Тақырыбы: психодиагностиканың қалыптасу тарихы.

Жоспар:

1. Психодиагностика дамуының алғышарттары.

2. Психологиялық тесттер тарихы

3. Экспериментальды психологияның шеңберінде психодиагностиканың қалыптасуы (В.Вундт, Ф.Гальтон, Г. Эббингауз т.б.)

Осы заманғы психодиагностика тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезең психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең адамдар туралы эмперикалық психологияның білім негізінде дәрігерлердің айналыса бастауы мен негізделеді. Дәрігерлерді қиын сауықтырулардың шығу тегі мен себептерінің әлемнің дамыған елдерінде жан ауруымен және невроздар жаралған жылдарында қызықтырды. Дәрігер психиатр Европа клиникаларында жүйелі бақылау жүргізе бастады. Өздерінің бақылауларын қорытындылап, анализдеп жазып отырды. Осы уақытта бақылау сұрастыру құжаттары туралы психодиагностиканың әдісі пайда болды. Психодиагностиканың сандық әдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вельгельм Вундтың басшылығымен әлемде бірінші эксперименталды лабораториясы құрылды. Онда психологияның мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла бастады. Осы уақытта физикалық және психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланысты көрсетіп амалдарды құруды көздеген психо-физиологиялық заңның ашылуы мен негіздеді. Негізгі психо-физиологиялық заң психологиялық құбылыстарды өлшеуге мүмкіндік туғызады және бұл ашылу түйсікті өлшеу үшін субъекті шкаланың құрылуына әкелді. Бұл заң мен сәйкес өлшеу объектінің негізгі адамның түйсігі болады және XIX ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика түйсікті өлшеумен шектелді. Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге және адамның күйіне жанасатын психодиагностиканың қазіргі әдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басын алып қараймыз. Психологиялық жұмыстардың орталықтары болып әртүрлі мемлекеттерде құрылған арнайы лабораториялар болып табылады. Бірінші проритет неміс университеті болды. Бірақ параллельді түрде зерттеулер Ресейде, АҚШ-та, Англияда және Италияда жүргізілді.

Осы кездерде психологиялық құбылыстардың сандық психодиагностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, анализ факторы алғаш рет ал жеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін және интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет арнайы психометриялық мекеме ағылшын Гальтон көмегімен Англияда құрылды. Ол антропометикалық лабораторияны қалады. Бұл лабораторияға келушілерге өздерін қабылдап өлшеуге мүмкіндік береді. Осы психометриялық экспериментті 10 мың адамға жуық өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолдануда бастамашы болып табылды және оған статистикалық әдісті өңдеудегі еңбегі ұсынылды. 1877 жылы дәл осы Гальтон психологияда кариляция әдісін қолдануды ұсынды. Гальтон, Персон және Пишер тәрізді ғалым математиктерді бұлар жұмыс жасауда математикалық статистикада атақтары шықты. Фирсен дисперсонды анализді ойлап шығарды. Келесі Гальтонның замандасы факторлы анализді қалыптастырды. Бұл екеуі математикадан гөрі психологияда жақсы нәтиже көрсете білді. Психология тарихынан Спермен өзінің «жалпы интеллект объективті ашықтан-ашық және өлшенген» 1904 жылы басылған. Айзенг және Кеттельді жеке тұлға кескінінің психодиагностикасы үшін факторлы анализді қолданады. Интеллект тесттерін өлшеп басып шығарған. Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек француз ғалымы Симон мен бұл тестті жетілдіріп психология тарихына Бине-Симон тест ретінде қалыптасты. XX ғасырдың 20 жылдарында жаңа психологияның интеллектуалды және жеке тұлғаны тесттеу пайда болды.

Өз лабароториясында қолданған жай тесттердің көбін Ф. Гальтонның өзі жасады. Мысалы ұзындықты көзбен айруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы; Ф. Гальтон сенсорлық айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалы құралы ретінде қарауға болады. Бұнда оған Дж. Локк білімі әсерін тигізді. Гальтон идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті бұзылатынын атап көрсетті. Бұл бақылау «интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте жоғары болуы керектігіне» көзін жеткізді.

