Есті дамыту және тәрбиелеу

Балаларда ес олардың өмірінің алғашқы күндерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) іске асады.

Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен қатар естің өзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды.

Бала өмірінің алғашқы айларында есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс — ассоциациялық ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады. Мысалы, баланы бір біржарым айлық кезінде емізу үшін қолға алғанда, әлі де анасының омырауына аузы тиместен сәби сору қозғалыстарын жасай бастайды.

Шетел психологиясында балалар тек сәбилік кезенде ғана емес, жалпы 7-8 жасқа дейін есте қалдыруы тек қана механикалық, ал логикалық есті үлкендер меңгереді деген көзқарас кең тараған.

Бұл көзқарас әр уақытта біз бақылап отырған шындықпен, деректермен толық қарама-кайшылықта екендігін атап өткен жөн. Деректер көрсеткендей, балаларда ойлауы мен тілі бірге дамуымен мағыналық есте сақтау қалыптаса бастайды.

Демек, балалардың мектепке дейінгі кезеңнің алдында және мектепке дейінгі кезеңде тәжірибесі әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты олардың ойлауы да жеткіліксіз дамыған. Сондықтан балаларға көптеген нәрселерді механикалық түрде есте қалдыруға тура келеді. Бірақ балаға жақын, материалды есте қалдыру бұл кезеңде мазмұнды сипатта болады. Мысалы, балалар ертегіні бірнеше рет тыңдай отырып, жеңіл, әрі берік меңгереді, неліктен белгілі кейіпкерлер олай емес, былай әрекет етті деген сұрақтарды жиі қояды. Балалар сөздерді механикалық есте қалдырып ғана қоймайды, олар ертегілердің мағыналық мазмұнын түсіне біледі. Ертегілерді тыңдай және есте қалдыра отырып, әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді. Мұнда балалар ертегілерді оның мазмұнын түсіне отырып, есте қалдырады.

Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалық есте сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал көлемі жағынан әр түрлі, тереңдей және күрделене түседі.

Төменгі сыныптың шәкірттері кейде мағыналы материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады.

Жоғары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады. Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер, физиканың, химия заңдарының дәл атаулары және т.б.

Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай заттар мен құбылыстар есте қалды.

Балалар көп жағдайда үлкендерден ертегілерді бірнеше рет қайталауды талап етеді. Бірнеше қайталанған ертегіні бала есінде берік сақтайды.

Балалардың мектепке баруы мен есінің дамуында елеулі өзгерістер іске асады.

Ерікті есте қалдырудың мектеп оқушыларының оқу жұмысында орны ерекше.

Ол мұғалімнің тапсырмасы арқылы материалды есінде сақтайды. Жоғары сынып оқушыларына есте сақтаудың ерекше тиімді құралдары мен тәсілдерін іздену тән болып табылады.

Мектеп жасында бірінші сыныптан бастап, ерікті қайта жаңғыртуға балалардың қабілеттігі толық жетілген. Оқу материалын қайта жаңғырту белгілі жүйеде тек қана ерікті іске асуы мүмкін.

Ерікті қайта жаңғыртуға қабілеттілік оқытудың шарты бола отырып, сол уақытта оқыту үрдісінде дамиды және беки түседі, сол сияқты ерікті есте қалдыру, ерікті қайта жаңғырту еріктің, ырықты зейіннің және ойнаудың дамуымен қатар жүреді.

Мұғалім өз шәкірттерінің есінің дара ерекшеліктерін білуі қажет: бұл бір жағынан, олардың есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, шәкірттердің есінің әлсіз жақтарын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс істеуге көмектесер еді.

Дәрісбаян

Иял

Жоспары:

1. Қиял процесі туралы ұғым.

2. Еңбек әрекетімен байланысты дамитындығы.

3. Қиялдың ерекшеліктерін топтастыру. Ойлау процесімен байланыстылыға.

4. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың қоғамдық мәні.

5. Қияр процесінің алдын-ала бейнелеу ерекшелігі. Қиялдың дара қастеттері.

6. Қиял және шығармашылық.

7. Қиял туралы жалпы түсінік.

Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер (бейнелер) болумен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы (заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар және т.б.) елестетулер болады.

Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады, болашақты да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде тәжірибе мен білімнің негізінде қиял арқылы жасалады.

