Календарлық-тақырыптық жоспар

Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

Курстың пререквизиттері: Студенттердің кәсіби білімі «Психология және адамның дамуы» курсымен таныстықтан басталады. Оны жемісті меңгеру үшін «Философия», «Жоғары жүйке жүйесі мен орталық жүйке жүйесінің іс-әрекетінің физиологиясы», «Әлеуметтану», пәндерімен таныс болуы кажет.

Постреквизиттер: Студенттердің барлық оқу үрдісі «Психология және адамның дамуы» базалық курсын меңгеру барысында алынған білімдерінің негізіне жүйесін құрылылады. Жоғары курста оқылатың пәндер, мыналар сияқты: «Әлеуметтік психология», «Педагогикалық психология», «Психология тарихы» және көптеген басқалары да психологияның негізгі принциптері мен жағдайларына сүйенеді.

Курстың көлемі «Психология және адамның дамуы» пәнің оқыту көлемі «Білім» тобындағы барлық мамандықтар үшін типтік оқыту бағдарламарына сәйкес дәрістік, практикалық (семинар) сабақ және студенттің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын қосқанда (СОӨЖ) – 3 кредит, яғни 135 сағатты құрайды.

Курс мазмұны дәрістерде ашылып, семинар сабақтарында бекітіледі. Сонымен қатар курстың негізгі бөлімдері бойынша түпдеректерді зерттеуге, әдебиеттерді рефераттау жәнеконспектілеуге, бақылау жұмыстарын орындауға арналған студенттердің өзіндік жұмыстары да өткізіледі.

Курс соңынан тест түрінде емтихан өткізіледі.

Психология және адам дамуы» пәнінің тақырыптық жоспары

(күндізгі оқу бөлімі)

Тақырыптар атауы Сағат саны
Дәріс Семинар ОСӨЖ СӨЖ
Психологияға және адамның дамуы пәніне кіріспе. Психологияның зерттеу әдістері
Адам психикасы мен сананың пайда болуы мен дамуы.
Сана мен бейсаналық  
Іс-әрекет психологиясы  
Психологиядағы тұлға мәселесі
Қарым – қатынас пен топтар психологиясы.
Танымдық процестер психологиясы
Психикалық күйлер.
Психикалық қасиеттер.
Даму психологиясының пәні, міндеттері мен әдістері.  
Жас мәселесі және психикалық дамудың зандылықтары.
Психикалық дамудың жас ерекшелік кезендері.  
Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму.  
Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жеткіншектік жастағы психикалық даму ерекшеліктері  
Кемел жас және кәрілік шақ психологиясы
  Барлығы:

Календарлық-тақырыптық жоспар

2.6. Дәрістік сабақтарының мазмұны:

Тақырыптар атуы және мазмұны Әдебиет Апта
Психологияға және адамның дамуы пәніне кіріспе. Психология пәні, міндеттері, әдіснамалық принциптері. Психика тіршілік иелерінің объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формалары. Психиканың негізгі функциялары.. Психология пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары. Психологияның зерттеу әдістері НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ - 3, 4, 5, 6, 8,11,12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Психика мен сананың пайда болуы мен дамуы. Психиканың объективті ақиқатты бейнелеу ретінде жалпы түсінік. Психология тарихындағы психиканың критерийлерің іздеу. Психиканың объективті және субъективті критерийлері. Психиканың даму кезендері. Туа біткен және жеке дара өзгермелі мінез –құлық. Жануарлардағы инстинкт, үйрену және иителлект ұғымдары. Жануарлардың іс-әрекеті, оның құрылымы мен заттық мазмұны. Жануарлардың бейнелеу формалары, мінез –құлықтың топтық формалары мен коммуникация үрдісі. Сананың пайда болуы мен дамуы. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні. Сананың түрлері, типтері мен формалары. Сананың туындау шарты: ұжымдық еңбек іс-әрекеті және тіл. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ - 3, 4, 5, 6, 8,11,12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 24.
Сана және бейсаналық. Сана және бейсаналықтың пайда болуы мен дамуы. Сана және санадан тыс психикалқ үрдістер. Іс – әрекетті реттеудегі саналы және бейсаналық үрдістер арасындағы арақатынас. Сана және бейсаналық: екі негізгі психологиялық тұжырымдамалар ретінде. З.Фрейд пен К. Г. Юнг еңбектеріндегі бейсаналық мәселесі. Кеңестік психологтар жұмысындағы бейсаналық мәселесі. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Іс-әрекет психологиясы Іс-әрекет туралы ұғым. Іс-әрекеттің заттылығы. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлаушы және орындаушы жеке дара және біріккен, шығармашылық және шығармашылық емес іс –әрекеттер. Іс –әрекеттің мақсаты мен мотивтері. Іс – әрекет және психикалық үрдістер. Іс – әрекет функциялары. . Іс-әрекет түрлері. Білім, іскерлік, дағды және әдеттер. Әрекет адам іс-әрекетінң бірлігі ретінде. Оның мақсатқа бағытталған сипаты. Әрекеттің бағдарлаушы негізі жайлы түсінік. Ішкі ақыл – ой әрекеті. Мақсат қалыптасу үрдісі. Әрекет (операциялар) орындау тәсілдері. Ақыл –ой операциялары. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Психологиядағы тұлға мәселесі. Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, субъект, жеке даралық). Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға құрылымы жайлы түсінік, оның негізгі компонеттері. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет – рөлдері, әлеуметтік жүріс-тұрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымдағы интеллект және қабілеттілік. З.Фрейд психоаналитикалық теориясындағы тұлға құрылымының көрінісі. Қатынас тұлғаның құрылымының элементі ретінде. Тұлға құрылымының концепциялары (А.Ф. Лазурский,В.И. Мясищев, Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн). Тұлғаның «Өзіндік сана» теориясындағы «Мен» бірлігі. В. Джемстің «Меннің» үш өлшемді компонетті құрылымы жайлы. Өзін –өзі бағалау және өзіндік қатынас. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Қарым –қатынас және топтар психологиясы. Қарым – қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері. Қарым – қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, перцептивті интерактивті. Қарым – қатынастың коммуникативті жағы: вербалды және вербалды емес қарым – қатынас. Коммуникация түрлері. Кинесика және оның компонеттері. Қарым – қатынастың кеңістіктік-уақыттық ұйымдастырылуы. Қарым – қатынастың перцептивті жағы: тұлғааралық қабылдау және өзара түсіністік. Қабылдау механизмдері мен эффектілері. Стереотиптілік құбылысының мазмұны мен мәні. Әлеуметтік стереотип түсінігі және оның түрлері мен қызметі. Өзге адамдарды тану мен қарым – қатынас үрдісінде «алғашқы әсердің» ықпалы. Қарым – қатынас қиындықтары мен кедергілері. Деструктивті қарым – қатынас түсінігі. Табысты қарым – қатынас факторлары. Шағын топтардың жіктелуі. Тұлға және топ. Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері. «Конформизм» құбылысы. Тұлғааралық қатынас жүйесіндегі жеке адам: персонализация концепциясы. Тұлғаның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Танымдық процестер психологиясы Түйсіну және қабылдау туралы ұғым. Түйсіну түрлері. Түйсінудің жалпы қасиеттері. Қабылдау және оның негізгі ерекшеліктері. Зейін және оның физиологиялық негізі (И.П.Павлов, А.А. Ухтомский). Зейін түрлері. Зейін қасиеттері. Ес туралы жалпы ұғым. Ес түрлері. Ес процестері. Ұмыту және оның түрлері. Реминисценция. Ретроактивті және проактивті тежелу. Ұмытуға қарсы күрес. Ойлау туралы жалпы ұғым. Ойлау және сезімдік таным. Ойлау операциялары. Ойлау формалары. Ойлаудың физиологиялық негізі. Ойлау түрлері және жеке-дара ерекшеліктері. Қиял туралы ұғым. Қиял түрлері. Арман. Агглютинация. Схематизация. Акцентировка. Қиялдың жеке ерекшеліктері, оның дамуы. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Психикалық күйлер. Психикалық күйлер туралы жалпы ұғым. Психикалық күйлердің көріну деңгейлері. Психологиялық, физиологиялық және мінез құлықтық компонеттер. Психикалық күйлердің жіктемесі. Эмоцияның функциялары. Бағдарлау, мотивация, активация,із құрастыру, қорғану,эвристикалық функциялар. Психологиядағы ерік мәселесі. Ерік іс –әрекетті иерархиялық реттеудегі жоғары деңгейі. Қажеттіліктер мен еріктің арақатынасы. Ерік әрекетінің құрылымы. Мотивтер күресі, ерік күші. Тұлғаның ерік сапалары және олардың дамуы. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Психикалық қасиеттер Темперамент және оның физиологиялық негізі. Темпераменттің негізгі типтері. Темперамент туралы ілімдерге қысқаша шолу) Гиппократ, И.П. Павлов, Э.Кречмер және У.Шелдон). Мінез ұғымы. Мінез құрылымы. Коммуникативті, рефлексивті, эмоционалды, ерікті мінездің интеллектуалды қасиеттері. Мінез типологиясына аналитикалық бағыт (А.Ф. Лазурский, Б.Г. Ананьев). УК.Юнг бойынша мінез типологиясы. Мінез акцентуациясы және А.Е. Личко бойынша мінез акцентуациясының типтері. Қабілет және нышан. Қабілет түрлері. Талант, дарындылық және данышпандылық. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Даму психологиясының пәні, міндеттері мен әдістері. Даму психлогиясының нысаны, пәні, мәселелері және әдістері. Даму психологиясының мақсаты мен міндеттері. Бала психологиясы мен мінез құлқындағы жас ерекшелік, эволюциялық, революциялық және жағдаяттық өзгерістер. Даму психологиясының негізгі категориялары. Даму психологиясының әдістері.   .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Жас мәселесі және психикалық дамудың зандылықтары. Даму ұғымы. Дамудың негізгі қасиеттері, заңдылықтары және механизмдері. Даму түрлері. Даму факторлары. Биогенетикалық тұрғы. Әлеуметтік-генетикалық тұрғы. Психикалвқ даму жөнінде псиоанализ. Л.С. Выготскидің мәдени-тарихи теориясы. Адамның психикалық дамуының заңдылықтары. Психикалық даму механизмдері. Дамудың актуалды және жақын даму аумағы. .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Психикалық дамудың жас ерекшелік кезендері. Жастың анықтамасы мен түрлері. Жас ұғымы. Жас кезеңдерінің жіктелуі. Шетел психологиясындағы жастық даму кезендерге бөлу. (З.Фрейд, Э.Эриксон, Ж. Пиаже). Кеңес психологтарының жастық даму кезендері (Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин). .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 12, 15.   ҚӘ- 1, 19, 21, 23,
Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму. Нәрестелік кезең.Ерте сәбилік кезеңде психикалық даму. Ерте балалық шақтың маңызды жетістіктері (тік жүру). Ерте сәбилік шақта іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы. Ерте сәбилік шақта баланың ақыл-ойының жетілуі. Ерте сәбилік шақта танымдық процестердің, сөйлеудің дамуы. Ерте сәбилік шақта жеке тұлғалық ерекшеліктердің қалыптасуының алғышарттары. Үш жас дағдарысы. Дағдарыс симптомдары (Л.С.Выготский). Мектепке дейінгі шақтағы баланың психологиялық ерекшеліктері. Мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық дамуы. Мектепке дейінгі баланың танымдық өрісінің дамуы. Мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуы. Мектепке дейінгі жаста бала ақыл-ойының дамуы. Мектепке дейінгі жаста тілдің дамуы. Баланың мектепте оқуға дайындығының психологиялық мәселелері. Жеті жас дағдарысы туралы ұғым. .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Бастауыш мектеп, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшеліктері. Кіші мектеп жасында психикалық дамудың жалпы сипаты. Балалардың мектептегі өмірлерінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері. Кіші мектеп оқушыларының психикалық дамуын анықтайтын жетекші іс-әрекет ретіндегі оқу әрекеті. Оқу әрекетінің қалыптасу заңдылықтары. Кіші мектеп жасында оқу барысында оқу іс-әрекетіне қатынастың өзгеру динамикасы. Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық процестерінің дамуы. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы. Бастауыш мектеп оқушыларының эмоциялары мен олардың жетілуі. Жеткіншектік кезеңнің әлеуметтік жағдайы. Жеткіншектік кезеңдегі дағдарыс проблемасы. Жеткіншектік шаққа өтуде болатын жаңа құрылымдар. Жеткіншектік шақта өзіндік сананың дамуы. Жеткіншектер қарым-қатынасы. Жеткіншектің жеке басының қалыптасуындағы ұжымдардың, референтті топтардың жетекші ролі. Жеткіншектер мінезінің ауытқу (“қиын”жеткіншектер) себептері. Жас өспірімдердің дамуының әлеуметтік жағдайы. Жас өспірімдердің жеке басының ерекшеліктері. Жас өспірімдік шақтағы жетекші жаңа құрылым ретіндегі кәсіби бағыттылық. Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы. Ғылыми және эстетикалық сенімдердің, әлеуметтік нормалардың қалыптасуы. Өзіндік сана, өзіндік бағалау және “Мен” бейнесінің дамуы. Өмірлік жоспарлар және кәсіп таңдау. Жас өспірімдерде кәсіби қызығулардың қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері. .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Кемел жас және кәрілік шақ психологиясы Ересек кезеңіндегі даму. Ересек кезеңіндегі физикалық даму. Ересек кезеңіндегі когнитивті даму. Тұлға, отбасы, жұмыс: үлкен адам дамуының контексті. Кәсіби цикл. Орта жас дағдарысы. Тұлғааралық қатынастар орнату ерекшеліктері. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік критериялары мен факторлары. Когнитивті сферада өзгеру сипаты. Қарт адамның зейнеткерлікке шығуға бейімделуіне ықпал етуші физикалық, экономикалық және әлеуметтік факторлар. Қартаюдың алдын алу. Ұзақ жасау проблемасы. Ұзақ өмір сүру факторлары. Әлеуметтік проблема ретіндегі қартаю   .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,

