ОҚытушы туралы мӘлімет

Гуманитарлық факультет

Азақ филологиясы және журналистика кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі проректор

_____________ Л.Қ.Еркінбаева

«_____»_________________2014 ж.

«Ілиястану» пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Талдықорған 2014 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде барлық мамандықтарға ф.ғ.к., доцент Ш.Ә. Кыяхметова, ф.ғ.д., профессор М.М. Иманғазинов, ф.ғ.к., доцент Д.С.Аңсабаев, магистр, аға оқытушы Д.Мүлік кұрастырған.

________________________

(оқытушының қолы)

Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды.

«27» мамыр 2014 жыл. №10 хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ С. Қ. Қожағұлов

Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

«30» мамыр 2014 жыл. № 6 хаттама

Әдістемелік бюроның төрайымы_____________ Ш.С.Жаукумова

 
  оҚытушы туралы мӘлімет - student2.ru

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-42
01.09.2012 ж.

Гуманитарлық факультет

Азақ филологиясы және журналистика кафедрасы

«Ілиястану» пәні бойынша барлық мамандықтар үшін

С И Л Л А Б У С

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 1

семестр: 2

кредит саны: 1

барлық дәрісханалық сағат саны: 15 соның ішінде:

дәріс: 15

СӨЖ: 30

Емтихан: 2 семестр

Талдықорған - 2014 ж.

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Кыяхметова Шара Асетовна

Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының доценті,

филология ғылымдарының кандидаты

Кафедра тел: 22-16-67-1145

Қазақ филологиясы кафедрасы, 120 ауд.

Жансүгіров көшесі, 187а.

Қабылдау уақыты: кафедрадағы консультациялар кестесі бойынша

8 701 883 60 61, 8 771 413 51 85

[email protected]

Пәннің атауы: Ілиястану

Пәннің пререквизиті: жоқ

Пәннің постреквизиттері:Мұқағалитану, Мағжантану.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмірбаяны, сөз өнерін игеру жолындағы алғашқы ізденістері, қоғамдық және мемлекеттік қызметтері, әртүрлі өнер саласына ат салысуы, поэмалар жазуы, прозаның дамуына қосқан үлесі, драматургиясы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялап, зерттеуі, аудармашылық және журналистік қызметі, публицистикалық еңбектері, қаламгер шығармашылығының зерттелуі қарастырылған.

Мақсаты:«Қазақтың Абайдан кейінгі бірінші ақыны» (М.Әуезов) Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы талабына орай, жергілікті халықтың тілегі, өмірдің өзі міндеттеп отырған білімдік, тәрбиелік, ұлттық-инновациялық мұрат мүддесін ескере отырып таныту.

Күтілетін нәтижелер:

- қаламгер туындыларымен танысып, ондағы дәуір демін, қоғам шындығын айқындай білуі; прозалық туындыларындағы көркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі;

- оқылған шығармалардағы кейіпкердің рөлі мен орнын, сондай-ақ кейіпкер характерінің қоршаған орта мен жағдайларға байланысты қалыптасуын ашып көрсете білуі;

- автордың идеялық - адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып талдай білуі;

- жанрды, шығармаларды, оларда көтерген келелі мәселерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыруы;

- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдей алуы, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай білуі.

Құзыреті: Жалпы білімділік құзыреттерге қойылатын талаптар:

1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;

2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;

3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.

Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:

1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;

2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;

3) Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;

4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;

5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;

6) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;

7) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;

8) ұжымда жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;

9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;

10) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.

Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:

1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;

2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;

3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Наши рекомендации