СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағ/с. Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
СӨЖ №1. «Мен өзім тауда туып, тасында өстім...» 1. Ілияс және Жетісу 2-4 апта Ассоциограмма құрастыру
2. Ілияс өмірінің беймәлім қырлары Иллюстративті- танымдық презентация жасау
3. Ақын қазасы Эссе жазу
СӨЖ №2. Ілияс –лирик ақын 1. Ілиястың пейзаждық өлеңдері 5-7 апта Галлерея құрастыру (ақынның өлеңдері негізінде сурет салу)
2. Ақын жырларындағы адамның мінез- құлықтары Поэтикалық талдау Кесте № 1толтыру
3. Ілияс лирикасындағы бейнелі сөздер Көркемдік талдау Кесте № 2толтыру
4. «Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез, Шалма орап мұсылманның абызындай» және «сепсе қурай сырға қадап» деген өлең жолдары (қай өлеңнен?) Кербез жуаларға, қурайдың «сәнденіп» тұруына поэзиялық ой-толғау жазу.
СӨЖ №3. Ілияс-эпик ақын 1. «Күйші» поэмасындағы Қарашаш пен Ойсыл күйші бейнесі 9-11 апта Сценарий құрастыру
2. Ілияс Жансүгіров поэмаларындағы әйелдер бейнесі Образдық талдау Кесте №3 толтыру
3. І.Жансүгіровтің «Рүстем қырғыны» поэмасындағы шындық пен көркемдік шешім Тарихи еңбектердің негізінде талдау
СӨЖ №4.«Мен елімнің сағанағымын» 1.Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған... 12-14 апта Ілияс шығармашылығы жайлы дербес жоба құру
2.Менің Ілиясым Курс портфелін (портфолио) дайындау
3. Ілияс әлемі Есте сақтау картасын құрастыру
  Барлығы    

СӨЖ 1. МЕН ӨЗІМ ТАУДА ТУЫП, ТАСЫНДА ӨСТІМ...

Тапсырма 1. Ілияс және Жетісу. Ассоциограмма (ақыл - ой картасы) құрастыру

Жетісудың картадағы орны. «Жетісу (Жоңғар) Алатауы жотасы Тянь-Шань тауының алдыңғы тізбектерінен Іле ойысы арқылы бөлінген. Шығыс және оңтүстік-батыстан Жетісу Алатауының оңтүстік тізбегіне ҚХР-ның аумағында орналасқан Борохоро жотасы сілемдері кіреді. Жетісу Алатауы баурайында Жетісу ойысын Жетісу қақпасымен қосатын Алакөл ойысы орналасқан. Жетісу қақпасы солтүстікте Алакөл қазаншұқырымен, ал оңтүстік – шығыста Ебінұр (Қытай аумағында) көлімен шектеседі».

Лгі: №1

Лгі: №2

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары - student2.ru

Тапсырма 2. Ілияс өмірінің беймәлім қырлары. (иллюстративті -танымдық презентация жасау)

Презентация – студент белгілі бір тақырып бойынша материал жинап, өз көзқарасын, пікірін білдіреді.Презентацияда мәтін шектеулі, видео, сурет, т.б. жағы басым болады.

Презентация жасаудың жолы:

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары - student2.ru

Тапсырма 3. Ақын қазасы. (эссе жазу)

Сурет 1

Сурет 2

Сурет 3

Сурет 4

Эссе дегеніміз (француз тілінде - тәжірбие, латынша «құрау, таразылау», ағылшынша «очерк, мақала») – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы автордың жеке көзқарасын білдіретін, тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарайтын, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын көркем прозалық жанр. Кей эссе әңгіме, естелік түрінде де болады.

Әдебиеттегі эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізіне жүздіретін, таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын,өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссеге батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе жазу кезеңдері:

Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пунктуация, орфография);
• Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпты ашуда теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».

ЭССЕ ҮЛГІЛЕРІ

Менің түйгенім

Эссе

Асқар тау әкешім бар, сүйенішім,

Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.

Қабақ шытса балалық қылығыма,

Ешқашан болмақ емес ренішім.

Ойлайды әрқшан да бала қамын,

Көремін аялаған алақанын.

Әкемнен алған асыл қасиетті

Елімнің керегіне жаратамын.

