Дәріс тақырыбы : Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауынының дамуы

Дәріс жоспары:

1.Ойлау психологиялары

2.Ойлаудың қоғамдық мәні

3.Ойлау операциялары

Ойлану, ойлау – оқытудың бір түрі. Оның түсінігі бойынша - бұл жаңа білім алу, келісімді және таза ғана адамның тәжірибеден негіз алып өзін байыту.

Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлау қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.

Ойлау психологиясы – психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның күрделілігі теориялық және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді. Ойлау заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына дейін көрінді. Ойлау әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады гноселогия және логика, педагогика, физиология. Ойлау табиғаты (сана) оның қатынасы туралы алғаш зерттеген философия.

Ойлау актісінің мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі бар екені қарастырылды. Ойлауды экспериментальды зерттеу кейінен гештальт психология жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлауларына қарай жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырады.

А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады.

Б.М.Теплов еңбегінде ойлаудың интеллектуальдық ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте көрінетіне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау және сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты.

Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейннің еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрлере (ал даму – қабілеттерді, жаңа қасиеттерді икемдеу) қарстырылды.

П.Я.Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтарша, оқу – оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н.Леонтьев теориясы бойынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге) – жетекші әрекеттің типі. Оқу полимотивті және полимағыналандырылған іс-әрекет деп қарастырылады.

Г.В.Габайдың көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас жүйеден немесе іс-әрекеттен құралатын әрекет. Біріншісі – жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның негізгі фунционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компонеттері оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталды. Ойлау психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе ойлауға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О.Зельц болды. Оның «кешенді теориясы» ойлау актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері К.Дункер ойлаудың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлау мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.

Ал А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады. Қазіргі психологиядағы ойлау сапасы оның түрлері туралы кең көлемде зерттей – отырып психологиялық әдебиеттер, терминдік ерекшеліктерін ұсынғандар: Р.Арнхейм, А.Р.Лурия, Е.Блейлер, Г.Майер. Л.Леви-Брюля, К.Гольдштейн т.б. болды.

Адамның ойлану әpeкeтi тікелей – сезімдік таным процесстерімен де тығыз байланысты. Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сезу арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мумкiндiк туады.

Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. өз ой-пiкiрлерiнiң жуйесiн, нәрселер жайындағы нақты тyciнiктepiн жасайды. әрбiр ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жуйелi болып, оның нәрселердiң мәнін тусiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жузеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.

Ойлаудың қоғамдық мәні Ойлаудың тiлмен тыгыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қогамдық ­тарихи сипатта болатындығын көрсетедi. Адамның дуниетанымы, бiлiмi және өмip тәжiрибесiнен жинақттаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұpa болып ауысып отырады. Бұл - тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өcyi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмip қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады.

Ойлау процесі үшін зейін – мәселені дұрыс түсінуге және шешуге ықпал ететін фактор. Осы ойлау және ес процесіне зейіннің тікелей ықпалы бар.

Адамдардың арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне, бір-біріне бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, оның айқын бейнеленуіне көмектесетін психологиялық феномен болып табылады.

Таным процестерінің бағыттылығы мен таңдамалылығы да зейінмен байланысты болады. Ойды анық және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен таңдамалылығын және сөз арқылы ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері функцияларының сапалы әрі нәтижелі болуы зейінге байланысты.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына қарай берілген тапсырманы дұрыс сапалы орындау – баланың даму деңгейін көрсетеді.

Қазіргі білім беру жүйесі оқыту процессінің екі аспектісін қалыптастырады.

Оқытудың мазмұнды аспектісі оқушылардың терең жан – жақты ғылым мен практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Оқытудың формальды аспектісі – оқушылар бойында білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және оқу материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін қарастырады.

Практикада бұл екі аспектінің тең емес екендігі айқын көрінеді. Ұстаз қауымы оқушыларға мейлінше терең білім беруге тырысады. Алайда «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер», демекші қазір мектептерде пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет. Сондықтан оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі демекпіз.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны сөзсіз. Шынымен – ақ, оқушылардың ойлауындағы қателікті байқап, сол қателіктің мән – мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыра білу үшін ұстазға логика саласынан қажетті теориялық білім керек.

Сол себептен оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені құрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі – оқыту процессінде формальды аспектіге назар аудару.

Дж.Гилфордтың пікірі бойынша, ойлау өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:

- өзіндік өзгешелігімен,жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;

- семантикалық иілімділігімен,яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;

- бейнелік дағдылану иілімділігімен,яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;

- семантикалық спонтандық иілімділігімен,яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.

Шығармашылық ойлау өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге: конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін.

Ойлау процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:

1) ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру;

2) мәселелерді шешу.

Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені «ұқсас емес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру – нәтижесінде субъекттің ұғымдардың әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.

Ойлау процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлау процесінің сатыларымен өте ұқсас:

1) дайындалу;

2) пісіп жетілу;

3) шабыттану;

4) шынайылығын тексеру.

Ойлау операциялары.Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:

- салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;

- талдау –бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;

- синтез –элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;

- абстракция және жалпылау –жалпы белгілерді бөліп көрсету;

-нақтылау мен дифференциялау –ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.

Әлемдік психолог – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамыту мәселесін А. Н. Леонтев, С. П. Рубинштейн, М. Л. Гуров, Е. Н. Кабанова – Меллер, Г. С. Костюк, Е. О. Зейлингер – Рубинштейн, М. В. Занков, т. б атақты ғалымдар теориялық тұрғыда қалыптастырған. Және де « Логикалық ойлау » ұғымына нақты анықтама берген Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтев, И. А. Гибш сияқты авторлардың пікірлерін жүйелесек, « Логикалық ойлау » дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ұғымдарды, ой – пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Жалпы оқушылардың ойлауын дамыту мәселесінің практикалық жағын қарастырған ғалымдар В. Н. Решетников, Н. Н. Поспелов, В. Ф. Паламорчук, А. Ф. Обухова, Л. Н. Раев, А. З. Зак, Л. Ф. Тихомирова. Зерттелген әдебиеттерде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту «пәндік » сипатқа ие. Мысалы: И. А. Гибш, А. Д. Семушин, А. И. Фетисов, Ю. М. Колягин – математика пәнінде. В. Н. Руденко - геометрия пәнінде оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін қарастырған.

Жоғарыдағы авторлардың пікірлерін бір жүйеге келтірі отырып, төмендегідей анықтаманы зерттеу жұмысының негізіне ала отырып «Логикалық ойлау қабілетін дамыту» дегеніміз :

 барлық логикалық ойлау операцияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру:

 Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.

1 Логикалық ойлау операциялары:

- талдау,

- жинақтау,

- салыстыру,

- жалпылау,

- саралау.

2 Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту:

- Әртүрлі болжам, пікір айта білу,

- Мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.

3 Трансформация әрекетін жетілдіру

- заттарды бөліктері арқылы құрастыру,

 объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.

Таным теориясы - гносеология - философиялық пән. Ол дуние­ танудың жалпы заңдылықтарын зерттейдi. Адамзат тарихының даму­ында қалыптаск:ан "болмыс", "материя", "сана", "сан", "тартылыс" тәрiздес басқа да ұғымыкең дәрежеде қарастырылады. Осындай та­ным теориясы мен философиялық принциптерге негiзделетiн ойлау урдiсi өзара байланысты және бiр-бiрiн толықтырып отыратын жеке ғылыми пәндер - формалдық. логика мен психология арқылы да зерттеледi.

Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын сөз арқылы шғарамыз.

Дедукция- латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытынсының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытынсының жекеден жалпыға қарай дамып отырған түрі. Ой қорытысының үшінші түрі – тратукция деп аталады. Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл - дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі –силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер – дұрыс ойлаудың формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.

Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы. Ол-ойлау процессінің өзі. Психология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процессінің қалайша дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процессінде ойлаудың дамуы, білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процесстерінде ойлауды дамыту мәселелері – психология, ғылымы қарастыратын жайттар. Әрбір жеке адамда ойлау процессі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологи яда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлауды таным процессі деп санап, шындықты, ақиқатты әр түрлі әдістер арқылы танып, білуге болатындығын анықтауды көздейді.

Ойлау дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік оәлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Дәріс тақырыбы :Кіші мектеп жасындағы балалардың ес процесінің дамуы

Дәріс жоспары:

Естің дамуы. Мектепке дейінгі кезеңді есте сақтау мен қайта жаңғырту қабілетінің қарқынды дамитынымен сипатталады. Шын мәнінде, егер бізге ерте балалық шақтан бір оқиғаны еске түсіру қиынға соқса немесе еске түсіру мүмкін болмаса, мектепке дейінгі кезеңде көптеген жарқын естеліктер қалдырады. Әсіресе бұл ересек мектепке дейінгі кезеңге қатысты.

Еріксіз естің дамуы. Мектепке дейігі кезеңдегі баланың есі негізінен еріксіз ес болып келеді. Демек , бұл бала әдетте алдына бірдеңені есте сақтап қалу үшін мақсат қоймайды. Есте сақтаумен еске түсіру баланың ерік – жігеріне тәуелсіз жүреді. Бала іс-әрекетте өз көңілі түскенді әсер еткен, өзіне қызық оқиғаны еске сақтайды.

