Психофизиологиялық сауал

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Тақырып: «Адамның психикалық қызметтері.

Психикалық қызметтердің нейрофизиологиялық негіздері»

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама _____________ 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

· Дәрістің тақырыбы: «Адамның психикалық қызметтері. Психикалық қызметтердің нейрофизиологиялық негіздері»

· Дәрістің мақсаты:психикалық қызметтердің физиологиялық механизмдерін ашу, И.М.Сеченовтың, И.П.Павловтың, А.А.Ухтомскийдің жануарлар мен адамдардың ЖДЖҚ түсінудегі ілімінің маңыздылығын көрсету.

· Дәрістің жоспары :

1. Шала сананың сферасы.

2. Бас миының оң және сол жақ жарты шарларының қызметтерінің ерекшеліктері.

3. Шындықтың бейнесінің сөздік формасы.

4. Сөйлеудің қызметтері.

5. Адамның ЖДЖҚ-нің үш деңгейі.

6. Эмоциялар, назар салу, ойлау.

Психофизиологиялық сауал

Қазір физиология, психология, философня гылымдары сала-сында өзекжарды проблемалардыц бірі — психофизиологиялык. са-уалдар. Ол материалдық пен идеалдық мәндердің бір-біріне ауы-су қатынастарының кұрамына кіретін физиологиялық және пси-хикалық қүбылыстардың арасалмағын ажырату. Бұл туралы қазіргі философияда үш түрлі қағида бар. Бірінші қағиданы жақтаушылар физиологиялық қүбылысты да, психикалық қүбы-лысты да, материалдық процесс деп санайды. Яғни психиканы жоғары жүйке іс әрекеті сияқты материя қозгалысының касиетГ деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, адам миы объективті болмысты материалдық нәрселермен бейнелейді. Демек, психика физиологиялық күбылыстар сиякты мидың рефлскстік меха-низмдерінен туады.

Екінші қағида психика материя қозғалысының формасы екен-дігі туралы тезисті теріске шығарады. Психиканы жоғары жүйке қызметіне ұқсастыруға болмайтындығын ерекше атанды. Мүны жақтаушылардың айтуы бойынша, психика рухани нәрсе, матери-алды дүниенің идеалдық шындыры. Яғни, сана болмыстың идеал-дық кескіні бола тұра мидың нақтылы құбылысы және өз идеалдарын жоймайды. Алайда мұндай пікірдің көмескі жерлері көп.

Үшінші қағиданы қолдаушылардың басты тезисі психика — мидың белгілі бір нейродинамикалық жағдайыиыц субъективтік көрінісі. Басқаша айтқанда, кез келген психнкалық күй (сезу, эмоция, ой) мидың әрекеттік жүйелерінің, сәйкестелген нейроди-намикалық кұбылыстарының көрінісі.

Шындығында, психика мен физиологиялық құбылыстарды тірі организм әрекеттерінің екі түрлі даму сатысы ретінде қараған жөн. Расында, идеалды құбылыс — нәрсені субъективті бейнелеу. Сондықтан ол мида орналасады, өйткені осы материалдық құ-рылымнан тыс субъективті бейнелеу болмайды. Психика субъек-тивті болмыс ретінде тек адам миында туады, әрине, ол сырткы әсерлерге, адамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адам-нын, психикалық іс-әрекетінін, күрделі формаларының механизм-дері адамдардың өзара жйне адам мен әлеуметік ортаның қарым-қатынасына негізделген. Сондықтан адамдарды олардың іс-әреке-тінен бөлек алып ұғыну мүмкін емес.

Соңғы жылдары миды электр тогымен тітіркендіру арқылы психикалық әсерленістердін, негізгі механизмдері аныкталды. Сөйтіп, күрделі психикалық қүбылыстарды жүзеге асыруға ми-дың терең орналасқан құрылымдарының белсенді түрде қатыса-тындығы дәлелденді (Н. П. Бехтерева). Адамның ойлау қасиеті, ақпараттармен жоғары сатыда әрекет жасайтын құбылыс ретінде, нысаналы зерттелді. Адам миының орасан акпараттық сыйым-дылығы бар. Ол 14—15 миллиардтай нейроннан тұрады, шама-мен 1020 дәрежесіне тең ақпаратты қабылдай алады. Мұны көп-теген ми нейрондарынан басқа, олардық көп әрекеттік популяци-ясы және мидьщ барлық іс-әрекетінің негізін қалайтын жылжы-малы мехапизмдері жүзеге асырады.

Психикалық іс-әрекет^ің бірлестіру механизмдері. Адам мі-нез-құлқының саналы іс-әрекетті бағдарлауын, реттелуін жәпе ба-қылауын қамтамасыз ететін механизмдері өте күрделі біріккен жүйелерден түрады. Олар адамныц психикалық іс-әрекеттін. күр-делі салаларын реттейтін физиологиялық механизмдер.

