Зіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлға аралық қатынастар диагностикасы.

Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.Бүкіл психикалық әрекеттердің бір-біріне ықпалды әсерінің дамуы адамның қоршаған дүниені іштей бейнелеуін қамтамасыз етіп, оның дерексіз моделін түзеді.

А.Т. Спиркиннің пікірінше, адамның өзіндік сана- сезімі, адам қалыптасқан кезден басталады. Және ертедегі дәуірден кейінгі даму кезеңдеріне байланысты. Бұл көзқарасты қабылдассақта, өзіндік сана- сезімнің айырмасы ретінде әлеуметтік- психологиялық міңез- құлық сана- сезімнің дамуына әсер етеді.

Өзіндік сана-сезімнің құрылымынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

а) Өзінің «менің» жақын және алшақ мотивтері мен мақсаттарын саналы түрде түсіну;

ә) өзіні реалды және қалайтын сапаларын саналы түрде түсіну («Реалды Мен» және «Идеалды Мен»);

б) өзі туралы таңымдық және когнитивті көзқарастары ( «Мен бақылаушы объект ретінде»);

в) өзіне деген сезімталдық, эмоциональды көзқарастары.

Адамның өзіне қызығушылығы «Мен» - ұғымы арқала анықталады. Психологтардың көзқарасынша, адамның «Мені» бұл өте жоғары және интегралды мағлұмат, динамикалық жүйелі психикалық процесстер арқылы сезінеді. Мен және өзіндік сана- сезім бұл бір тұтас дүние.Жеке адамның психологиялық , міңез- құлық, дүниелік көзқарасының негізі.Адамның «Нағыз менің» қарастырсақ, белгілі бір мақсатқа ойластырылған, басқа біреуі өз менін даралық ретінде қалдырса, онда арнайы мәнін жоғалтады. Адамның мәні бұл өмірдегі жағдайларға байланысты өзгереді. Өзіндік сана-сезімнің дамуына адамзатқа жалпы инвариантты негіздер бар. Біздің барлық саналы өміріміз тізбектелген жіпке ұқсас, біздің өз «Меңіміз» біртұтас жеке адамдық тұрақты түрдегі орнымыз бар.Ол тарихи өмірден маңызды ортадан келе жатқан өзін-өзі бақылау мен міңез-құлқын басқару. Күрделі жүйесі, оның қоғаммен және басқа адамдармен қарым- қатынасы.

Өзіндік сана- сезім өмірде бар екенін сезіну, өзінің қоғамдағы орнын анықтау,өзінің мүмкіндіктері мен бастан, өткізгендерін сезіну. Өзіндік сана- сезім психологиялық әрекетте жеке адамның өмірінде оның қозғалысының ситуативті бірлігі мен байланысы өзінің «Мені» арқылы түсінеді. Субъект ретінде басқа субъектіден өзінің айырмашылығын анықтайды. Өзіндік сана- сезімді психологияда процесстер арқылы өте кең мағынада нәтижелі түрде қарастырады.Біріншіден, өзіндік сана- сезім тану динамикалық бірлік, ол әрдайым қозғалыста болады. Екіншіден, өзіндік сана-сезімді психиканы әдетте, оны процесс ретінде түсіну үшін нақты әрекетте өзіңді тану нәтижесі, өзіндік қарым- қатынас және өзін- өзі басқару деңгейі, құбылыстардың себебін білу. Үшіншіден, мұндай өзіндік сана- сезім ішкі динамикалық процесс , оның ішкі қатынасының айырмашылығы, оның детерминантты жүріс –тұрысына әсер етеді. Төртіншіден, өзіндік сан-сезімді құбылыс ретінде, психикалық жағынан мүмкіндігін қарастырады.

Психологияда алғашында рефлексия ұғымы психикалық процесстердің өмір сүруін түсіндіретін принцип ретінде қарастырылады. Ал, қазіргі кезеңде рефлексия зерттеудің бір тәуелсіз пәні болып отыр (С.Қ.Бердібаева) .

