Дәріс тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Қасым 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, басқыншы жауға қарсы қолындағы қарумен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа бастан аяқ қатысқан ақын елге жаралы оралады. Ол жарақатынан айыға алмай жүріп 1955 жылы өмірден өтеді. Ол жөнінде:
Қасым поэзиясындаағы осы бір патриоттық, отаншылдық сезім ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше молайды. Соғыстың қатал да ащы өмір шындығы ақынды да, оның жырларын да тез есейтті. Соғысқа дәл аттанар алдында ақын «Мазасыз музыка», «Армиясы Лениннің», «Бейсекештің бес ұлы», «Қоштасу» сияқты патриоттық өлеңдерін жазады. Қасым әуелі Қиыр Шығыста 1941-1942 жылдары міндетті әскер қызметін өтейді де, 1943 жылдан 1945 жылға дейін батыстағы соғыс майданында болады. Қатардағы солдат болып, міндетті әскер қызметін өтеген Қасым майдан, жорық жолының қажырлы күрестерін басынан кешеді. Ақын шығармаларының Отаншылдық рухқа толы ең бір өрісті кезеңі, жауға даген ашу-ызасының сыртқа шыққан кезеңі де – Ұлы Отан соғысы жылдары екендігі даусыз. Ақынның сағынышы мен өршіл романтикасы қатар көрініс тапқан «дариға, сол қыз» және кеңес жауынгерлерінің қажымас қайрат, мұқалмас ерік-жігерін мәңгілікке таңбалаған «Ақын өлімі туралы аңыз» туындылары осы кезеңде жазылды. Қ.Аманжолов лирикасының тақырыбы әр алуан. Әсіресе, Отан, туған жер, соғыс тақырыбына жазылған өлеңдері мен әндері қасым талантының сан қырлылығын танытады. Қазақ халқы ежелден «Отан – от басынан басталады» - деп ең алдымен от басы, ошақ қасы, туған ауылды қала берді өскен ортасын сыйлауды ізгі борыш деп санаған. Осы тұрғыдан келгенде Қасым жырлары да туған жерден тамыр тартып, Ұлы Отан дейтін үлкен ұғымды құшағына сыйғызып жатыр.
Қасым ақынның азаматтық позициясы, туған жерге деген махаббаты жаумен бетпе-бет келген Ұлы Отан соғысы жылдарында барынша көрінді. Сол соғыс майданында жүріп-ақ, Қасым Аманжолов көптеген лирикалық өлеңдер жазды. Оның бірқатары «Қанқұйлы жау», «Отан туралы жыр», «Үстімде сұр шинелім», «Май майданда», «Подполковник Алпинге», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Сен – фашиссің, мен - қазақпын», «Қызғалдақ» сияқты өлеңдері соғыс өмірін суреттеуге арналған. Бұл өлеңдерінде Қасым кеңес адамдарының зұлым жауға деген ашу-ызасын, туған жерге, Отанға, досқа деген жалпы махаббатын сияқты лирикалары туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін суреттеуге арналады.
Ақынның шоқтықты туындысы «Абдолла» (Ақын өлімі туралы аңыз) поэмасы алғаш 1944 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде басылған. Абдолла Жұмағалиев (1911-1943) талантты жас ақын, Қасымның жақын досының бірі болатын. Бұл поэма оқиғасы трагедиялық халмен аяқталатындығына қарамастан, онда пессимистік сарын жоқ, керісінше, сол трагедияға мойын ұсынбайтын өршілдік басым.
Соны істеген ердің өлімі қандай аянышты! Бұл жерде ақынның әр сөзі кеудеңе дәл тиеді. Абдолланың:
«Автоматты ең соңғы рет
Алды демін тынды сұлық!..»
Абдолла содан кейін :
«Жанарымен шырқ үйіріп,
Жер мен көкті алды жиып
Сол бір көздің аясына
Кеткендей ед дүние сыйып...
Күй көңілді, жаз бейнелі,
Алтын өмір мың құлпырып,
Көз алдында жардай күліп,
Қасақана алды тұрып...
