Клиникалық психология даму тарихы. Клиникалық психологияның зерттеу пәні

Билет №1

“Клиникалық психология” терминi kline (төсек, аурухана кереуетi) деген грек сөзiнен тараған. Қазiргi психологияда “клиникалық” және “медициналық” терминдерi синоним ретiнде қолданылады. Бiрақ медиктер бiлiмнiң бұл саласын “медициналық психология”, ал психологтар “клиникалық пс.” деп атайды.Медициналық (клиникалық) психология – түрлi аурулардан зардап шегетiн адамдардың психологиялық ерекшелiктерiн, психикалық ауытқулардың диагностикасын жасау әдiстерi мен методтарын, психологиялық феномендер мен психопатологиялық симтомдар және синдромдарды дифференциялауды, пациентке көмектесудiң психокоррекциялық және психотерапевтiк әдiстерiн, сонымен қатар психосоматикалық және соматопсихикалық өзара ықпалдың теориялық аспектiлерiн зерттейтiн ғылым.Бүгiнгi күнде клиникалық пс-ға қатынасы бар көптеген пәндер бар: патопсихология, психопатология, нейропсихология, девианттық мiнез-құлық психологиясы, психиатрия, неврозология, психосоматикалық медицина және т.б. Айтылған әр пәннiң мазмұнында медициналық және психологиялық бiлiм бар. Бiрақ олардың бәрiнiң клиникаға қатынасы бар болғандықтан, олардың бәрiн клиникалық пс-ң құрамды бөлiктерi деп есептеуге болады. Клиникалық пс-ң келесi салаларын ажыратуға болады:патопсихология – психикалық дамудың, психикалық iс-әрекеттiң ауытқуын психологиялық әдiстермен зерттейтiн клиникалық психологияның саласы, дәрiгер ауруды көрсе, психолог ең бiрiншi науқастың тұлғасын көруi қажет, тұлға психикасының сақталған жақтарын байқау қажет;нейропсихология- бас миының зақымдану ошағын психологиялық әдiстермен зерттейдi, бұл ең жас саланың бiрi болып табылады, 30-40 жылдардан бастап нейрохирургияның ашылуымен байланысты дамыған, ми жұмысыныдағы ауытқу бастың зақымданған орталығына байланысты түрлi сипатта болуы мүмкiн;психосоматика (soma - дене) соматикалық факторлардың психикаға және керiсiнше, психикалық факторлардың соматикаға ықпалын зерттейтiн сала, мысалы, бронхиальная астма, язва, т.б. адамның психологиялық ерекшелiктерi аурудың даму барысына ықпал жасайды (мысалы, асқазан жарасы алаңдауы жоғары адамдарда жиi кездеседi, жүрек ауруын бастықтардың ауруы деп атайды, себебi жауапкершiлiгi жоғары адамдарда жиi кездеседi);деонтология- пациент пен дәрiгердiң арасындағы қарым-қатынас психологиясы;психогигиена, психопрофилактика – психикалық аурулардың алдын алу жолдары.

2.Аутизм— (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.Аутизм– бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады.Аутизм көрсеткіші:Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.Аутизм себептері:Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

3. Агнозия— заттарды, дыбыстарды қабылдаудағы қиындық. ми сыңарларының локалды зақымдануы салдарынан адамның бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін қайтадан тани алмауы. Агнозия келесі түрлерін ажыратады:визуалды Агнозия көз откірлігінің сақталуының өзінде объектілерді, заттар мен олардың кескіндерін тұтас тани алмау, оларды бөлшектей алмау;тактилді Агнозия — заттар мен объектілерді сипап үстауда оларды тани алмау немесе өз денесінің локустарын танудың бұзышуы. соматоагиозия деп аталатын дене құрылымы жөнінде аберрациялық, бұрмаланған түсінік;кеңістіктік Агнозия — заттар мен олардың кескіндерін қабьшдаудың сақталуында адамдардың түрлерін тани алмау;есту Агнозия — естудің фонематикалық қасиеттерінін, яғни сөйлеудегі дыбыстарды ажыратудың бұзылуы;әріптік Агнозия — оқудың бұзылу түрлерінің бірінің негізінде жататын Агнозия түрі;симультандық Агнозия — бір мезгідде қабылда- натын заттар мен құбылыстардың санының құрт азаюы.

Деперсонализация (лат. de жоққа шығару, лат. persona — тұлға) - өзінің сана-сезімін өзгерту.өзінің « менін» қабылдамау. Өзінің дене мүшесін қабылдамау. Ол жағдайда адамда өзінің сана-сезімін жоғалтқан сезімі туады және жақындарына, жұмысына, қатысты эмоционалдық жақындықтың болмауына қатысты уайымдайды. Психикалық тұрғыдан сау адамдарда қатты жүк түскенде деперсонализация жеңіл түрі байқалады. Ұзақ уақыт бойы бұл күйді кешсе суйцидке алып келеді

Эксперимент ( лат. experіmentum – сынама, тәжірибе), Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады.

Билет №2

Клиникалық психологияның дамуы қандай ғылымдардың дамуымен тығыз байланысты және Клиникалық психологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар

Біздің елімізде К.К. Платонов клиникалық психологияны медициналық психологияның бөлігі ретніде қарастырды. Оның көзқарасы бойынша: клиникалық психология – психиатриялық, неврологиялық, соматикалық сияқты клиникалық қажеттіліктерге жауап беретін қолданбалы мәнге ие.