Қазіргі шет елдік зертеулерде «рефлексия» ұғымы сирек қолданылады. Әрине, бұл рефлексия жайлы зертеулердің жоқ дегенін білдірмейді. Рефлексивті процесстер көбінесе басқа басқа бір терминдермен суреттеледі, мәселен, «recursive thinking» ( рекурсивті ойлау)(Д.Вейс) суреттеледі, «self – referent thought» (өзің туралы ойлану) (А.Бандура). Тағы бір бағыттардағы жұмыстарда рефлексия ұғымы адамның «мен» феномені мәселесі төңірегінде қарастырылады, мұнда рефлексия негізінен «өзіңді тану» «self - awarentss»

(С. Дьювел. Р.Виклунд), өзіңді тексеру (self – control) (Д.Миченбаум), өзіңе зейін қою (self- attention) (А. Фенингстейн) деген мағына беріледі. Рефлексияны нақты экспериментальды зерттеулер әлеуметтік психологияда (У.Джеймс), адамның әлеуметтік мен ұғымында көп зерттелді.

Қабылдау заңдылықтары дегеніміз-әрбір адамның қабылдау кезінде жекелеген ерекшелігін айтады. Яғни адам заттар мен құбылыстарды өз мағынада қабылдайды немесе қатар жібереді. Қабылдаудың заңдылықтары: қабылдаудың тұтастығы константтылығы немесе тұрақтылығы деп аталады. Таңдамалығы, структуралығы, иллюзиялығы, галлюцинация.

Қабылдаудың тұтастығы: кейде қабылдайтын затқа тұтастық мағына болмаса да оны есте қалдыруды жеңілдету үшін тұтастай бір затқа ұқсатып қабылдау. Мысалы: кеңістіктегі 3 нүктені (:.) біз 3 нүкте емес, 3 бұрыш деп қабылдаймыз. Тұтастай қабылдау адамның есте сақтауын жеңеді. Кейде өзімізге таныс, бұрынғы нәтижесінде кездесетін кейбір обьектілердің жеке болатын қабылдау, біз оған тұтастық мағына беріп, мазмұнын тұтастай есте қалдырамыз.

Қабылдаудың константтылығы дегеніміз- заттың көрінісі уақытша өзгерген кезде, оны өзгерген қалпында қабылдамай, бұрынғы өзінің қалпында қабылдауды ойлаймыз. Адамның көз құрылысы жағынан оптикалық приборға ұқсатады. Көз жанарының 2 жағы дөңес линза болып келеді. Көру түйсігіне сырттан әсер еткен бейне көзге түскенде, линзаның ролін, көздің торлы қабықшалары атқарады. Егер қабықшықтарын зат көз алдымыздан алыстаса, көз торындағы бейне кішірейеді. Мысалы: көшенің бас жағынан тұрып қарасақ, көшенің аяғына дейін, бағаналар кішірейе береді. Аспанда ұшып бара жатып, самалеттен қарасақ транспорт та үйлерде кішкентай болады. Бірақ та зат бейнелерін өзгертпелі, қабылдауда тұрақты болады. Мысалы: ақ қағазға әр түрлі жарық түсірген түсі өзгеріп тұрады. Тек көру анализаторы өзгерген күнде көрінеді.

Қабылдаудың таңдамалығы дегеніміз- толып жатқан обьектілер ішінен адам өзіні зейіні ауғанын ғана айтамыз. Мұндай жағдайда адам обьектінің өзінің көңіл аударған ерекше белгілерін қызықтыратынын, керек жақтарын ғана қабылдайды.

Қабылдаудың структуралығы дегеніміз- кейбір ұқсас заттарды біріктіріп, бір қалыпқа келіп, қабылдау немесе ұқсас заттарды бір ғана атау бойынша атап біріктіріп атауды айтамыз. Мысалы: ағаш, бірақ ұғымды қабылдаймыз, адам бір ақ ұғым.

Қабылдаудың иллюзиялығы дегеніміз- әр түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді бұрмалап, теріс қабылдауды айтамыз. Иллюзиялық қабылдау 3 түрлі себептерге байланысты.

1. Адам зейінің оңға, солға теріс бағыттауына байланысты. Қателіктер кетеді. Мұндай жағдайда адам кеңістікте орналасу жағынан білмегендіктен қателесуі мүмкін

2. Ойлау негізінде қателер жіберуі мүмкін

3. Адамның көңіл-күй сезінуіне байланысты қателесуі мүмкін

Галлюцинациялық қабылдау дегеніміз- адамның нерв системасының қажуына, шаршар-шалдығуға байланысты қате қабылдауды айтады. Мысалы: адам ұзақ жол жүріп келгеннен кейін нерв жүйесінің шаршап қажуына байланысты даусы ұзақ уақыт, құл-нан кетпейді немесе поезд әлі жүріп келе жатқан сияқты сезінеді.

Апперцепциялық қабылдау дегеніміз- әрбір адам жасына, өмір тәжірбиесіне, біліміне, қызығушылығына, мұқтаждығына, ой-өрісімен сезім көрінісіне байланысты өзінше өзгеріп, отыратынын айтамыз. Қабылдаудың бұл заңдылығының ерекшелігі әрәж қабылдау үстінде әркімнің жеке бас ерекшелігіне байланысты. Яғни тілегі, мүддесі, еріксезімі, мақсаты қабылдау деп аталатын затқа өзінің қажеттілігін білдіреді. Бір заттың өзін әр түрлі мамандық иелері әртүрлі қабылдайды. Мысалы: даладан теріп әкелген 1шоқ гүлді, көрген кезде суретшілер оның түр-түсіне, бояну ерекшелігіне көңіл аударады. Оның түсін қандай обяумен болады әдемі болып көреді деп ойлайды, ал биологтар болса, осы гүлді қандай өсімдіктер класына жатады, қандай гүлмен тұқымдасқан, аталығының, аналықтары қанша сол жағынан көңіл аударады, ал агрономдар болса, осы гүлдің қандай жем-шөптік қасиеті бар деп қарайды.

Кеңістікті қабылдау- қоршаған дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар белгілі бір кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Айырмашылығы матриалдық дүниенің барлығы кеңістікте болады. Оның осы кеңістіктен алатын орны болады, белгілі бір мөлшерде көлемі, формасы болады. Осы заттар бізден немесе бір заттан белгілі бір мөлшерде қашықтықта азды-көпті жақтарынан орын алады. Заттардың осы кеңістік қасиетінің адамның санасында бейнеленуін кеңістікті қабылдау дегеніміз. Кеңістіті қабылдау өзі заттың көлемін, формасын, аумағын, түр-түсін, қашықтықтан қабылдаудан тұрады. Кеңістікті қабылдауға әсіресе қашықтықта қабылдайтын кезде, иіс түйсігі мен есту түйсігі рольі ерекше. Мысалы: адам иіс түйсігі арқылы жақын арада асхананың, дәріхананың немесе наубайхана бар екенін қабылдайды. Сол сияқты артыңда жүріп келе жатқан машинаның немесе адамның қаншалықты қашықтықта екенін ажыратуға болады, кейде заттың кеңістік қасиетін қабылдайтын кезде, жолдан көруге де болады. Мысалы:ұзындығы бірдей екі түзу сызық, кеңістікте әртүрлі орналасуына байланысты, қате қабылдауы мүмкін, яғни көлденең сызыққа қарағанда тік сызық ұзын болып көрінеді. Соның негізінді артық бағалау иллюзиясы болады.

Мінез деп- әр адамның өзіне, басқа адамға, қоршаған ортаға, қарым-қатынасын және беретін бағасын айтады.

Мінез (характер) деген сөз-гректің сөзі-яғни белгі, ерекшелік, бейне деген сөз. Адамдардың қоршаған ортаға, қарым-қатынасы әр түрлі болады басқа адамға коллективке, еңбекке міне осындай ерекшеліктерге байланысты. Адамдар бір-бірінен белгілі бір ай-та болады. Бұл қарым-қатынастар адамның мінез құлқында түрлі әрекеттерінде көрініс береді. Мысалы: ежелгі грек оқымыстылары әр адамға мінез көрінісінің әр түрлілігі анықтай бастаған.

