З. Ахметовтің – әдебиеттанушы ғалым

Зәки Ахметұлы Ахметов 1928 жылы 5 мамыр күні Шығыс Қаз.н обл. Ұлан ауданының Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1948 ж. Қазақ Мемл.унив.нің филология факультетінің журналистика бөлімін, 1951 ж. Ленинградтағы СССР ҒА-ның Шығыстану инст.ның аспирантурасын бітіреді. Сол жылы «Лермонтов и Абай» атты тақырыпта кандидаттық, 1965 ж. «Қазақтың өлең құрылысы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, 1966 ж. профессор ғылыми атағын алады.

Еңбектері:«Пушкин и Абай», «Новое в переводе Абая из Лермонтова», «Некоторые вопросы текстологического изучения произведений Абая», «Казахское стихосложение», «О языке казахской поэзии», «Өлең сөздің теориясы», «Поэтика эпопеи «Путь Абая в свете ее истории ее создания»», «Абайдың ақындық әлемі» т.б.

З.Ахметов үлкен ғылымға бірден өзін танытып енді. 1951 ж. Ленинградта қорғаған «Лермонтов и Абай» атты кандидаттық диссертациясының өзі сонылығымен әрі тереңдігімен әдебиеттанушы ғалымдарды елең еткізді. Екі ақынның рухани жақындығы, шығармашылық үндестігі олардың жекелеген туындыларын салыстыра зерттеу арқ.бұлтартпастай дәлелденіп, Абай аудармалары – түпнұсқалардың қайталауы емес, өнерлік сайыс болып шыққаны, бірақ соған қарамастан Лермонтов ойлары мен сезімдері терең түсініліп, дамытыла тсүкені нақиы талдаулар негізінде айқындалады. Дүние жүзіне мәлім түрколог С.Е.Малов пен әлемге әйгілі В.М.Жирмунскийдің аспирантурасында оқыған З.Ахметов таза академиялық сипаттағы оқымысты болып қалыптасты.

З.Ахметов әдебиеттану саласында талмай жарты ғасырдан астам еңбек етіп, оннан астам жеке монография, жиырма шақты ұжымдық кітап, төрт жүзге жуық мақала жазыпты. Осыларды салаларға бөліп, топтап айтар болсақ, мынандай ғылыми мәселелер анықталады екен. Олар: фольклор, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдеби байланыстар, текстология эәне аударма болып бөлінеді.

З.Ахметов фольклорға арналған арнайы зерттеу жүргізбеген, бірақ фольклортану үшін маңызды мәселелерді өз зерттеулерінде қамтыған. Әсіресе, оның халық поэзиясының өлеңдік түрлерін жан-жақты зерттегенін айта кету керек. Оны контексте ала отырып, ғалым қазақ фольклорының негізгі жанрларына өзіндік анықтама беріп, олардың ерекшеліктері мен ортақ сипаттарын ашады. Мәселен, толғау мен терме, мақал-мәтел мен жұмбақ, аңыз бен әпсана.

З.Ахметов бұл жанрларды сипаттағанда ең алдымен олардың поэзиялық һәм көркемдік қасиеттерін негізге алады. Айталық, ғұрыптық фольклордың үйлену мен жерлеу салттарына байланысты айтылатын жар-жар, сыңсу, беташар, естірту, көңіл айту, жоқтау сияқты өлеңдерінің ырғағй, буыны, бунағы, шумағы, тармағы, ұйқасы өте шебер талданып, олардың поэзиялық пішіні мен болмысы дәлелді ашылады. Қазақ фольклорының ең басты жанры саналатын жырға өте орнықты анықтама береді: «Жыр деп әдетте эпостық жырлар мен толғау, терме секілді ықшам, желдірмелі әуенмен айтылатын тармақтарды жеті-сегіз буынды болып, түйдектеліп келетін шығармаларды айтады. Жырдың өлшемі мен өрнегі (түйдегі, ұйқасы), әсіресе, эпостық шығармаларда көбірек кездесетін болғандықтан жыр эпостық поэзияға тән өлең түрі деген мағынада да қолданыла береді». Балалар фольклорын да өлеңдік құрылысы жағынан тұңғыш зерттеген адам болды.

З.Ахметовтың бұл байқаулары бүгінде «формулалық теория» деп аталады. Фольклорда, әсіресе, оның поэзиялық түрлерінде бір шығарманың өн бойында, немесе бір шығармадан екіншіге ауысып жүретін тұрақталған бейнелік тіркестер, суреттеулер, эпитеттер мен теңеулер аз ұшыраспайды. Фольклортану ғылымы бұл құбылысты да – поэтика заңдылығы әрі шығарманы баяндауда, орындау кезінде әдейі қолданылатын тәсіл деп санайды.

