Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың диагностикасы

Жоспар:

1.Мектептегі психодиагностиканың міндеттері.

2.Кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.

Баланың мектеп оқуына дайындығы бірнеше компоненттен тұрады: интеллектуалды, жеке дайындығы, байланыстылық, дене дайындығы. Интеллектуалды дайындық – баланың аналитикалық қабілеттілігінің, әрекеттің жалпы принциптерін көре білуін, әртүрлі ой операцияларын шеше білуін және қоршаған ақиқатқа танымдық көзқараспен қарай білуін болжайды. И.В.Дубровинаның айтуы бойынша, білімге балалардың көзқарасының әртүрлі болуы, білімді бәрі бірдей ойдағыдай қабылдамауы бірінші сынып оқушыларының әрекетінің нәтижесінде көрініс беріп отырады, ал көп жағдайда олардың оқу әрекетінің кейінгі кезеңдеріне әсерін тигізеді(1978). Баланың оқу әрекетіне жеке басының дайындығын психологтар оның өз психикалық процестерін басқара білумен байланыстыра біледі, демек бала импульсивтілік эмоциясынан құтылып, әрекет барысында ерік – жігер қасиеттері орын ала бастап, бала жинақтылық, белсенділік, тәртіптілік және оқуға ынтасын көрсетеді. Олардың барысында А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович, Д.Б.Эльгонин, В.С.Мухина баланың жеке дайындығының ролін жоғары бағалайды. Коммуникациялық дайындық мәселелері бойынша М.И.Лисина (1978), Е.Е.Карвцова (1979) және т.б психологтар зерттеген.

Мектеп оқуына балалардың психологиялық дайындығын зерттеуге мектеп оқуын, ойдағыдай меңгеру үшін сол оқу процесіне психологиялық бейімделуін зерттеуге арналған. Біздің ойымызша баланың мектеп оқуын негізгі әрекет ретінде қабылдап әрі қарай меңгеріп кетуі үшін осы күрделі оқу әрекетіне алдын ала бейімдеу керек. Балалардың мектеп өміріне мейлінше аз уақытта бейімделуіне қажетті оқу әрекетін қабылдау сапасын көтеретін арнайы диагностикалық және дамытушы эксперимент құрастыру арқылы балаларды мектепке бейімдеу және өз әрекетін жетілдіруге ұмтылуын дамыту керек.

Балаларды мектеп өміріне ойдағыдай бейімдеу үшін қажетті оқу компоненттерін /оқу тапсырмаларын қабылдауы және оқуға ынтасы/ қалыптастыру қажет.

Балалардың мектептегі оқуға психологиялық бейімділік әрекетінің қалыптасу теориясын қарастырған Л.С.Выготскийдің, А.Л.Леонтьевтің, Л.И.Божовичтің, Д.Б.Элькониннің, П.Я.Гальпериннің және мектепке дейінгі кезеңде психологиялық таным процестерінің қалыптасуын, А.В.Запорожецтің, З.В.Мануйленконың зерттеулерінен , А.П.Усова, И.В.Дубровина, А.В.Захарова, Л.А.Венгер, Е.В.Филиппова, С.Мухинаның еңбектерінен, мектепке психологиялық дайындықтың мазмұнынан жүйелі теориялық түсініктер алынды.

Бірінші сынып оқушыларының оқу әрекетін оқу ретінде қабылдауы және оқу ынтасы деңгеінің дамуы бойынша: өзіндік жеке айырмашылықтармен көрінетіндігін анықтауда сапаның үш деңгеі анықталған: жоғары – нақтылы, тән сапа ретінде: ортаңғы – оқу-әрекетін қабылдау әр уақытта әр қилы: төменгі – оқу тапсырмасын қабылдаудан бас тартатын балалар. Бірінші сынып оқушыларында жие кездесетін, зерттеудің көрсетуі бойынша ортаңғы деңгей болды. Төмен және жоғары деңгей, бұл жас кезеңіне тән қасиет емес екені анықталды. Жалпы алынған көрсетулер бұл жас кезеңіндегі балаларда оқу әрекетін оқу ретінде қабылдауын және мектеп өміріне бейімделуге қажетті оқу әрекетіне деген ынтасын көтеруге мүмкіндіктің әбден бар екенін Қазақстандық педагогикалық психологияда дәлелдеуді қажет етеді.

Балалардың оқу әрекетін оқу ретінде қабылдауы күрделі жүйеге ие. Оған кіретін компоненттер: баланың өзін - өзі бақылауға әр түрлі жаттығу әрекеттерін қабылдау арқылы дайындығы, демек балаға жаттығу қажеттілігі тән сапа болуы. Бұл сапалардың іске асу механизмдері оқу тапсырмасының өзіндік мәнін түсінуі. Зерттеуде алынған компоненттер бәрі бірдей қалыптаса бермейтіні анықталды. Ең алдымен баладан өз әрекетін бақылауының психологиялық дайындығы қалыптасып, оның қызметі өзіне тән механизм арқылы іске асып отырады, алдымен өзін -өзі бақылаудың әр түрлі формасы мен тәсілдері арқылы, ал бұл оқу тапсырмасының өзіндік мәнін түсінумен қатар жүріп жатады.