Бұл елестетулердің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулерідеп аталады.

Адамның іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ заттарды жасайды. Өзеңдердің бағытын өзгертеді, су-электрстанцияларын салады, күрделі құрылыстарды іске асырады, күрделі машиналар мен тұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны өндіріске ендіреді, яғни, өмір үшін қажіттінің барлығы іске асырылады.

Егер де өз іс-әрекетінің нәтижесін анық елестете білмесе, адам осының барлығын істей алмаған болар еді.

Сонымен, қиял деп елестетулердің негізінде бұрын-сонды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз.

Адамдардың өмірінде қиялдың ерекше рол атқаратындығын айта келіп, көптеген ғалымдар, жазушылар және суретшілер басымызда шын мәнінде жоқ нәрсенің бейнесі қалай жасалатындығын түсінуге ертеден бері талпынған болатын.

Қазіргі ұшақты ойлап тапқанға дейін сиқырлы ұшқыш кілем — ұшақ туралы халық аңыздары мен ертегілерінде айтылған еді. Олар адамдардың үшу туралы алғашқы түсініктерін жинақтады. Бірақ ерте кезде адамдарда ұшақ туралы аңыздар, түсініктер қайдан пайда болды? Осы идеяны ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмаса да адамдар құдіретті "қимылдың күші" барлығы туралы ойға келді.

Бұл құдіретті қасиет тек ерекше дарынды адамдарға беріледі, олар шабытгың нәтижесінде тамаша өнер шығармаларын, күрделі техника саласында жаңалықтар жасай алады. Осы теория бойынша тек дарынды адамдар жаңа ойларды айта алады, идеяларды ұсына алады.

Адамның жаңаны ойлап табуы — бұл белгілі білімнің, өзгертілген және жаңарған,жетілген түрі. Фантастикалық бейнелер үшін материал әруақытта жер бетіндегі шындық құбылыстар болып табылады. Адам өзінің күнделікті іс-әрекетінде жаңа бейнелерді және заттарды жасап ғана қоймайды.

Адам санасында қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін қайта жаңғырту арқылы (басқа адамдардың айтқаны арқылы) жасай алады.

Қиял — адамның өте бағалы психикалық үрдісі. Қиял тек адамға тән. Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамыды.

Қиялдың іс-әрекеті белгілі бір жағдайда қажеттіліктер арқылы пайда болады.

Тарихи жағынан қиял адамның еңбек іс-әрекетіңде пайда болған ерекше қажеттілік негізінде дамыды, атап айтқанда, қоршаған дүниені қайта өзгерту қажеттілігі, адамның араласуынсыз табиғаттан көп алу міңдеті қойылды.

Қоршаған дүниені қайта озгерту үшін алдын ала талапты елестетіп алу керек. Болашақта қиял әртүрлі адамзат қажеттіліктерінің — олеуметтік, танымдық, эстетикалық және т.б. дамуымен байланыста дамиды.

Қиялдың іс-әрекеті естің елестетулері негізінде іске асады. Бұл елестетулер қиял елестетулерінің жасалуына материал болып табылады. Қиял үрдістерінде бізде міндетті түрде болатын қажетті елестетулердің қайта жаңғыртылуы іске асады.

Бірақ қиялдың үрдісі тек елестетулерді қайта жаңғыртумен және оларды механикалық біріктірумен шектелмейді. Қиял үрдістерінде ес елестетулері қайта өнделеді, сонымен, қайта өңдеудің нәтижесінде жаңа елестетулер жасалады.

Қиялдың жүйкелік-физиологиялық негізі адам миында бұрын ұйымдасқан уақытша байланыстардың жандануы және бұл байланыстардың жаңа тіркестерге ауысуы деп білеміз.

Қиялдың іс-әрекетінің ерекшелігі естің елестетулерін талдау және жинақтау болып табылады. Сондықтан да қиял үрдісінде қайта жаңғыртумен бірге немесе одан кейін талдау үрдісі іске асады, демек, елестетулердің бөлінуі — елестетулердің жекелеген бөліктері мен элементтерінің бөлшектелуі.

Одан әрі қиялдың жинақтаушылық іс-әрекеті іске асады: бөлінген елестетулердің элементтерін басқа елестетулермен немесе елестетулердің элементтерімен араластыру жоне біріктіру жүреді. Осы жинақтаушылық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа елестетулер — қиял елестулері жасалады.

Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинацияболып табылады. Аглютинация деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесебөлімдерінің бір тұтасбейнеге ұласуымен бірігуін айтады.

Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйеддің (басы мен омырауы), балықтың (құйрығы) және көк балдырлардан (шаштары) жасалуы.

Қиялдың күрделі талдаушылық және жинақтаушылық іс-әрекеті, ерекше белгілері жазушылардың кәркем әдеби бейнелерді жасауынан айқын аңғарылады. Әрбір көркем бейне болімдердің, элементтердің немесе тұтас елестетулердің бір бейнеге өзіндік бірігуі болып табылады.

Л.Н. Толстой Наташаның бейнесін жасауда ("Соғыс және бейбітшілік") кейбір мінез бітістерін өзінің әйелі Софья Андреевадан, басқаларын - әйелінің апасы Татьянадан алғанын жазды. Жаңа бейнені жасауда қиялдың қызметі қарастырған заттар мен құбылыстарын ұлғайтып немесе кішірейтіп көрсетуі мүмкін. Мысалы, орыстың былиналарында (батырлар жырларында) батырлар "тұрған орманнан биік, қозғалатын бұлттан аз-кем төмен" деген әсірелеуді (ұлғайтуды) көруге болады.

Осындай алыптар мен ержегейлілердің бейнелері Свифггің "Гулливердің саяхаты" романында жасалғанын білеміз.

Жалпы батырлық эпостан сол халықтың басынан кешірген сан-алуан тарихи өмірін тұтастай көруге болады. Әрине, батырлық эпоста тарихтың жекелеген оқиғалары, кейбір елестері ғана суреттелмейді, онда халықтың ғасырлар бойғы мұрат-мүдделері, арман-мақсаттары бейнеленеді.

Тарихи шындық немесе қияддан туған әйтеуір, әр кезде өмір сүрген батырлардың ерліктері халық эпосының негізгі өзегі болады, терең идея, мазмұнды мағына береді. Сөйтіп, эпостағы халық батырының қаһармандық сом тұлғасын жасайды.

Бұл жәйт барлық халықтардың эпосына тән. Қазактың батырлық дастандары туралы да дәл сол пікірлерді айтуға болады. Жалпы, қазақ елінің ауыз әдебиеті оте бай десек, соның ішінде ең көрнекті орын алатыны — көнеден келе жатқан дастандар — батырлық жырлары.

Эпоста батыр жалғыз суреттелмейді. Батырлық жырлардың үлкен бір ерекшелігі мұнда әрқашан батырмен бірдей тұлғаланып, бірдей тұрақты суреттелетін күрделі бейнелер бар, ол батырлардың жары, ең сенімді серігі (Қүртқа, Ақжүніс, Гүлбаршын, Назым т.б.) олар да батырдың өзі сияқты ел қамын жеген өрендер.

Батырдың екінші бір егізіндей бірге суреттелетін сенімді серігі - оның астындағы тұлпар аты. Ат қасиетін суреттеу, оның батырға жасайтын достық әрекеттері, батырды тілеген жеріне "көзді ашып — жұмғанша" алып баратын құстан жүйрік шабысы — бәрі де батырлық жырлардан ең көрнекті орын алады.

Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Ер Тарғының Тарланы, Қамбардың Қарақасқасы және т.б. аттар жайындағы суреттер осы пікірімізді дәлелдейді. Рас, батырлар жырындағы тұлпарлардың барлығы да жүйрік.

Бірақ Тайбурылдың жүйріктігі бәрінен асып жатады. Қобыланды "Әйт, жануар, шу" дегенде:

Аршындап бурыл гулейді,

Табаны жерге тимейді.

Тау мен тасқа өрледі,

Төрт аяқты сермеді.

Құлақтың түбі терледі,

Тер шыққан соң өрледі.

Адырды көзі көрмеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі... -

десе, Тайбурылдың түс кезіндегі жүрісі онан сайын үдеп кетеді. Тайбурылдың бейнесін жасау ұлғайтылып көрсетіледі. Бұл қазақ эпостарына тән тәсіл.

Жаңа қияли образ жасауда, әсіресе, батырлар жырларында, қиял — ғажайып ертегілерінде әсірелеп, ұлғайтып көрсету тәсілі (әдебиет теориясында гапербола деп аталады) кеңінен қолданылады.