Әдебиет тарихы – З.Ахметовтің зерттеулерінде үнемі даму үстіндегі үрдіс болып көрсетіледі. Жалпы З.Ахметовтің әдебиет тарихына арналған жұмысы көп. Солардың ішінен, әсіресе, Шоқан, Абай, Шәңгерей, Дулат туралы зерттеулерін айрықша атай аламыз. З.Ахметов бұрынғы бір еңбегінде Абайдың тіл ұстарту өнерінен екі заңдылықты байқаған. Бірі-жаңа, соны сөздер мен сөз тіркестерін жасау да, екіншісі – бұрыннан белгілі, дәстүрлі, бейнелі сөзді жаңаша көркемдеп, тың мағынада қолдану. Мысал ретінде Абайдың бұрыннан қолданылып жүрген «жүрек» пен «көңіл» бейнесіне ондаған жаңаша көркем сипаттама тапқанын айтуға болады. Сондай-ақ «жол» бейнесінің Ақан сері, Абай, Сұлтанмахмұт өлеңдерінде немесе «асау» метафорасының халық жырында, Махамбет пен Абай шығармаларында қолданылуын салыстыра келіп, автор ұлы ақынның бұл метафораға жаңа мазмұн бергенін шебер дәлелдейді.

Абай туралы З.Ахметовтің 1995 ж. жарыққа шыққан монографиясы – ғалымның абайтануға қосқан тағы бір салмақты үлесі болумен бірге Абайды жаңаша тану жолында атқарылған ерен еңбек болды. Ғалым ұлы ақынның бүкіл шығармашылығын сала-салаға бөліп, әр қырынан қарастырады. Айталық, ақынның адамгершілік мақсат-мұраты, ғылым-білім, ақыл-парасат жайлы ойлары, сұлулық сымбаты, ойшылдығы, суреткерлік шеберлігі, т.т. Абайдың ақындық өнер мен ән-үй туралы толғаныстарын бөлек алып зерттейді. Ғалымның дәлелдеуінше, Абай көркем шығармашылықтың психологиясын, поэзияның эстетикалық функциясын жақсы түсінген әрі тыңдаушыларға жоғары талап қойған.

Әдебиет тарихын сөз еткенде З.Ахметовтің Абайға дейінгі де, одан кейінгі де аса көрнекті қайраткерлер туралы да қалам тербеткенін айтпай кетуге болмайды. Олардың кейбіріне арнайы мақала арнаса, енді біреулерін жалпы әдебиет, әсіресе, поэтика контексінде қарастырады, сөйтіп поэзиядағы дәстүр мен жаңалық, жалғастық пен өзіндік мәселелерін салыстыра зерттейді. Шоқанды көбіміз фольклорды зерттеуші әрі жинаушы деп білсек, ол Шоқанды әдебиетші-ғалы, мәдениеттанушы деп танытады. Шәңгерейдің бір өзіне қазақша мен орысшасын қосқанда 6 мақала арнаған.

М.Әуезов эпопеясын зерттегенде, екі кітаптың алғашқысы «Абай жолының» поэтикасына арнаған. Зерттеуші поэтиканы жалаң түрінде емес, романның туу тарихына байланысты, соның фонында қарастырған. «Абай жолының» туу тарихын жіті тексеріп шыққан, тіпті ол романның алғашқы басылымымен соңғы басылымдарды салыстырады, сөйтіп кейінгі үлгісінде қандай өзгерістер болғанын, олар неліктен енгізілгенін айтып, атақты эпопеяның бүкіл жетілу жолын айқындаған.

З.Ахметовтың аса бір мән берген саласы – текстология. Абай, Лермонтовтан аударған делініп жүрген «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» деген өлең Я.Полонскийдікі екен. Сол сияқты Абайдың «Қалқам-ай, мен іздемей жүремін көп» деген өлеңі Лермонтовтан емес, басқа ақыннан аударылғанын, бірақ әлі кім екені анықталмаған. «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» да Лермонтовтан алынбаған. Ол ақын В.А.Крыловтың «Разбитое сердце» деген өлеңіне жазылған. А.Рубинштейннің романсы бойынша аударылған. Осылармен қатар Абайдың бұрын кімнен аударғаны белгісіз болып келген бір топ шығармасы Лермонтовтың мұрасынан аударылғанын да сенімді етіп дәлелдеген. М, «Ал, сенейін, сенейін», «Рахат, мені тастап қоймадың тыныш», «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек», «Ғашықтық іздеп тантыма», «Күнді уақыт игеріп», «Адамның кейбір кездері» т.б. өлеңдері. Бұлар – жай ғана аударма емес, ақындық шабытпен қайта туындаған жаңа шығарма болып шыққанын З.Ахметов екі ақынның әр сөзін, ойын тексеріп, салыстырып барып дәлелдеген.

Наши рекомендации