өзінің мәнерлігімен көзге түседі: киім силуэті, сонымен қатар костюм пропорцияларының қатынасы дұрыс орындалып, бөлшектердің ритмдік реттілігі айқын болып, костюм қолданылуына түсінің үйлесімділігі әсер етеді.

Костюм формасын кеңістіктегі көлемді объекті ретінде қарауға болады. Костюм формасын киім силуэті айқындайды. Силуэт киім ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Киім силуэті адам денесіне киімнің қыналуына байланысты мынадай түрлерге жіктейді: жартылай қынамалы, қынамалы, тік. етекке қарай кеңейтілген, немесе тарылған, сонымен қатар түрлі геометриялық формалы болып келеді. (тік төртбұрыш, трапециялы, оваль, екі үшбұрыш, х- секілді т.б.) 7-сурет.

Ал стиль дегеніміз ол - әдебиет пен өнерде автордың туындысының мәнерін мазмұнын, идеялды көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.

Киімнің геометриялық формасын өзгерту нәтиежесінде, яғни жеке бөліктерінің көлемін ұлғайту немесе кішірейту арқылы оның силуэтін өзгертуге болады. Сонымен қатар форманың жеке элементін ауыстыру арқылы оның басқа да элементтерін өзгертуге әсер етеді. (8- суретте).

Киімдегі сызықтар, әшекейлер және киімнің түсімен матаның фактурасы, суреті және жеке бөліктерінің өлшемдері бәрі де киім формасын қабылдауда көз бояушылық әсер етеді. (9-сурет).

Костюм формасы белгілі геометриялық денелер, өлшемдер, масса, силуэт және киім бетінің ерекшеліктері арқылы айқындалады. Костюм формасы жекелеген көлемдермен және жеке костюм бөліктерін түйіндестірумен, конструктивті шешімін табу нәтиежесінде пайда болады. Костюмнің жеке бөліктерін түйіндестірумен сызықтарды біріктіруші тігістер болып табылады.

Киімге рельеф тігіс, бүкпе тағы басқа тігілсе, онда олар конструктивті сәндік сызықтар деп аталады. Сонымен қатар киімдегі жолақтар, таспа баулар, қатпарлар, мернежка және т.б. сәндік сызықтарға жатады.

Киім формасын шығаруда қолданылатын материал өзінің пластикалық (иілгіштік) қасиетімен шаршаулану дәрежесімен

айқындалады, яғни матаның жұмсақтығы, сусымалығы айқын немесе қатаңбеттілігімен ерекшеленеді. Сондықтан киімнің пластикалық қасиеті оның конструктивті шешімі мен мата қасиетіне байланысты болады.

Ажетті құралдар.

Альбом, су-бояу, қылқалам, қара қалам, өшіргіш, журналдар мен суреттер, эскиздер.

Наши рекомендации