Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы және жыраулық поэзия
Жыраулық поэзия – 15 – 18 ғ-лардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Ж. п. қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Ж. п. сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар, Ж. п-да мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз пен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Ж. п-ның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Ж. п-ның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады.
18 ғ-дағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі – Бұқар жырау (1668 – 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Бұқар жырау өз тұсындағы қоғам өміріне белсене араласады. Ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында күреседі. Алайда, ханға құлшылық ұрудан ада жырау қажетті жерінде ащы шындықты айтудан тайынбайды, оны сынау, шенеуге дейін барады. Бұқар жырау өзінің таңдаулы шығармаларында қазақ қауымы үшін мәні зор әлеум. мәселелерді көтереді. Бұлардың ең бастысы – ел бірлігін ту ету, ішкі, сыртқы жаулардың қандайымен болса да бітіспес күреске үндеу. Бұқар жырау шығармаларынан жыраудың өзі өмір сүрген қилы заман келбеті айқын танылады. Оның мына өлеңдері соған дәлел бола алады: «Тілек», «Айналасын жер тұтқан», «Алыстан қызыл көрінсе», «Биік тауға жарасар», «Ай,заман-ай, заман-ай», «Әлемді түгел көрсе де» және т.б. Бұқар жырау қазақ қауымы ежелгі тұйықтықтан арылуға бет алғанын, көне дәстүрлі әлеум. қатынастар бұзыла бастағанын көреді, осының бәрі болашақта жүзеге асар ұлы өзгерістердің басы ғана екенін түсінеді. Алайда, жырау мұндай құбылыстардың көбін ұнатпайды, оған сенімсіздікпен қарайды. Тіпті, туған халқының болашағына күмәнданады. Енді бір топ өлеңдерінде Бұқар жырау өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Табиғат бір қалыпта тұрмайды дейді жырау. Адам өмірі де сондай. Жырау адамның, оның мінез-құлқының, салт-санасының өзгеруіне орай адам қоғамы да дамып отырмақ дегенге меңзейді. Бұқар жырау шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл, афоризмдер түрінде келеді. Образға бай, ұлттық бояуы қанық, көркемдігі кемел. Дәстүрлі Ж. п-ның бейнелеу тәсілдерін жете меңгерген Бұқар жырау туындыларының өлең өлшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары әлденеше ғасырлық тарихы бар Ж. п-ның қорытынды түйіні іспеттес болды. Бұдан былай қазақ поэзиясындағы жетекші рөл ақындардың үлесіне көшеді. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш "Таң” журналында (1925) жарияланғанымен, ғыл. түрде жүйеленіп зерттелуі 20 ғ-дың 60-жылдарының үлесіне тиеді.
Поэма жанры
Поэма-өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс курделі кұбылыстар мен келелі окиғаларды алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, жеиілі эпикалык не лирикалык сипаттағы өленмен суреттеу. Поэмалар турлі-турлі сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар болады. Поэмаларда жасалатын адам обрздары да ар алуан:эпикалык образ да лирикалык образда романтикалык об. реалистік об. болады. Поэма өзінің туу даму тарихының әр кезеніңде әр сипатта болды.Көне дуне әдебиетінде классикалык халык эпсы «илиад одиссея» турінде туған болып ауыз әдебиетінде батырлар жыры (кобыланды батыр) лиро-эпос (кыз жібек) немесе тарихи жырлары (Бекболат) турінде дамып жазба әдебеттегі романтикалык дастандар (Медғат-Касым) мен реалистік поэмаларға (Сулу шаш ) ұласты. Поэма-казырғы казак поэзиясындағы мол өркендеп кен өріске шыккан шешуші түрлердің бірі.Ром/лык поэмадағы каһарманның тағдыры ерекшелеу болып Бір жағын бір каһарман тағдырымен байланысты болып келе бермейді.
Ән автордын рухани өмірімен өзектесе келеді. Казіргі заман поэмада бір каһарман тағдырымен байланысты болып келебермиді.