2.6. Семинарлық сабақтарының мазмұны:

Тақырыптар атуы және мазмұны Әдебиет Апта
Психологиялық ғылымының және практиканың пәні мен міндеттері Психология пәні, міндеттері. Психика туралы ұғым. Психика және оның қызметтері. Психика құрылымы. Психологиядағы адам санасының табиғаты. «Бейсаналық» ұғымы. Бейсаналық құрылымы. Психологиялық зерттеу әдістері. Психологиялық әдістердің топтастырылуы (Ананьев Б.Г.) Психология бағыттары: психоанализ, бихевиоризм, гештальтпсихология, когнитивті психология, гуманистік психология. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Психиканың пайда болуы мен эволюциясы. Психиканың объективтіақиқатты бейнелеу ретінде жалпы түсінік Адам психикасының қоғамдық-тарихи табиғаты. Психиканың даму кезендері. Жануарлардың инстинкт, үйрену және интеллект ұғымдары. Жануарлардың іс-әрекет құрылымы және оның эволюциясы. Сананың пайда болуы мен дамуы. Сананың әлеуметтік мәні. Сананың түрлері, типьтері және формалары. Сананың туындау шарты. Ұжымдық және жеке дара сана. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Іс-әрекет психологиясы. .Іс-әрекет туралы ұғым. Практикалық іс әрекет адам іс әрекетінің бастапқы және негізгі формасы ретінде. Іс әрекет субъектісі. Іс әрекеттің мақсаттары мен мотивтері. Іс әрекет және психикалық үрдістер. Іс-әрекет құрылымы. Іс-әрекет түрлері. Білім, іскерлік, дағды және әдеттер. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде, “Тұлға” туралы жалпы ұғым. “Индивид”, “тұлға” және “даралық” ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрылымы Тұлға құрылымдағы негізгі психологиялық теориялар. (К. Платонов, З.Фрейд, К.Г. Юнг, А.Адлер, А.Н. Леонтьев) Тұлғанаң «Өзіндік сана». Теориясындағы «Мен» бірлігі. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Қарым қатынас психологиясы. Қарым-қатынас және оның қызметтері. Қарым-қатынас құрылымы – коммуникативті, интерактивті және перцептивті. Жеке адам мен топ өзара әрекеттестігі. Топ ішіндегі лидерлік мәселесі. Әлеуметтік психологиялық шиеліністер мен оның шешу тәсілдері. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22  
Танымдық процестер психологиясы Түйсіну және қабылдау туралы ұғым. Түйсіну түрлері. Қабылдау және оның негізгі ерекшеліктері. Зейін және оның физиологиялық негізі (И.П.Павлов, А.А. Ухтомский). Зейін түрлері. Зейін қасиеттері. Ес және оның түрлері. Ес процестері. Ұмыту және оның түрлері. Реминисценция. Ретроактивті және проактивті тежелу. Ойлау туралы жалпы ұғым. Ойлау операциялары. Ойлау формалары. Ойлаудың физиологиялық негізі. Ойлау түрлері және жеке-дара ерекшеліктері. Қиял және оның түрлері. Сөйлеу және оның түрлері, қызметтері. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22 6-7
Тұлғаның эмоционалды-еріктік сферасы. Психикалық күйлер туралы жалпы ұғым. Психикалық күйлердің көріну деңгейлері. Психологиялық, физиологиялық және мінез-құлықтық компоненттер. Психикалық күйлердің жіктемесі. Эмоция және сезім, олардың қызметтері. Эмоционалдық күйлер. Ерік туралы ұғым. Тұлғаның еріктік қасиеттері, сапалары. Қажеттілік, мотив және еріктің арақатынасы. Мотивтер күресі, ерік күші. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Тұлғаның жеке-дара ерекшеліктері. Темперамент және оның физиологиялық негізі. Темпераменттің негізгі типтері. Темперамент туралы ілімдерге қысқаша шолу) Гиппократ, И.П. Павлов, Э.Кречмер және У.