Неше түрлі фантастикалық қиял-ғажайып жағдайда көрінетін тұлпалардың бәрі де еңбек адамының үйретіп, өсірген жануарлары болып келеді. Мұндай тұлпарлардың шындықтан тыс әрекет жасайтыны, адамша сөйлейтіні, айшылық жерді бір-ақ атгайтыны, от дариясынан көзді ашып жұмғанша секіріп өте шығатыны бары рас.

Бұл, әрине, халық қиялының жемісі және "осындай тұлпарлар болса екен" деген оның арманы болып табылады.

Халық арасына көп тараған, мазмұны әрі қызық, әрі қиял-ғажайып оқиғаларға құрылған көркем де әдемі ертегілердің бірі - "Керқұла атты Кендебай". Кендебай қаншама мықты батыр болса да Керқұла тұлпардың көмегінсіз мақсатына жете алмайды.

Сондықтан ертегіде Керқұла тұлпар айрықша, әстерлеп суреттеледі. "Ол көзді ашып жұмғанша айшылық жерді алты-ақ аттайтын, теңізді көл, дарияны шалшық, тауды қырат құрлы көрмейтін" тұлпар деп, ерекше әсірелей суреттей келіп, оның ең басты қасиеті адам ойын түсініп, адамша сөйлеуі.

Қиял үрдістерінде естің елестетулерін өңцеу іске асып ғана қоймайды, сонымен қатар адамның ой-түйінііске асады, кейбір міңдеггер шешіледі. Сондықтан да қиял үрдістерінде ойлау мен сөйлеудің бірлігі үлкен рөл атқарады. Қиял үрдістері физиологиялық жағынан бірінші және екінші сигналдар жүйесінің өзара әрекетіне тікелей байланысты.

Қиял арқылы жасалған, нақты бейнеде белгілі бір дерексіз теориялық ой-пікірлер өте жиі ашып көрсетіледі.

Белгілі бір жағдайда әрбір суретші, ақын, сазгер шығармашылық үрдісінде бір мәселені шешеді, белгілі бір нәрсені өзі шешуге әрекеттенеді немесе басқаға түсіндіреді. Бірақ өзінің ойларын жалпы және дерексіз ұғымдарда емес, нақты бейнеде ашып көрсетеді. Мысалы, "Аққу, Шортан һәм Шаян" атты мысалында Н.А.Крылов бейнелі түрде төмендегі ойды ашып көрсетеді: "Жоддастарда бірауыздылық болмаған жағдайда, олардың ісі алға баспайды".

Әрбір поэтикалық шығармада, әрбір көркем суретте, сазды әуендерде біз негізгі ойды, негізгі идеяны көре білеміз. Қиялдың елестетулерінде дерексіз ұғымдарды нақтылауды біз әртүрлі аллегорияларда, метафораларда және басқа симюлистік бейнелерде кездестіре аламыз.

Мәселен, жаңа машинаны жасауда жаңалық ашушы алғашында оның жеке бөліктерінің және бөлшектерінің, оның құрылысының жалпы идеясын және бейнесін жасайды.

Ойлау іс-әрекетінде осы жекелеген елестетулерді ол болашақ машинаны бір күрделі түрге біріктіреді.

Қиял үрдістёріндегі бұл ерекшеліктің жүйке-физиологиялық негізі бас мидың қыртысы жұмысындағы жүйелілік болып табылады.

Ертедегі гректердің жасаған мифологиясы көп жағдайда олардың ойлауының жеткіліксіз дамуымен және білімнің шектелушілігімен түсіндіріледі.

Иялдың түрлері

Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы.

Айта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен қүбылыстарды создік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.

Қиялдың бұл түрі әртүрлі іс-әрекетте кеңінен қолданылады, әсіресе, оқыту үрдісінде атқаратын қызметі ерекше. Заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасау адамдардың сөзі арқылы, сонымен қатар жазба және заттай құжаттар арқылы іске асады. Қайта жасау қиялына нақты мысал ретінде біздің кинолардан көру, кітаптардан оқу арқылы Ұлы Отан соғысында батырларымыздың ерліктерін елестете аламыз.