Ғашық жардай қайран өмір,
Қиналдырмай қалатын ба ең?
Желпуші еді ол жуытпай кір
Құс жаннының қанатымен...»
Поэма майданда ерлік көрсетіп, елі үшін қаза тапқан ақын жайында.
№ 13 дәріс тақырыбы: Қазақ тарихи романдары: тарихи және көркемдік шындық
Өткен тарихи дәуір шындығын бейнелейтін қазіргі қазақ романының көркемдік жүйесінде, идеялық, тақырыптық болмысында тарихи шындықтың атқаратын қызметі өте жоғары. Тарихи роман табиғатының әлемдік және қазақ әдебиетіндегі күрделі жанр болмысын бір ғана тақырыптық-идеялық өреде емес, кемел ұлт әдебиетінің көркемдік құдіретін танытатын эстетикалық айдынының кең өрісті өнері деп білген зерттеуші «тарихи роман табиғатын тану стихиясы сабақтас, әрі салыстырмалы осы біртұтас өнер ұғымының ішкі ерекшеліктеріне басталады. Белгілі бір жазушының өз заманынан талай жыл, талай ғасырлар бұрынғы тарихи тақырыптарға баруы тек тарихи мұқтаждықтан ғана туса керек» деген байыпты көзқарасын білдіреді.Жазушының тарихи шындықты сұрыптап, екшеу, жинақтауының басты ерекшеліктерін анықтау өте күрделі, көп сатылы творчестволық процестің кейбір маңызды, негізгі деген қырларын тануға көмектеседі әрі әдеби шығарманың көркемдік- идеялық бітімін, похтикалық жүйесін анықтауға жол ашады. Сонымен, бұл мәселені пайымдауда М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен қазіргі тарихи роман, М. Мағауиннің «Аласапыран», С. Сматаевтың «Елім-ай», Қ. Жұмаділов «Соңғы көш», «Дарабоз» т.б және басқа шығармалар жатады.
С. Сматаевтың «Елім-ай», М. Мағауиннің «Аласапыран» секілді үлкен көлемді эпикалық шығармалары тарихи өмір шындығын жинақтау мен даралаудың алуан түрлі тәсілдеріне мейлінше бай. М.Мағауиннің Алаш мұраты атты ұлттық идеяны алтын қазық еткен атаулы шығармаларының ішіндегі ең толағайы, ауқымы кеңі, көлемі де зоры, кемеңгерлігі де молы ұлт тарихына терең бойлап, ғасырлар тұңғиығынан інжу-маржанды сыр тартқан, халқымыздың рухани мәдениетіндегі айтулы оқиға болған “Аласапыран” романы екендігі даусыз. Мұхтар Әуезовке бүкіл өмірін сарп еткен “Абай жолы” қандай аяулы болса, Мұхтар Мағауинге баба жыраулардың баһадүр поэзиясынан елес берген, бозбала шағынан арман еткен “Аласапыраны” да сондай қымбат. “Өмірімнің басты шығармасы “Аласапыран” – деп автордың өзі айтып тұрса, дұрысы да сол. «Аласапыран» роман-дилогиясы - сондай аз асылдарымыздың бірі, жай бірі ғана емес, бірегейі.
Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе? Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы ханы Абылай, батыры Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі… Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, зұлымдық қайдан келеді – деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады.
"Соңғы көш” – адамзат баласы жылап келіп, жылап кетіп жататын мына жарық дүниедегі қазақ деген халықтың бүкіл болмыс-бітімінің, кескін-келбетінің шежіресі. "Соңғы көш” – ғасырлар бойы аузынан "тәубасы” мен "қанағаты” түспеген, ешкімге ұқсамас төлтума мәдениет жасаған, мына жарық дүниеде барша жұртқа гуманизм мен шынайы демократияның жарқын үлгісін көрсеткен, өмірге адамның қонақ екенін терең түйсінген, "қонып бір өтер сай үшін, арам өлер тай үшін” бет жыртыспауға үндеген, жаны жайсаң, жүрегі мәрт жұрттың шынайы тарихы; "Соңғы көш” – қазіргі таңда жаһандану процесі адамзат қоғамына дендеп еніп, материалдық игіліктер бірінші кезекке шығып, руханият әлемі кейінге ысырылған, рухани азғындау, экспансия элементтері, несін жасырайық, қоғамға ене бастаған сәтке қарағанда, рухы биік, өзін табиғатты бағындырушы емес, керісінше, сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде түйсінген ұлы дала тұрғындарының айнасы. "Соңғы көш” – табиғи тазалығын, кәусар бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың өмір атты керуен – көштегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы.
