Жаратылыстану ұғымының мазмұны

Ылыммен табиғат

Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру, яғни «ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы» .

Жаратылыстану — табиғат туралы ғылымдар жүйесі.

Дәл жаратылыстану— бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы дүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім ғылым).

Концепция (лат. Сопсерtio) — құбылыстармен әр түрлі сұрақтар туралы көзқарастар жүйесі; оны түсіну мен талқылау.

Пәнаралық ғылымдар — бірнеше жаратылыстану ғылымдарының қиылысында түрған жаңа ғылымдар.

Ғылымның дифференциясы — қайсыбір ғылымның салаларын жасау.

Ғылымның интеграциясы (лат. Integег — бүтін) — күрделі ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты ғылымдардың жақындасуы мен байланысы.

Иерархизм — құрылымдық деңгейлер немесе кіші жүйелердің бағыныштылығы мен субординациясы-мен мінезделетін күрделі құрылымды жүйенің маңызды қасиеті.

Редукционизм — «жоғарғыны» «төменге» қосу, басқаша айтқанда барлық биологикалық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды — физикаға әкелетін ғылымның бағытгамасы.

Космогония — ғарыш өлеміндегі космостық денелер мен олардың жүйелерінің шыққан тегі мен дамуын (эволюциясын) зерттейді.

Жаратылыстану ұғымының мазмұны

«Жаратылыстану»ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.

Жаратылыстануды не нәрсе қызықтырады? Танымның осы өте кең саласының алдында тұрған проблемалар сан алуаи: ғаламның құрылысы мен пайда болуынан Жердегі керемет құбылыс — тіршілік өмірдің молекулярлық механизмдерін танып білуге дейін.

Ертеректе орыс тіліне «табиғат» деген сөздің синонимі ретінде өте кең тараған латын термині «натура» (паіига) енген еді. Осы сөздің негізінде тек қана европа елдерінде (Германияда, Швецияда, Голландияда) жаңа «Nаtиrwis-sепsсһаft» ұғымы пайда болып, бұл кейіннен халықаралық термин «натурфилософия» (табиғат философиясы) деген сөздің негізі болды.

Бүкіл Әлемдегі барлық заттардың құрылысы, пайда болуы, дамуы, құрамы немесе органикалық тіршілікті зерттеу проблемалары алғашқыда «физика» немесе «физиология» іліміне жататын. Сонау ерте замандарда Аристотель (б.з.д. 384-322) оларды «физиктер» немесе «физиологтар»деп атады, өйткені ежелгі грек сөзі «физис» «табиғат» деген ұғымға өте жақын, алғашында пайда болу, жасау дегенді білдірді. Мұндай анықтама XX ғасырда өмір сүріп отырған біз үшін біршама таңданарлық болуы мүмкін. Орта мектепте жаратылыстық ғылымдар деп әдетте физиканы, химияны, биологияны, астрономияны, географияны есептейді. Ал жоғары мектепте жаратылыстық ғылымдар саны оларды тар мамандандырылған пәндерге бөлуге байланысты көбейе түседі.

Қазіргі кезде жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер шеңбері айрықша кең. Жаратылыстық ғылымдар жүйесіне негізгі ғылымдар — физика, химия және биологиямен қатар көптеген басқа ғылымдар — география, геология, астрономия, тіпті, жаратылыстық және гуманитарлық ғылымдар шекарасында тұрған ғылымдар да, мысалы, психология енеді. «Психологтардың мақсаты адам мен жануарлардың мінез-құлықтарын зерттеу болып табылады.Бір жағынан психология жоғары жүйке қызметі физиологиясы саласында жұмыс жасап және мидың қызметін бақылайтын био-логтардың ғылыми жетістіктеріне сүйенеді. Екіншіден, бұл ғылым әлеуметтану саласынан да білімдерді пайдалана отырып, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстармен де шұғылданады. Мысалы,әлеуметтік психология қоғамдағы адамдар топтарының қарым-қатынасын зерттейді. Психология барлық жаратылыстық ғылымдардың білімдерін жинақтап, жаратылстық білімнің жоғарғы сатысы мен мақсаты Адам мен Қоғамды танып білу болатын ғылымдар арасына қойылған көпірше қызметін атқарады,