2.Қояншық (эпилепсия) — (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі.Эпилепсияны белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат. деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде “қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, арахноэнцефалит), т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да Эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Эпилепсия 10 – 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Эпилепсия асқынған сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын болады. Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды ешқашан ұмытпайды. Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ең алдымен Эпилепсияға не себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, науқасқа организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор.

3. Гидроцефалия (мишемен) — бас суйек куысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі. Бас сүйегінің үлкен болуы. Қазан бас, өте үлкейіп кеткен бас деген.Микроцефалия- гректің микро – кішкентай, цефалия бас. Абас сүйегі мен миы жетілмей қалған. қыл ой кемісітігінің ең ауыр түрі. Бас сүйегінің кішкентай болуы. Микроцефалия Идиотия кезінде науқаста сөйлеу қабілеті болмайды, дағдылар игерілмейді, бала өзін-өзі күте алмайды, қоршаған адамдардан өзінің жақындарын эмоциональды түрде айыра алмайды, оқыту мүмкін емес.Имбецильділікте әдеттегі мектептерде оқу қабілеті болмайды, тек арнаулы мектептерде оқуы мүмкін, сөздері жиі түсініксіз, ойлауы нақты.Дебильділік кезіндеадамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады, бірақ қиындықпен оқиды, оларға түсініктерді біріктіру қиын, абстрактылы қызмет мүмкін емес, материалды жаттанды оқытуды қажет етеді. Иллюзия- адастыру, алдау. Сау адамдарда көре алады. Мысалы фокус.

Билет №3

  1. Клиникалық психологиялық зерттеулердің құрылу принципі, Клиникалық психологияның эксперимент әдісі.

2. Даун синдромы- (21 хромосоманың трисомиясы) – 21-жұп хромосомалардың қалыпты екі көшірменің орнына 3 көшірмесімен (трисомия) көрінетін геномдық патологиялардың бір түрі, сондықтан адам кариотипі қалыпты 46 хромосома орнына 47 хромосомадан тұрады. Синдром ауруды 1866 жылы алғашқы рет сипаттаған ағылшын дәрігері Джон Даунның есімімен аталған. Туа біткен синдромның себебі хромосомалар санының өзгеруіне байланысты екенін 1959 жылы француз генетигі Жером Лежен анықтаған. «Синдром» сөзі белгілер мен қасиеттердің жиынтығы деген мағына береді. Бұл терминді қолданғанда «Даун ауруынан» көрі «Даун синдромы» сөзін қолданған дұрыс. Даун синдромымен ауыратын адамдардың Халықаралық күні алғаш рет 2006 жылдың 21 наурызында өткізілді. Даун синдромына тән негізгі белгілері:

• «жалпақ бет» - 90% • брахицефалия - 81% • нәрестелер мойнындағы тері қатпарлары - 81% • эпикантус (көз ойығының медиалді бұрышын жауып тұратын вертикалді қатпар) - 80% • буындардың аса қозғалмалығы - 80% • бұлшық ет гипотониясы - 80% • шүйденің жалпақтығы - 78% • аяқ-қолдың қысқалығы - 70% • брахимезофалангия (ортаңғы фалангалардың әлсіз дамуы себебінен барлық саусақтардың қысқаруы) - 70% • 8 жастан асқанда катаракта анықталуы - 66% • ауыздың ашық болуы (бұлшық еттер тонусы төмен болғандықтан және таңдайының ерекше құрылысына байланысты) - 65% • тіс аномалиялары - 65% • 5-саусақтың клинодактилиясы (шынашақтың қисаюы) - 60 % • доғатәрізді (готикалық) таңдай - 58% • жалпақ таңау - 52% • жүлгелі тіл - 50% • алақан қыртысының көлденең орналасуы (маймыл алақаны) - 45% • қысқа қалың мойын - 45% • жүректің туа біткен ақауы - 40% • қысқа мұрын - 40% • страбизм (қыли көз) – 29% • кеуде торының деформациясы - 27% • нұрлы қабат қырымен орналасқан пигменттік дақтар-Брушфильд дақтары - 19 % • эписиндром - 8% • он екі елі ішектің стенозы немесе атрезиясы - 8% • туа біткен лейкоз – 8 Даун синдромы диагнозы қанды кариотипке зерттеу негізінде қойылады. Тек сыртқы белгілеріне қарап диагноз қою мүмкін емес.

3. Психоз (гр. psyche — жан)— жеке адамды тоқыраушылыққа ұшырататын психикалық қызметтің ауытқушылығы немесе психикалық науқастық,жындану.

Ипохондрия-өз денсаулығына шамадан тыс көңіл бөлушілік, жазылмайтын аурумен ауырып қаламын деп қорқушылық.

Галлюцинация —қиялдану, шатасу деген мағынада. Галлюцинация жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің туындауы. Галлюцинация елестеушілік (миға зақым келгендіктен көзге әр нәрсенің елестеуі, құлақтың жаңылыс естуі, мұрынның иісті айыра алмауы). Галлюцинация перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдайды. Галлюцинация тысқары объектілердің ырықсыз, субъектіге тәуелсіз проекциялануынан және олардың кеңістік пен уақытта оқшаулануынан туындайды, осының салдарынан санада осы кенеттен пайда болған бейнелердің нақты болмыста объективті қабылданатын заттар деп білінуіне әкеліп соғады.

Билет №4

Наши рекомендации