C. Сматаевтың «Елім- ай» романында Аякөзде болған ұрыстың ұзын- ырғасы суреттелмей, ол туралы жұртшылық сахнасындағы ұғым- түсінік, тарихи баға алға тартылады.
Халықтың тарихи жырларында кең суреттелетін көптеген ержүрек ер ұландары да «Елім-ай» романында басты кейіпкерлер қатарында көрсетіледі. Осындай батырлардың бірі- Сіргелі Елшібек Ш. Уәлиханов жазып қалдырған аңызда Абылай тобындағы батыр болса, С. Сматаевтың романында Әбілқайыр ханның бұйрығы, тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
№ 14 дәріс тақырыбы: Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
Ілияс Есенберлин әдебиеттегі алғашқы адымын 1945 жылы ақындықтан бастады. Жеке жинақ болып шыққан өлеңдері өз алдына, ол «Айша», «Біржан сал трагедиясы», «Адамгершілік жыры» атты поэмалардың, қырықтан астам ән текстерінің авторы. Олардың арасында кезінде халыққа кеңінен тараған «Домбыра», «Қыз арманы», «Жастар вальсі және басқа да әндер бар. Тарихи тақырыпқа құлаш ұрып 1969 жылы «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» романдарын жазды. Бұл романдар XV – XIX ғасыр ортасын дейінгі қазақ тарихи суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Жазушының «Айқас», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Маңғыстау майдасы», «Алматы», «Махаббат мейрамы» романдары қалың оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленгені белгілі. Қуғын сүргін көріп, қамалып, 1953 жылы бостандыққа шықты. 1983 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті. «Жұлдыздар» атты поэмалар жинағы жарияланды. Ілияс Есенберлин 40‑тан астам әңгіме, мәтіндердің авторы. І. Есенберлиннің шығармалары орыс, украин, латын, өзбек, алтай, башқұрт, француз, қытай, неміс, испан тілдерінде жарияланды. Атбасар қаласындағы, Алматыдағы мектептерде, көшелерге Есенберлиннің есімі берілген. ХХ ғасырдың екінші жартысында жанр ретінде қалыптасып, дамыған тарихи романдар туралы сөз етпекпіз. Қазақ тарихи романшылығы туралы айтқанда қазақ халқының тарихын суреттеуді басты нысана етіп, «Көшпенділер» трилогиясының авторы Ілияс Есенберлиннің әйгілі туындысына тоқталғанды жөн көрдік. Ол кезінде «нөмірі бірінші ұлтшыл» атанған Ілияс Есенберлин басты шығармасы – трилогиядағы «Алмас қылыш» – қазақтың Ақ Ордасын қайта көтеріп, үш жүз болып бірігу идеясын дәріптесе, «Жанталаста» – айналадағы алпауыт ұлттармен жан алып, жан беріскен заман суреттеледі. Ал «Қаһар» – бостаншыл ұлтымыздың рухы өлмейтінін паш етеді. Ал осыған кең көлемде тоқталып өтелік. Бұл туындысы Есенберлинді бүкіл халықтың жүрегінен орын тапты десек, қателесе қоймаймыз. Өйткені Ілияс Есенберлин «Ғалымның хаты өлмейді, ақынның аты өлмейді» демекші . «Маңғыстау майданы» романындағы Гүлжамила Жәлелді сүйді. Бірақ Гүлжамилаға өзінің – Жәлелге, Жәлелдің өзіне деген сүйіспеншілігі жеткіліксіз болды. Гүлжамилаға қатардағы, жай‑жағдайсыз жігіттің алдал сүйіспеншілігінен гөрі беделі де, бағы да, байлығы да жетіп жатқан Сәлімгерейге шығу тиімдірек болды. Алайда, Гүлжамила Сәлімгерейдің атақ‑даңғы мен молшылық тұрмысына қоса Жәлелдің жастығы мен махаббатында өз қараған басының қызығы үшін пайдаланбақшы.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының мәні айырықша. Аталған трилогияда қазақ тарихының бірнеше ғасырдағы оқиғаларын, бағытын, қайшылықтарын, тарихи қайраткерлердің өмірін кеңірек түсінуге қазақ әдебиетіне жол ашты; архивтерде сақталған, халық әдебиетінде, шежірелерде көрініс берген алуан деректерді биік дүниетаным, талғам тұрғысынан сараптап, іске жаратты; оқушылардың тарихи білімін өсіріп қана қойған жоқ, көптеген көркем тұлғалармен де таныстыра алады. «Көшпенділер» Ресеймен сан ғасырлық байланыстың тыңын көтерді, көпшілікке мәлімсіз болып келген кесек‑кесек оқиғаларды, түрлі адам тағдырларын қайта тірілтті. «Көшпенділердің» мұншама табысты болуының себебі тек шығармалардың көркемдік қасиетіне байланысты деп қарау жеткіліксіз болар еді. Біздің ойымызша бұл тарихи романдардың жылдар бойында әсері кемімей келе жату сыры тереңіректе жатыр. «Көшпенділер» елдік дәстүріміз, ғасырларға созылған, шытырмаға толы тарихымыз бар екендігін көркем әдебиет көлемінде тұңғыш рет таныстыра алды. Шындығында І. Есенберлиннің «Көшпенділер» (1976) трилогиясын құрайтын «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1974), «Қаһар» (1969) кітаптарының жазылуы жазушы зертханасындағы тынымсыз еңбектің нәтижесіретінде ажарлана көрінгенімен, олардың әрқайсысының жарыққа шығуы, кейінен трилогияға айналып, бүкілхалықтық қолдауға ие болып, әдебиет сынынан өтуінде көптеген қиындықтар болғаны мәлім. Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірі туралы зерттеуінде академик С. Қирабаев сол кездегі қоғамдық өмірдегі жағдайды былай сипаттайды: «50-ші жылдардың бас кезіндегі қазақ тарихына байланысты толқулар көрнекті, тарихшылар мен ғалымдардың қуғындалуы әдебиет алдында тарихи тақырыпты біржола жауып тастағандай еді. Орыс халқымен достықты жазған жекелеген шығармалар болмаса, қазақ тарихының көптеген күрделі мәселелері жабық жатты.
Көпшілік қауымның көркем прозадан көңілі қала бастаған тұста Есенберлин бүгінгі өндіріс тақырыбына жазылған «Айқас» атты романын ұсынды. Оған жалғаса «Ғашықтар», «Маңғыстау майданы», «Аманат», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алтын құс» романдары бірінен соң бірі жарық көрді. Бұлардың бәрі де құнсыздана бастаған бүгінгі күн тақырыбын құнарлы еткен шығармалар еді. Содан да халық бұл туындыларды ыстық ықыласпен қабылдады. «Айқас» романына Мемлекеттік сыйлық берілді. Ілияс Есенберлин өзі жазғандай: «Адамның бағы көбейген сайын жауы да көбейеді. Есенберлин алып Олжас айтқандай: «Зор энциклопедиялық білім мен талатты қалам иесі» еді.
№ 15 дәріс тақырыбы: Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Қаламгердің өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі. Әдеби қауым мен оқырман жұртшылықты қатар жалт қаратқан кезекті мына шығармасында автор тәжірибеге мықтап сіңісіп кеткен шарттылықты батыл бұзып, социалистік реализм заңдылықтарын басшылыққа алып, жана концепсия ұсынды. Жалаң насихаттық тенденция үстемдігі жалықтыра бастаған шақта бойындағы табиғи болмыс-бітіммен, жағымды-жағымсыз қылықтарымен, өзіндік қарама-қайшылықтарымен аренаға шыға келген бейнені көргенде, әдебиетшілер мен оқырман қауым біршама уақыт тосылып қалған. Қожаны балаларымызға қалай үлгі етеміз? Осының өзі жағымды кейіпкер ме? Бұл бейнені қалай талдап, қалай түсіндіреміз? Осынша сұраққа бірден жауап беру қапелімде оңай бола қойған жоқ. Бірақ, талғамы өсе түскен, белгілі даярлығы бар, классиканың өнегесімен тәрбиеленген жас оқырмандар Қожаны көп жатырқай қоймайды. Мұны жаңа уақыттың, өскелең өмірдің, даму жолына көшкен әдебиеттің диалектикасы деп ұғамыз.
Қаламгердің кемеліне келген кезінде жазылған «Балалық шаққа саяхат» повесі мен «Өлгендер қайтып келмейді» романында автор фактілерді сұрыптап алуға, ана тіліміздің қорын пайдалануға, өмірдің ащы шындығын теренірек ашуға батылырақ жұмылған. Көркемдік компоненттердің байыту нәтижесінде сол таныс ортадағы ауыл адамдарының соғыс жылдарындағы қаһармандығы, басқа түскен қасіретті көп болып көтеруі, ұрпақтардың бірлігі жан толқытар дәрежеге жеткізіле әңгімеленеді. Біз талдап отырған шығармалар жайында да кезінде ала-құла пікірлер айтылған, автор солардың ішіндегі ұрымтал дегендерін ілтипатқа алып, бірсыпыра жетілдіру жұмыстарын жүргізген. Ал ұлттық әдебиетіміздегі қазіргі салмағы қандай, алар орны қай жерде, прозамыздың фонындағы көрініс көңіл тойдыра ма деген сұрақтарға жауап беру келешектің ісі.Соқпақбаев жалған жазуға жоқ, өз жүрегін тебірентпеген тақырыпқа қалам тартып көрмеген сарбаз жазушы. Кейіперінің ойда жоқта қалай үйленгенін, Буырыл аттың жануарға тән тағдырын, Гауһарға деген ыстық махаббатты драмалық, трагедиялық немесе лирикалық, элегиялық ыңғайда жазсын, оқырманын қапысыз сендіреді. Осыларда баяндалатын әрекеттердің қақ ортасында автордың өзі тікелей араласып жүргеніне еш күмәнің қалмайды.
Дегенмен жазушының балалық шағының ащы көріністерін бұл шығармадан гөрі «Балалық шаққа саяхат» кітабы толығырақ көрсететін секілді. Онда жазушының қабырғасы қатпай-ақ, ауыр тірлікке араласуы, аштыққа төзуі, шешесінен айрылып, тұл жетім қалуы, әр үйде жүріп, мектепке баруы бәрі-бәрі асқан шеберлікпен баяндалған. Бір жазушының айтқаны бар емес пе: «Үлкен жазушы болу үшін бақытсыз балалық шақ керек» деп. Бердібек Соқпақбаевқа оқырманмен соншалықты шыншыл болуды балалық шақтың сол кермек дәмі үйреткен сыңайлы. Егер жазушының шығармаларын оқымасаңыз, оқыңыз, балалық шаққа саяхат жасап, бір жасап қаласыз.Жазушы бір ауызға алған еңбектерінің барлығы да естияр балаларға, жастарға арналған болатын. Жеткіншектердің талғамын қапысыз тауып дағдыланған ол дәйім діттеген тұстан табылып та отыратын. Ал кейінгі жылдары балдырғандар үшін жазған бір топ ангімелері мен «Аяжан» атты повесінде қаламгер өзінің қалыптасқан балгілі стилінен айнымай, Аяжан атты кішкентай қала қызының сүйкімді бетімен қаз қалпында жасай қойған. Ауылдағы туыстарына кқшіп барған қаршадай қыздың жанарынан айрылған кемпірге жанашырлық жасауы, қалада аптекарь болып істейтін апасынан дәрі алдыруы, дәл сол дәрінің ауру көзге ем болуы барынша жылы, шуақты шертілген.