Гальтон бағалау шкаласын, анкета жүргізу және тәуелсіз ассоциациялар техникасын алғашқы боп қолданған. Гальтонның тағы бір еңбегі-индивидуалдық ерекшелігі бойынша берілгендер анализі үшін математикалық статистика әдісінің өндірілуі. Математикалық дайындығы жоқ зерттеушілерге еркін қолдану формасын берді. Осы бағытта Ф. Гальтон оқытушыларының көбі жұмысын жалғастырды; олардың ішінде-ақ қызықтысы-Карл Пирсон болды.

Джеймс Кеттел және оның «ақыл-ой тесті» психологиялық тестілеудің дамуына ерекше үлес қосқан американ психологы Джеймс Маккин Кэттел еңбегі болды. Бұл жұмыстар жақында пайда болған эксперменталды психологияны одан да жас, жаңа бағыт-тестілеумен біріктірді. Лейпцигте, осындай зерттеу типін В. Вундтың қабылдамауына байланысты, Д. Кэттел реакция уақытындағы индивидуалды айырмашылықтар туралы диссертация жазды. Кейін, 1888 жылы Кембриджде лекция оқығанда, Ф. Гальтонның әсеріне орай индивидуалды айырмашылқтарды өлшеуге деген қызығушылығы күшейді. Америкаға келгесін, ол эксперменталды психология лабароториясын құрумен және тестілеуді дамытумен шұғылданды.

«Ақыл-ой тесті» термині алғаш рет 1890ж психологиялық әрекеттердегі Дж. Кэттел статиясында пайда болды. Онда жыл сайын колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналған тест сериясы берілді. Тесттер индивидуалды түрде қолданылды және онда бұлшықет күші, қозғалыс жылдамдылығы, ауруды сезіну, көру және есту тереңдігі, салмақ айырмашылығы, реакция уақыты, ес және т.б. өлшемдерінен тұрды.

ХІХ ғасырдың соңғы 10 жылында жасалған тесттер арасында Кэттел тесті типтік болып табылады. Бұл тесттер көбінесе колледж студенттері, мектеп оқушылары, және кез-келген ересек адамдарға қолданылды. 1893 жылы Чикагода өткен Колумбиялық көрмеде Дж. Ястров стенд қойды, онда қатысушылар өзінің сенсорлық, моторлық және жәй перцептивті процестерін өлшеді және салыстырды. Бірақ бұл тест бағасы қанағатсыздандырарлық баға берді.

Батыс Еуропалық зерттеулерге ерекше әсерін тигізген Рибо, ол Лангеннің теориясынан кейін зейіннің маторлық теориясын шығарды. Сол кездері Гальтонның ассоцативті эксперименті үлкен атаққа ие болды. Эксперимент 75 сөзден тұратын тізімнен құралады. Оларды кітаптың астына салды. Сосын бірінші сөзді қабылдауда секундамерді қосып, ассоцияларды жазып отырды. Сөйлеу ассоциацасын объективті құру үшін, таза мәдениетте алу керек еді. Бұны неміс психиатры Эббингауз шешті. Оның ес туралы еңбегі эксперименталды психологияда жаңа эпоханы ашты. Эксперименталды және математикалық әдістер деференциалды психологияның пайда болуына әкелді. Оның құрамы топтар немесе адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтар. Эббингауз өзінің есте сақтау туралы еңбектерінде оқылған материалдың толық сақталуын, есіне түсуін қамтитын, математикалық заңдылықтарды анықтау тәжірибелерін жинақтады. Ол адамдардың ассоциясын туғызбайтын тітіркендіру қасиетін ескерді. Эббингауз психологияның ғылыми тарихында алғаш рет эксперимент жүргізуде сандық анализ қорытындыларының өзіндік психикалық объективтік заңдылықтарын ашты.

Торандайк жануарлармен жүргізген тәжірибесі арқылы ассоцация түсінігіне жетістіктер әкелді. Көру, қате және кездейсоқ жетістік формуласын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар мінезін бітістері үшін ерекшеліктер бірдей болады деген тұжырым жасады.

Торандайк жаңалықтары дағдыны қалыптастыру мақсатында болды. Ойлауды алғаш рет зерттеуге ұмтылғандардың бірі Въюртс-Берг мектебінің зерттеушілері болды. Оның ішінде XX ғасырдың басында Кюльфе әдісі кең қолданнылды. Кюльфе ретрогрантты және ретроцпиктивті интроспекция зерттеу әдістері пайдаланылды. Тарихи соңғы практикаға тек әлеуметтік психологиялық зерттеулерге байланысты. Джон-Мареннің жетекшілігімен құралған социометриялық тест қалыптасты. Розен-Свейктің фрустрация әдісі, Рориехтің қара уақтар әдісі т.б. әдістер қалыптасты.

