Фразеологиялық оралымдардың түрлері, сипаты.

Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан ашық айқын ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау (түр-түрге бөлу, топтастыру) тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Академик В. В. Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатысы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек деп үш түрге бөледі. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н. М. Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше деп есептейді.

Фразеологиялық тұтастық. Семантикалық жақтан бөлініп ажыратылмайтын, бір тұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын (байланыспайтын) фразеологиялық оралым фразеологиялық тұтастық деп аталады. Фразеологиялық тұтастықтың құрамындағы сыңарлар (сөздер) бір-бірімен біте қайнасып, өз ара тұтасып, бітісіп кетеді де, бүтіндей тіркес семантикалық жақтан бөлінбейтін, бір тұтас единица ретінде ұғынылады.

Фразеологиялық бірлік. Фразеологиялық оралымдардың бұл түрі де - фразеологиялық тұтастық сияқты, семантикалық жақтан бөлінбейтін, бір тұтас (бүтін) единица. Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмасы мынада: фразеологиялық тұтастықтың бір бүтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен мүлдем жанаспайтын болса, фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіннің бір тұтас келтірінді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болады.

Фразеологиялық тізбек. Фразеологиялық оралымның бұл түрі ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен күйінде жұмсалады. Фразеологиялық тізбектің қатарына мидай дала, асқар тау, шалқар көл, тас қараңғы (немесе тастай қарацғы), ата мекен, ата жау, аталы сөз, су жаңа (судай жаңа), қыпша бел тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді.

Фразеологиялық сөйлемше. Фразеологиялық оралымның бұл түрі мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралады, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мысалы: Айдағаныц екі ешкі, ысқырығың жер жарады; Шегірткеден қорыққан егін екпес; Көрпеңе қарап көсіл; жоғары оқу орны және т. б.

Фразеологизмдердің пайда болу және шығу негіздері.

Тіл-тілде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жолдармен жасалған. Олардың жасалуына алуан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер негіз болған.

Фразеологиялық оралымдарға әр түрлі құбылыстардың адам ойында қорытылған образды бейнесі негіз болуы мүмкін. Мысалы, ер қашты болу (мағынасы-«әбден жалығу, мезі болу») деген фразеологиялық оралымның негізінде көп мініс көрген арық аттың ер саларда одан қашып мезі болуы, бойын аулақ салуының бейнесі жатыр. Әдетте, ер қашты болу деген тұрақты сөз тіркесін қолданғанда, жоғарыдағы құбылыстың негіз болғаны біздің ойымызға келмейді. Сондықтан да бұл тіркес адам ісіне байланысты қолданыла беріледі. Шалқасынан түсу (мағынасы -«кенет келіспей қалу, көнбеу») деген фразеологиялық оралымның негізінде байқаусыз.да шалқасынан құлап түсудің бейнесі, оның астарлы, келтірінді мағынасы жатыр. Сақалын сипап қалу, төбе шашы тік түру, екі аяғын бір етікке тығу, сабасына түсу, аузынан суы қүру, аузымен орақ ору, иттен де бір сүйек қарыздар, қу бастан қуырдақ ет алған, сүйекке таңба болу деген фразеологиялық оралымдардың жасалуы жайында да осыны айту керек. Бұларға да әр түрлі құбылыстардың образды бейнесін елестету негіз болған. Дөрекі, сөлекет қимыл жасауды, икемсіздікті халық түйенің үстінде тұрып сирақ үйтумен салыстырып, епсіздікті мысқылдап, түйе үстінен сирақ үйту десе, дөрекі сөйлеген адамның сөзін сөзі түйеден түскендей дейді. Бірдемеге «әттеген-ай»- деп өкінген адамдардың санын соғып қалатыны бар; осы жайдың бейнесі санын соғып қалу деген тұрақты тіркестің (мағынасы -«өкіну») жасалуына негіз болған.

Дәріс№10

Азақ фразеологиясындағы ұлттық болмыс

Жоспар:

Фразеологизмдердің мәдени негізде пайда болуы

Фразеологизмдердің пайда болуына ықпал еткен ұлттық ерекшеліктер

Наши рекомендации