Мінез жеке бастың кейбір сапалық көріністерімен байланысты, әсіресе темпераментпен, қабілетпен, темперамент- мінез-құлық көрінуіне әсер етеді. Мысалы: халериктің қуаттылығы, қайнаған іс-әрекетке байланысты, ал флегматикте бояу сабырлы іс-әрекет, жоғары болуы адамдарда мынадай мінез-құлықтың сапасының қалыптасуына негіз болады.

1. Колликтившілдік

2. Өзіне қатаң талап қоя білу

3. Өзінің жеке ісіне сын көзбен қарау

4. Қиыншылықты жеңе білуге

Мінез туа пайда болмайды, мінез қоршаған орта әсерінен өзінің өмір тәжірибиесінен дамып, қалыптасып отырады.

Адам қоршаған ортаның заттар мен құбылыстын көргенде, яғни қабылдағанда немқұрайлы қарамайды. Бір оқиға, әрекет болмаса, заттардың бәрі адамды қуантса, енді біреуі оған ұнамайды. Ал екінші біреуі оның көңілінен шықпауы, ал 3-ші біреуі айтады жек көру немесе керісінше адам одан қорқыуы, сескенуі мүмкін. Өзінің кейбір әрекетіне ұялуы мүмкін.

Қанағаттану, қайғыру, қорқу-бұл адамның түрлі обьектіге өзінің қатынасын білдіреді. Көңіл-күйінің қалпы сонда сезім деп- қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға өзінің танып білген, істеген іс-әрекетінен адам қатынасының әсерлерін айтады. Сезім деп-әсер етезші сигналдардың адамға ұнауы не ұнамауы. Сезім барлық, психикалық процестермен байланысты. Мысалы: түйсік арқылы зат мен құбылыстардың сапаларын қасиеттерін танып білеміз. Ал сезім болса ішкі көңіл күйі, сол заттарда өзінің қатынасын білдіреді.

Сезімді тудыратын түйсік болғанымен, сезім түрлі әсерлерге байланысты өзгертіп отырады.

Көңіл күйіне байланысты адам бір, затты әр түрлі қабылдайды. Сол сияқты сезім, эмоция, ес процесінен де тығыз байланыста. Егер есімізде жақсы сақталса өткенді еске алудың өзі айтады, қандай да болсын бір сезімді тудырады.

Қоғамдық-әлеуметтік ортаның дамуы адамның сезімін дамытып күрделендіріп отырады. Осыған байланысты адамның сезімдерде әлеуметтік сипаттама болады. Белгілі бір уақиғаларды әр кезінде өмір сүрген адамдар өзінше бір көзқараспен қабылдап бағалайды.

Сезім мен эмоцияның бір-бірінен өзіндік айырмашылығы бар.

Сезім мысалы: барынша, Отанды сүю-патриот сезім. Бұлар біршама күрделі, адам көзқарасының тұрақтылығы жеке бастың сапасы. Ал эмоция біршама жеңіл түрде болатын, дер кезінде көріністін толқулар, толғаныстар. Сезім, эмоциялар адамның сырт пішінінен жақсы көрінеді. Сезімнің сырттай көрінуіне байланысты екінші басқа біреуге тез көшеді.

Жануарларда эмоция бар: бірақ қарапайым түрде. Олардың эмоциясы дыбыс, қимыл-қозғалыс арқылы беріледі.

Ұзаққа созылмайтын немесе қысқа әсерлерді психикалық немесе эмоциялық жағдайлар деп атайды.

1. Эмоциялық жағдайлар: көңіл-күй, аффект, стресс, құмарлық.

2. Көңіл-күй деп- біршама бәсең бірақ ұзаққа созылатын және көтеріңкі не басыңқы эмоциялық жағдайлар. Мысалы: ҰОС кезіндегі совет халқының кқңіл-күйі. Көңіл-күйлер өзі кейде бір септаға, бір күнге айға, тіпті кейде адамның бүкіл өмір бойына созылады.

