СабаҚ жоспарыныҢ Үлгісі. бастауыш сынып мұғалімі

Астана қаласы

№ 48 мектеп- лицейдің

Бастауыш сынып мұғалімі

Мамекова Гульмира Сагуовна

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Сынып: 4 «В»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ұйқы. Әдина Жүсіп
Оқу мақсаты: Шығармадағы негізгі идеяны ұғыну
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Жекелеген оқушылар:
а)Мәтінді түсініп оқиды; ә)Ақпарат алады; б) Баланың жалқаулықтан құтылуына досының себепкер болғанын түсінеді; а)Өмірмен байланыстыра алады; ә)Өз ойын жеткізе алады; б)Серіктің жақсы қасиеттерін айта алды;   а)Адам бойындағы жаман қасиеттерден арылудың жолдарын іздестіреді;    
Уақыты Кезеңдері Тапсырма Мақса ты Мұғалім не істейді Оқушылар не істейді Ресурстар
2 мин   Ұйымдасты ру кезеңі.   Психология лық ахуал тудыру   «Жігерлі бол!»     Оқушы лардың сабақ қа деген қызығушылықта рын арт тыру, жігер лен діру. Оқушылармен сәлемдесіп, оқу-құралдарын тексеремін. Мұғалім оқушыларға жігерлендіру мақсатында бірнеше сұрақ қояды. -Сабақ бастауға дайынсыңдар ма? -Топтық,жұптық, жеке жұмысқа дайынсыңдар ма? -Үйренуге дайынсыңдар ма? -Жаңалыққа дайынсыңдар ма?   Оқушылар құрал-жабдықтарын тексереді.   Оқушылар сұрақтарға жауап береді. -Дайынбыз! -Үнемі! -Әрқашан! -Қашанда! Өз өлеңдерін оқып береді. Жігер деген-Мен . Күш деген-Мен. Махаббат деген-Мен. Кешірім деген-Мен. Құдірет деген-Мен. Көшбасшы деген-Мен. Даналық деген-Мен. Денсаулық деген-Мен. Жарқындық деген-Мен. Бар ғажайып деген-Мен. Бәрі маған байланысты. Бәрі менің қолымда!!!  
3 мин Топтастыру Музыка әуені арқылы топтастыру Музы ка әуенін ажыра тып, топқа бөліну   Әр топтың өзінің музыкасы тыңдалады. І-топ: «Аспанға қараймын» әні. Абай Бегей ІІ-топ: «Жүрдек пойыз» әні Серік Ибрагимов ІІІ-топ: « Қызыл өрік» Ақылбек Жеменей ІV-топ: «Қазақ елі» Маржан Арапбаева Оқушылар музыка әуендеріне сай билеп шығып, топқа бөлінеді.   Ноутбук
3 мин Үй тапсырма сын тексеру Үйге берілген тапсырма бойынша сұраққа жауап беру. Өткен білімде рін тексе ру Тапсырманың ережесімен таныстыру   Берілген сұрақтарға жауап береді Әр топқа сұрақтар тасталады І-топ: Беріктің : «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сен не айтар едің? ІІ-топ: Беріктің газетті рұқсатсыз алып кетуінен қандай келеңсіздік туды? ІІІ-топ: Егер Берік өз үйінде, үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді деп ойлайсың? Оқи ғаны өзіңше құрастыр ІV-топ: Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталған?    
4 мин Ой қозғау «Термин дермен болжау» әдісі   Бала лардың ойына түрткі салу. Мұғалім оқушыларға ұйқы, дос, сабақ, алғыс сөздерін айтып тұрады .Оқушылар дың ойын тыңдап болған соң, олай болса бүгін біз сендермен Әдина Жүсіптің «Ұйқы» атты әңгімесімен танысамыз деп автор туралы мағлұмат беру.   Оқушылар партаға бастарын салып, көз алдарына елестетеді. Содан соң осы сөздер арқылы өз ойларын айтады.  
20 мин Мағынаны тану «ДЖИГСО» әдісі арқылы Оқушы ның сыни ойла уын дамыту Мұғалім оқушыларды жанұя тобынан жұмыс тобына жібереді. Әр топқа төрт бөлімге бөлінген мәтіндер таратады. Мәтінді талқылап болған соң, мәтіндегі түсініксіз сөздермен сөздік жұмысы жасалады.   Әр топ өз бөлімдерін оқып шығады.Бөлім дерді оқып шыққан соң, жанұя тобына қайтып оралады. Жанұя тобына оралып, өз білімдерімен бөліседі. Топтағы тапсырмаларды орындайды. І-топ: Мәтінге жоспар құрастырады. ІІ-топ: Мәтінге байланысты сұрақтар дайындайды. ІІІ-топ: Тақырыпқа сай мәлімет жинайды ІV-топ: АКТ-ны қолданып, ұйқы туралы мәлімет жинақтап, қағаз бетіне түсіреді. Бөлімге бөлінген мәтін,маркер,А-3,ноутбук
7 мин Ой толғаныс Шығармашы лық жұмыс Оқушылардың қабілеттерін шың дау Мұғалім топтарға Манаттың атынан Серікке хат жазуға тапсырма береді.Ол хатты автор орындығында тыңдайды.   Оқушылар Манаттың атынан Серікке хат жазады А-3, маркер,түрлі-түсті қағаз.
  3 мин Үй тапсырмасы « Мен қандаймын?» деген тақырыпта эссе жазады. Оқушы лардың ойлау қабілетін шың дау. Үйге тапсырма бердім Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алды Тақта, бор
3мин Рефлексия Бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс. Оқушылардың сабақ бары сы туралы пікірін білу Мұғалім оқушыларға смайликтер таратады Берілген смайликтерге кері байланыс жазады. 1.Не білдім? 2.Не ұнады? 5.Не білгің келеді? Смайлик тер
5 мин Бағалау   Алған білімдерін баға лау Алдын-ала берілген бағалау парақшалары бойынша бағаладым Бағалау парақшаларына тоқталдым. Бағалау парақша лары
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар:
Не сәтті болды? Оқушылардың топта бірігіп жұмыс жасап, постер қорғаулары тиімді болды.
Не сәтті болмады?
Нені жақсартуға болады? Әлі де болса уақытты үнемді пайдаланып, ұтымды жұмсауды жақсартуға болады.
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? Топтастыруды, постер қорғап, өздерін бір топ екенін сезінуді дамыта алдым.
Нені өзгертуге болады? Топтық жұмыстарды, жеке тапсырмаларды түрлендіруге болады деген ойдамын.
                     

Наши рекомендации