Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.
Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.
Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.
Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.
«Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.
«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.
Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі.
Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».
Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.
Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.
Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.
Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!»пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып, біріншілердің сызығына шығады.
Скери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және
Бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.
Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
2. Саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
3. Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
4. Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
5. Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
6. Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
7. Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
8. Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?
9. Бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
10 .Бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?
11. Бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
12. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?
5-лекция. Тақырыбы: Қарумен саптық қозғалыс.
Лекция жоспары:
1. Қарумен саптық тұрыс. «Бауды босат (тарт!)», «автоматты – кеудеге!», «Қаруды- арқаға!», «Қарубауға!», «Қаруды түзет!».
2. Бір орнында қарумен тәсілдер орындау. Қарумен бұрылыстар және қозғалыстар
жасау.
Бөлімшені жазылма және жорықтық сапқа тұрғызу. Бөлімшені жазылма сапты және жорықтық сапқа және керісінше,бір лектен екі лек бойынша және керісінше қайта сапқа тұрғызу.
Лекция мақсаты:Студенттерге қарумен саптық тұрысты қабылдауға, бір орнында қарумен тәсілдер орындауға, қарумен бұрылыстар және қозғалыстар жасауға үйрету.
Лекция мәтіні: «Бауды босат (тарт)!», «Автоматты кеудеге!», «Белдікке!» пәрмендерін орындау.
Қарумен саптық тұрыста қаруды аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жиналмалы дүмді автоматты аузын төмен қаратып «белдікке» күйінде ұстау керек.
Қол пулеметті аяққа еркін түсірілген оң қолмен дүмін оң аяқтың өкшесіне жанай тигізіп, жерге ту сыртымен қойып ұстау керек.
Автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне«Автоматты кеудеге!» пәрмені бойынша үш тәсілмен атқарылады:
бірінші тәсіл – белдік бойынша біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оның сағағынан және ұңғы кертігінен сол қолмен іліп, өзінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде тік ұстау керек;
екінші тәсіл – белдікті оң қолмен оңға қарай жіберіп тастау керек және оны алақанмен саусақтар жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын баудың астына кигізу керек;
үшінші тәсіл – белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек; автоматты дүмінің мойнынан ұстап, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Жиналмалы дүмді автомат «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол пәрмен бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оны өзінің алдына оқжатарын төмен, ауыз жағын солға қаратып ұстау керек.
Екінші тәсіл - белдікті бастан асыра оң қолмен сол иыққа лақтырып, онымен автоматты баудағы ұңғы қорабынан ұстап алу керек сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Қажет болған жағдайда белдікті босату (тарту) үшін: «Белдікті– босат (тарт)!» пәрмені беріледі.
«Белдікке!» пәрмені бойынша автоматтарды және және қол гранататқыштарды қолға, карабиндерді және пулеметтерді аяққа ұстау керек, ол үшін автоматты оң қолмен бау бойымен біршама жоғары ұстап, оны сол қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алып иықтан түсіру керек, өзінің алдына оқжатарын төмен қаратып, иектің деңгейінде ұстап тұру керек. Автоматты сол қолмен ұстай тұрып, оң қолмен ілмегін босатып, дүмін ашып тастау керек. Автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алу керек. «Босат (тарт)!» пәрмені бойынша оңға қарай жарты айналым жасап, бір мезгілде сол аяқты алға еңкейтіп, солға қарай бір адым қою керек, қаруды дүмімен сол аяқтың өкшесіне тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың бүгілмесіне қою керек; аяқтың тізелері бүгілмеу керек; оң қолмен белдіктің айлбасынан ұстай тұрып, сол қолмен бауды тарту (босату) керек және өздігінен саптық тұрысты қабылдау керек.
«Қаруды арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!»пәрмендерін орындау.
«Арқаға!», «Белдікке!», «Кеудеге!»пәрмендерін бермес бұрын:«Тежегішке – қой!»пәрмені бойынша қару тежегішке қойылады.
Егер сүңгі – пышақты алып тастау немесе оны салу қажет болса, онда «Сүңгі-пышақты – ал!» («Сүңгіні – қайырып таста)!» «Сүңгі-пышақты (Сүңгіні) – сал!»пәрмендері беріледі.
Қару «белдікке» күйінен «арқаға» күйіне: «Қаруды – арқа-ға!»пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – бауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмнен алу керек (дүмі жиналатын автоматты және гранататқышты ұңғысынан төменгі антабкасынан);
екінші тәсіл – оң қолмен қаруды көтеру керек, ал сол қолмен бауды бастан асыра сол иыққа лақтырып тастау керек; қаруды және қолды жылдам түсіру керек.
Автомат «арқаға» күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин қайырылып тасталған сүңгісіз алынады.
Қару «арқаға» күйінен «бауға» күйіне «Қаруды белдікке!» пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады: