Терминнің анықтамасы. Кикілжің жағдайлар эмоционалдық стресстің негізі ретінде, себептері
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина унверситеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедрасы: Қалыпты физиология
Курс: 2
Дисциплина: Физиология
Тақырыбы:Эмоционалдық стресс
Орындаған: Бекмұхамбетова Ж.Ғ
Группа:202 «А»
Тексерген: Альмаханова М.Ж
Ақтөбе 2016 ж
ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Терминнің анықтамасы. Кикілжің жағдайлар эмоционалдық стресстің негізі ретінде, себептері.
2. П.К. Анохиннің (биологиялық теория) эмоционалдық стресс теориясы, П.В.Симоновтың ақпараттық теориясы. Эмоционалдық стрессті жануарларда модельдеу.
3. Эмоционалдық стресстің физиологиялық негізі. Созылмалы стресстің вегетативтік және соматикалық қызметтерге әсері.
4. Организмнің стресске төтеп беру факторлары.
5. Эмоционалдық стресстің профилактикасы.
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі – эмоция(лат.emavere – күйзелу, қобалжу). Эмоция мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады.
Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция – әртүрлі тіршілік (ашығу, шөлдеу т.б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция – әралуан рухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.
Эмоция құбылыстары аффект (долданыс), нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект – айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі.
Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі – заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат, отанды сүю, өшпенділік т.б.) елестету немесе ойлау арқылы пайда болады.
Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Мұндай сезініс күйі – адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.
Терминнің анықтамасы. Кикілжің жағдайлар эмоционалдық стресстің негізі ретінде, себептері
Стресс (ағыл. stress) – қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену- жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамдайды, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды.
СТРЕСС |
Созылмалы |
Жедел |
Физиологиялық |
Психологиялық |
Ақпараттық |
Эмоционалдық |
Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауіп туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.
Кикілжің жағдай |
Эмоционалдық стресс |
Тұрақтылық |
Невроз |
Сомато-вегетативтік бұзылыстар |
Невроз + сомато-вегетативтік бұзылыстар |
Стрестің эмоционалдық белгілері |
Жалпы эмоционалдық фонның өзгерістері |
Айқын жағымсыз эмоциялар |
Мінездегі өзгерістер |
Невротикалық жағдайлардың пайда болуы |
Күдікшілдік, өзін-өзі төмендете бағалауы, интроверсияның күшеюі |
Үрейлі күту неврозы, астениялық невроз |
Көңілсіздік, күнделікті мұңаю сезімі, депрессия, мазасыздану, жоғары үрейлілік |
Ашушаңдық, агрессия, ашу приступтары, жатсынушылық, жалғыздық сезімі |