Тақырыбы: Девиантты мінез-құлық және оның типтері

  1. Девиантты мінез-құлықтың шығу себептері
  2. Девиантты мінез-құлықтың типтері
  3. Девиантты мінез-құлықтың көріністері

Девиантты мінез-құлық дегеніміз - қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу. Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып (норма)» және «қылық».

Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір ситуация дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты.

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуында нақты іс-әрекетті ұйымдастырушы психолог, ата-ана, мұғалім болғандықтан, олардың кәсіби даярлығына, ғылыми психолого-педагогикалық негіздерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі белгілі бір маман иесі немесе қарапайым ғана қоғамдық ортаның мүшесі десе де болады, олардың тұлғалық түр сипатын даярлауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда олардың психофизиологиялық негізін жетілдірудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып келеді. Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі мәселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуда, жүйелі іс-әрекет жасауға мүмкіндік беру. Мінез-құлық дағдарысын психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ кез-келген жеке адам басқа адамдармен олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды эмоцияны сезінген кезде жүріс-тұрыста ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз.

Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді. Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.

Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады.

Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.

Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.

Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.

Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар. Сонымен, девианттық мінез-құлық –кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.

Девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептері:

1. Әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б.

2. Девианттық мінез-құлықтың моральдық этникалық факторы қоғамның моральдық – адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдеп-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық, қайырымшылдық, «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі.

3. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психо-физикалық ауытқулар т.б. осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғаның болашақ жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.

Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген. Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».

Мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек. Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады. Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.

Мінез – құлық ауытқуының көрінуіне түрткі болатын білім беруімен байланысты әр түрлі факторлардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- Ассоциальды мінез - құлық психобиологиялық деңгей негізінде әсер етуші индивидуалды әлеуметтік жағдайының бейімделуін қиындатады;

- Жанұялық және мектептегі тәрбиенің кемшілігінің әсерінен көрінетік психологиялық – педагогикалық фактор;

- Оқу–тәрбие ұжымында, көшеде, жеткіншектің жанұясының адамдарымен біріккен іс - әрекетіндегі ағымсыз ерекшеліктерін ашушы әлеуметтік психологиялық фактор;

- Идивидтің белсенді қарым–қатынас оратуға өзі таңдаған қоғам ортасы, нормаларға және өзін қоршаған құндылықтарға, педагогикалық әсері мол жанұя, мектеп, қоғам. Сондай–ақ өзінің мінез–құлқын өзі реттеуші қабілетінің тұлғалық бағасының бағытын көрсетуші жеке тұлға факторы;

- Әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік шарттардың қоғамдағы алатын орның анықтаушы әлеуметтік фактор.

Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.

Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:

1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;

2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.

Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.

Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:

1. Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де.

2. Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.

3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді.

4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді.

Статистикалық зерттеулерге қарағанда жасы толмаған құқық бұзушылардың 44-пайызы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер. Ғалым А.Е.Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай келіп, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:

1. Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека) баланың ішкі өмірінің көріністерінен (оның ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;

2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.

Ресейлік ғалым Я. Гилинский девиацияның шығу көзі деп-қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді.

Бұл проблема, әсіресе, өтпелі кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл кезде қоғам өмірінің барлық салалары түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы мінез-құлық ережелері қайта қаралады. Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырынан динамикасын көруге болады:

3. Бейнесіне жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;

4. Отбасында «күң қызының» пайда болуы-бұл ата-ананың өзіне көп көңіл бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі. Деликвенттік жасөспірімнің психологиялық құқықтық нысанасында қызуқандылық міндетті түрде болады.

Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады:

· -жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жан-жалдар;

· -ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;

· -балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;

· -жасөспірімдердің пікірін елемеу;

· -ата-аналардың тиісті жылаулықты бере алмауы;

· -балалардың ар- намысына тию;

· -тәрбие жүйесінің сапасыздығы.

Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді. Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді.

Дәріс

Наши рекомендации