№ 19дәріс тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
1964-жылы « Ильич» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады, «Армысыңдар, достарым!»(1966),« Қарлығашым, келдің бе?» (1967), « Мавр» , (1969), « У. Уитмен « Шөп жапырақтар» (1969), У. Шекспир «Сонеттер» (1970) жинақтары жарық көргеннен кейін 1970-жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды. Данте « Құдіретті комедия» (1971), « Дариға жүрек»(1972) жинақтары басылады. 1973-жылы Қазақстан Жазушылар одағының жолдамасымен МәскеудегіМ. Горький атындағы халықаралық әдебиет институтына оқуға барады. « Аққулар ұйқтағанда» (1974), « Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1979) атты кітаптары жарық көрді. Өмірінің 1976 жылы жарық көрген «Өмір-дастан» атты таңдамалы өлеңдері мен поэмалары ақындық өмірдің бір түйіні белесіндегі қорытындысы секілді көрінді. Келесі, 1978 жылы жарияланған «Өмір-өзен» кітабын авторы көре алмады. Жомарт дарын, арқалы ақын кемеліне келіп, нағыз толысқан шағында 1976 жылы 27-наурызда 45 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Бейіті Алматы іргесіндегі кеңсай зиратында . Туған жері Қарасазда еңселі мұражайы , Алматыда өз атында кең көше бар. Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының толық жинағына 1008 өлеңі, 5 поэмасы, « Боз орамал» балладасы, « Жыл әкелген жыр» новелласы, « Түс» элегиясы, Уолт Уитменнен 25 аудармасы, В. Шекспирден 46 аудармасы, Николай Тихоновтан « Марок Аренсонға» , Роберт Беренстен « Тэм Глен», Файзолла Ансаридан « Күдік», Аветик Исаакяннан « Сократ», «Отар мен бақташы бала», « Туған жердің түтіні», Акоп Акопяннан «Революция», Евгений Евтушенкодан « Гүлдер мен оқтар», Федор Моргуннан « Көктөбеде» аудармалары енген .
Мұқағали лирикаларын тақырыптарға топтастырып, санамаласақ, осы жинаққа балаларға арналған 31 өлеңі енген.. Балалык шаққа саяхат жасай отыра, балалыктың балғын бояумен суреттейді. « Әліппе», « Тоқта, ботам!», « Тайлақ», «Арманда, ұлым!», « Үш бақытым», «Болмасын соғыс, болмасын», « Қуанышыңмен» т.т. өлеңдерінде балаларды білімге шакырып, отанга деген сүйіспеншілігін арттыруда өзіндік үлесі бар , тәрбиелік мәні айқын аңғарылады.
№ 20 дәріс тақырыбы: Жұмакен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы
Ж.Нәжімеденов өлеңнің құдіреті – сыршылдығында, сыршылдықтын құдіреті – шыншылдығында деп ұғынады. Ол тек шыншылдық қана өмірлік болмыстың сырларына үңілте алар тереңдікті, замана келбетін жан-жақты қамти алар ауқымдылықты қамтамасыз ете алады деп ұғады. Оның шығармаларын интимдік, азаматтық, камералық, маштабты деп ен тағып, елеп-екшеп ала қою оншалықты оңайға түспесе керек. Көбіне көп күрделі әлеуметтік құбылыс қарапайым тұрмыстық штрих арқылы ашылып, күнде кездесіп жүрген тұрмыстық көрініс кез келгенімізге елеп-ескере бермейтін өрелі ақиқатқа ұласып жатады. Детальді мұншалықты мың құбылтып ойната алатын ақын бізде кем де кем. Деталь оның жырына тек дәлдік қана емес, кең қарымдылық пен ой ауқымдылығын да шебер дарыта алған. |
№ 21дәріс тақырыбы: Оралхан Бөкейдің өмірі мен
шығармашылығы