3. аффект- өте тез қуатты әрі қарқынды өтеді. Мысалы: аффекті ашу-ыза салдарынан өзінің әрекетін білмей алмай қалу жағдайлары кездеседі.Мысалы: Ұлы суретші Депиннің, Иван Грозный және оның ұлы Иван деген суретінде аффектігін жағдайды анық көруге болады. Бұл мидың күшті қозуына байланысты. Соның нәтижесінде тежелу процесі бәсеңдеп, ми қыртысының және төменгі бөлігінің аралық қажетті іс-әрекет тепе-теңдігі бұзылады. Аффект деген сөздің мазмұны жан толғанысын қазу деген мағынаны білдіреді. Кей жағдайларда қатты қуанудың нәтижесінде өмірде, ғылым саласында көптеген жаңалықтардың ашылуына өзіндік ықпалы болады. Мысалы: тимирязев фотосинтез құбылыстарын ойлап тапқанда өзінің лабораториясында приборлар мен препараттардың арасында қуаныштан билеп кеткен.

4. стресс (ағылшын сөзі)- адамның нервсіне қатты (салмақ түсу) эмоционалды стресті өте қиын жағдайда және ішкі терең толғаныстан туындайды. Яғни бір нәрсеге алаңдап қорқыныш кезінде және өте ауыр дене, ақыл-ой үстінде немесе тез әрі жауапты келісімге келу кезінде байқалады. Мұндай жағдайлар адамның әр түрлі іс-әрекетінде кездеседі. Стрестік жағдай мысалы: егер оқушы сабаққа дайынсыз келген кезінде мұғалімнің бақылауды орындау барысында байқалады. Кейде стрестік жағдай оқушылардың өзінде де байқалады. Стресс физиологиялық өзгерістермен мінез-құлықтың өзгеруіне себепші болады. өте күшті стресс жоғарыда адамның мінез-құлқы өзгереді дедік. Адамның өзінің қимыл әрекетін игере алмады, сөзінің байланысыз шығуы, өз-өзінен абыржуы, қабынуы зейіннің бір обьектіден, 2-ші обьектіге тез ауыстыра алмауынан көрінеді. Стресс жағдайында адамның қабылдауында, ес, ойлау процесінде қателіктер орын алады.

5. құмарлық- бұл ұзақ тұрақты әрі терең сезім. Көп жағдайда бұл жеке басьың ретінде көрініс табады. Құмарлық адамның қызығушылығынан бір іс-әрекетіне ерекше талпынысынан дамиды. Құмарлықтың жағымды, әрі жағымсыз түрі бар. әр адамда кездеседі.

6. жоғары сезім түрлері

Моралдық сезімдер- жеке адамның өзінің мінез-құлқына деген сүйіспеншілік қасиетті сезім, достық сезім-асқақ моральды деп аталады. Моральдық сезімдер адамгершілік ережелеріне бағынады. Моралды сезімге ұнату мен ұнатпау, құрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рахымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады. Моралдық сезім ерекшелігі:

1. Әлеумет сипаты мен мәнінде. Олардың көріністерінің күрделілігі мен сан қырлылығы.

2. Интелектуалды сезімдер деп- ақыл-ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді айтады. Бұған әуестену, білім құмарлық, таңырқау, күдіктену жатады.

3. Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдау және қолдан жасаңқы барысында туады. Яғни адам сұлулықты қабылдай, тамашалай отырып эстетикалық әсемдік сезіммен бастап кешіреді.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. А.Анастизи. Психологическое тестирование. М. 1982

2. Альманах психологических тестов М.,1996

3. Абрамова Г.С. Практическая психология. – Екатеренбург, 1998

4. Коломинский Я.Я. Человек: психология. – М., 1986

5. Кан-Калик В.А. Грамматика общения М.,1995

6. Карманова Ж.А.Курс лекций по дисциплине «Психология младшего школьника»: спец.050103 «Педагогика и психология» / Ж.А. Карманова; Карагандинский гос.ун-т. -Караганда, 2006.

7. Кузнецова С.Развитие одаренности младших школьников: электронный учеб./ С. Кузнецова. -Караганда: Инновационно-технолог. центр, 2007

СӨЖ тапсырмасы: «Жан-ұя» әдістемесін жүргізіңіз.

Наши рекомендации