Психолог А. Р. Лурияның пікірі бойынша, психикалық іс-әре-кеттіқ қайсысы болса да, үш негізгі әрекеттік блоктан құралады. Бірінші әрекеттік блок қалыпты психикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын ми қыртысынын, сергектігін реттейді. Ол қыртысаеты және ми бағаны бөлімдерінің торлы қүрылымында орналасқан. Бүлар ми қыртысына әсер етумен катар, өздері оның ықпалында болады. Оларды белсендіретін үш түрлі әсер бар. Бірінші бел-сендіру көзі — гомеостаз бен ырықсыз мінездің негізін қалайтын зат алмасу процестері. Оған торлы қүрылымнан басқа орталык, аралық ми, лимбия жүйесі ықпал жасайды. Екінші белсендіру көзі — сыртқы әлемнен келетін тітіркендіргіштер. Олар организм-ді сезім мүшелері арқылы белсендіреді, бағдарлау рефлексін ту-дырады. Бұл рефлекске таламус, қүйрыкты дене, гипокамп ней-рондары қатысады. Үшінші белсендіру көзі — адамның саналы өмірінде тіл арқылы қалыптасатын ниет, жоспар, көрініс және бағдарлама. Олар ми қыртысы, торлы қүрылым, таламус, ми ба-ғаны арасындағы қатынастар арқылы жүзеге асады. Екінші әре-кеттік блок мидың акпарат қабылдауын, өңдеуін және сақтауын қамтамасыз етеді. Олар мп қыртысының көру, есту және сезімдік аймақтарында атқарылады. Үшінші әрекеттік блок белсенді са-налы психикалық іс-әрекеттіц реттеу мен бақылау багдарлама-сын жасайды. Бұл орталык, үлкен ми сынарларының алдыңғы маңдай бөлігінде орналасқан. Мидың маңдай бөлігі сыртқы тітір-кендіріске синтез және бағдарлама жасап, қимыл-әрекетті дайын-даумен қатар, олардың нәтижесі мен барысын қадагалайды.

Қазіргі ұғымдарға байланысты белсенді психикалық әсерле-ністердін. кұрылысын өзін-өзі реттеуші курделі «рефлекстік шеңбер» турінде карайды. Саналы іс-әрекеттің қайсысы да уш блоктың біріккен жұмысы арқылы жузеге асырылады. Бірінші блок уйлесімді қимылға қажет бұлшықеттер тонусын, екіншісі — афферентік синтезді, ушіншісі — бағдарламаға сойкес ниетті қам-та.масыз етеді.

Сонымен қатар көптеген психикалық әрекеттерге ми сыңарла-рының әртурлі меңгеру айырмашылықтары ықпалын тигізеді.

Мидың әрекеттік асимметриясы. Адам миы симметриялы орган. Алайда олардың әрекеттері әртурлі болып, әралуан іс-әрекетті меңгереді.

Бурын мидын, сол сыңары тіл, ойлау, қимыл-әрекетіне, кеңіс-тікте дене бағдарланысына. жауапты, сондықтан үстемді (доми-нантты) деп есептелді. Ал оң сыңары косалқы ретінде қаралды. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз коры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді.

Оң ми сыңары нақтылы іс-әрекетке жұмылдырады, ол адам шабан, сөзге сараң, бірақ өте сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады.

Алайда адамдардың уштен бірінде ми сыңарларының жекеленген анық әрекеттік мамандалысы байқалмайды. Маманданған мн сыңарларының арасында өзара тежелу процесі болады.

Екі ми сыңары екі түрлі ойлау процесін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау процесіне қатысып, кисынды ойлауды, ал оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз снмволдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары ке-ңістік сигналына жауапты заттарды өру және сипап сезу арқылы таниды. Оган жеткен акпараттар бір мезгілде және жалпы тәсіл-мен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалык кабілеттер байланыс-ты.

Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында орналасады. Ол он қол-дыц кимыл белсенділігінен қалыптасады. Солакай адамдардыц да 70%-де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сы-ңарында, солақай адамдардың тек 15%-де сөйлеу өрталығы оң ми сыңарында орналасады. Мидың кейбір орекеттерге ерекше жауапты болын, белгілі үс-темді орталықка анналуы латерализация деп аталады.

Сірә, адамның жогары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшелік-тері қандай ойлау аппаратын иеленетіндігіне байланысты болуы мумкін. «Көркемпаз» типтер — бірінші сигналдық жүйесі басым адамдар, олардын, он, ми сьщары жетік, көбінесе бейнелі ойлайды. Ал «ойшыл» типтер — екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралык. тип екі сигналдық жүйенің әрекеттік теңдесуімен сипатталады. Адамдардың көбісі осы типке жатады.

Жалпы мидың бір сыңарының басым болуы туа пайда бола-ды, алайда тәрбие мен тәлім де ерекше маңызды орын алады. Сондықтан солақай балаларды қайта үйрету кезінде, олардың ойлау қабілетінің ширақтығы тоқырап қалуы ықтимал.

Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс-әрекеті мидың екі сыңарының біріккен жұмысынын. нәтижесі. Олардын, тек бір-мез-гілдегі жүмысы мен бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бір-лестіру ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан-жақты (нактылы және теориялық) қамтиды. Ми сынарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әртүрлі құбылмалы ықпалдары себепші болады. Сонымен ми сыңарларының қарым-қатынасының екі жақты сипа-ты психикалық іс-әрекетті және мінез-құлықты тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады.

· Иллюстрациялық материал:

Кестелер:

1. ЖДЖҚ типтері.

2. Мидың қызметтік латеральдылығы.

3. Қыртыстың соматосезімтал аймақтары.

4. Қыртыстың сезімтал орталықтары (талдағыштардың қыртыстық ұштары).

5. «Бөлшектенген ми», сол және оң жақ жартышарлардың қызметтік маңызы.

6. Папецтің эмоциялық шеңбері.

Кодокарталар:

1. Нақты шынайылықтың көрініс беру формалары.

2. Адамда ЖДЖҚ-ның үш деңгейі.

· Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – А.: Қазақстан, 1992. – 280 б.

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 б.

· Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Шала сананың қызметтері қандай?

2. Асқан сана деген не?

3. Бас миының оң және сол жақ жарты шарларының қызметтерінің ерекшеліктері.

4. Сөйлеудің қызметтері.

5. Ойлау деген не?

Наши рекомендации