1930 жылда Дэвид Векслер өзінің индивидуалды тесттерін жариялады: ересек адамдардың интеллектісін өлшеу шкалалары. 1967 жылы-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жастағы балаларлың интеллектісін өлшеу шкаласы.

Неміс психологы Э. Крепелин бұрын оны психикалық ауытқушылыққа ие ауруларды клиникалық зерттеу қызықтырған адам сипаттамасын өлшеуге арналған тесттерді негізгі факторлар деп сипаттаған.

2. Психологиялық тесттік әдістердің пайда болуы. ХХ ғасырдың басында АҚШ-та тестік әдістердің дамуы

3. Францияда психодиагностикалық әдістерді қолдануы (А.Бине, Симон)

Альфред Бине (1857-1911) француз психологы, француздың эксперменталды психологияның негізін салушылардың бірі, тестологияны жасаушы. Заңгерлік, медициналық және биологиялық білімі бар. 1889 жылы Сарбоннда Франциядағы алғашқы әксперименталды психология лабороториясының негізін салды. 1894 жылы осы лаборотория директоры. ХХ ғасыр басында Т. Симонмен бірге балалардың ақыл-есінің даму деңгейін анықтайтын тест құрастырды, онда ес, зейін, ойлау дамуы жалпылама алынған. Интеллектуалды даиу деңгейі ретінде ақыл-ес жасы түсінігін берді. Сана және жеке адам патологиясы, ақыл-естің топастануы, түсінікті ойлау, ес процестерінің индивидуалды ерекшеліктері т.б. мәселелерді өңдеумен шұғылданды.

Қазіргі уақытта Стэндфорд-Бине тесті кеңінен қолданылуда. Ол сөйлеудің даму деңгейі, қабылдау, ес, логикалық ойлауға қабілеттілікті бағалауға арналған шкалалардан тұрады. Бұл тест арқылы зерттелушінің ақыл-ес жасын анықтауға болады.

Интеллектуалды дамуды бағалау тесті-Векслер тесті. Бұл тесттің бірнеше варианттары бар, зерттелушінің жасына байланысты қолданылады. Тест жеке субтесттерден тұрады. Осы субтест бойынша алынған нәтижелер тесттің екі негізгі көрсеткішінің құрылуы барысында қаралады. ВИП-вербалды интеллектуалды көрсеткіш, сөзді қолданумен субтест көрсеткішін көрсетеді. НИП-вербальсыз интеллектуалды көрсеткіш, сөз қолданылмайтың тапсырмалардың орындалу нәтижесінен тұрады.

Тексеру сұрақтары.

1. Психодиагностиканың ғылыми ретінде дамуына өз үлесін қосқан ғалымдарды ата?

2. Қай уақытта физикалық және психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланысты амалдары құрастырылып, психо-физиологиялық заң ашылды?

3. В.Вундт, Ф.Гальтон, Г.Эббингауыз, Торандайктың еңбектерін ата және қысқаша сипаттама бер?

4. XX ғасырдың 20 жылдарында пайда болған Франциядағы интеллектуалды тесттердің авторын ата?

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М,2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248 270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М,1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М 2003. 1,2,3 к.

Дәріс № 4

Тақырыбы: Психодиагностиканың революцияға дейінгі даму.

Жоспар:

1. Ресейде психодиагностиканың даму тарихы

2. 50 60 жылдардағы психологиялық зерттеулердің белсенділігі.

3. А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, П.Я. Гальперин еңбектері.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы орыс психологиясы кеңінен дами түсті, психологиялық білім практикалық тұрғыдан қолданылды. Әлемдік білімнің дамуында орыс психологиясы өзіндік орынға ие болды. Осы кезде эволюциялық көзқарас 3 бағытта дамыды.

1-кезең (20 жылдардың басы-30 жылдардың ортасы)-бұл кездері К.Н.Корнилова, Л.С.Выготский, П.П.Блонның бұлардың көзқарастары белгілі бір методикалары ғылыми методикалық тесттердің дамуына жағдай туғызды. Революцияға дейін психологтар мен педагогтар бірігіп зерттеулер жүргізді. П.П.Блон, Г.И.Россолимо, А.П.Нечаев, А.П.Байунов, А.М.Шуберттер болды. Бәрінің көзқарасы жалпы іс-әрекеттері әлеуметтік жағдайға байланысты психологиялық тесттерді пайдалану еді. Сонымен қатар советтік психологтар шетелдік көзқарастармен санасып отырды.