Гуманитарлық ғыдымдардың Табиғатты зерттейтін ғылымдармен өзара тығыз байланыста екені жақсы белгілі. Экономистерге география мен математиканы, философтарға натурфилософия негіздерін білмей болмайды; әлеуметтанушылар психологтармен өзара байланыста әрекет етеді, ал ескіден қалған суреттерді қалпына келтірушілер қазіргі заманғы химияның көмегіне жүгінеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Бізді қоршап тұрған күрделі дүниенің бастаулары .Табиғаттың ғажап үйлесімді құрылысында жатқандығын, онымен (Табиғатпен) үнемі өзара қарым-қатынаста болатындығын ұмытпауымыз керек. Мысалы, бірнеше күн ас-су ішпей керіңізші! Мүмкін, тыныс алмай өмір сүру тәсілін білетін шығарсыз? Біздің барлығымыз да — Табиғаттың перзенттеріміз. Ал оның зандарын зерттеп, танып білетін ғылым — табиғаттану немесе жаратылыстану.

Бұл ұғымның кең тараған екі анықтамасы бар.

1. Жаратылыстану — бұл Табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.

2. Жаратылыстану — бұл біртұтас бүтіндік ретінде қаралатын Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы.

Бір қарағанда бұл екі анықтама әр түрлі. Шынында да, олардың біріншісінде Табиғат туралы бір ғана ғылым жайында айтылады, ал екіншісінде, жаратылыстану туралы Табиғатты зерттейтін көптеген ғылымдар ретінде айтылған. Шын мәнінде бүл екі анықтаманың арасында үлкен айырмашылық жоқ, өйткені, «ғылымдар жиынтығы» деген ұғым жекелеген ғылымдардың қарапайым жиыны емес, керісінше, бірімен бірі өзара тығыз байланыстағы, бірін-бірі толықтырып отыратын жаратылыстық ғылымдардың бірыңғай кешенін білдіреді. Бұл бір ғылым.

Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы — ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды «іздеп таба отырып» зерттейді, Табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда сіздер, мүмкін, әрбір пәннің -химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқаған шығарсыздар. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.

Жаратылыстануды оқып үйрену не үшін қажет? Табиғаттың нақты біртұтастығын, Табиғаттағы сан алуан заттар мен құбылыстардың жасалу негізін және одан туындайтын микроәлемдер мен макроәлемдерді: Жер мен Ғарышты, физикалық және химиялық құбылыстарды өзара, өмір тіршілігімен, санамен байланыстырып тұрған негізгі зандарды дәл ұғынып түсіну үшін керек.

Жекелеген жаратылыстық ғылымдардың зерттеу нәтижелері арқылы Табиғаттың біртұтастығын танып білу мүмкін емес. Шындығында сіз адамның жекелеген мүшелерінің қызметін жақсы білесіз делік, бірақ сіз осы мүшелердің жұмыс жасау заңдылықтарын үнемі біле бермейтін шығарсыз. Сондықтан орта мектеп дәрежесінде пәндерді — физиканы, химия мен биологияны — жекелеп оқып үйрену Табиғатты біртұтастық тұрғысынан танып білудің алғашқы сатысы ғана бола алады, басқаша айтқанда, оның заңдарын жалпы жаратылыстық-ғылыми тұрғыдан танудың бастамасы деген сөз. Енді біз табиғатты танудың екінші сатысына шығуымыз керек.

Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.

Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.

Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

ҒЫЛЫМНЫҢ, ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖӘНЕ ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.

Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.

Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары - ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену - осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы - мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.

Сөз жоқ, ғылым - адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.

Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол - тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.

Ғылым - жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

ҒЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ

Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.

Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.

Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.

Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады

Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.

Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы - физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.

Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.

Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.

Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні - Бүкіл әлем. Космоло-гия - космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.

Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.

Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.

Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына - гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.

Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.

Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;

3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;

4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;

5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;

7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;

8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.

Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім - сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

ҒЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН КРИТЕРИЙЛЕР

Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий - онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі - ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий - рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий - зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Наши рекомендации