І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздері

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университеті

Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ

Орындаған:Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

мамандығының 1 курс студенті Жұмахмед Н.Ж.

Тексерген: аға оқытушы, магистр Халикова Б.Т.

Орал 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І-ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері.............................................................................................7

1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас ерекшеліктері....................................................................................................15

ІІ-ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын анықтау..........25

2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын ойын арқылы дамыту................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................43

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан.

Адам адам болып жарытылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.

Мектепке дейінгі мекемедегі балалар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.

Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде балалар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Мектепке дейінгі мекемеде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.

Балалар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қою арқылы мектепке дейінгі мекеме тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды.

Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеме өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектепке дейінгі мекеме психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.

Мектепке дейінгі мекеме балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген.

Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленетін топтарда туындайтын қарым-қатынас жасауда қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу - қазіргі мектепке дейінгі мекеме алдында, қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі.

Курстық жұмыстың мақсаты:мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы өзара қарым- қатынас ерекшеліктерін анықтау және оны шешу жодарын қарастыру.

Зерттеу обьектісі:мектеп жасына дейінгі балалар.

Зерттеу пәні:Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері.

Зерттеудің негізгі болжамы:мектепке дейінгі балалардың қарым- қатынас мәселесіне қатысты тренингер өз уақытында жүргізіліп отырса, онда балалар қиындықсыз өзара қарым-қатынасқа түсіп отырады.

Зерттеу міндеттер:

• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.

• Мектепке дейінгі мекемедегі топтық ұжымда балалардың өзара қарым- қатынасын зерттеу.

• қарым-қатынасында проблемасы бар балаларды жіктеу.

• топтан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.

• Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

Л.С.Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және психология ғылымындағы А.С.Макаренконың "жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады" қағидасы, О.Осадьконың баланың алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стиліне байланысты, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлеледейтін зерттеулер - біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына арқау болды.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері:Топтағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы:Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы:Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала-бақша және мектепке дейінгі мекеме қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, ұжымнан изоляциялану себептері ашылған, сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге арналған кеңестер мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектепке дейінгі мекеме психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шеберлігін арттырады.

Зерттеу жұмысының базасы:БҚО, Орал қаласы, №45 Нұрсәт» балабақшасы, «Шаттық» мектепке даярлық тобы.

Курстық жұмыстың құрылымы:Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тарау және төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздері

Наши рекомендации