Дәріс. Жоғары мектепте психологиялық білім беру жағдайы

Дәрістің мақсаты: Жоғары мектепте психологиялық білім берудің генезисі мен қазіргі жағдайын қарастыру.

Дәріс жоспары:

Жоғары мектепте психологиялық білім берудің өзектілігі

Психологиялық білім беру және психологиялық дайындау

Негізгі түсініктер:психологиялық білім, психологиялық ақпарат, психологиялық дайындау.

Білім беру процесі XVIII ғ. екінші жартысынан бастап тек теоретикалық педагогикалық ұғынудың объектісіғана емес емес, сонымен қатар психологиялық ұғынудың объектісі бола бастады. Әрине, бұл процесс педагогикалық психология дамуының екінші сатысына дейін психологиялық териялардың осы кезеңіндегі басымдылық етіп тұрған контексінде түсіндіріледі, оның ережелері үйрету процесімен астарласып жатыр. Үйрету процесі осы теориялардың категориялары мен ұғымдарында қарастырылған. Еске салайық, өткен жүз жылдықтың соңына дейін басты рөлді байланыстар (ассоциативтілік) теориясы алып отырған, XX ғасырдың басында бір мезгілде екі теория - бихеворизм және гештальтпсихология – оқытудың басты жағдайларын қалыптастырды. Тек педагогикалық психология дамуының ІІІ-ші сатысында ғана, XX ғ. екінші жартысында өз бетінше теориялар, нақтырақ айтатын болсақ, оқытудың бағыттары пайда болды. Алдымен, оқытудың жалпы теориясына қомақты әсерін тигізген, оқыту (үйрету) мен дамытудың байланыстық, бихевиористік және гештальтпсихологиялық теорияларының жалпыпсихологиялық ережелерін қарастырайық.

Байланыстар туралы ойды психика құбылысының мүмкін пайда болу механизмі ретінде қарастыруды алғаш рет Дж. Локк (1632-1704) ұсынған, алайда байланыс ұғымының өзі, оның түрлері мен ерекшеліктері жөніндегі ұғымды Аристотель енгізген болатын.

Алғашқы әсерлену мен оны тудыратын түсініктер мен идеяларды түсіндіретін болашақ мектептің негізгі қағидаларының анық баяндалуы Д.Гартлидің үлесі (1747). Д. Гартли сыртқы әсерлер үлкен және кіші толқулар пайда болатын жүйке тінінің жауап қайтаруын тудырады деген материалистік түсінікке сүйенген. Оның айтуынша, «бір кезде пайда болған кіші толқулар сақталып, жиналып «орган» құрайды, ол келесі реакциялардан жаңа сырттық әсерлерден реакцияларды сақтайды. Соның арқасында организм… сәйкес тарихы бар оқытушы жүйе болады. Үйретуге жарамдылықтың негізі - есте сақтау. Есте сақтау Гартли үшін жүйке ұйымдасуының ортақ іргелі қасиеті». Д. Гартли бойынша оқытуда есте сақтау үлкен рөл атқарады.

Түсініктер мен идеялар байланысының пайда болу себебін ары қарай Дж. Ст. Миллем қарастырған, ол «біздің идеяларымыз (түсініктеріміз) әсерлердің пайда болу және орын алу тәртібі бойынша өмір сүреді, олар оның дәл көшірмесі. Басты заң – идеялар байланысы, ал байланыстардың екі себебі бар сияқты: байланысатын әсерлердің жандылығы және жиі қайталануы». Байланыстар пайда болуының негізгі заңдылықтарының талдауы (ұқсастық байланысы, шектестік бойынша байланыс (уақыт немесе орыны бойынша сәйкес келуі) себеп-салдар байланысы т.б.) және олардың пайда болуының екінші реттегі заңдылықтары, оған «алғашқы әсердің ұзаққа созылуы, оның жандылығы, жиілігі, уақыты бойынша аулақтатылуы» жатады, осының барлығы зерттеушілерді бұл заңдардың «жақсы есте сақтау шарттарының тізбесі» деген қорытындыға әкелді (М.Г. Роговин). Осыған сәйкес, есте сақтау байланыстар заңдарының әрекетімен анықталды.

Сонымен қатар, байланыстық психология ойлау процесін де есте сақтаудың өзіндік репродуктивті функциясы ретінде қарастыратынын еске салған жөн.

