СОФЫ СМАТАЕВ, ЕЛIМ-АЙ «Жазушы» баспасы, Алматы, 1978, 348-бет.
«Күн артынан күн өтті. Кешегi соғып өткен қасiрет дауылынан кейiн қайта бас көтерген қазақ халқы елдiгiн, бiрлiгiн қорғап қалу үшiн жорыққа дайындала бастады. Сай-сайдан тарам-тарам боп ағып келiп бiр жерде қосылып, ұлы, арналы өзенге айналар қуат пен қажыр ел құдiретi деген ат тапқан. Ендi мiне, найзаларының үшкiр масағы мен дулығаларын күн көзiнде жарқыратып лек-лек кетiп бара жатқан қол ұшы-қиыры жоқ кең далада шалқыған кек шалқарындай сезiледi. Осы қасиеттi кегінің ширығуындай болып, қол үстiнде аң қалықтайды. Ұрпақтан ұрапаққа жетер, ел бiрлiгiн, iргелiлiгiн дiттеген жiгерлi «Елiм-ай» «қалың әскердi майдан даласына бастап барады».
Қаратаудың басынан көш келедi,
Көшкен сайын бiр тайлақ бос келедi.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен,
Екi көзден мөлтiлдеп жас келедi, Елiм-ай! Елiм-ай!».
IЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН, «ЖАНТАЛАС» романы, «Жазушы» баспасы, Алматы, 1973 жыл, 204-бет.
Ел билеу? Ел билеу оңай тисе, халық тiзгiнi қолында болған адамның бәрi де ел аузында қалмас па едi? Қазақ тарихында жүздеген хан менен мыңдаған сұлтандар өттi. Солардың халық жадында калғаны саусақпен санап аларлықтай. Хан тағына жету кейде оңай болғанмен, хан тағында отыру әрқашан қиын түскен. Өйткенi оған тек қана күш емес, ақыл, айла саясат керек. Бұл қасиеттер бiреуде бар, бiреуде жоқ...
Абылай ел билеу iсiнде көбiне Есiм хан тәсiлiне көңiлiн көбiрек аударатын. Тiкелей оның жолын ұстамағанмен, кей тәсiлдерiне өз iсiнде қолданып отыратын. Бұған да себепкер болған бәз-баяғы Бұхар жырау. Ол бiр күнi Абылайдың бесiншi атасы Есiмханның тарихын оған айтып берген:
- Хан тағдыры - халық тағдыры емес, - деген Бұхар жырау, - кейде жауы бiр, тартысы бiр болып, қан майданда бiрге қаза тапқан күнде де, жатар моласы бөлек. Тек тарихтан азды-көптi iсi халық ойынан шықса, сондай ханды ғана қазақ елi есiнде қалдырған. Соның бiрi - Есiм хан.
Хаджири есебi бойынша бiр мың сегiзiншi жылы, яғни бiздiңше бiр мың алты жүзiншi жылы, - деген Бұкар жырау Абылайға, - Тәуекел ханның орнына қазақ елi жиырма екi жасар Есiмдi хан көтердi».
А.НҰРШАЙЫҚОВ, «Ақиқат пен аңыз», «Жазушы» баспасы, Алматы, 1992 жыл, 337-338 беттер.
«Ол осылай деп этажеркада тұрған өз кiтаптарын иегiмен нұсқады.
«Советтiк коғамның әскери ой қазынасына қосқан өз үлесiм». Баукеңнiң бұл сөзi менiң көз алдыма әбден сарғайып кеткен газет қиындысын елестеттi.
Беттiң жоғарғы жағындағы «Полковник Момышұлының әскери жазбалары» деген үлкен заголовок көзiме оттай басылды. Әдеттегi тек мақаланың биiктiгi елу жол болады. Ал мынау жалпақ алты бағанның әрқайсысы ұсақ әрiптермен терiлген жетпiс жолдан тұратын шiреме етек мақала екен. Аяғына: «А.Кривицкий» деп қол қойылған.
...Көк дәптердiң иесi не жазса да, не туралы толғанса да оның ойы әскери тақырыпқа, өзiнiң офицерлiк мамандығына келiп тiрелiп отырады. Мiне, оның «әскери тәрбиенiң мақсаттары» деген конспектiсi. Мұнда ол «Әскери психологиядағы ұлттық сәттер» деген жайға тереңдей үңiледi. Ол былай деп баяндайды:
«Жауынгердi жау жүрек етiп тәрбиелеуде халықтың өткендегi жауынгершiлiгi де, оның ең мәртебелi ұлттық дәстүрi де маңызды екенiне менiң өз тәжiрибемде көзiм жеттi.