Сол сияқты тарихтағы ұлы тұлғалар Абылайдың, Бөгенбай, Қабанбай, Исатай мен Махамбеттің, Сырымның жеңімпаз әскери жорықтары туралы, тарихи оқиғалар туралы елестетулерді қалыптастыруға болады.

Осы мысалдардан елестету объектілері өмірде болған оқиғалар, бірақ оларды біздердің санамызда қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесі, ол әртүрлі оқыған кітаптарымыз, көрген киноларымыз немесе ол туралы айтылған әңгімелер негізінде жасалып отыр.

Сөздік түрде берілген (мұғалімнің әңгімесі, оқулықтың мәтіні) оқу материалын меңгере отырып, оның танысқандарынан жаңа ұғымға не сәйкес келетіндігін шәкірт өзі елестетуі қажет. Мысалы, табиғаттану сияқты оқу пәнін оқып үйрене отырып, шәкірттер теңіздерді, көлдерді, тауларды, белгісіз өсімдіктерді, жануарларды өздері қиялдауы керек. Көркем әдебиетті оқығанда қайта жасау қиялының ролі ерекше зор.

Кітаптарды оқи отырып, мектеп оқушысы қайта жасау қиялының көмегімен өздері шығарманың қаһармандарын елестеді, оларды көрген сияқты болады, табиғаттың көріністерін көреді, кітапта суреттелген оқиғалардың өздерін тікелей қатынасушыларындай сезінеді. Сөз арқылы берілгенді өзі дұрыс елестету үшін жеткілікті білімі болуы қажет.

Мұғалім сабақты түсіндіргенде немесе тарихи оқиғалар суреттелген әдеби шығармалардан үзінділер оқығанда шәкірттер бұл құбылыстарды жиі дұрыс қиялдай алмайды. Тарихи деректерді олар қазіргі түсініктер және білімдерімен сәйкес қайта жаңғыртады.

Мәселен, мұғалімнің Куликово даласындағы ұрыс туралы әңгімесін тындай отырып, оқушылар жойқын ұрысты көз алдарына елестетеді. Тарихи оқиғаларды тартымды, қызықты түсіндірудің мұғалім тарапынан мәні ерекше. Жаңа оқу материалы туралы шәкірттерде дұрыс түсінік қалыптастыру үшін ол туралы анық та дәл, сонымен қатар эмоциялық түрде түсіндіру қажет. Соңда ғана шәкірттерде жаңаны дұрыс бейнелейтін тірі бейнелер жасалады.

Сабақтағы көрнекті материал мектеп оқушыларына оқулықтардан немесе мұғалімнің әңгімесінен алған жаңалықты нақтылауға және түсінуге көмектеседі. Бүгінгі күннің мәселесінен қашықтағы сюжетті әдеби шығарманы оқи отырып, сол кезеңцегі тұрмыс және тарихи дәуірді бейнелейтін суреттерді шәкірттерге корсету тиімді болар еді.

Көрнекі материалға негізделу қайта жасауға әруақытта да көмектеседі. Қайта жасалған бейне ол өте дәл болады, шындық өмірді дүрыс қайта жаңғыртады.

Мысалы, тарихшы архив құжаттары мен археологиялық ескерткіштер негізінде өткен оқиғалардың суреттері мен бейнелерін қайта жасауды іске асырады. Мәселен, көркем әдебиетті оқуда, көркем фильмдерді қабылдауда, техникалық сызулар мен үлгілерді оқуда, әңгімелерді тындауда біздің санамызда адамдардың бейнелері, табиғат суреттері, оқиғалар жасалады. Бұл жерде басқа адамдардың жасаған дайын бейнелерін тек меңгеру іске асады.

Сонымен қатар осы жасалынатын бейненің мазмұны, толықтығы, анықтығы оны қабылдайтын адамның қиялының даму дәрежесіне байланысты.

Оқу үрдісінде, тыңдау үрдісінде әрбір адам тиісті нысанның өз бейнесін жасайды. Мысалы, Л.Н. Толстойдың "Анна Каренина" романын оқығанда әрбір оқырмаңда белгілі дәрежеде оз Аннасының, өз Бронскийінің, өз Левинініңбейнесі жасалады.

Қайта жасау қиялынан шығармашылык қиялды айыра білу қажет.

Шығармашылық қиялыдегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау. Қиялдың бұл түрі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлерінде ерекше рөл атқарады.

