Түйсінудің өмірлік трансформациялары.

Түйсінудің рецепторлық және рефлекторлық теориялары. Л.М. Веккердің түйсінуді классификациялауы. Түйсінудің функционалды дамуы. И.М. Сеченовтың гносеологиялық көзқарастары. Түйсінудің функциялары. Сөздік кинестезияө «сөздің базалды комоненті» (И.П. Павлов). Дүние бейнесі (А.Н. Леонтьев). Когнитивті схемалар (У. Найссер). Сенсорлық эффект. Сенсорлық белсенділік. Түйсінулердің индивидуалды дамуы.

Түйсінулердің классификациясы

Түйсіктің модалдылығы бойынша классификациясы кең тараған болып табылады (сезім мүшелеріне тән). Түйсінудің осы критерилеріне сәйкес келесі түрлерге бөледі: көру, есту, вестибулярлық, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу, қозғалыс, висцералдық. Интермодалды түйсіну де бар – синестезия.

Ч. Шерингтон классификациясы да танымал, ол келесі түрлерге бөледі:

· Экстероцептивті түйсіну дененің сыртқы бетінде орналасқан рецепторларға сыртқы тітіркендіргіштердің әсер ету кезінде пайда болады;

· Проприоцептивті (кинестетикалық) түйсіну бұлшықет, буындарда, сіңірлерде орналасқан рецепторлардың көмегімен дене бөліктерінің қозғалысын бейнелейді;

· Интероцептивті түйсіну арнайы рецепторлардың көмегімен ағзадағы алмасу процесін бейнелеу кезінде пайда болады.

Түйсіктің барлық түрлері ортақ психофизиологиялық заңдылықтарға бағынышты.

Қандай да бір түйсінудің пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір көлемдегі интенсивтілікке ие болуы керек. Әлсіз байқалатын түйсінуді шақыратын тітіркендіргіштің минималды көлемі түйсінудің абсолютті төменгі табалдырығы деп аталады. Бұл әлсіз тітіркендіргіштерді сезіну қабілеттілігі абсолютті сезгіштік деп аталады. Ол әрқашан абсолюттік сандарда көрінеді. Мысалы, түйсінудің пайда болуы үшін 1 кв.мм денеге 2 мг-дық әсер ету болса жеткілікті.

Абсолютті сезгіштікпен қатар айырма сезгіштікті де бөліп көрсетуге болады - әр түрлі интенсивтегі әсер етуге сезімталдылық. Айырма сезгіштік түйсіктің болар-болмас айырмашылығын тудыратын екі тітіркендіргіштің минималдық айырмасын шақыратын айырма табалдырықпен сипатталады. Мысалы, 1 кг жүктің үстіне 10 гр қосса, айырмашылығын ешкім сезбейді; салмақтың артқанын сезу үшін алғашқы салмақтың 1/3 бөлігін қосу қажет, яғни 33 г. Сонымен жүк ауырлығына қатысты айырма табалдырық алғашқы тітіркендіргіш күшінің 1/30 бөлігіне тең. Айырма табалдырыққа қатысты сауленің жарықтығы 1/100-ге; дауыс күші 1/10-ға; дәм сезу 1/5-ке тең. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан Бугер мен Вебер болды.

Бугер-Вебер заңы тітіркендіргіш интенсивтілігінің ортақ аймағына қатысты. Басқаша айтқанда, бұл табалдырықтар өте әлсіз және өте күшті тітіркендіргіштер болғанда өз мәнін жояды. Мұны Фехнер айтқан. Бұл заң бойынша тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен арта түседі.

Түйсіктің төменгі және жоғарғы абсолюттік табалдырықтары (абсолюттік сезгіштік) адамзат сезгіштігінің шегін сипаттайды. Бірақ әрбір адамның сезімталдылығы әр түрлі жағдайға байланысты өзгереді. Мысалы, қараңғы бөлмеге кіргенде, алғашында заттарды айыра алмаймыз, бірақ біртіндеп жағдайдың әсерінен анализатор сезгіштігі артады. Темекі шеккен немесе басқадай иісі бар бөлмеде тұрып, біз біраз уақыттан кейін осы иістерді сезбей қаламыз (анализатор сезгіштігі төмендейді). Қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда көру анализаторының сезгіштігі төмендейді.