Зерттеушілердің айтуы бойынша ойлау проблемасы, «идеялар көбейту жөніндегі мәселе ойлаудың байланыстық теориясының негізгі мәселесінің бірі болып табылады, себебі ой қозғалысы қандай идеялардың және олардың есте сақтау қорынан қандай тәртіп бойынша көбеюіне байланысты». Есте сақтау процестерін қарастыру кезінде репродуктивті ойлаудың негізгі заңы болып олардың қайталану жиілігіне байланысты байланыс күшінің орнығу заңы қалды (алайда оның қолдану ортасы біраз өзгерді). Байланыстық психологияның білім беру үшін қайталау жиілігінің маңыздылығы және байланыстың орнығуы сол кездерде материалды көп рет, механикалық қайталау арқылы жаттау керек деген педагогикалық талаптың өзіндік теоретикалық негіздемесі болды.

Г. Эббингауздың эксперименттік мәліметтерінде бір уақытта адамның есте сақтап, жаттап ала алатындығы жазылған. Бұл болашақта зерттеушілерге «еске сақтау» және «үйрету» (қандай да бір дағды мен дағдылар жүйесін игеру және сақтау ретінде) деген екі ұғымды бір-бірімен тығыз байланыстыруына себеп болады. Соңынан бихевиористердің еңбектерінде бұл ұғымдардың бір-бірімен толық қосылуы орын алады. Эксперименталды салыстырмалы психологияның көрнекті өкілі Э. Торндайк ХІХ ғ. соңында, үйретудің сол кездегі негіз бола алатын теорияларының бірі - істеп көру және қателесу теориясын ұсынған. Оның мәні - жануарлар (Э.Торндайк экспериментті мысыққа жасаған) бірнеше рет әрекет жасау және қателесу арқылы тітіргендіргіш - стимулға сәйкес өзінің бойындағы бар реакциялардың бірін кездейсоқ тауып алады. Мұндай сәйкестік қанағаттануды туғызады, ол берілген реакцияны нығайта түседі де стимулмен байланыстырады. Егер осындай стимул қайталанса, онда реакция да қайталанады. Осы Э. Торндайктың бірінші және негізгі - эффект заңы. Екінші заң – жаттығу заңы болып реакцияның стимулға қоятын негізгі шарты қайталау саны, стимул әсерінің ұзаққа созылуы мен күштілігі – бұл екінші заң – жаттығу заңы. Үйретудің үшінші заңы – дайын болу заңына сәйкес, жануардың реакциясы оның берілген әрекетке дайындығына байланысты. Э. Торндайк: «тек қарыны аш мысық тамақ іздейді» деган.

Өз теориясын дамыта келе Э. Торндайк үйретудің тағы да бірнеше факторларын басып озды, солардың ішінде, ерекше рөлді «сәйкесік элементі» ойнайды. Үйрету теориясының ары қарай дамуында бұл фактор дағдыны тасымалдау принципімен астарласады. Э. Торндайк осындай тасымал әр түрлі жағдайларда сәйкестік элементтердің орын алған жағдайында ғана жүзеге асырылады деген. Э. Торндайктың ары қарай жүргізген зерттеулері, әсіресе, адамды үйретуді сипаттауға қатысты екінші заңның біраз өзгеруіне әкелді. Э. Торндайк үйретудің тағы бір заңдылығы ретінде нәтижелерді білу ұғымын енгізді, себебі оның айтуы бойынша, «нәтижені білмей өткізілген практика, қандай ұзақ мерзімге созылмасын – қажетсіз практика». Сонымен қатар, нәтижені білуді Э. Торндайк эффект заңының әсер етуімен қатар жүретін, стимул мен реакцияның арасында пайда болған байланысты нығайтатын сәт деп қарастырады.

Э. Торндайктың мәні бойынша байланысты және әдісі мен тәсілдері бойынша бихевиористі еңбектері білім беру процесін теоретикалық тұрғыдан түсінуге маңызды әсерін тигізді.

Істеп көру және қателесу теориясына баланы оқыту және психикалық дамыту саласында жұмыс істеген, гештальтпсихология өкілдерінің бірі К. Коффка сын талдау берген. Байланысты психологиямен салыстырғанда гештальтпсихология үшін алғашқысы – элементтер емес, бүтіндік, құрылым, гештальт. Осы теорияны зерттеушілердің атап өтуі бойынша, гештальтпсихологияның негізіне постулат алынған, ол бойынша «құрылымның пайда болуы – ұйымдастыру, және де спонтанды, тез арада пайда болған, нақтырақ айтатын болсақ, материалдың өзін-өзі ұйымдастыруы. Ол объекттің өзінің субъекттен тәуелсіз әрекеттесетін өзінің жақындық, ұқсастық, «тұйықтық», «жақсы жалғастыру» «жақсы форма» принциптеріне сәйкес қабылдау немесе еске түсіру процестері кезінде пайда болады. Оған сәйкес оқытуда бірінші кезектегі және бастапқы міндет - түсінуге, бүтінді, кескін үйлесімді қамтуға, бүтіннің барлық бөліктерін, олардың ара қатынасын ортақ қабылдау болып табылады.