Шығармашылық қиялда адам өзі қандай да бір жаңаны жасайды. Мысалы, жазушының қиялы осындай, ол озінің шығармалары үшін кейіпкерлердің типтік тұлғасын жасайды. Жаңалық ашушының да қиялы осындай, ол жаңа жасайтын машинаның, жаңа аспаптың жобасын жасайды.

Сол сияқты зерттеушінің қиялы да осындай, ол болашақ зерттеу жұмысының немесе эксперименттің жорамалын немесе жоспарын жасайды.

Шығармашылық киялдың өзіндік ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:

Ең алдымен жасалатын бейненің нысаны дүниеде өмір сүрмейтін жаңаны жасау болып табылады. Оның өзін жасау қоғамның және сол адамның қажеттіліктерімен, қызығуларымен ынталандырылады, оның түсініктері мен білімдерінің жеке байлығына, сонымен қатар оның қиялының ерекше шығармашылық сапасына байланысты.

Шығармашылық қиялдың образдары создік және материалдық нысандарға жинақталған, іске асырылған болуы керек.

Шығармашылық қиял өнердің барлық түрлерінде поэзияда, музыкада, бейнелеу өнерінде, сәулет онерінде, жаңашылықта, ғылым мен техникада жаңалық ашушыларда байқалады. Шығармашылық қиял үрдісінде адам тек өз санасында жаңа мазмұнды жасап қоймайды, объективтік жаңа шындықтарды жасайды.

Сонымен, шығармашылық қиял жаңа бейнелер жасау қиялы. Мәселен, біздің пайдаланатын көптеген құралдарда (балға, күрек және т.б.) адам қолдарының қозғалыс ерекшеліктері жинақталған. Бұл заттардың барлығын еңбек үрдісінде шығармашылық қиялдардың көмегімен адамдар жасаған.

Адамдар өзінің тарихи дамуында қарапайым құралдарды жасаудан бастап, бірте-бірте күрделі машиналарды ойлаптабуға көшіп отырған, бұл жерде киялға ерекше орын берілген.

Мысалы, белгілі ағылшын механигі Уатт қайнаған суда шәйнектің қақпағының қозғалысын бақылай келіп, бу машинасы туралы ойланды. Бұл кезінде ғылымда айрықша жаңалық еді. Демек, Уатг шәйнектен бу қысымын пайдалану принципін бу қазанына көшіру жолымен бу машинасын ойлап тапты.

Ерекше атап өтуіміз керек, психологиялық тұрғыдан кез-келген жаңалық ашудың негізіне қиялдың жұмысы жатады.

Ақын, сазгер, мүсінші өнер шығармаларын жасау бай және дамыған қиялы арқылы жасай алады. Шығармашылық қиял психикалық қабілеттілік ретінде барлық адамдарға тән.

Шығармашылық қиял тек ғалымдарға, жазушыларға, суретшілерге тән, олар шабыттануға қабілетті деген пікір біржақты пікір деп білеміз. Сез жоқ, шығармашылықпен айналысатын адамдарда дамыған арнаулы ғылыми және көркемөнер қиялы басым келеді.

Бірақ қиялдың бұл түрлері — адамдардың өміріндегі жалғыз белгілері емес. Шығармашылық — бұл іс-әрекет, ол қоғамдық мәні бар жаңа, алғаш рет жасалынатын тамаша туындылар: ғылымда жаңа заңдылықтарды ашу, жаңа машинаны ойлап табу, есімдіктердің жаңа сортгарын немесе жануарлардың түрлерін шығару, өнер мен әдебиеттің жаңа туындыларын жасау.

Ғылым мен техника саласында жаңалықтар ашу әдебиет пен өнер саласында ірі туындыларды беру — еселі еңбектің нәтижесі. Шығармашылық жазушыға, суретшіге, басқа да шығармашылықпен айналысатын кез-келген саладағы адамға еңбексіз өз туындыларын жасауға мүмкіншілік беретін шабыттың нәтижесі деп ойлайтындар қателеседі.

Шындығында, шабыттың өзі- бұл адамның бүкіл күш-жігерінің бір жерге жинақталуы. Шабытты еңбекке қарсы қоюға болмайды. Ол-үлкен еңбектің нәтижесі. Белгілі композитор П.И. Чайковский шабыт жалқауларға берілмейді. Шығармашылық шабыттың жағдайы туралы айта келіл, А.С. Пушкин "дүниені үмытып кетемін", - деп жазды.