Қоршаған орта тітіркендіргіштеріне бейімделу нәтижесіндегі анализаторлар сезгіштігінің өзгеруі адаптация (бейімделу) деп аталады. Әр анализаторлар бейімделу диапозоны және жылдамдығы әр түрлі. Кейбір тітіркендіргіштерге жылдам, ал кейбіреулеріне баяу бейімделеді. Жылдам бейімделетін сипап сезу және тактильді анализаторлар. Йодтың иісіне толығымен бейімделу бір минуттан кейін болады. Үш секундтан кейін тітіркендіргіш күшінің 1/5 түйсінуге болады. Тағып тұрған көзәйнекті орнынан қозғалту. Есту, көру, дәм сезу анализаторлары баяу бейімделеді. Қараңғыға толығымен бейімделу үшін 45 мин керек. Осы уақыттан кейін көру сезгіштігі 200 000 есе үлкейеді (бейімделудің ең жоғарғы диапазоны).

Адаптация жағдайы мақсат-бағдарлы биологиялық мәнге ие. Ол әлсіз тітіркендіргіштердің сезілуіне көмектеседі және анализаторларды өте күшті тітіркендіргіштерден қорғайды.

Сезгіштік тек сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана емес, сонымен қатар ішкі жағдайға да байланысты. Ішкі (психикалық) факторлардың әсерінен анализаторлар сезгіштігінің жоғарылауы сенсибилизация деп аталады. Мысалы, әлсіз дәм сезу түйсігі көру сезімталдылығын жақсартады. Бұл анализаторлардың өзара байланысымен, олардың жүйелі жұмысымен түсіндіріледі.

Сенсибилизация, сезгіштіктің асқынуы тек түйсіктердің өзара әрекетімен ғана емес, сонымен қатар ағзаға кірген физиологиялық факторлардың әсерімен де шақырылуы мүмкін. Мысалы, көру сезгіштігін жоғарылату үшін А витаминінің маңызы зор.

Адам қандай да бір әлсіз тітіркендіргішті күткенде, тітіркендіргіштерді айыру сияқты арнайы тапсырма берілген кезде сезгіштік жоғарылайды. Жеке адамның сезгіштігі жаттығу нәтижесінде ширайды. Мысалы, дегустаторлар иіс сезу және дәм сезу сезгіштіктерін арнайы жаттықтыра отырып, әр түрлі вино, шай сорттарының айырмашылықтарын, қайда және қашан жасалғанын анықтай алады.

Қандай да бір сезгіштіктен айырылған адамдарда осы кемшілігінің орнына басқа мүшелерінің сезгіштігі артып, компенсация жүреді (мысалы, соқыр адамдарда есту және иіс сезу сезгіштіктері жоғары болады).

Түйсіктердің өзара әрекеті кейбір жағдайда сезгіштіктің жоғарылауына, сенсибилизацияға, ал кей жағдайда сезгіштіктің төмендеуіне, десенсибилизацияға әкеледі. Бір анализаторлардың күшті қозуы әрқашан басқа анализаторлар сеззгіштігінің төмендеуіне әкеледі. Мысалы, шулы цехтағы шудың жоғары деңгейі көру сезгіштігін төмендетеді.

Түйсіктердің өзара әркетінің көріну деңгейі түйсінудің контрастылығы деп аталады. Түйсінудің контрастылығы – бұл қарама-қарсы қасиеті бар бір нәрсенің әсерінен екіншісінің сезгіштігінің артуы. Мысалы, сұр түстегі бір фигура ақ фонда қою, қарада ашық болып көрінеді.

