Лекция. Тақырыбы: Инженерлік бөгеттер, бекіністер. Инженерлік барлау жұмыстары.

Лекция жоспары:

1. Жарылмайтын инженерлік бөгеттер.

2. Минажарылғыш бөгеттер.

Лекция мақсаты:Студенттерге инженерлік бөгеттер, бекіністер жайлы түсінік беру және инженерлік барлау жұмыстарын жүргізумен таныстыру.

1. Қазіргі заманғы ұрыста инженерлік бөгеттер бөлімшелердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуде бұрыңғысынша маңызды рол атқаратын болады.

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату адам күшімен техникасын шығынға ұшырату өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Инженерлік бөгеттер әскерлердің ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады, оларды табиғи бөгесіндермен ұштастырып атыс жүйесіменде әскердің іс-қимылымен де тығыз ұштастырып командирдің шешімімен сәйкесм жасайды. Инженерлік бөгеттерді шептер бойынша және бағыттар бойынша жасайды; олар қарсылас үшін күтпеген жерде болуы және өз әскерлерінің маневрін шектемеуі керек.

2.Инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер болып сараланады, танкке қарсылары және жаяу әскерге қарсылары болады. Өзендер (су қоймалары) болған кезде судағы бөгеттер қойылуы мүмкін.

Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы (шоғыры) мен жеке миналар түрінде жасалынады.

Мина жарылғыш бөгеттер жасауы үшін танкке қарсы (ТҚМ), жаяу әскерге қарсы (ЖҚМ) миналар, сондай-ақ жарылғыш заттардың (ЖЗ) зарядтары қолданылады, мина жарылғыш бөгеттермен бір кешенде сигналдық миналар (СМ) қойылуы мүмкін.

Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз – қарсыласқа шығын келтіру, оның жүрісін бөгеу, айла қолдануын қиындату және артиллерия, танк және ату қаруы атысынан жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында жергілікті жерге орнатылған құралдар, ғимараттар мен бөгеттер.

Олар топырақ, ағаш, ағаш-топырақ, металл, тас, бетон, темір-бетон, мұз, қардан жасалады.

Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге қарсы, көлікке қарсы, десантқа қарсы, аралас болып бөлінеді.

Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады:

1) стационарлы (орлар, эскарптар, контрэскарптар, үйінділер, баррикадалар, қар үйінділер, сым темір қақпалар т.б.);

2) тасымалы (сым темір ширатпалар, тікенді сымдардан, бөренеден айқастырып жасалған тосқауыл, бөгет, керме ағаш).

Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны ұрыс жүргізу тактикасына байланысты атыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай таңдалады.

Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы, тікбұрышты және үш бұрышты профильді орлар қазу кезінде қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге байқалмайтын сым торлар, сым ширатпалар, тез қолданылатын тікенекті сым бөгеттер, сым торлар, қоршаулар, тікенектер мен керме ағаштар жатады.

Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт (пакет) элементтерден жасалып орнатылады. Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірдің сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты биіктігі – 1,2 м дейін, ұзындығы мен ені – 10 м, биіктігі – 90 см тор кеңістік пайда болады.

Иректі сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі-үш қатардан, биіктігі бойынша бір-екі қабаттан орналастырылады. Орнату кезінде иректер өзара сыммен байланып, қазықшалармен жерге бекітіледі. Орнатылған соң әр ирек ұзындығы – 10 м, биіктігі – 90 см цилиндр тәрізді болады.

Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай болмаған кезде қолданылады. Лақтырылатын тікенек сымды көбінесе қалың шөп немесе аласа бұтақтарға, мибатпақты учаскелерге, тасты жерлерге қолданған дұрыс.

Сым торлар биік және аласа қазықшаларға созылып тартылады.

Биіктігі 1-1,8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға орнатылған сым тор күйінде, ені – 3-5 м, биіктігі – 1,2 м кеңістік тор жасай орналастырылады.

Аласа қазықшаларға созылған сым тордың ені 6 метрге жетеді. Ұзындығы 70 см қазықшалардың бір-бірінен қашықтығы – 1,5 м, жер бетінен биіктігі 25 см болады.

Сымды қошаулар тікенді сымның 5 жібімен өрілген бір қатар қазықшалардан тұрады (үшеуі – көлденең, екеуі – диоганаль бойынша).

Күшейтілген сымды қоршау – екі-үш көлденең сым бекітілген, қазықшалармен күшейтілген әдеттегі сымды қоршау. Созылымдарды арасы 1,5 м қашықтықтағы қоршаудың екі жағынан қағылған кіші қазықшаға бекітеді.

Тікенектер мен керме ағаштар – тікенек сыммен өрілген сырғауылдар, олар жолдарға, орларға, бөгеттердегі өтпелерге қондырылатын тасымалы бөгеттер ретінде қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жарылмайтын бөгеттер қандай материалдардан жасалады және олар қандай

мақсаттарға арналып бөлінеді?