1910 жылы Ресей психологы Г.И.Россолимо өзінің ақыл-ой дамыту тестін, индивидуалды методикасын бағалауды «психологиялық профилді» жолмен жасады. Бұл әдіс Ресейде және басқа шетелдерге кеңінен тарады. Американың психологиялық ассоциациясы Робертом Иерксомның басқаруымен «Армейский тест интеллект» тестісін жасады. Бұл жалпы интеллект бірінші топтың тест «интеллектуалды (сұрыптап) топтастыру» 1млн 727 мың американ солдаттарына жүргізілді.

2-кезең (30 жылдардың ортасы 50 жылдардың аяғы)-бұл кезеңде методологиялық және теориялық проблемалар есте сақтауға арналған тесттер пайдаланылда. Үлкен теориялық және практикалық жұмыстар психодиагностикалық өлшемдер психологиялық-педагогикалық жолмен жүргізілді. Осылардың ішінен 2-монографияны Герхарда Витциактың «Психодиагностиканың негіздері» және «Преодаление учебный неуспеваемости» мен Юрген Гуткенің «оқытудағы интеллектуалдық диагностика ерекшеліктері» болды. Сонымен қатар К.Гутьяраның «психикалық қасиеттердің өлшемі», коллективтік еңбек «Оқыту қабілетін диагностикалауға кіріспе».

3-кезең. Психологияда практикалық теорияларды сандық және сапалық тест әдістерін қолдану болып табылады. Көптеген Ресейлік психологтар диагностикалық әдістерді қолдану қажет деп тапты. Бұған ең бірінші зерттеп көз жеткізген Б.М.Теплов болды. Ол өзінің «Психологиялық ғылым СССР-да» деген мақаласында айтты.

К.К.Платонов әдістерді үш түрлі бағалауды ұсынды;

1) механикалық

2) формальды

3) структуралық.

Ковалев пен В.И.Мясищев дифференциалды зерттеулер мен тестілеу әдістерін қорытындысын тура, анық болуына көмектеседі.

Сонымен қатар (Выготскийдің, Ж.Пиаженің, Дж.Брунердің) бұлардың балаларға арналған ақыл-ойды дамыту, математикалық-статистикалық сапаларды анықтау үшін психологияға өз үлестерін қосты.

Психология ғылымындағы іс-әрекет психологиясының теориясы, әйгілі кеңес психологтары С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Б. Ананьев және т.б. еңбектері ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орында болды. Ол психологияны индивидтердің іс-әрекеті барысында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызмет етуі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды.

Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жан мәселелерін баяндайтын мәдени-тарихи теориясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жылдары Мәскеудің “Педагогика” баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер: 1.Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы; 2. Жасөспірім педологиясы; 3. Жалпы психологияның проблемалары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл), көптілділік мәселелері қарастырылған. Тәуелсіз еліміздегі тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғаны белгілі. Осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мәселелері, көпшіліктің, соның ішінде қостілділіктің балалық шақта қалыптасуы бүгінгі күннің аса өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Л.С.Выготскийдің “Сөйлеу мен ойлау” проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, ара қатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар.

Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.
П.Я.Гальперин өзінің “Бағдарлаушы іс-әрекет психологиясының пәні” деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын және олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И.П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, әр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді.