Сезім мүшелерінің жұмысы кезінде пайда болатын түйсінудің әртүрлілігіне қарамастан, олардың құрылуы мен қалыптасуында бірқатар ортақ белгілерді табуға болады. Жалпы анализаторлар ағза ішінде және одан тыс жүретін құбылыстар туралы ақпараттарды қабылдау және талдауды жүзеге асыратын орталық және шеткі жүйке жүйесінің өзара әрекеттесіп қалыптасуының жиынтығын құрайды деп айтуға болады.

Анализатор – түйсіктің органикалық негізін құрайтын күрделі нейрофизиологиялық жүйе. Ол өзіне рецепторларды, ми мен рецепторларды байланыстырушы жүйке жолдарын, және жүйке импульстарын өңдейтін арнайы бөлімдерді қосады.

Анализаторлардың жалпы қасиеттері:

· адекватты тітіркендіргіштерге өте жоғары сезгіштік. Сезгіштіктің сандық шегі табалдырықтық интенсивтілік болып табылады, яғни, тітіркендіргіштің төменгі интенсивтілігі түйсінуді тудыратын әсер ету;

· дифференциалды сезгіштіктің болуы, (әртүрлілігі, айырмашылығы, контрастылығы) яғни, тітіркендіргіштер арасындағы интенсивтілік бойынша айырмашылықты ажырату қабілеті;

· бейімделу – тітіркендіргіштер интенсивтілігіне өз сезгіштік деңгейін икемдеудегі анализаторлардың қабілеті;

· анализаторлардың жаттығуы – сенсорлық іс-әрекеттің әсерінен бейімделу процестерін жылдамдатуға сезгіштігінің артуы;

· тітіркендіргіштер әрекеті аяқталғаннан кейін де біраз уақыт түйсінуді сақтауға анализаторлардың қабілеті. Мұндай түйсінудің “инерциясы” бірізді образдар ретінде түсіндіріледі;

· анализаторлардың үнемі өзара әрекеттесуі және қалыпты қалыптасу жағдайы.

Б.М. Теплов және В.Д.Небылицынның көзқарастары бойынша сезгіштік адамның жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекетінің көрсеткіші ретінде жүреді.

Түйсікті оның пайда болуы мен айырмашылықтары тұрғысынан зерттеуге психологияның үлкен бір бөлімі – психофизика арналған.

Түйсік пен қабылдаудың ортақ қасиеттері:

Сенсибилизация – бір анализаторға әсер ету арқылы екінші анализатор сезгіштігінің артуы.

Синестезия – арнайы емес модалдылықтарды қабылдау (дауысты көру, көретін образдарды есту).

3-лекция. Түйсінудің негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Есту түйсінулері. Дыбыстарды локализациялау. Есту теориялары. Сөз бен музыканы қабылдау. Есту түйсінулерінің іс әрекетпен, қарым қатынаспен байланысы. Көру түйсінулері. Бинокулярлық көру. Инвентирлі көру. Түстердің араласуы. Көру түйсінуіндегі психофизиологиялық заңдылықтар. Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті. Түстерді қабылдау. Жарықты түйсіну: жрқырау, контраст және түс, қанығу, жарық стимулдары. Негізгі және қосымша түстер. Жарық сезгіштігі.

4-апта (2 сағат).

Түйсіну түрлерінің ішінде иіс пен дәм айыру түйсінулері адамның таным процесінде де, психикалық әрекеттерінде де ерекше елеулі орын алмайды. Иіскеу түйсінуі басқа түйсінулердей толық зерттелмеген, сондықтан оларды жіктеп, түрлерін ажырату да қиын. Заттардың өзгеше тән иістері болатындықтан, иісті сол заттардың иістеріне ұқсатып ажыратады.

Дәм айыру түйсінуі иіс түйсінуі сияқты заттардың химиялық қасиеттердің әсерінен пайда болады. Егер иіскеу газ тәрізді заттардың әсерінен пайда болса, дәм айыру еріген заттардың әсерінен пайда болады. Дәм айру түйсінуі түрлі тітіркендіргіштердің тілдің бетіндегі және таңдай мен өңештегі дәм түйіршіктеріне әсер етіп, оларды қоздырудың нәтижесінен туады.

