Студент тұлғасының типологиясы

В. Т. Лисовский студенттер типологиясын жалпылап, 11 типті жіктеген: Үйлесімді» студент. өз мамандығын саналы тандаған; өте жақсы оқитын; спортпен айналысатын; адал; әдепті; кемшіліктерге төзе қоймайтын; қарым-қатынаста ашық; мәртебесі жоғары болады. «Кәсіпқой» студент.өз мамандығын саналы, жауапкершілікпен тандаған; жақсы оқитын; қоғамдық жұмыстарға қатысатын; ғылыми зерттеу жүргізуге сирек қатысатын; практикалық іс-әрекетке қызығатын студент жатады. «Академик» студент. Ол өз мамандығын саналы таңдаған. Тек үздік бағаға оқиды. «Академик» студент жоғарыдан кейін білімін жалғастыруға бағдарланады. Сондықтан ол өзінің көп уакытын, күш-қайратын ғылыми зерттеу жұмысына арнайды. Қоғамшыл / белсенді» студент. Бұған қоғамдык іс-әрекетке қабілетті; қоғамдық жұмыстарға қатысуды маңызды деп санайтын студент типі жатады. «Өнер сүйгіш» студент. Бұл студент өнер мен әдебиетке жоғары қызығушылықпен ерекшеленеді. Табанды, ынталы» студент. Мұнда мамандықты дұрыс тандамаса да, оқуды барынша тырысып, білім бағдарламасын меңгеруде күш-жігерін аямайтын студент типі сипатталады. Орташа» студент. Бұл - «диплом алсам болды, кейін ешкімнен қалмай маман болып кетемін» деген қағидамен жоғары оқу орнын бітіру мақсатындағы студент. «Жалқау» студент. Әлбетте, бұл - нашар оқитын, «шпаргалка» қолдана алатын, «жанталасып керегі жок» деген ұстаным танытатын студент типі. Түңілген» студент. Әлбетте бұл студент қабілетті, бірақ, оның өзі таңдаған мамандығына көңілі жатпайды. «Шығармашыл» студент. Бұл студент кез келген іс-әрекетке - оқуға, қоғамдық жұмысқа, мереке-шараларға шығармашыл түрғыдан қарайды. «Ақсүйек /богема» студент. Ол абыройлы, айтулы, «богемаларға» лайықты оқу орнын, факультетті және мамандықты таңдайды.

Оқыту процесі және оның сипаттамасы

ХХ ғасырдан бастап әлемде білім берудің көптеген парадигмалары, типтері ж\е түрлері п.б. Дегенмен, қандай түрде болса да, жүйелі білім алудың ең сенімді жолы оқыту процесі б.т.Оқыту басқалардың білімді, дағдыларды меңгеруін және біліктілікті арттыруын қамтамасыз ететін мақсат – бағдарлы іс – әрекет болып табылады.Оқыту– педагог пен білім алушылардың өзара әрекеттестігі белсенді түрде жүзеге асырылатын процесс. Оқыту жүйе ретінде әлдеқайда тұрақты болатын бөліктерден құралады. Оқыту пәні; Білім алушы – оқыту процесіндегі субьект; Оқытудың тәсілдері, құралдары; Педагог – оқыту процесіндегі субьект. Оқыту процесін ұйымдастыру үшін екі бағытты қамтитын мәселені шешу керек: таным қызметіне жағдай жасау; психикалық дамуды жүзеге асыру. Оқыту процесінде бастамашы, басқарушы, реттеуші қызметін педагог атқарады. Оқыту педагог қызметіндегі бірқатар маңызды кәсіби әрекеттерді айқындайды: ақпарат беру; білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; оқу процесіндегі қиындықтарды жеңуге көмек беру; білім алушылардың қызығушылығын, дербестігін және шығармашылығын арттыру.

Оқытудың түрлері мен психологиялық тұжырымдамалары

Оқыту теорияларын оның нәтижелі және тиімді болу шарттарын тұжырымдауы бойынша жіктелуі: Мақсат-бағдарлы – оқыту процесі ертеден бастау алған, ақиқатқа жеткізетін сұрақтар қою әдісі арқылы. Догмалық оқыту – мешіттердің, шіркеулердің жанында ұйымдастыратын оқыту түрі. Көрнекілікпен түсіндіріп оқыту – білім беруде кеңінен қолданылады. Кейде көрнекілікпен түсіндіріп оқытуды енжер, сырттай бақылатып оқыту деп аталады. Дидактикалық энциклопедизм тұжырымдамасы – барынша көлемді ғылыми білім мен өмір сүруді меңгерту. Дидактикалық формализм тұжырымдамасы – қабілет пен танымдық қызығушылықты дамыту құралы Дидактикалық прагматизм тұжырымдамасы – білім алушылардың тәжірибиесін үздіксіз дамытып, түрлендіру. Функционалдық материализм тұжырымдамасы – таным мен іс әркеттің өзара ықпалдасқан байланысыОқытудың парадигмалық тұжырымдамасы – оқу материалын ұсыну Үйрену теориясы – байқау ж\е қателесу теор негізделген. Түсінуге бағытталған оқыту Бағдарламалап оқыту теориясы Модульдік оқыту – бұл түр оқу процесін ерекше формада ұйымдастыру.

Оқыту стилі

Оқыту - әдістер мен тәсілдердің жүйесі арқылы жүзеге асады. Оқыту процесіндегі нақты бір әдістердің басымдылығына байланысты оқыту стилі анықталады. Ғылым мен тәжірибеде оқыту стилінің бірнеше түрлері белгілі: оқытудың репродуктивті стилі;шығармашылықпен оқыту стилі;эмоциялық – құңдылық негізде оқыту.

Наши рекомендации