Сөзді, суретті, заттарды еріксіз есте сақтау сапасы баланың бұл заттармен қаншалықты белсенді әрекет еткеніне байланысты. Балаға суреттерді өз орнына қоюды, мысалы баққа, ас бөлмесі, балалар бөлмесі, ауланы бейнелейтін заттарды бөлек қоюды ұсынғаннан, суреттерді көзбен бір шолып шықса есінде көп нәрсені сақтамайды. Еріксіз есте сақтау баланың қабылдау мен ойлау әрекетінің қосымша нәтежесі жанама болып табылады.Еріксіз есте сақтау мен еріксіз қайта жаңғырту мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес жұмысының жалғыз формасы . Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру үшін алдына мақсат қоя алмайды.

Арнайы естің дамуы. 4-5 жаста есте сақтау мен қайта жаңғыртудың арнайы қалыптаса бастайды. Арнайы есте сақтау мен қайта жаңғыртуға қолайлы шарты баланың ойын іс-әрекеті барысында туындайды. Бала сатушы рөлінде белгілі бір заттарды сатып алу барысында, ересектің тікелей талап етуінен көп сөзді есте қалдырады.

Естің арнайы формасын игеру бірнеше этаптарға бөлінеді. Алдымен бала қажетті тәсілдерді меңгермей жатып, есте сақтау және еске түсіру міндетін бөле бастайды. Сонымен қатар бұрын қабылданған нәрсені еске түсіру мен қайта жаңғыртуды күтетін ситуациялармен бірнеше рет соқтығысып тұрғандықтан міндеті ерте бөлінеді. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжіребесінің нәтежесінде туындайды.

Бала бірте – бірте материалдарды қайталауды, ойлауды үйренеді. Ең соңында бала арнайы есте сақтау әрекетінің қажеттігін түсініп, осы үшін көмекші тәсілдерді қолданады.

Еріксіз және арнайы есте сақтаудың байланысы. Ерікті есте сақтауды меңгерудің жетістіктеріне қарамастан мектепке дейінгі кезеңнің соңына дейін еріксіз ес үстем болады. Ерікті еске сақтаумен қайта жаңғыртуды балалар салыстырмалы айрықша ситуацияларда қолданады.

Белсенді ақыл – ой жұмысымен байланысты еріксіз еске сақтау мектепке дейінгі кезеңде арнайы есте сақтауға қарағанда сәтсіз.Мектепке дейінгі кезеңдегі кейбінр балаларда эйдетикалық ес деп аталатын көру есі жақсы дамыған. Эйдетикалық естің бейнесі өзінің анықтылығымен қабылдауға жақындайды: бір нәрсені еске түсіру, бала бұрын қабылдағаны. Эйдетикалық ес – жастың құбылысы. Осы қабілетті иеленуші балалар мектеп кезінде жоғалтады.

Еріксіз есте сақтау мектепке дейінгі кезеңде нақты және баянды болуы мүмкін. Егер балалық шақтағы осы оқиғалар эмоционалдық мәнге ие болып, балаға әсер етсе, олар баланың есінде өмір бойы қалады. Мектепке дейін кезеңде сәби мен ерте балалық шақтың амнизиясынан арылу кезеңі болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың танымдық ортасының дамуының ерекшелігі « бала дамуында жаңа функция жүйесі сана орталы ес болады, қалыптасатынын » арнайы айту керек. Мектепке дейінгі кезеңде ес басты рөль атқарады.

Ес психологияда « жалпы естеліктер » деп аталатын көріністерді сақтайды.( Л.С.Выготский). Мектепке дейінгі кезеңде баланың есі орталық орын алып, іс - әрекеттің жетекші функциясы болып қалыптасады.

Қиялдың дамуы. Баланың қиялы сананың басты функциясы. Басты функцияның бір сызығы бір заттың екінші затпен, олардың бейнесімен, математикалық, сөздік және басқа бейнелерді пайдаланудың орын басудан логикалық ойлау формасын меңгеруге алып келеді. Басқа сызық шынайы заттарды толықтыру және орын басу мүмкіндіктерінің көрінуіне, жиналған материалдардан жаңа бейнелер көрінісін құруға алып келеді.Баланың қиялы ойын барысында қалыптасады. Бірінші кезеңде ол заттарды қабылдаумен оларды ойын іс- әрекетінде орындаудан ажыратып қарамайды. Бала таяқшамен атпен шабады – осы сәтте ол шабандоз, ал таяқша – ат. Бірақ ол таяқша болмаса атты көз алдына елестете алмайды.Үлкен балаларда қиял орын басатын заттарға ұқсамаитын заттарға сүйенеді.Бірте-бірте сыртқы сүйеніш қажеттігі жайылады. Шын мәнінде жоқ затпен ойын іс-әрекетіне кірісу – интериоризация жүреді. Бұл қиял ерекше психикалық процестің тууы секілді.Басқа жағынан қарағанда ойын көрінетін іс-әрекеттерсіз жоспарлы түрде жүреді.Балаларда қиял образы эйдетикалық образға жақын болуы мүмкін болғандықтан өзіндік сипатқа ие. Эйдетикалық образдар әсіресе бос қабылдау болмағанда, түнде жарық сөндірулі болғанда бала санасына қарқынды әсер етеді. Бұл балалар үрейінің себебі болуы мүмкін.