Ал есіту түйсінулері адамның таным процесінде, оның барлық психикалық іс-әрекетінде үлкен орын алады. Есіту түйсіну дыбыс толқындарының рецепторға әсер етуінен пайда болады.

Егер бір дәрежелі дыбыс жеке-жеке дыбыстарға теңелмесе, онда ол сапалы үн болып естіледі. Қосылушы дыбыстардың тебелісі біріне-бірі жақын болса, олардың үндесуі де үйлесімді болады. Үйдесудің үйлесімдігі қаншалықты жақын болса, оны консонанс дейді. Ал үйлесілімділігі қаншама алыс болса, оны диссонанс дейді.

Көру түйсінуі таным процесінде маңызды орын алады. Себебі адам көру арқылы дүниедегі заттармен құбылыстарды тек түйсініп ғана қоймайды сонымен бірге оларды дұрыс танитын болады.

Көру түйсіну көзге жарықтың әсер етуінен, яғни 390-нан 800 миллион кронға дейін ұзындығы бар электромагнит толқындарының әсерінен пайда болады.

Жарық толқындарының ұзындығын, амплитудасын және формасын айыру қажет. Толқынның ұзындығы оның бір секундтағы тербеліс санына байланысты болады. Тербелістің саны қаншалықты көп болса соншалықты толқынның ұзындығы соншама қысқа болады, керісінше, тербелістің саны азайған сайын толқын да ұзара түседі.

Көру түйсінуі біздің көзімізге әсер етуші тітіркендігіштің түрімен, әсер ету мерзімімен, оның кеңістіктегі орнымен және бір мезгілде әсер етуші басқа заттардың да сипаттарымен байланысты. Көру түйсінуінің заттардың әсер етуші мезгілімен байланысты болатынын адаптация құбылысынан анық байқауға болады.

Күшті жарықтың көзге түсуі, әсіресе алғашқы 5 минуттың ішінде, көру түйсігін бәсеңдетеді. Бірақ көз бара-бара көндіккен соң, оның көргіштігі ұлғая береді, өйткені қараңғыда адамның жарықты сезгіштігі күшті болады.

Өмірде заттармен, не құбылыстармен байланыссыз түстер болмайды. Сондықтан адам тегінде түстерді түрлі заттармен және құбылыстармен байланыстырып отырады.

Мұнда адамның тәжірибесі үлкен орын алады. Көбінесе, тұрмыста сары түс күннен, оттың жалынымен, қызыл түс қанмен, көгілдір түс - өсімдікпен байланыстырылып отырылады.

Сонымен бірге әр түс адамға өзінше әсер етеді, физиологиялық процестерде пайда болдыруға да себеп болады. Мысалы, кейбір түстер адамның жүйке саласын қоздыратын болса, басқа түстер жүйкені жұбатып, тыныштатады. Кейбір түстер көбінесе жағымды болса, басқа біреулері жағымсыз болып қабылданады. Бұл жөнінде түстер жылы, суық деп те аталады.

Ал органикалық түйсінуге ашығумен шөлдеу, тою мен сусынды қандыру, ішкі мүшелердің ауруы, тұншығуы, жүрек айну, жыныс сезімдері сияқты түйсінулер енеді. Ал жыныс құштарлығы адамдардың бір-бірінің күрделі қарым-қатынасынан және нәзік сезімдерімен байланысты болады. Органикалық түйсінулер органикалық қажеттілікті бейнелейтіндіктен және олардың қанағаттанылуымен, я қанағаттанылмауымен, құштарлығымен байланысты болады.

Бұл жөнінде екі түрлі теория бар. Теорияның біреуі ашығуды түйсінуін құрсақтың, оның боршаларының жиырылуымен байланыстырады: құрсақтың жиырылуынан пайда болатын қозу вегативті жүйке саласы арқылы миға баратынын айтады.