Шелдон). Мінез ұғымы. УК.Юнг бойынша мінез типологиясы. Мінез акцентуациясы және А.Е. Личко бойынша мінез акцентуациясының типтері. Қабілет және нышан. Қабілет түрлері. НӘ - 8, 10, 11, 13, 14.   ҚӘ -1, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері. Психикалық даму ұғымы, даму түрлері, салалары, факторлары. Даму филогенез ретінде. Даму жүйелік генез ретінде. Даму антропогенез ретінде. Даму онтогенез ретінде. Даму микрогенез ретінде (актуалгенез). Даму психологиясының ғылым ретіндегі қысқаша тарихы. .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Психикалық даму заңдылықтары және онтогенезде тұлғаның дамуы Дамудың кезеңденуі. Даму психологиясындағы жетекші әрекет. Психикалық дамудың қайнар көздері және қозғаушы күштері. Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары. Адам тұлғасының психикалык дамуы мен қалыптасуы. Адамның психикалық дамуындағы әлеуметтік жағдайлар. Дамудың өзекті және жақын аймағы. Психикалық жаңа құрылым. Сензитивтілік. Психикалық дамудағы дағдарыс ұғымы. Жастық даму периодизациясы.   .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Мектепке дейінгі жастағы балалар психологиясы және дамуы Нәрестелік кезеңдегі психологиялық жаңақұрылымдар. Бір жас дағдарысы. Ерте сәбилік жастағы баланың дамуының әлеуметтік жағдаяты. Ерте сәбилік жастағы баланың жеке басының дамуы. Үш жас дағдарысы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының әлеуметтік жағдаяты. Мектепке дейінгі жастағы психологиялық жаңа құрылымдар және баланың жеке басының дамуы. Мектепке дейінгі жастағы дағдарыс сипаты. .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуы және жеке басының қалыптасуы Бастауыш мектеп жасында дамудың әлеуметтік жағдаяты және мектепте оқуға психологиялық даярлық. Мектепке бейімделу. Бастауыш мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет. Бастауыш мектеп жасындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдар. Бастауыш мектеп жасында танымдық даму. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Жеткіншектіқ және жас өспірімдік психологиялық ерекшеліктері Жеткіншектік кезеңнің әлеуметтік жағдаяты. Жеткіншектік кезеңдегі дағдарыс проблемасы. Жеткіншектік шаққа өтуде болатын жаңа құрылымдар. Жеткіншектік шақта өзіндік сананың дамуы. Өзіндік тәрбиелеу. Жеткіншектер қарым-қатынасы. Жеткіншектің жеке басының қалыптасуындағы ұжымдардың, референтті топтардың жетекші ролі. Жеткіншектер мінезінің ауытқу (“қиын”жеткіншектер) себептері. Жас өспірімдердің дамуының әлеуметтік жағдаяты. Жас өспірімдердің жеке басының ерекшеліктері. Өмірлік жоспарлар және кәсіп таңдау. Жасөспірімдерде кәсіби қызығулардың қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері. Студент жеке басының даму ерекшеліктері .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,
Кемел жас және кәрілік психологиясы Кемелденген кезеңдегі дамудың әлеуметтік жағдаяты және жетекші іс-әрекет. Ересектік кезеңдегі танымдық және жеке тұлғалық даму. Био-әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі кәрілік. Қартаю және кәрілік теориялары. Кәрілік жастағы тұлғалық дағдарыстар. Кәрілік кезеңдегі дамудың әлеуметтік жағдаяты және жетекші іс-әрекет. Кәрілік жастағы жеке тұлғалық ерекшеліктер. Кәрілік кезеңдегі танымдық процестер. .НӘ- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, !2, 15.   ҚӘ- 1, !9, 21, 23,

Наши рекомендации