Азақ отбасындағы бірінші талап

Билет №1

Отбасындағы асыл адамдар

Ата – елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария.

Әже – әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы. Балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.

Әке – үйдің басшысы, асыраушысы. Отбасындағы балалардың қамқоршысы.

Ана – өмірге бала әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген ең аяулы жан. Ол – отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы, негізгі тұтқасы.

Ұл – қазақ отбасындағы шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы.

Қыз – елдің сәні, көркі, өмірдің гүлі, отбасының қуанышы. Ол – болашақ жар, ана. Оны мәпелеп, аялап, сыйлап жүру керек.

Билет №2

Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі

Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. Қызға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.

Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі – Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты – Забира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Забира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатқа шығуға, машинамен қыдыруға құмар, Зәбира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Жақсы дәстүр – отбасының берік айналуының тірегі.

Билет №3

Отбасы тәрбиесі

Мен мектепте жүргенде сурет салуды ұнататын едім. Бұл өнерімді байқаған әкем мені қолпаштап отырды. Бірақ қайтсең де, суретші боласың деп үзілді-кесілді айтқан жоқ. Өз пікірін, білгенін айтатын, бірақ оны зорлап біздің миымызға құймайтын. Сондықтан ба, отбасымыздағы бес баланың бәрі де өздері қалаған мамандықтарын алды. Қажет деген кезде, қанша керек болса, суретті сонша салатын едім, уақыттан да ешкім шектемейтін.

Қазіргі отбасылардың көпшілігі қонақ үйді еске түсіреді. Қайсібір ата-аналар балаларын телефонмен тәрбиелеп жатады. «Тұрдың ба? Тамағыңды іш! Содан кейін отыр, сабағыңды оқы!».

Көп нәрсенің кілті үй ішінде орныққан дәстүрге байланысты деп ойлаймын. Бала өзінің бүкіл ғұмырына жететін ең жақсы қасиеттерді үйдің «ауасымен» бірге жұтуы керек. Бұл жерде бәрібір – ауылдың баласы ма, қаланың баласы ма, ең бастысы, бойындағы дарынын жандырып, табандылыққа үйрет. Ал егер баланың ақылы болса, оны қаймықпай, жалтақ болмай өсуге талпындыру керек.

Билет №4

Үлкенді сыйлау – ұлылық

Бір күні Қабылбай қарт шаршап келе жатқанда, анадайдан жалғыз үйді көзі шалып қалады. Шөлін қандырғысы келіп, үйге бас сұғады. Киіз үйдің іші мұнтаздай таза, тиянақты жиналған. Әрбір заты қазақы ою-өрнекпен жасалған. Бұл не де болса қазақ отбасының үйі, қыз баласы қылықты, ұл баласы ұлықты болды-ау шамасы деген ой келді қартқа.

Сондай ойда тұрғанда, сырттан «Бұл кім екен?» деген қыздың дауысы естіледі. Қабылбай қарт:

- Аманбысың, балам!

- Аманбыз, сіз кімсіз? Біздің үйде қайдан жүрсіз?

- Балам, шөлдеп су ішейін деп келгенмін.

- Біздің үйде су таратып жытыр ма екен?

Бұл жауапты естіген қарт үндемей шығып жүре берді. Әлгінде ойлаған ойының қате екенін түсініп, басын шайқап келеді. Сөйтіп ой үстінде келе жатып, екінші бір үйге кез болады. Бұл үйге тіпті тоқтағысы келмей кетіп бара жатса, есік алдында тұрған бала.

- Ата, тоқтаңызшы, мына бір ожау суды ішіп жіберіңіз, жақсы болып қаласыз, - деп қарттың қасына жүгіріп келді.

- Менің су ішкім келгенін сен қайдан білдің?

- Түріңіз шаршағанға ұқсайды, содан білдім.

- Өзіңнің атаң, әкең бар ма?

- Иә, әкем бар, қой бағуға кеткен.

- Рақмет, балам, өркенің өссін!Үлкенді сыйлай біледі екенсің.

- Иә, ата, әкем маған үнемі үлкенді сыйлау – ұлылық, үлкенді сыйласаң, алғысқа бөленерсің деп ұғындырып отырады.

Қабылбай қарт үйдің ішіне кірмесе де, сырттан-ақ бұл қазақ отбасындағы балалар үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету дәстүріне тәрбиеленгенін ұқты. Іштей қатты риза болды.

Билет №5

азақ отбасындағы бірінші талап

Қазақ отбасында бірінші әке, содан кейін шеше, бұлар отбасы мектебінің ұстаздары десек болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең басты талап-тілегі – «әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ отбасы үнемі: «Әдепті бол, тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Үнемі отбасында осындай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие бастауы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерінсыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге сыпайылық танытуды үйреткен. Сонымен қатар балаларының ер-азамат болып, халыққа еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Отбасының берекесін сақтап, мейірімділік танытатын – әйел.

Билет №6

Қазақ – қонақжай халық

Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ халқында «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы: «Алланың жіберген сыйы қырық адаммен бірге келуі мүмкін». Сондықтан «қонақпен бірге құт, ырыс, келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс кейін қашып кетеді» деген түсінік бар.

Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Бұл қонақпен келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені.

Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонақты жақсы қарсы алғанн үйді «мырза үй», ал дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң» дейді.

Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар «қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекер айтпаған.

Билет №7

Наши рекомендации