Ны өткізу түрі тренинг.

Әдістемелік ұсыныстар:LCD(Linquid Crystal Display,сұйық кристалды мониторлар) сұйық күйдегі, бірақ соның өзінде кристал денелерге тән кейбір қасиеттері болатын заттардан жасалады. Іс жүзінде ол молекулалар тәртіптеліп бағытталуымен байланысқан қасиеттердің анизотропиясы (атап айтқанда оптикалық) болатын сұйықтар. Сұйық кристалдардың молекулалары электр қуатының әсерінен өздерінің бағытын өзгерте алады және соның нәтижесінде өздерінен өтетін жарық сәулелерінің қасиеттерін өзгертеді. Осы жаңалық негізінде және одан әрі зерттеулер нәтижесінде бейне жасауды қамтамасыз ету үшін электр кернеуінің артуы мен кристалдар молекулалары бағытталуының арасындағы байланысты табу мүмкін болды. Сұйық кисталдар бірінші рет калькулятордың диплейлерінде және кварцты сағаттарда, содан соң ықшам компьютерлердің мониторларында пайдаланыла бастады. Бүгінгі күні, осы саладағы үдеріс нәтижесінде LCD мониторлары үлкен компьютерлерде кеңінен таралып келеді. LCD монитордың экраны аппаратты көрсету үшін әрекетке түсетін кішкентай бөліктер сілемі (пиксель деп аталады) болып табылады.

LCD мониторында бірнеше қабат болады, олар өздерінің аралығында сұйық кристал қабаты тұратын, өте таза, натрий жоқ шыны материалдан жасалған екі субстрат немесе қосымша деп аталатындар шешуші роль атқарады. Жолақшалар әр панельге қатарлас, бірақ екі панельдің арасында перпендикуляр тұратындай болып орналасады.Ұзына бойлық жолақшалар шынының бетіне мөлдір. Бірақ кейін арнайы өңделетін пластик таспа салу арқылы жасалады. Сұйық кристалдардағы молекулалар жолақшалармен жанасқанда барлық ұяларда бірдей бағдарланады. Сұйық кристалдар түрлері бірінің (нематиктердің) молекулалары кернеу болмаса, осындай жарық толқынында электр (және магнит) өрісінің векторын буданың таралу белдігіне перпендикуляр жазыққа әлдебір бұрыш жасайтын етіп бұрады.

Шынының бетіне жолақшалар салу әр ұя үшін полярлану жазығының бірдей бұрылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Екі панель бір-біріне өте жақын орналасады. Сұйық-кристалды панель жарық көзімен сәулеленеді (сұйық-кристалды панельдер орналасқан орнына қарай жарықты шағылумен бұру немесе өткізіп жіберу қызметін атқарады). Бір панельден өткенде жарық сәулесінің полярлану жазығы 90˚ бұрылады.

Электр өрісі пайда болған кезде, сұйық кристалдың молекулаларының бір бөлігі өрістің бойымен орналасады және сәуле поляризация кеңістігінің бұрылыс бұрышы 90 градустан ерекше болады.

Сұйық кристалды мониторлар ықшамдылығымен, энергияны аз тұтынуымен және басқа да артықшылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да басқару және ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерінде кеңінен таралған.

екция №13-14

Пайдаланушылар санаттары. Оператордың психофизикалық сипаттамасын сандық бағалау әдістері

Интерактивті жүйелерді пайдаланушылар классификациясы. Оператордың қызмет түрлері. Адам – оператордың қызмет кезеңдері. Адам – оператордың әрекет түрлері. Оператордың қолданатын модельдер түрлері.

Осы сұраққа арналған оқулықтарда интерактивті жүйелерді пайдаланушылардың классификацияларының бірнеше нұсқалары келтірілген. Бірақ берілген әдістерде ерекшеліктер бар болғанмен, олардың классификация принциптері бірдей болады.

Пайдаланушының интерактивтік жүйеге қатынасы негізінде, онымен жұмыс істеу тәсілдері не әсер ететін факторларына мыналар жатады:

– адам қажеттілігі, яғни диалог жүргізетін серіктеспен түсіністікте болу;

– пайдаланушының қабілеттілігі, оның шапшаңдылығымен (ең біріншіден пернетақта мен тышқанды қолдануында), лингвистикалық қабілеттілігі, есеп шығару қабілеттілігінен тұрады;

– өзіндік қасиет, яғни үйренуге қабілеттілігі, шыдамдылығы, қатеге төзімділігі, шығармашылық қабілеттілігі.

– компьютерлік білім деңгейі. Бұл жерде көбінесе бағдарламалаушы немесе бағдарламалаушы емес пайдаланушылар, соңғыларын үш санатқа бөлуге болады:

– дайындалған пайдаланушылар, шығармашылық есеп шығарушылар, аналитиктер және зерттеушілер (яғни, жұмыс іскерлігі толықтырылғандар)

– дайындалған пайдаланушылар, операцияларды орындаушылар (яғни, жұмыскерлігі тұйықталған)

– жай пайдаланушылар, компьютерлік білімі аз.

Пайдаланушының қолданбалы облысқа дайындығы оның тілді (мамандалған терминология) қолдануына және есеп шығару тәсілдеріне әсер етеді.