Ресей психологтарының да қосқан үлесі зор. Революцияға дейінгі Ресейде ХХ ғасырдың басында тесттер танымал болды. Осы уақытта тестке көп көңіл бөлген педагогтар да болды, себебі олар тесттердің көмегімен оқушылардың қабілеттілік деңгейі жөнінде,тұлғалық ерекшеліктері жөнінде мəліметтер жинақтап,психикалық дамуын болжап жəне бағалауды жүзеге асырамыз деп ойлады. Мектептерде оқушыларды эксперименталды психологиялық тексеру мақсатында кабинеттер ұйымдастырылды. Психология дамуындағы табиғи ғылыми бағытты жақтаушылар (А.П.Нечаев, Н.Е: Румянцев, Г.И. Россолимо) тестілеу идеясын таратуғабелсенді əрекет етті, тесттерге үлкен үміт артты. Ресейде психологиялық тестілеу жөнінде еңбектер 1917 жылға дейін əйгілі психолог жəне психиатрлар Г.И. Россолимо жəне Ф.Е. Рыбакова есімдерімен байланысты. 1908 жылы Г.И.Россолимо жалпы қабілеттің даму деңгейін өлшеуге арналған шкаланы басылым етіп шығарады, бұл шкала психология мен психодиагностикатарихына «Психологиялық профильдер»атауымен енді. Автордың ойынша тесттіңнегізгі мақсаты – қалыпты балалардың дамуын əртүрлі деңгейде ақыл ойында ауытқушылықтары бар балалардың дамуынан айырмашылығы бар екенін критерийлер арқылы өңдеу. Бұл мақсатты шешу үшін тестті 11субтесттен құрастырды (11 субтест 11 психикалық процесті зерттеуге негізделеді жəне олар бес топқа жинақталады: зейін, қабылдау, ерік, есте сақтау, ассоциативті процестер) жəне бұл субтесттердің көмегімен алынған мəліметтер профиль түрінде берілді. Тапсырмалар зерттелушілер категорияларына байланысты (балалар, интеллигентті ересек адамдар, интеллигентті емес ересек адамдар) бөлінді. Бірінші рет профильдер графикалық тілден арифметикалық тілге ауысты. «Профильдер» ғылыми қоғамдастықтың жағынан жоғары бағаға ие болып, көптеген тілдерге аударылды. Ф.Е.Рыбакованың кеңістікті қиялдың даму деңгейін анықтауға арналған зерттеулері де қызықты. «Рыбаков фигуралары» əлемге əйгілі болды, оған ұқсас көптеген тесттер жасалды. Мысалы, 1955 жылы Р.Мейли ұсынған интеллект тесті. Революцияға дейінгі Ресейде тесттер жасалып, өңделгенмен, қолданылуы мен дамуы шетелде (көбіне басқа авторлардың есімдерімен) жүзеге асты. 1912 жылы Г.И.Челпанов«психологиялық тесттердің тек қана ғылыми мəні бар, тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданады, бірақ практикалық мақсатта қолдануы мүмкін емес» деп айтты. Челпановтың бұл пікіріне сүйенсек, тесттер тек адамның жеке көрінулері мен қасиеттері жөнінде мəлімет береді, бірақ бұл алынған мəліметтерді ұзақ уақыт тесттік емес əдістермен дəлелдеу қажет. Кеңестік кезеңде 1920 30 жылдары практика жүзінде тесттер кең түрде қолданыла бастады. Психологиялық тестілеу саласында еңбектенген ғалымдар: Украинада өздерінің новаторлық зерттеулерін А.М. Мандырка мен М.Ю. Сыркин басып шығарды. Бұл ғалымдардың жұмыстарында психологиялық тестілеудегістатистиканың теориялықаспектілерін ашуға үлкен көңіл бөлінеді (Мандырка), сонымен қатар тесттердің нақтылық критерийлері мен алынған мəліметтердің əлеуметтік факторлармен байланысына көңіл бөлінеді (Сыркин). Осы уақытта психодиагностика дамуында Выготскийдің де үлесі зор болды. Ол психологиялық диагноз туралы, оның ерекшеліктері мен кезеңдері туралы ілімі əлі де маңызын жойған жоқ. Тестке қарсы шыққан ғалымдар: К.Н.Корнилов, А.В. Залкинд, С.С Моложавый, Н.К. Крупская. Тесттерге қойылған қатал қарсылықтардың негізгі себебі, тесттердің көмегімен зерттелген балалардың көбі ақыл ой жағынан қалыс қалған болып шықты. 1920 жылы жүргізілген зерттеулер арқылы балалардың интеллектік даму деңгейінде ұлттық жəне əлеуметтік айырмашылықтар бар екендігі анықталды. Өзбекстан балаларының интеллект деңгейі Ресей мен Украина балаларының интеллектуалдық деңгейіне қарағанда көп төмен болған.Бұл балалардың интеллектуалдық қалыс қалуының себебі: қиын əлеуметтік тұрмыстық жағдайлар, физиологиялық даму ерекшеліктері. Орта Азия балалары ғана емес, сонымен қатар славяндық жұмысшылар мен шаруалардың балаларының да интеллектуалдық дамуы төмен болды. 1920 жылы зерттеулер көрсеткендей, Кеңестік кездегібалалардың IQ деңгейі американдық балалармен салыстырғанда 7 % төмен болған. Сонымен қатар, басшы қызметкерлердің балаларының IQ деңгейі жұмысшы балаларына қарағанда жоғары болған. 1935 41 жылы соғыс алдындағы кезеңде ақыл ой дамуыдиагностикасында «сапалық ыңғай» қарастырылады. Мұндай ыңғай қабілет процесін сəйкес іс əрекетті орындау үстінде зерттейді. Сапалық диагностика салыстырмалы түрде тар міндеттерді шешуде тиімді болып табылады, ол лабораториялық жағдайларға бағытталуына байланысты практика сұраныстарын өтеуге бейімлелмегендіктен тесттерді ауыстыра алмаған. СССР кезіндегі дифференциалдық психологиялық зерттеулер «жеке ерекшеліктердің пайда болуы мен дамуы туралы күрделі теориялық негізі жоқ» деп танылды. Интеллект факторы немесе жеке қасиеттердің өмір сүруі жөнінде шын дəлелдеулер үшін дифференциалды психология мінез құлықтың психофизиологиялық көрінулерін тіркеп отырады (Теплов, Небылицын) Сонымен, Б.М. Тепловтың көзқарасы бойынша тұлғаның