Екінші теория бойынша адам ашыққанда қанның құрамы өзгереді, ал өзгерген қан тікелей миға әсер етіп, ашығуды түйсіндіреді. Егер, бірінші теория ашығуды перифериялық жүйке жүйесінің әрекетімен байланыстырса, сол сияқты шөлдеуді де, тамақтың құрғауын да сонымен байланыстырады. Екінші теория шөлдеуді ашығу сияқты себептермен, яғни шөлдеуді, организмде судың жетіспеуімен байланыстырады.

1) Проприорецептор түйсінулері адамның бүкіл денесінің, не болмаса, жеке мүшелерінің жағдайын, қозғалысын, кеңістіктегі жағдайды, оның қозғалысын меңгеріп отыруды бейнелейді.

2) Проприорецептор түйсінулерінің екі түрі бар: кинестетикалық, яғни боршалар мен буындарда туындайтын түйсінулер;

3) дененің тепе-теңдігін түйсіну.

Түйсік –қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді.

Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, бүтіндей қабылдауға дейін жеткізуге болады.

Қабылдау– қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.

Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.

А.Н. Леонтьевтің концепциясына сәйкес, түйсік психиканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен байланысты. Эволюциялық процестің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдылыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық процестердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П. Зинченко және т.б. жұмыстарында).

А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде процестердің бір біріне ұқсау механизмі болып табылады.

Психикалық процестер жүйесіндегі түйсік. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті- сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Ол, организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма б.т. Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан.

Сезімдік тану негізінде түйсік жатады. Түйсіктің өмірлік мәні оның әрқашан сезімдік, эмоциялық реңктегі сипатта болатындығымен байланысты. Түстердің адамдарға әр түрлі әсер ететіні ( жасыл түс жайбырақаттандырады, қызыл түс қоздырады) тәжірибеде дәлелденген. Ақ және қара түсті бояулармен боялған, салмағы бірдей екі жәшіктің алғашқысы жеңілірек, екнішісі ауырырақ болып көрінеді. Ерекше түйсіктер (органикалық) адамның көңіл-күйін, оның эмоциялық реңкін анықтайды. Тіліміздегі сезгіштік және сезім деген сөздердің түбірінің бір болуы тегін емес.

Ішкі және сыртқы әсер түйсіктері бас қосып, тілек туғызады, ерік импульсының бастауы болады. Мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен әрекеттер түйсіктер арқылы реттеліп отырады. Қимыл-қозғалыс түйсіктері әрекет акцепторының ең қажетті элементі. Сөйтіп, түйсіктер адамның тіршілік әрекетімен кең мағыналы байланыста.

Шағын тәжірибе жасап көріңіз. Жолдасыңыздан көзін жұмуын өтініп, алақанына белгісіз затты тигізіңіз, содан кейін одан сол зат туралы не айта алатынын сұраңыз. Егер ол оның не екенін біле алмаса: «қатты, жылтыр, суық бір нәрсе» немесе «жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Осы сөздер адамның бастан кешкен түйсіктерін білдіреді.

Түйсіктер заттардың жеке қасиеттерін сәулелендіретін бейнелер ретінде пайда болады.

Түйсік дегеніміз- заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.

«Түйсік арқылы болмаса,- деп жазды В.И.Ленин ,- біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да ештеңе біле алмаймыз.» В.И.Ленин осы қысқа тұжырымында түйсіктің таным әрекетіндегі ролін терең ашып берді.

Түйсік дүниені бейнелеудің жалғыз ғана формасы емес. Сезімдік танудың біршама жоғарғы формаларын ешқашанда түйсіктердің қосындысы немесе қисындасуы деп түсінуге болмайды. Бейнеленудің әр формасының өзіндік сапалық ерекшелігі бар , бірақ, бейнеленуінің алғашқы формасы болып саналатын түйсіксіз ешқандай таным әрекетінің өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті ересек адамның рухани өмір белсенділігінің өзінде түйсіктің ерекше маңызы бар.

Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Сезім мүшесі – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анотамиялық-физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ, тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты білдіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстың пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.

Наши рекомендации