З.Қабдоловтың әдеби-теориялық еңбектері

Билет

Эстетика туралы түсінік

Энциклопедиялық сөздіктерде «эстетика» термині жан-жақты қарастырылып, оның адамның сезімдік қабылдауының көрінісі ретіндегі мәні терең ашылған. Жалпы «эстетика» термині ежелгі гректің «aijsgavnomas» - «сезу», «aijsghtikov» - «сезіммен қабылданатын» деген сөздерінен шығады. Оның негізгі мәні – нәтижесінде адам өзінің қоршаған ортаға қатынасын рухани-сезімдік дәрежеде сезінетін адамның болмысқа шығармашылық және сезімдік қатынасын меңгерудің тәжірибесін зерттейтін ғылым. «Эстетика» термині қазіргі ғылымда мәдениеттің эстетикалық құрамдас бөлігін көрсету үшін де қолданылады. Кейбір оқулықтарда (мысалы, Ю. Боревтің) қазіргі эстетиканың әлемдік көркем тәжірибені қорытатындығы айтылады. Ю.Б. Боревтің айтуынша, эстетика – жалпыадамзаттық құндылықтар мәні, олардың тууы, болмысы, оларды қабылдау және бағалау, сонымен қатар адамның кез келген іс-әрекеті процесінде дүниені эстетикалық қабылдаудың жалпы принциптері туралы философиялық ғылым болып табылады.

Эстетиканың басты категориялары болып эстетикалық, әсемдік, ұсқынсыздық, қасірет, сайқымазақтық болып табылады.

Эстетика-адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Педагогикадан қазақша түсіндірме терминологиялық сөздікте «эстетика - өнердің және көркем шығарманың даму заңдарын, идеялық мазмұны мен көркемдік пішіндерін, әлеуметтік рөлін зерттейтін ілім, сондай-ақ, өнерге көзқарас жүйесі, адам мен әлемнің арасындағы құндылық қарым-қатынастың ерекше көрінуі»-деп түсіндіріледі. Жалпы қорыта айтқанда эстетика сұлулық, әсемдік туралы ғылым.

З.Қабдоловтың әдеби-теориялық еңбектері

Қабдолов Зейнолла (1927-2006) - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 01181001001018118Атырау облысы Мақат ауданының 1Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген.

Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған.

Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы «Адам» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда «Сөнбейтін от» пьесасы сыйлық алған. «Мұхтар аға» документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған «Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды.

Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, «Елеусіз қалған есіл ер» пьесалар жинағы, «Менің Әуезовым», «Ұшқын», «Жалын» романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары «Жазушы», «Санат» баспаларынан әр жылдары басылып шыққан.

1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып “Сөз өнері” деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде %22қызмет"қызмет етіп келеді.

Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» 1976 жылы жарық көрді. Әрине, алғаш «Әдебиет теориясының негіздері» деген атпен 1970 жылы жарық көргенін біз жақсы білеміз. Бірақ Зекеңнің әдебиет теориясы жайлы еңбегінің даңқы қазаққа «Сөз өнері» деген атпен жайылды. Бұл кітаптың өзіндік ерекшелігін 1976 жылғы алғашқы басылымында Зекең өзі тасқа басқан маржандай етіп жазып кеткен

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы» бөлімі 1986 жылы 6 маусымда құрылды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі академик Зәки Ахметов (1928-2002) 1986-2002 жылдары ғылыми жобаларға тікелей жетекшілік етіп, бірқатар монографиялық еңбектердің жауапты шығарушысы болды.

Бөлім құрылған жылдардағы басты ғылыми бағыт әдебиеттанулық терминдер жасауға негізделді. Осыған байланысты З.Ахметовтің «Методологические проблемы разработок литературоведческих терминов» (доклад на V Всесоюз. тюркологической конф. 1988), «Методологические проблемы разработки терминов в казахском литературоведении» (Изв. АН КазССР. Сер филол. 1989) атты мақалалары жарық көрді.