Гештальтпсихологтар мұндай түсінік шешімнің кенеттен пайда болу нәтижесінде немесе «инсайт» кезінде туындайды деген.

Э. Торндайктың істеп көру және қателесу туралы теориясының дұрыстығы жөнінде пікір таластыра келе, К. Коффка бірнеше қатар, мәнсіз қайталау тек зиян ғана әкелуі мүмкін, сол себепті алдымен әрекеттің жолын, құрылымын немесе гештальтын түсіну қажет, содан соң барып бұл әрекетті қайталау керек қажет деген.

Адамды мақсатты оқытуда үйретудің осындай жолынан осыдан да үлкен негізге сүйеніп бас тарту қажет. Оқыту процесін талдай келе К. Коффка үлкен рөлді еліктеуге береді. Ол оның қолдануының екі мүмкіндігін қарастырады: түсінбей жай ғана еліктеу, одан кейін – ойлап қорыту немесе «еліктеу үлгісін түсіну еліктеу әрекетінің алдында жүріп отырады». Қолда бар материалдарға сүйене келе, еліктеу жолы арқылы оқыту ең алдымен екінші форма арқылы жүзеге асырылады деген қорытынды жасауға болады». К.Коффканың ойынша, «...еліктеу арқылы оқыту, сөйлеу және жазу сияқты дағдылар тек қана еліктеу арқылы меңгерілетінін айтпағанда, кенеттен оқытумен салыстырғанда жеңілірек болады». Коффка еліктеу үлгісіне үлкен назар аударады және оқыту ситуациясы «еліктеу үлгісі болған жағдайда жақсарады, себебі шешімнің басты көзі бар».

Сонымен қатар, Коффка үйрету тек қана есте сақтау қызметіне ғана байланысты емес, ол осы процесте жаңаның пайда болуының қалай қалыптасатынын түсіндіруді қажет ететініне сілтейді.

Әрекетті түсіну және оның орындалуының арасындағы тәуелділікті дұрыс атай келе К. Коффка, әсіресе, туған тілінде сөйлеуді меңгергенде еліктеуге үлкен салмақ түсіреді. Ол, әдетте балаларға тән, сөйлеу шығармашылығына, баланың тіл заңдылықтарын өз бетімен табуына көңіл бөлмеген.

Гештальпсихологиямен бір уақытта пайда болған бихевиоризм белгілі бір мөлшерде американдық функционализмнің өкілі У. Джемс - Дж. Дьюидің философиялық бағытын ұстанған. Ол психиканы қарастыруда прагматикалық тұрғыдан келген. У. Джемс бойынша, дағды, білім, қабылдау арқылы берілетін сана үнемі қоршаған ортамен сәйкес келеді, ол бейімделудің қызмет етуші жағдайы ретінде анықталады. Осыған сәйкес, осы тәсілдің аумағында ағзаның қоршаған ортаға бейімделуіне көмегін тигізетін реакциялары ғана пайдалы.

Бихевиоризмнің ғылыми-эксперименталды базасы болып бір жақтан – Э. Торндайктің үйретудің сипаты мен Г. Эббингауздың вербалды есте сақтау туралы іс жүзіндегі дерекнамалары тұрды. Басқа жағынан, бихевиоризм, әсіресе, Э. Толменнің жаңа бихеворизмі И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы іліміне негізделген. Алайда, психикаға позитивті тұрғыдан келу себептеріне байланысты шартты рефлекстің негізгі, орталық буынын осы психологиялық теорияның негізін салған Дж. Уотсон көңіл бөлмеген. Ол рефлекстің сызбасында тек қана оның шеткі мүшелерін қалдырып, оларды «стимул» S және «реакция» R деп белгілеген. «Стимул - реакция» (S→R) қатысы дағдыны белгілі бір стимулға «жатталған» реакция деп анықтаған.