Баланың оқу тапсырмасын оқу ретінде қабылдауы, демек, оқу ынтасының көтерілу деңгейінің компоненттері жүйелерінің дамыған жағдайында ғана мүмкін болуы тұңғыш рет көрсетілді.

Балалардың оқу әрекетін оқу ретінде қабылдауының, оқу ынтасының көтерілуінің психологиялық механизмі ретінде оның өз әрекетін бақылап, талдап, бағалау жатады. Өйткені, бала осылай талдау, бақылау, бағалау арқылы өз мүмкіндігін тексеріп және жетілдіруге ұмтылады. Тек осы жағдайда ғана әрекет жүйесінің түрткілері өзгеріп, бала оқу әрекетін өзін - өзі жетілдіру әрекеті ретінде қабылдай бастайды, ал бұл жағдай баланың бойында оқуға деген ынтасын көтеруге мүмкіндік береді. Оқу әрекетін қабылдауын біз баланың жаттығуды саналы түрде қабылдауымен және «үйренуге» ұмтылуымен байланыстырамыз, демек баланың оқу әрекетін бақылап және бар күшін сол әрекетін жетілдіруге бағыттаушы деп түсінеміз. Біз баланың жаттығуды қабылдауы, үйренуі, оқуды қабылдауы, әрекеттің мазмұнын түсінуі оның оқу әрекетінің даму шартын және көрсеткішін көтереді деген тұжырымды көздедік. Бұл қабылдау баланың тапсырманы орындау жолын іздеуімен, сол жолды өзін - өзі өзгерту тәсілі ретінде меңгеруге бағытталу заңдылықтарының сипаттамасы жплпы психологияға әсерін тигізді.

Бұл оқу құралының материалдары бастауыш сынып мұғалімдеріне және бірінші сынып мұғалімдеріне ерекше арналған, балаларды мектеп оқуына бейімделуіне көмектесетін сапаларды мақсатты қалыптастыруды көздеді. Балаларды мектеп өміріне аз уақытта бейімделу үшін ерікті сапалар: оның оқу әрекетін оқу ретінде қабылдауы, демек жаттығуды өзін - өзі тексеру, жетілдіру деп түсінуге дайындығы, оқу әрекетіне ынтасының көтерілуі деп ұйғарамыз. Осы оқу құралы бірінші сынып оқушыларының оқу әрекерін оқу ретінде қабылдауы және оқу ынтасы деңгейінің дамуы: өзіндік жеке айырашылықтармен көрінетіндігі анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сапаның үш деңгейінде анықталған: жоғары – нақтылы, тән сапа ретінде; ортаңғы – оқу әрекетін қабылдауы әр уақытта әр қилы; төменгі – оқу тапсырмасын қабылдаудан бас тартатын балалар.

Балалардың оқу әрекетін оқу ретінде қабылдауы күрделі жүйеге ие. Оған кіретін компоненттер: баланың өзін - өзі бақылау әр түрлі жаттығу әрекеттерін қабылдау арқылы дайындығы, демек балаға жаттығу қажеттілігі тән сапа болуы. Бұл сапалардың іске асу механизмдері оқу тапсырмасының өзіндік мәнін түсінуі.

Бұл оқу құралында аталған компоненттердің бәрі бірдей қалыптаса бермейтіні, ең алдымен балада өз әрекетінің бақылауының психологиялық дайындығы қалыптасып, оның қызметі өзіне тән механизм арқылы іске асып отырады, алдымен өзін - өзі бақылаудың әр түрлі формасы мен тәсілдері арқылы, ал бұл оқу тапсырмасының өзіндік мәнін түсінуімен қатар жүріп жатады.

Баланың оқу тапсырмасын оқу ретінде қабылдауы, демек, оқу ынтасының көтерілу деңгейі осы компоненттердің барлық жүйелерінің дамыған жағдайында ғана мүмкін.

Балалардың оқу әрекетін оқу ретінде қабылдауының, оқу ынтасының көтерілуінің психологиялық механизмі ретінде оның өз әрекетін бақылап, талдап, бағалау жатады. Өйткені, бал осылай талдау, бақылау, бағалау арқылы өз мүмкіндігін тексеріп және жетілдіруге ұмтылады. Тек осы жағдайда ғана әрекет жүйесінің түрткісі өзгеріп, бала оқу әрекетін өзін - өзі жетілдіру әрекеті ретінде қабылдай бастайды, ал бұл жағдай баланың бойында оқуға деген ынтасын көтеруге мүмкіндік береді. Оқу құралы бастауыш сынып мұғалімдеріне және ерекше бірінші сынып мұғалімдеріне арналған, балаларды мектеп өміріне бейімделуіне көмектесетін сапаларды мақсатты қалыптастыруды көздеген әдістемелік құралының мазмұны.

Балаларды мектеп оқуына дайындаудын психологиялық мәселелері.Баланың мектепке баруын қай кезде болмасын педагог және психолог қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде, оның әлеуметтік ортада жаңа орын алуы деп қараған. Баланың оқу әрекетіне дайындығын Л.И.Божович, оның әлеуметті маңызы

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М,2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248 270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М,1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М 2003. 1,2,3 к.

Дәріс №14

Наши рекомендации