Бала кезімнен анамнан гөрі әкеме жақын болғанымнан ба білмеймін, әйтеуір «Әке» деген сөзді естігенде жүрегім ерекше елжіреп, ішімде бір ерекше жылулық пайда болады. Еркелеп келіп әкемнің алдына отырып, мазасыз сұрақтарымды қойып, асыр салып жүрген кездерім еріксіз көз алдыма келеді.

Мен бақытты балалық шақты басымнан өткіздім. Өйткені ата– анам маған «ханшайымындай» қарайтын, әсіресе, әкем. Сабақтан келе сала іле – шала киімдерімді ауыстыра салып, шәй үстінде еркелеп келіп әкеме әңгіме айта бастаймын, ол болса менің әрбір сөзіме сүйсіне қарап, асыға– аптыға айтқан әңгімелерімді тыңдап отыратын еді. Неткен керемет кездер еді!.. Әттең, енді мен үйге келгенде әкемнің бос тұрған орындығын ғана көремін. Енді мен есейдім, әлгіндегідей құлап қалғандағы тізенің ауруы емес мені қинайтын, жанымның ауруы мазалайды. Сағыныш пен өкініш кеудемді өртегенде өзімді құдды бір терең құдыққа түсіп кеткендей сезінемін. Өйикені әкемді сағынамын. Бірақ бұл сағыныш келмеске кеткен бақытты шағымды қайтара алмайтыны өкінішті...

Бүгін мен әдеттегідей кешкі тамақтан кейін серуенге шықтым. Ойланып, өткен–кеткенді еске түсіріп келе жатыр едім, артымда бір әйелдің жалынышты дауысы естілді. Еріксіз бұрылып қарасам, ашуға булығып бізбен қатарлы бір жас қыз жылап келеді, артында әке–шешесі еріп келе жатыр. Түсінуімше, жас қыздың оқуының ақшасы төленбеген сияқты. Көзі қызарып: «Ақыры оқыта алмайтындарың бар, неге о бастан ойланбайсыңдар? Достарымның алдында ұятқа қалдым, сендер–ақ өстейсіңдер де жүресіңдер, одан да жетім болғаным артық еді!» – деп, ата–анасының жер–жебіріне жетіп келеді екен. Жалғыз балапандарының жағдайына алаңдаған байғұс әке мен ана бір нәрсеге ұрынып қалмасын дегендей қыздарының артынан еріп келеді. Іштей қыздың қылығына қарап, « Әй... Осы сөздерің үшін әлі талай өкінесің ғой» деп тұрдым. Көзі тірі ата–анасының қадірін білмей, тоғыз ай, тоғыз күн жүрегінің астында сақтап, кейін түн ұйқысын төрт бөліп әлдилеген анасы мен қамқор әкесінен гөрі жолдан кездескен достарын артық көрген мына қыздың қылығы ерсі көрінді. Құдайым–ау, осы адамдар қашан түсінеді екен, бұл өмірде ата–анадан, туған бауырдан, туыстан артық ештеңенің жоқтығын! Әлемде жеті миллиардқа жуық адам болса, соның он шақтысы ғана сенің қаның ғой, неге соларға лайық құрмет көрсетпеске?! Ата–анаң болмаса бұл өмірдің не екенін де білмес пе едің!.. Ата–анадай асқақ қасиет тұрғанда, оқудың ақшасы сөз болып па?.. Бұл ұялмақ түгілі жылайтын жағдай еді. Қоғамдағы балалар мен әке–шеше арасындағы салмақсыз, санасыз қарым–қатынастың күннен күнге өсіп өршіп бара жатқаны қынжылтады әрине, бірақ амал қанша, оны өзгерту менің қолымда емес...

Осы жағдайға куә болған соң, үйге келіп анаммен бірге отырып шәй ішіп, оның күлімдеп отырған жүзіне қарап отырып, бұл дүниеде осы мейірім шашқан анамның күлімдеген жүзін оқуға да, білімге де, байлыққа да, тіпті бүкіл әлемге де айырбастамайтынымды сездім. Ол – құдірет, сөнбес сәуле, өмірімнің мәні...

Бала әрқашан да өзін дүниеге әкелген жандарды биік құрметтеу керек, қартайғанда қамқор, жандарына сая болуы қажет, сонда ғана ол перзент парызын орындай алады, сонда ғана болашақта өз балаларының рақатына бөлене алады...

Наши рекомендации