Бақылаудың категориялары мен бірліктері

Бақыланатын объектіні саналы түрде сипаттау үшін бақылау барысында арнайы бөліп шығарылған категориялар мен бірліктер болады. Яғни, субъект белсенділігінің құрамына жасанды бірліктерді бөліп шығару арқылы жүргіземіз. Мұндай бірліктерді бөліп шығару 1-ден бақылау процессінің белгілі-бір рамкамен шектелуін, 2-ден зерттелінетін құбылысты, сондай-ақ мәліметтерді тікеу тәсілін таңдап алуды, 3-ден теориялық негіздің эмпирикалық мәліметттерді алу процессіне енуін жүйелеу мен қадағалауды қамтамасыз етеді.

Ал категориялар зерттелушінің белгілі-бір теориялық көзқарасы жүйесіндегі өзіндік мәнге ие болған бағалау бірліктері.

Бақылау мәліметтерін алуда сапалық және сипаттаулар, бағалаулар қолданылады. Сапалық түрде бағалаудың 2 типі бар:

1) Тұрмыстық тілде сипаттау. Шартты атаулар мен белгілер;

2) Жасанды белгілер мен кодтарды қолдана отырып сипаттау.

Ал, сандық сипаттаудың 2 тәсілі бар:

1) Баллдық бағалаулар түрінде қолданылатын психологиялық шкалалау;

2) Уақытты өлшеу немесе хронометраж (белгілі бір уақыт аралығында бірліктердің кездесу жиілігін есептеу).

Тұтас бақыланатын процестен тіркеу үшін белгілі-бір уақыт аралығы алынады. Бұл кезең барлық кезеңді репрезентациялай алуы керек.

Бақылау жүргізу процедурасы:

  1. Дайындық кезеңі. Мұнда бақылау объектісі туралы бастапқы түсінік алу, бақылау түрін таңдау, бақылау мақсатын, міндеттерін және жағдай мен бақыланушыны анықтау;
  2. Бақылау сызбасын, нақты жоспарын және бақылау техникасын қалыптастыру;
  3. Бақылау жүргізудің кезеңі. Эмпирикалық мәліметтерді алу процесі, яғни осы кезеңнің нәтижесі ретінде;
  4. Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау.

Дәріс. Тақырып. Бейлз әдістемесі бойынша бақылау

(Практикалық сабақ)

Бейлз әлеуметтік психологиялық шағын топтардағы пікір-талас (дискуссия) процесін бақылауда қолданылатын мына категориялардың жүйесін ұсынды:

А:

1-категория. Ынтымақтастықты көрсету басқа адамның статусын көтеруге тырысу.

2-категория. Шиеленісті басуға тырысады, әзіл-қалжың айтады.

3-категория. Позитивті мақұлдау көрсетеді, басқалармен келіседі.

В:

4-категория. Басқалардың автономиясы. Кеңес, бағыт береді.

5-категория. Ақпарат, бағдар береді, мәліметтерді нақтылайды.

6-категория. Пікір қосады, басқа пікірлерді бағалайды, талдайды.

С:

7-категория. Бағдар, ақпарат сұрайды, нақтылауды қажет етеді.

8-категория. Пікір, бағалау сұрайды.

9-категория. Кеңес, бағдар, әрекеттің мүмкін шешімдерін қажет етеді, сұрайды.

Д:

10-категория. Пассивті қарсылық көрсетеді (формальдылық), көмектесуден бас тартады, формальдылықты ұстанады.

11-категория. Негативті шиеленісушілікті қалыптастырады, қарсылық-келіспеушілік көрсетеді.

12-категория. Өзін-өзі қорғауға тырысады, басқалардың статусын төмендетуге тырысады.

A– категориялардың жиынтығы, позитивті сезімнің эмоциялық ауданы;

В және C– нейтралды эмоциялар ауданы. Бұл көбіне шешім қабылдау ауданы;

D– негативті эмоциялардың ауданы;

A - D– басым болғанда лидер болады;

В - C– басым болғанда іскер лидер болады;

6 және 7 A– бағдарлану мәселесі;

5 және 8 В– пікірлерді бағалау мәселесі;

4 және 9 C– қадағалау мәселесі;

3 және 10 D– шешім шығару мәселесі;

2 және 11 E– шиеленісуді төмендету мәселесі;

1 және 12 F– интеграция мәселесі.

Бақылау мақсаты: Дискуссия барысында қарым-қатынас ерекшеліктерін бақылау

Бақылау объектісі: ___ курс студенті.

Аты-жөні _____________________________________

Бақылаушы _____________________________________

Бақыланатын көрсеткіштер (12 категория) Бақылау нәтижесі
Пікірлесу, жалпы мақулдау, көмектесу    
Күлдіру, риза болғанын көрсету  
Ұғыну, қабылдау, тілектестік көрсету  
Ұсыныс жасау, нұсқаулар беру    
Пікір айту, баға беру, қорытынды жасау    
Хабарлау, басқалардың сол хабарға назарын аудару    
Қосымша информацияны сұрау, қайталуға, растауға өтініш жасау    
Бағыт беруді, пікірлерді айтуды, талдау жасауды басқалардан сұрау    
Ақыл сұрау, көмек сұрау, қосымша нұсқаулар жасауды сұрау    
Мақулдамау, ешкіммен келіспеу    
Өзін кінәләу немесе қарым-қатынастан қашқақтау    
Өшпенділік (враждебность), агрессия көрсету, өзін ғана жақтау    

Бақылау нәтижелерін талдау

1,2,3- жағымды эмоциялар

4,5,6-шешім қабылдау

7,8,9-өтініш жасау

10,11,12-жағымсыз эмоциялар

Наши рекомендации