Дәріс, тәжірибелік сабақ, СОӨЖ, СӨЖ тақырыптық жоспары

С и л л а б у с

Пән – Медициналық психология

Мамандық 051101 – «Мейірбике ісі»

Жалпы және клиникалық психология, психотерапия және коммуникатитік дағдылар

Курс – екінші семестр – үшінші

Тәжірибелік (семинар) сабақ 15 с.

Жалпы аудиториялық сағ. 45 (1 кредит)

Оқытушының жетекшілігімен

жүретін студенттің өзіндік жұмысы 15 с.

Студенттердің адиториядан тыс

өзіндік жұмысы 15 с.

Бақылау формасы: емтихан

Алматы 2008

Силлабусты оқу бағдарламасына сәйкес курс меңгерушісі м.ғ.д., профессор Асимов М.А., оқу ісінің меңгерушісі , аға оқыт. Қожамжарова К.О. құрастырды.

Курс мәжілісінде қаралды және бекітілді «____» _____________2008ж., хаттама №_____

Курс меңгерушісі Асимов М. А.

1.Жалпы мәлімет:

ЖОО аталуы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті

Курс:жалпы және клиникалық психология, психотерапия және коммуникатитік дағдылар

Пән, пәннің коды: Медициналық психология негіздері

Мамандық: «Мейірбике ісі» - 051101

Оқу сағатының көлемі (кредит): 45 (1 кредит)

Оқу курсы және оқу семестрі– екінші, семестр – үшінші

Оқытушылар туралы мәлімет.

Аты -жөні қызметі деңгейі
Асимов Марат Абубакриевич профессор м.ғ.д.
Сатыбалдина Майра Бирляновна аға оқытушы  
Қожамжарова Күләш Өмірзақовна аға оқытушы  
Марданова Шолпан Сапаровна аға оқытушы  
Ерназарова Салтанат Төлентаевна аға оқытушы  
Шайхина Еркетай Тлектесовна оқытушы  
Алибаева Рауан Нургалиевна    
Кудиярова Галия Махметовна профессор м.ғ.д.
Дощанов Даурен Хизатович   оқытушы  
Куржангулова Асем Максеновна   оқытушы  
Жаканова Тоты Аманкасовна оқытушы  

Байланыс информациясы:

Мекен – жайы: Бөгенбай Батыр көшесі 151, ауд. 225

Тел. 2 92 69 86 ішкі 193.

Оқу пәнінің саясаты.

Студенттерге қойылатын жалпы талаптар:

1. Студент сабақ кестесі бойынша сабаққа келуі керек.

2. Студент күнделікті, аралық және қорытынды бақылаудың тапсырмаларын орындауы керек.

3. Пәнді оқудың соңында студент емтихан тапсыруы керек.

4. Студент таза, ақ халат киюі міндетті.

5. Студент ұялы телефонын сабақ үстінде өшіріп қоюы шарт.

Студенттерге салынатын айып:

- Сабақты үш немесе одан көп босатса, сонымен қатар СӨЖ – дің барлық көлемін орындамаса емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Бағдарлама.

Кіріспе.

Медициналық психология –медициналық қызметкер мен қатынастың әр кезеңінде пайда болатын психологиялық мәселелерді шешетін медициналық білімнің дербес бір саласы. Медициналық психологияның пәні науқас психикасының алуан түрлі ерекшеліктері және оның денсаулық пен ауруға әсері; сонымен қатар психологиялық әсер етудің тиімді жүйесімен қамтамасыз ету.

Медициналық психология науқаспен қарым – қатынастың тиімді болуы, тез және толық емделіп шығуына ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар аурудың алдын алуға, денсаулық сақтауға, үйлесімді, жан – жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына да әсер етеді.

Медициналық психологияның негізгі мәселесі «медициналық қызметкер - науқас» қатынасы, осы қатынастың қалыптасуы механизмін,варианттарын, модельдерін зерттеу.

Медициналық психология студенттер бірнеше курста оқыған « Психология негіздері» пәнімен тығыз байланысты, сонымен қатар клиникалық білім берудің пропедевтикалық курсы ретінде клиникалық пәндермен тығыз байланыста болады.

Пән мақсаты – ауру жағдайындағы тұлға психологиясының негізгі заңдылықтарын білу, студенттерде психологиялық, психогигиеналық (психопрофилактикалық) бағыттардағы бағалау іскерліктерін қалыптастыру.

Оқу міндеттері:

- әр түрлі аурулардың жалпы психикалық көрінісімен таныстыру;

- психосоматикалық және саматопсихикалық өзара әсерлерді саматогендік, ятрогендік ауытқуларды ажырата білуге үйрету;

- психодиогностикалық әдістерімен таныстыру;

- психогигиеналық (психопрофилактикалық) баға беру іскерлігін қалыптастыру;

- студенттерде соматикалық аурулар мен психотерапия кезінде пайда болатын психологиялық қорғаныс механизімдері туралы білімдер қалыптастыру.

Оқудың соңғы нәтижесі:

Студент білу керек:

- әртүрлі аурулардың көрініс беруінің негізгі заңдылықтарын;

- психосоматика, психогения, саматогения туралы жалпы ұғымдарды;

- психодиагностика әдістерін;

- психогигиена мен психопрофилкатиканың негізгі түрлері мен қағидаларын;

-соматикалық аурулар кезіндегі негізгі психологиялық қорғаныс механизімдерін;

- психотерапияның негізгі қағидалары мен әдістерін;

Меңгеру керек:

- психогигиеналық (психопрофилактикалық) шараларды ұйымдастыра алуы;

- науқаста ауруға деген дұрыс көз қарас қалыптастыра білу;

- аурудың ішкі көрінісін талдай білу және ятрогендік аурулардың алдын – алу;

Дағдыларды игеру керек:

- науқасқа психогигиеналық (психопрофилактикалық) көзқарысты қалыптастыра білу;

-тұлға психологиясы, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік тану білімдерін қолдану.

- психотерапиялық орта ұйымдаста білу;

Пәннің пререквизиттері:психология негіздері, мейірбике ісінің негіздері.

Пәннің постреквизиттері:медициналық биоэтика, профильдік пәндер.

Дәріс, тәжірибелік сабақ, СОӨЖ, СӨЖ тақырыптық жоспары

Апта № Реттік № Тарау № Тақырыбы Өткізу формасы және уақыты (сағат) Балл
тәж СОӨЖ СӨЖ
Медициналық психология пәні; міндеттері. Медициналық психологияның басқа пәндермен байланысы.    
    Медициналық қызметкердің жеке тұлғасы және қарым – қатынастың әр кезеңінде науқаспен қатынасы.    
  Медициналық психологияның қалыптасуы.  
  Негізгі психодиагностикалық әдістемелер және психикалықіс - әрекеттің әртүрлі ауытқуларында олард.      
  Әртүрлі аурулардың психикалық көріністері және негізгі заңдылықтары.    
Әртүрлі аурулардың клиникасындағы патопсихологиялық синдромдар және олардың ерекшеліктері.    
    Психосоматикалық қалыптар туралы түсінік. Психосоматоздар.    
    Психогения, саматогения.    
  «Преморбидтік қалпы» , «патос - нозос» ; «адаптация -дезадаптация»,«компенсация- декоменсация»туралы түсінік.     *
Психодиагностика, психогигиена, психопрофилактика.      
  Негізгі психодиагностикалық әдістемелердің жіктемесі және оларды медицинада қолдану.        
    Негізгі психодиагностикалық әдістемелер.  
    Тұлғаны зерттеудің проективтік әдістемелері және оларды қолдану.  
    Аяғы ауыр және жас босанған әйелдердің психодиагностикасы.      
    Мүмкіншілігі шектеулі адамдарды психодиагностикалау ерекшеліктері.      
    Жалпы және жұқпалы аурулар кезіндегі тұлғалық психодиагностика.      
    Денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын алудағы психиканың рөлі.    
    Медицинадағы психологиялық қиын жағдайлар және олардың алдын алу.    
    Эвтаназияға қазіргі замандағы көзқарас.     *
  Әртүрлі соматикалық аурулар кезіндегі ішкі көрінісі және оның құрылымы мен деңгейлері.  
    Ауруға реакцияның типтері, оған әсер ететін факторлар.    
  Науқас пен медициналық қызметкердің тиімді қарым – қатынасына әсер ететін жағдайлар.    
  Госпитализм туралы түсінік . Оның алдын алу.    
    Аралық бақылау.      
Психотерапия негіздері.    
    Соматикалық және жүйке – психикалық ауруларды кешенді емдеудің психотерапияның рөлі мен орны.    
    Соматикалық аурулар кезіндегі психологиялық қорғаныс механизімдері.    
Эмоционалдық сөну синдромы мен созылмалы шаршау синдромы кезіндегі психотерапия.    
    Хирургиялық көмек кезіндегі науқас психикасының ерекшеліктері.    
    Медицинадағы менеджер іс - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері.      
Клиникадағы психогигиеналық шараларды бағалау.      
  Негізгі психотерапиялық әдістер және оларды қолдану.  
Медициналық қызметкердің балалармен, қарт адамдармен әрекеттесу ерекшеліктері.      
    Медициналық қызметкерлердің қиын жағдайларда науқаспен, оның туыстарымен қарым – қатынасқа түсу біліктілігі.    
Еңбек, әскери, сот экспертизасынан өту кезіндегі науқас психикасының ерекшеліктері.    
Психологиялық қорғаныс. Тұлғалық ерекшеліктерге байланысты психологиялық тәуелділік механизімдері.
    Тұлғааралық шекісулер медициналық іс - әрекеттің нәтижесі ретінде. Олардың пайда болу себептері және алдын – алу.  
Ятрогендік ауытқулар, ятропатиялар медициналық іс - әрекеттің жағымсыз салдары ретінде.    
    Ятрогендік аурулары бар науқастармен жұмыс істеу ерекшеліктері.      
    Аралық бақылау.      
      Қорытынды сағат саны.  
      Барлық сағат. 45 сағат  
      Ең жоғарғы балл.  

Ескерту:

Максималды балл

Тәжірибелік сабақ 30 балл (1 тәжр. саб.х 2 балл, 2х15=30 балл)

СМӨЖ – 15 балл (1 СМӨЖ – 1 балл, барлығы 15 х 1 балл -15 балл)

СӨЖ - 7 балл (1 СӨЖ -3,5 балл, студент әртүрлі 2 СӨЖ ден кем орындамауы керек, барлығы 2 х3, 5 =7 балл)

Аралық бақылау – 8 балл (1 аралық бақылау – 4 алл, барлығы 2 аралық бақылау 2 х 4=8)

Ұсынылатын әдебиетттер:

Орыс тілінде:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Илешева Р. Медициналық психология. Алматы, 1994, Санат.

Орыс тілінде:

Наши рекомендации