Жүйені қолданудың себебі келесілер болуы мүмкін:

– міндетті – жұмыстың керекті бөлігі;

– міндетті емес – кәсіби қызметтің қосымша құрамдасы ретінде;

– міндетті жеке қажеттілік тұрғыдан (мысалы белгілі ақпаратты тек компьютер арқылы ғана алуға болатын жағдайда);

– міндетті емес – жеке бас өмірінде (мысалы: ойын сауық ретінде)

жүйеге деген қатынасын және жұмысқа талабын, оның компьютерлік білім деңгейімен және оны қолдану есебімен анықталады; ол келесідей болуы мүмкін:

– нейтралды – пайдаланушы компьютерді тек жұмыс құралы ретінде қарағанда;

– жағымды, пайдаланушы компьютерді ынтамен, яғни одан көбірек пайда алу мақсатында (немесе рахат алуда);

– жағымсыз, пайдаланушы компьютермен қолдануды шектеу ретінде қарастырса (техникаға деген сенімсіздікпен қарағанда);

Пайдаланушының мақсаты келесідей болуы мүмкін:

– компьютердің көмегімен есеп шығару (оның ішінде ойын сауық сипатында да болуы мүмкін);

Жүйенің сипаттамасына байланыссыз уақыт шектеулері (оның ішінде оның жылдамдығы) болады. Бұл жағдайда пайдаланушы уақыт тығыздығына бейімделуіне себеп болады, бұл әсіресе есеп шығаруда және контекстік жұмыстарда кездеседі.

Адам оператор жұмыс істейтін басқару иерархиясының деңгейіне және басқару жүйесінің түріне (немесе ақпаратты өңдеуге) байланысты оператор қызметінің келесідей түрлерін атауға болады:

Оператор – технолог, технологиялық процеске толығымен кірісетін және де басқарудың стандартты процедураларын орындайды.

Оператор – манипулятор, механикалық әсерлерден тұратын басқару процедураларын іске асырады.

Оператор – бақылаушы, процестің жағдайын және нақты уақыттағы жүйе ішіндегі ауытқуларды бақылайды.

Оператор-зерттеуші, қарым–қатынасы бар процедуралармен регламеттелмеген және ойлау қабілетіне негізделген (программмист);

Оператор – жетекші, ұйымдастырушы және директивтік сипаттағы қызметтерді орындайды.

Оператор – жобалаушы, АЖЖ құрамына кіретін, машинамен жобалуға қосылған.

Әртүрлі санаттағы операторлармен техникалық (немесе есептеу) жүйелер арасындағы өзара қатынасының ерекшелігі бар. Бірақ оператордың көпшілігіне тән төменде қарастырылатын бірнеше жағдайлар бар (мысалы, ойлау қабілетінің моделі ортақ және адамның шешім қабылдағаны, оның психофизикалық мінездемесі және т.б).

Адам – оператордың қызметі. Тапсырманы орындау барысында барлық деңгейдегі операторларға тән 5 кезеңге бөлінеді:

– анықтау – есептің шешілуін реттейтін белгілер тобын оператордың қабылдауы.

– классификация – жағдайды тану орындалуына әкелетін іс –шаралардың тізбегін құру және шешім қабылдау.

– Орындау – бар ресурстарды пайдалана отырып, жоспарды орындау.

– Тексеру – іс –әрекеттің орныдалуын және оның тиімділігін тексеру.

Операторлармен шешілетін тапсырмалар былай бөлінеді:

  1. процесті реттеу, ол кішігірім динамикалық теңестіруді қарастырады және процестің жеке параметрлеріне түзетулер енгізуді қарастырады.
  2. режимді өзгерту, ол процестің түбегейлі өзгеруіне алып келеді және ауыспалы процестерді қарастырады.

Адам – оператордың өзін өзі ұстау типтері. Оператор есептің күрделілігі және қойылымына байланысты 3 деңгейге бөлінеді:

    • дағдыға сай ұстаным – ол болатын процестерді алдын ала қарастыруы тиіс.
    • ережеге сай ұстаным – оператордың қызметі басқару ережелерін пайдаланумен байланысты, жүйелерді эксплуатациялау инструкциясында көрсетілгендей.
    • білімге сай ұстаным – болып жатқан процестерге және ақпаратттарды өңдеуге түсініспеушілікпен қарауды талап етеді.

Операторың қолданатын моделдің түрлері. Оператор тапсырманы шешкенде 5 типті моделді қолданады:

– физикалық, жүйедегі процестердің математикалық баяндалуынан тұрады;

– функционалдық, негізгі ішкі жүйелерді, оның қызметін және өзара байланыстарын сипаттайды;

– Экономикалық, негізгі басқару операциялардың құн шамаларын байланыстырады;

– процедуралық, қондырғыны басқару ережелерін баяндайды;

– когнитивтік, оператормен қалыптасатын, процестің интуитивтік моделін сипаттайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Пайдаланушының интерактивті жүйелермен қатынасына қандай факторлар әсер етеді?

2. Оператор қызметінің түрлері қандай?

3. Адам – оператор қызметінің кезеңдері қандай?

4. Адам – оператор жүйесінің түрлері қандай?

5. Операторлар өзінің қызметінде қандай моделдерді қолданады?

Наши рекомендации