Дәріс. Экзистенциалды кеңес беру

Экзистенциалды психотерапияның негізінде келесідей базалық түсініктер жатыр: диалог (кездесу), тәжірибе, бастан өткеру, аутенттілік (шынайылық), өзіндік актуализация, құндылық, болмыс (әлемде), өмірлік (феноменологиялық) әлем, оқиға (өмірлік жағдай).

Психологиялық көмектің мақсаттары.Экзистенциалды психотерапия мен кеңес берудің негізгі мақсаты – клиентке өз өмірінің мәнін табуға, тұлғалық еркіндігі мен жауапкершілігін саналауға және толыққанды қарым-қатынаста өзінің тұлға ретіндегі потенцияларын ашуға көмектесу. Бір мезгілде экзистенциалды кеңес беру мен психотерапияның міндеті клиенттің тұлғасын және оның тағдырын, тіршілікте бар болуының өзі өзіндік құндылық болып табылатын, маңызды, айрықша және сөзсіз мойындауға тұрарлық «өмірлік әлем» ретінде сөзсіз мойындау.

Кеңес беруші-психологтың рөлі.Қарастырылып отырған парадигмадағы психологиялық позицияның негізгі алғышарты – клиентті оның өзінің өмірлік әлемінің терминдерінде, өз-өзінің және шынайылықтың бейнесін түсіну позициясы. Ары қарай, кеңес беруші-психологтың және психотерапевттің зейіні негізінен клиент өмірінің ағымдық, бір мезеттік сәтіне және оның «қазіргі» бастан өткерулеріне шоғырланады. Позицияның қиындығы, психологтың клиентті түсіну мен клиенттегі «шектелген тіршілік ету» деп аталатын нәрсемен конфронтацияға деген қабілетті бірге алып жүруде жатыр. Психологтың «әлемде-болу» қабілеті немесе қасиеті – сәтті іс-әрекеттің айқын шарты болып табылады.

Клиенттің позициясы.Экзистенциалды психотерапияда негізгі күш клиентке өзінің феноменологиялық әлемін шынайы қабылдауға, өзінің саналы немесе саналанбаған таңдауларының және олардың салдарларының шынайылығын саналауға көмектесуге бағытталған. Сондықтан да клиенттің позициясы инсайтқа қол жеткізумен шетелмейді, тұлғаның айқындалған құндылықтарынан және оның потенцияларынан шығатын әрекеттерді күту қалыптасады. Сондықтан клиенттердегі ашықтық, спонтанды белсенділік және өмірдің негізгі мәселелеріне (туылу, махаббат, мазасыздану, тағдыр, күнә, өлім, жауапкершілік) – рационалды шешімдері жоқ, бірақ онымен конфронтация ағымдық психологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін экзистенциалды мәселелерге -назар аудару дұрыс деп табылады.

Экзистенциалды парадигмадағы психотехника.Еуропалық және американдық экзистенциалды психология өкілдерінің кеңес беру жұмысы мен психотерапиядағы қандай да бір психотехникалардың мәнділігін жоққа шығаратындықтары парадокс болып табылады.

Экзистенциалды психотерапияда негізгі тұлғалық және экзистенциалды мәселеге деген бағыттар жиынтығы ретіндегі психотехника туралы айтылмайды. Бұл бағыттарды келесідей бейнелеуге болады:

  1. Өзіндік сананың дамуына күш салу.
  2. Еркіндік пен жауапкершілікті культтау.
  3. Мағынаны ашуға немесе жасауға көмектесу.
  4. Мазасыздықпен жұмыс жасау.
  5. Уақыт өте келе болатын қатынастар

Экзистенциалды психотерапияға дейін психологтар адаммен, адамзаттық «Менмен» жұмыс жасамаған.

Кайзер экзистенционалды неврозды клиенттерге тән, үш тенденцияны бөліп шығарды [1,2].

1. «Құйма (сплав)» - өзіндік тұлғасының жоғалуын қалау, басқа біреумен үйлесіп кету, себебі индивидуалды болуды қалау жалғыз болу ерлігімен байланысты, ал жалғыздық көбіне тұлға үшін бастан кешіруі азап болып келеді.

2. «Әмбебап симптом» - жүзеге асқан үйлесім, басқа біреумен үйлесу амалы және сонымен қатар екіжүзілік сезімін бастан кешіруі.

3. «Әмбебап конфликт» - бұл қалаулы емес жалғыздық сезімін, қасірет ретінде бастан кешіруі.

№ 11 дәріс. Логотерапия (Франкл В.)

Логотерапияның міндеті – өмірдің мәні мен мақсатын табу. Қолданылатын әдістер тұрғысынан, логотерапия – бұл Роджерстік терапияның тыңдау әдістері мен Перлздың әсер ету әдістерінің арасындағы баланс.

Парадокстық ниеттер әдісі«жаңа» әдістердің бірі болып есептеледі, алайда оны 1929 жылы Франкл пайдаланған. Лукас (Lukas, 1984) терапия клиент өсу үшін, оның өмірі мәнге толы болу үшін қолдана алатын негізгі төрт техниканы атап көрсеткен.

Қатынастарды өзгерту.Клиентте өзіне деген жағымсыз қатынас және өмірге деген пессимисттік көзқарас болады. Шын мәнісінде адам басқалар үшін тартымды, бірақ өз-өзіне ұнамауы мүмкін. Немесе адамда көптеген күрделі мәселелер бар, алайда ол ештеме жасай алмайды. Екі жағдайда да логотерапевттің міндеті – клиенттің жағдай туралы ойлайтынын өзгерту. Осыған ұқсас мақсаттарды когнитивті бағыт та қояды. Қатынастардың модификациясына тура жол арқылы – өз пікірлерімен бөлісе отырып, клиентпен таласа отырып қол жеткізіледі. Барлығы да клиент жаңа көзқарасқа ие болуы үшін жасалады. Позитивтіні іздеу – логотерапияның формаларының бірі.

Ауыстыру.Дәрігер Франклдың әдістерінің бірі ретінде ауыстыру бізге өзімізді ұмытып, осылайша өз зейінімізді ауыстыруға, ойымызды басқа біршама позитивті аспектілерге ауыстыруға мүмкіндік береді. Біздің көбіміз өз қиындықтарымызға, жағымсыз тәжірибе мен сезімдерде «жабысып қаламыз». Ауыстырудың (дирефлексия) мақсаты – біздің зейінімізді қайта басқаға шоғырландыру. Басқаша айтқанда, терапевттің міндеті – клиентке қиындық туралы емес, басқа нәрсе туралы ойлауға көмектесу.

Сендіру әдісі (шақыру).Лукас жоғарыда бейнеленген техникалар сіздің клиентпен жұмыс үрдісінде оны тыңдап, оның дүниетанымын анықтауыңызды, ал одан кейін жағдайдың объективті мәнін анықтауға тырысуыңызды талап етеді дейді. Сендіру әдісі Анонимді Ішімдікке салынушылар топтарының қызмет етуінің негізінде жатқан тұжырымдаманы еске түсіреді. Психолог клиент тап болған жағдай мүлдем шарасыз емес деп есептейді және клиенттің соны саналағанына қол жеткізгісі келеді. Мысалы, клиентке мынадай фразаларды дауыстап айту ұсынылады: «Мен сондай шарасыз емеспін, мен өз қылықтарымды бақылып, өз тағдырымды бағыттай аламын».

Наши рекомендации