Қиял ерікті және еріксіз болып бөлінеді:

Еріксіз қиял— алдын ала мақсат қоймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәтте қанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адам сусыз шөл далада болғанда қатты шөлдейді, ондай жағдайда адамда еріксіз су көздері туралы бейнелер жасалады.

Қиялдың еріксіз үрдістері белгілі бір қабылдаудың, елестетудің, ойлаудың, сөйлеудің, сезімнің әсерімен пайда болады. Мысалы, тарихи, жағырафиялық, техникалық жоне оның ішінде көркем әдебиетті оқығанда біздің санамызда еріксіз жергілікті жерлердің, оқиғалардың, кейіпкерлердің және тағы басқалардың бейнелері жасалады.

Сол сияқты сазды қабылдауда да осы кездеседі. Көркем шығармалардың ерекшелігі мынада: біз оны қабылдағанда (оқимыз, қарастырамыз, тыңцаймыз), онда олар бізде еріксіз қиялдың әрекетін шақырады. Негізінен еріксіз іске асатындар арман және түс көру. Қияддың еріксіз іс-әрекеті болып табылатын біздің түс көруіміз.

Түс көру негізінен үйқы қанбағанда (шала ұйқыда) болады және организмнің жағдайымен, қажеттіліктермен, түйсінулермен шақырылатын, бірақ әлсіз болса да, түс көру кезінде пайда болатын, сонымен қатар сергек жағдайда бастан кешкен еріксіз пайда болатын елестетулермен, сезімдермен байланысты.

И.П.Павлов түс көруді физиологиялық негізі "бұрынғы тітіркендіргіштердің" кездейсоқ жағдайлармен байланысты жүйкелік іздер ретінде қарастырады. Қиялдың еріксіз үрдістері қалай болса, солай емес, белгілі бағытта іске асып отырады.

Бұл бағыттылық жеке тұлғаның қажеттіліктерімен, оның қоршаған шындықтағы ұстанымдарымен, сезімдерімен, қабылдауларымен, үстемдік ететін елестетулерімен және ойларымен анықталады.

Ерікті қиялалдын ала қойылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды тандауға күш-жігерді жұмсау арқылы іске асады.

Өнердің барлық туындылары - ең алдымен ерікгі қиялдың нәтижесі. Ерікті қиял еріксіз қиялдан бөлек, оқшау іске аспайды: ерікті қиял үрдісіңде әруақытга да еріксіз қиялдың сәттері байқалады. Ақындар, суретшілер өз шығармаларын белгілі тақырыпқа жасау үрдісінде (ерікті) кей жағдайда оларды еріксіз пайда болған сезімдер, ойлар билеп кетуі мүмкін.

Шын мәнінде ақынның, суретшінің, ғалымның, жаңалық ашуының шығармашылық қызметінде байқалатын, кездейсоқ басқа күштер емес, ол оның өзінің жанындағы күштері - оның тәрбиесі, білімі, ойлаудың, қиялдың, зейіннің даму деңгейі.

Шығармашылық шабыт сияқты күрделі құбылысты түгелге дерлік еріксіз қиялдың қызметіне жатқызуға болмайды. Сонымен қатар шығармашылық қияддың өнімділігі ең алдымен ерік, күш-жігерге тікелей байланысты.

Қиялдың қызметін ояту үшін, ұлы адамдарға қажетті бейнені жасау үшін көптеген ерік-жігерді жұмсауға, еселі еңбек етуге тура келді.

П.И.Чайковский шабыт туралы: "...Шабытты - күтіп отыруға болмайды", деп жазды, — бір ғана оның өзі жеткіліксіз, ең алдымен еңбек, еңбек және еңбек керек... мен әрбір күні таңертеңмен жазу столыма отырып, жұмысқа кірісем, егер бүгін бұдан ештеңе шықпай жатса, мен бұл жұмысқа ертең тағы да отырамын, мен екі, он күн жазамын, одан әлі де ештеңе шықпай жатса, қаймықпаймын, ал он бірінші күні, байқаймын, "Қарғаның мәткесі" немесе "Бесінші симфония" сияқты қажетті бірдеңе шыққандай сезіндім.

Наши рекомендации