Удармашының жалған достары.

Интернационал сөздер Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер. Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан. Ағылшын және орыс тілдерінде бірдей оқылатын және мағыналары бірдей сөздер көп. Бұл сөздер осы тілдердің бір-бірінен алынған немесе үшінші бір тілден кіріккен (француз немесе латын тілдерінен). Мысалы: contras, control, diagram, dialect – контраст, контроль, диаграмма, диалект. Әдетте интернационал сөздерді аудару қйындық тудырмайды. Егер олар бірдей мағына беретін болса. Бірақ, аудару кезінде интернационал сөздерді қолданғанда бұл сөздің аударылып жатқан мәтіннің стиліне қаншалықты сай екенін ескеру керек. Аудармашылар аударма жасау кезінде мағынасы жағынан әр түрлі, бірақ тұлғалары бірдей ағылшын және орыс сөздеріне жиі кезігеді. Бұл сөздерді псевдоинтернационал сөздер немесе “аудармашының жалған достары” деп аталады. Көпшілікке белгілі мысалдар: compositor сөзі композитор деп аударылмайды, наборщик деген мағынаны білдіреді; conductor сөзі кондуктор деп қана емес, режиссер деп те аударылады. Көбіне псевдоинтернационал сөздердің заттық-логикалық мазмұндарында айырмашылықтар болады. Мұндай айырмашылықтардың 4 түрін көрсетуге болады: 1.Орыс тіліне еніп кеткен ағылшын сөзі meeting ағылшын тілінде көп мағына береді. Олар “кездесу”, “жиналыс”, “дуэль” және т.б. Ағылшын сөзі record “рекорд” мағынасымен қатар “протокол”, “репутация” деген мағыналарда қолданылады. Nation сөзі “ұлт” мағынасынан басқа “халық”, “ел”, “мемлекет” деген мағыналарында жиі қолданылады. 2.Егер сөздер басқа бір үшінші тілден кіріккен болса. Аудитория сөзі екі мағына білдіреді: 1) кабинеттер және 2) люди, слушающие выступление. Ағылшын тілінде auditorium сөзі кабинет деген мағынаны білдіреді. Ал аудитория сөзінің екінші мағынасы audience деп аударылады. 3.Екі тілде де мағыналары сәйкес келуден басқа өзінің басқа мағыналары бар. Корреспонденция сөзінің ағылшын тіліндегі “correspondence” сөзімен бірдей келетін мағынасы “хат”, ал ағылшын тілінде жоқ мағынасы “газеттегі ағымдағы оқиғалар туралы ескерту”. Өз кезегінде ағылшын “correspondence” сөзінің орыс тілінде жоқ мағынасы “аналогия”, “сәйкестік”. 4.Тұлғалары ұқсас сөздер әртүрлі мағыналарды береді. Мысалы:

Story – история және ақылшын сөзіндегі екінші мағынасы бар. a part of a building comprising all the rooms that are on the same level. a three-story building Бір деңгейде орналасқан бөлімдер, соның ішінде ғимараттың бір бөлігі. Мысалы: Үш қабатты ғимарат. Box – коробка және орыс тәләндегі басқаша мағынасы “боксировать”, “бокс”.

ркін тіркестерді аудару.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінеді. Еркін сөз тіркестерін аударған кезде сөздерді ауыстыру жиі кездеседі. Себебеі, ағылшын тіліндегі сөздер тіркестің мағынасын толық аша алмауы мүмкін. черная неблагодарность black – жай ғана қара Сол себепті, “a rank ingratitude” деп аударылады. Кейде мағынаны дұрыс жеткізетін сөзді табу қиын. Аудармашы семантикалық ауыстыруларды пайдаланады. Генерализация және конкретизация Бастапқы сөз аударма тілінде басқа, мағынасы кең сөзбен Орел поднялся выше и снова стал делать круги. The bird went up end circled again. немесе тар мағынадағы сөзбен Он взял ребенка на руки. He took the child in his arms. ауыстырылады. Метонимикалық аударма Метонимия – өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Свободная продажа – a free market Плохо работающее производство – a money-losing factory Семантикалық компоненттерді қайта бөлу Түпкі нұсқадағы сөз тіркестің мағынасын нәтижедегі аударылған толық сөйлемге байланысты ауыстыру. Правительству было поручено глубоко изучить предложения, высказанные депутатами. The government was asked to make an in-depth study of the deputies` proposals. Компрессия Қазақ тіліндегі немесе орыс тіліндегі кейбір сөз тіркестері ағылшын тілінде жеке сөзге айналады. Ұлттар жағдайдың жақсы жаққа өзгеруін тілейді Nations wants to change the situation for the better. Народы желают изменения дел к лучшему.Nations wish to see improvements

Наши рекомендации