жеке психологиялық ерекшеліктері интеллект тесттер көмегімен кездейсоқ жағдай ретінде анықталуы керек.Олар жеке ерекшелік болып есептелмейді, егер олар жүйке жүйесі қасиеттерімен байланысы анықталып, «мінез құлықтық» (нейродинамикалық) көрінуінің тұрақтылығы қарастырылмаған болса. 1980 жылдары психодиагностиканың жалпы жəне жеке мəселелері жөнінде пікірлер əлі де жалғасты. Е.Т. Соколова, В.С. Аванесов, М.М. Кабанов, Б.В. Кулагин, Л.Ф. Бурлачук, Б.Г. Херсонскийдің кітаптары шықты. Əрбір кітап психологтардың қызығушылығын туғызды, практика жүзінде танылды. Студенттерге арналған оқу құралдары, мамандарға арналған анықтама сөздік жарыққа шықты. Бұл жұмыстарда тестілік материалдардың дифференциалды психологиялық өлшеулермен байланысты жүзеге асады, бұл психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуына зор үлесін қосты. Оригинальды əдістемелерді жасау жолында бірінші қадамдар жасалып, олар қазіргі психологиялық зерттеулерде белсенді қолданылып жүр. (А.Е. Личко, В.М. Мельников, Ямпольский, Акимова, Столин,т.б. ) Осы жылдары психологиялық тесттерді жасаушылар мен қолданушылар басшылыққа алатын этикалық нормаларды жасауға үлкен көңіл бөлінді. 1980 жылдардың соңында психодиагностикада зерттеудің негізгі салалары анықталды, жылдар өте келе ғылымда жалпы психодиагностика деп аталатын мəртебеге ие болды. Арнайы психодиагностика салаларына мыналарды жатқызуға болады: клиникалық, кəсіби, спорт жəне педагогикалық. Осы салалардың бəріне диагностикалық тесттердің компьютерлік нұсқалары енгізілді. Осы уақытта жалпы психодиагностиканың шекарасы да кеңейе бастады, мұнда қазіргі есептеу техникаларының мүмкіндіктерін есепке ала отырып, диагностикалық құралдардың қолданылуы мен тиімділігін бағалау жөнінде мəселелер қарастырылды. СССР құлдырағаннан кейін ХХ ғасырдың соңғы 10 жылдығында психодиагностиканың дамуы тұрып қалды. 1960 жылдар СССР кезіндегі психодиагностика дамуының негізгі шыңы болып табылады.

Сұрақтар:

1. А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Л.С.Выготскиий, псилогиялық -педагогикалық диагностикадағы орындалған еңбектерң жөніндегі не білесіз?

2. Робертом Иерксомның басқаруымен жасалынған инттелектуалды тест?

3. Рессейдегі психодиагностикалық теория неше кезеңнен тұрады?

4. Проективті, паталогиялық, контент-талдау әдістері жөнінде не білесің?

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М,2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248 270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М,1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М 2003. 1,2,3 к.

Дәріс № 5

Наши рекомендации