Осы уақытта балада арнайы қиял дами бастайды, ол өз іс-әрекетін жоспарлағанда нәтежесін өзіне бағыттайды. Сонымен бірге бала еріксіз пайда болған образдарды қолдануды үйренеді. Балалар шығарған тарих пен ертегілер жүйелі және шынайы бола бастайды. Сонымен қатар балалар сюжетті логикалық түрде соңына дейін жеткізеді.

Балалардың қиялы ересектердің қиялынан бай деген пікірлер бар. Бұл пікірлер балалар әртүрлі себептерге байланысты қиялдай бергендігіне негізделген.

Бірақ балалар қиялы бай емес, көптеген іс-әрекеттерге қатысты ересек тердің қиялынан төмен. Бала өмірлік тәжіребесі аз болғандықтан ересек адамдардан әлде аз қиялдайды.Сонымен бірге ересектер өмірінен қарағанда, бала өмірі маңызды рөль атқарады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – бұл баланың қоршаған ортаны танып, меңгеруге бірден-бір жетекші жол.Қиял мен естің жүйелі дамуының сипаты мектепке дейінгі кезеңде осы танымдық процестің кейбір онтогенез бейнесін береді. Алғашында бала бірдеңені елестетуге немесе еске сақтауға мақсат қоюға тырыспайды.

Қиял және ес образы ойын процесінде, сурет салуды, ертегі және әңгіме тыңдағанда пайда болады.3-4 жаста бала қайта жаңғыртуға ұмтылу, бала әліде бұрын қабылдағандарын ұстай алмайды. Қайта жаңғырған образдар бірінші негізден алшақ болады және баланың есінде көпке дейін сақталмайды. Бірақ баланы тек қана ертегі киіпкері болатын қиял әлеміне жетектеу оңай. Егер ересек адам бір фантастикалық кейіпкердің рөлін алып сомдаса, бала бұған шынайы өмірдегідей қайғырып, қуанады. Ересек адамның көмегі арқылы бала өөзіндік кейіпкерлерді сомдауға үйренеді. Бұл кейіпкерлер аяқталмаған, бала көбіне оның іс-әрекетін соңына дейін апармайды.Баланың санасында болып жатқан образдың туындауын және сыртқы көзқарасымен қабылдауын бақылау өте қиын: бала өзі образды суреттеуге және оны беруге қиналады: қағазға салып немесе іс-әрекетімен әліде дамымаған күшпен « техникамен » бейнелей алмайтындығын көрсету. Осы құпия әзірше отбасында сақталған. Бірақ тарихи шығармамен әңгімелерді құрастырғанда таныс образдарды пайдалануды, сонымен қатар, бала шығарма жазғанда оның логикалық құрылымына мән бермейді, тек жүре пайда болған әңгіме ассоцияциясына сүйенеді.

Үлкен мектеп жасында баланың қиялын басқаруға болады. Қиял әрекеті қалыптасады: көрнекілік манер формасындағы түпкі ой; зат образымен әрекет; қиялдағы заттың образы. Қиялда қарастырылып отырған суретке , тыңдалынып отырған ертегіге жалғасын тоқтатады. Ол практикалық іс-әрекеттен бөлектеніп, дербестікке ие болады.

Қиял танымдық тапсырмаларды шешуде ойлаумен бірігіп, практикалық іс-әрекеттің алдын алады. Қиял мақсатқа бағытталған іс-әрекет ретінде қиялдағы образ схемасының , құбылыстың оқиғаның көрінісі процесінде дамиды. Бала өз қиялының сипатын анықтап, бақылай бастайды. Осыдан ол қиялдар образдарының қимылына өзі бақылау жүргізеді. Әрине бала қиялы - бала ішкі дүниесінің өзгерісімен байланысты қайғысымен бөлінуге дайын болғанымен, бұл алдымен « өзі үшін » шығармашылық.

Баланың жалпы психикалық дамуында қиялдың белсенді дамуымен үлкен қауіп байланысты. Кейбір балаларда қиялы кез келген тілегіне еш қиындықсыз жететін, ерекше әлемді құрады, шынайылықты «ауыстырады». Бұндай жағдайлар ерекше көңілді талап етеді, аутизми ( шынайылыққа қызығушылықтың жоғалуы ) немесе бала психикасының дамуының бұзылғанын растайды. Бірақ бұл ізсіз жоғалатын уақытша құбылыс.

Наши рекомендации