Академик З.Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі» (1995) монографиясы және «Абай шығармаларының екі томдық толық академиялық жинағы» жарық көрді. Сондай-ақ, ғалым «Абай энциклопедиясының» да редакциялық алқасын басқарды. Ғылыми ізденістердің нәтижесі ретінде бөлім Зәки Ахметовтің бас мақаласымен «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» баспадан (1996, 1998) шығады. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» алғаш рет әдебиет теориясына қатысты әдеби ұғымдар мен «пәнсөздер» (терминдер) бір жүйеге түсірілді. Бөлім қызметкерлері қазақ әдебиеттануы мен әдебиеттану «пәнсөздеріне» қатысты ғылыми жұмыстар жүргізді. Бұл еңбекте әрбір «пәнсөздердің» мәнін ашуда қазіргі әдебиеттану ғылымының озық теориялық жетістіктері пайдаланылып, жалпы әдістемелік жағын алғанда негізінен теориялық поэтиканың пәндік ұстанымы басшылыққа алынды. Осы еңбекте асыл сөз (әдебиет) бен өнердегі, эстетикалық ұғымдардағы «пәнсөздер» (терминдер) мен түсініктерге ғылымианықтамалық мағлұматтар да берілді.

2000-2002 жылдардағы бөлімнің ғылыми жобасы «Методолгические принципы изучения системы жанров в социо-культурном и эстетическом контексте (начало ХХ века и современность)» деп аталады. Осы ғылыми жобаның негізінде Академик З.Ахметовтің «Основы теории казахского стиха» (2002) атты еңбегі ғылыми-теориялық ойлармен толықтырылып, қайта жарық көрді. Кітаптың «Система стихосложения в казахской поэзии», «Ритмическое членение строк», «Ритмическая равноценность слогов – основа силлабики» атты бөлімдерінде қазақ өлең теориясының реттілігі мен ерекшеліктері әр қырынан дәлелденген. Ғалым С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтардың зерттеулерін ерекше атай отырып, олардың теориялық ойларын дамытады.

Академик З.Ахметовтің жетекшілігімен 2000-2002 жылдары әдебиет теориясы бөлімі «Методолгические принципы изучения системы жанров в социо-культурном и эстетическом контексте (начало ХХ века и современность)» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша еңбек етті. Осы ғылыми жобаны негізге ала отырып «Жанр және поэтика мәселелері» (2004) атты ұжымдық (қазақ және орыс тілдерінде) монография дайындап баспадан шығарды. Зерттеуде ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі қазақ әдебиетіндегі жанр мен поэтика мәселелері әдеби үдеріс (процесс) контексінде қарастырылды. Зерттеу еңбек «Сөз өнеріндегі жанрдың ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық құндылықтары» және «Жанр және поэтика мәселелері» деп аталатын екі үлкен бөлімнен тұрады. Онда қазақ әдебиетіндегі жанрлық жүйе, әдеби үрдіс, эстетикалық контекст, әдебиеттің түрлері мен методологиясы ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелген.

Монографиялық еңбекте көбіне қазақ әдебиетіндегі жанрлық жүйе мен жанрлық түрлердің көркемдік ерекшеліктері және стильдік ізденістері жөнінде теориялық мәселелер қозғалды. З.Ахметовтің «Пушкин және Абай. Жанрдың мәдени-эстетикалық арнасы» атты зерттеуінде көркем аударма жанры туралы теориялық тұжырымдар жасап, оның поэтикалық мәселелері талданады.

Осы жобадағы «Сөз өнеріндегі тек пен түр» атты зерттеуінде академик З.Қабдолов қазақтың асыл сөз өнеріндегі терминдік атауларды дұрыс қолдану мен оның теориялық тұжырымдарына талдау жасайды. Бұл зерттеуінде автор замандастарының туындыларын да әлем әдебиеті контексінде салыстыра қарастырып, жанр табиғатын анықтап берді.

Наши рекомендации