2. Жарылмайтын бөгеттердің қандай түрлерін білесіздер?

3. Жарылмайтын бөгеттерді орналастыру орны қалай таңдалады?

4. Мина-жарылғыш бөгеттерден өту тәсілдері туралы айтыңыздар.

Лекция. Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамындағы ЖҰМ-дар және қалқа объектілері.

Лекция жоспары:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі ЖҰМ-дар, олардың тактика-техникалық сипаттамасы.

Лекция мақсаты:Студенттерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкілері мен қалқа объектілері туралы түсінік беру және олардың тактика-техникалық сипаттамаларымен таныстыру.

Лекция мәтіні: Мотоатқыш бөлімшелері – взвод, рота – тактикалық болып саналады. Олар ұйымдастырылған түрде мотоатқыш батальонының құрамына кіреді. Мотоатқыш батальоны мотоатқыштар бөлімінің негізін құрайды және жалпыәскери болып табылады.

Мотоатқыш взводының құрамында өз взвод командирі, взвод командирінің орынбасары және үш бөлімше болады. Сондай-ақ взводта ЖҰМ (БТР), Макаров тапаншалары, Калашников қол пулеметтері мен автоматтары, танкіге қарсы қол гранататқыштары, танкіге қарсы және жарықшақты қол гранаттар болады.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшенің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, атқыш-гранататқыш, гранататқыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы қол гранаттары болады.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және қозғалысқа (жылжуға) арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз жерлерден, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған.

Мотатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің келген мезгілі мен уақытында, кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе және жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

ЖҰМ-дар: БМП-1Қарсыластың танкілерін, қалқалы техникаларын, жеңіл паналарда жасырынған қарсыластың жеке құрамын жоюға және бөлімшелердің жеке құрамын тасымалдауға арналған. Тактика-техникалық сипаттамасы: БМП-1

- Салмағы 13,0+2%

- зеңбірегімен бірге ұзындығы – 6735 мм;

- Ені – 2940 мм;

- Клиренс – 370 мм;

- Биіктігі – 2068 мм;

- Қырға шығу мүмкіншілігі – 35 градус;

- Ордан өту мүмкіншілігі – 2,5 м;

- Қабырғадан өту мүмкіншілігі – 0,7 м;

- Экипажы – 11 адам (3+8);

- Орташа жылдамдығы – 65 км/сағ;

- Суда жүзу жылдамдығы – 7 км/сағ;

- Жанармай қоры – 462 л;

- Қару-жарағы: 73 мм 2А28 зеңбірек, зеңбірекпен қосарланған 7,62 мм 1 оқшашар,

1-9М14М танкіге қарсы қондырғы, зеңбіректің 40ПГ15В гранатасы, ПКТ оқшаша-

шарына 2000 патрон, 4- ПТУРС-тың зымырандары.

Қозғалтқыштың түрі – УДТ 20,6 цилиндрлі;

Қуаты – 300 ат/күші.

БМП-2. Қарсыластың танкілерін, қалқалы техникаларын, жеңіл паналарда жасырынған қарсыластың жеке құрамын жоюға және бөлімшелердің жеке құрамын тасымалдауға арналған. Тактика-техникалық сипаттамасы:

- Салмағы 14,0+2%

- Зеңбірегімен бірге ұзындығы – 6735 мм;

- Ені – 3150 мм;

- Клиренс – 420 мм;

- Биіктігі – 2450 мм;

- Қырға шығу мүмкіншілігі – 35 градус;

- Ордан өту мүмкіншілігі – 2,5 м;

- Қабырғадан өту мүмкіншілігі – 0,7 м;

- Экипажы – 10 адам (3+7);

- Орташа жылдамдығы – 65 км/сағ;

- Суда жүзу жылдамдығы – 7 км/сағ;

- Жанармай қоры – 462 л;

- Қару-жарағы: 30 мм 2А42 зеңбірек, зеңбірекпен қосарланған 7,62 мм 1 оқшашар,

“Конкурс” танкіге қарсы қондырғысы, зеңбіректің 40ПГ15В гранатасы, ПКТ оқ-

шашарына 2000 патрон, зеңбіректің патрондары -500 дана, ПТУРС-тың зымыран-

дары – 4 дана;

- Қозғалтқыштың түрі – УДТ-20,6 цилиндрлі;

- Қуаты – 300 ат/күші

Бақылау сұрақтары:

1. Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшенің құрамын

атаңыз.

2. ЖҰМ-1 діңтактика-техникалық сипаттамасы жөнінде айтып беріңіз.

3. ЖҰМ-2 нің тактика-техникалық сипаттамасын атаңыз.

Наши рекомендации