Жас адамды тәрбиелеудiң негiздерi. Үлкендi құрметтеу, борышын бұлжытпай орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тәртiптi бұлжытпай орындау, заңга бағыну - жас адамға қажет iзгiлiк белгiлерi осы. Мұны бiз: Отанын, халқын, семьясын сүю деп те атаймыз. Мұндай инабатты тәрбие алған адам - нағыз жауынгер. Оның қасиетi - адалдық, арлылық, тәртiптiлiк.
...Батырлық - табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшiн өзiңдi-өзiң қауiпке қарсы саналы түрде зорлап көндiрудiң нәтижесi. Мұндай да адам өз достарым тек игiлiктi ғана емес, сонымен бiрге қатердi де бөлiсе отырып, жауды жою арқылы өзiн және отандастарын қауiпсiздендiруге тырысады, өзiнiң азаматтық ары мен намысын ессiздiктен, масқаралықтан корғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерiн ашып көрсете түседi».
БИБЛИОГРАФИЯ
1.Н.С.Ашукин, М.Г.Ашукина, Крылатые слова, Москва,1987
2.М.А.Булатов, Крылатые слова, Москва,1958
3.С.В.Максимов, Крылатые слова, Москва,1954
4.Н.И.Кондаков, Л.А.Кленовская, Крылатые аргументы, Москва,1989
5.А.С.Шофман, Древний мир в лицах и образах, Казань,1991
6.Русские пословицы, поговорки и крылатые выражения, Москва,1988
7.Словарь крылатых латинских слов, Москва,1981
8.Б.Алдамбаев, Халық даналығы,Алматы,1976
9.Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер.Алматы,1977
10.Б.Хасанов, Қанатты сөздер,Алматы,1972
11.Н.Төреқұлов, Нақыл сөздердiң тәрбиелiк мәнi, Алматы,1971
12.Словарь античности, Москва,1990
13.Мифологический словарь, Москва,1990
14.Әйгiлi гректер, Алматы,1977
15.А.А.Брагина, Русское слово в языках мира, Москва,1978
16.Э.А.Вартаньян, Путешествие в слово, Москва,1987
17.М.Горбаневский, В мире имен и названий, Москва,1987
18.И.Можейко, Әлемнiң 7 және 37 кереметi, Алматы,1988
19.Ю.В.Откупщиков, К истокам слова, Москва,1973
20.Е.Г.Ковалевская, История слов, Москва,1968
21.Б.Б.Кудрявцев, Биография великана, Москва,1967
22.Н.М.Шаинский, В мире слов, Москва,1985
23.Книга для чтения по истории, Москва,1987
24.Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945,Москва, 1987
25.Е.Б.Агибалова, Г.М.Донской, Орта ғасырлар тарихы, Алматы,1980.
26.Х.К.Кожахметова, Р.Е.Жайсакова, Ш.Кожахметова «Қазақша-орысша фразеологиялық сөздiк», Алматы, «Мектеп», 1988 жыл
27. В.О.Ключевский, Сочинения в девяти томах Москва, «Мысль», 1990
28. Көңiлашар,(Кұрастырған !.Есхожин), Алматы, Қайнар, 1993
29. І.Кеңесбаев, Фразеологиялық сөздік, «Арыс», Алматы, 2007
30. Саяси түсіндірме сөздік, (Құрастырушылар Е.Саиров, Б.Әбдіғали, Т.Жабелова, Д.Әлібек) «Жүйелі зерттеулер институты», Астана, 2007
31. Л.К.Байрамова, П.Н.Денисов, Фразеологический словарь языка В.И.Ленина, Издательство Казанского университета, 1991
32. Н.Т.Бабичев, Я.М.Боровский, «Словарь латинских крылатых слов» , Издательство «Руский зык», 1980)
33. Энциклопедический словарь крылатых слов и выражений, Автор-составитель В.Серов, 2-ое издание, Москва, Локид-Пресс, 2005 г.
34. М.Кемел, Ақыл қалта, Астана, «Аударма» баспасы, 2007)
35. Ә.Нұршайықов, Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог, «Жазушы» баспасы, 1992 жыл
М А З М Ұ Н Ы
Алғысөз орнына ……………………………..
Қанатты сөздердiң зерттелуi туралы………………
Қанатты сөздердiң тәрбиелiк мәнi .................
Тарихи қанатты сөздердiң тарих сабағында қолданылуы барысы...........................................
Қазақ тарихын оқып үйренуде кездесетiн тарихи қанатты сөздердiң кейбiр хақында ...............................................
Қанатты сөздердiң алфавиттiк жүйе бойынша берiлуi……………………
Латындық қанатты тарихи сөздер .....................
Тарихи афоризмдер……………………………………..
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері ........
В.О.Ключевскийдiң ой қазынасынан………………….
Жеке ойлар……………………………..
Тарихи көңiлашар……………………………………….
Тарихи романдардан үзіндiлер………………………………
Библиография………………………….