Бихевиоризм өкілдерінің Э. Торндайктың жануарларға, адамдардың мінез-құлығына жасалынған тәжірибелер барысында алынған қорытындыларын көшіруге мүмкіндік беретін бихевиоризмнің негізгі шарты болып Дж. Уотсонның «адам – басқа жануарлардан тек қана өзін-өзі ұстау түрімен ғана айырықшылынатын жануар, ... Сөйлеу – бұл әрекет, яғни өзін-өзі ұстау. Тіл дегеніміз - еріннің жабық кезінде ойлану болып табылатын дағды... Психологтардың ой деп атағаны жай айтқанда, іштен ойлану болып табылады». Басқа сөзбен айтқанда, ерте бихеворизмге сәйкес адамның да жануардың да барлық психикалық әрекетін «үйрету» және «дағды» деген терминдермен сипаттауға болады. Дж. Уотсон үшін жеке тәжірибе жинақтау ретіндегі «үйрету» және стимул-реакцияның нығайтылған байланысы ретіндегі «дағды» сияқты екі ұғым бірдей. Дж. Уотсон «сана» мен «ойлауды» елемеуін оларды объективті тікелей зерттеуге болмайтындығымен түсіндіреді. Сондықтан Дж. Уотсонға сәйкес, бихевиоризм нағыз табиғи ғылым «ми», «ақыл», «сана» сияқты ойша жорытылған ұғымдарсыз өмір сүре алады. Ал психологияның басты мақсаты адамның өзін-өзі ұстауын, мінез-құлқын зерттеу болып табылады [216]. Адамның сөйлеу мінез-құлығын және оны осы мінез-құлыққа оқытуды бихевиоризм осы контексте қарастырады.

Жаңа бихевиоризм өкілдері Э. Толмен, К. Халл, Э. Газри, Б. Скиннер аралық ауыспалы, танымдық (когнитивті) карта, құндылықтар матрицасы, мақсаттар, мотивациялар, антиципациялар, мінез-құлықты басқару ұғымдарын енгізе отырып, Дж. Уотсонның ортодоксалды бихевиоризмінің жалпы мазмұнынын өзгертті Э. Толменнің (басты категориясы- бейне) когнитивті бихевиоризмінің жаңа бихевиористік теориялары, К. Халлдың (басты категориясы - мотивация және антиципация) гипотетикалық-дедуктивті бихевиоризмі және Б. Скиннердің оперантты бихевиоризмі (басты категориясы - басқару) сияқты жаңа бихевиористік теориялар қалыптасты. Жаңа бихевиоризмнің дәл өзінде Э. Торндайктың жаттығу және әсер заңдары нақтыланды. Бірінші заң қайталану жиілігі әрекетімен ғана толықтырылмай, үйретудің тиімділігіне әсерін тигізетін бүтін құрылым (гештальт), когнитивті картаның пайда болуымен толықтырылады. Әсер заңы (немесе нығаю) тек қана қажеттілікті қанағаттандыруға ғана емесе, когнитивті картаны (антиципация негізінде) бекітумен байланыс-тырылады.

Жүзжылдықтың басында осы психологиялық теориялардың негізінде оқытудың белгілі бағыттары мен теориялары қалыпасты. Солардың біреуіне сәйкес, «формалды» оқытудың негізгі мақсаты - баланың білім игеру үшін қажетті қабілеттерін дамыту. Басқа теорияға сәйкес - оқытудың негізгі мақсаты білімнің белгілі бір мөлшердегі жиынтығын меңгеру. Олар «бала дамымайды және тәрбиеленбейді, ол оқып және тәрбиелену үстінде дамиды» деген постулатты негізге алады. С.Л. Рубинштейн мұндай оқытудың екі бағытын бір-біріне қарамақайшы қоюдың жасандылығын айта кетті. Ол оқытудың (ол арқылы бала өтеді) және дамуы (ол оқыту процесі кезінде жүреді) іс жүзінде жүру барысында екеуі де жүреді: білімнің белгілі жүйесін меңгеру де, сонымен бірге баланың қабілеттіліктерін дамыту.

Сонымен қатар, бұл ойды неғұрлым толық білдірген Н.А. Менчинскаяға сәйкес, оқытудың негізінде байланыс механизмі жатыр (автор оны И.П. Павловтың шарттылық-рефлекторлық теориясындағы «уақытша байланыстың» синонимі деп түсінеді), оған күрделі талдамалық-синтетикалық әрекет кіреді. Осыған сәйкес білім берудің жоғарыда аталған ерекшеліктері мен байланыстарды бекіту, және ең алдымен оларды қайталауды педагог оқытуды ұйымдастыру барысында назарға алуы қажет. Оқушылардың талдамалық-синтетикалық әрекетінің ерекшеліктерін ескеру, ассоциативті байланыстарды нығайту осы күнге дейін оқытудағы маңызды талаптардың бірі болып қалып отыр.

Жүзжылдықтың ортасынан бастап оқыту бағыттары оның екі сипатының төңірегінде жинақталады: басқаруға көнушілік және оқушыларда білімді өз бетімен «табу» қабілетін қалыптастыру. Бұл жерде, әрине, бір де бір бағыт қазіргі уақытта таза күйінде ұсынылмаған, біреуі екіншісінің элементтерін қамтиды. Алайда, олардың әрбіреуі үшін қажетті талап - оқытудың тәрбие беруші, дамытушы сипаты және үйрету субъектінің белсенділігі.

Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.

Наши рекомендации