Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары, зерттеулері. (1841-1889). 3 страница
І.Жансүгіров поэмалары, зерттелуі.Ілияс шығармашылығын зерттеушілердің кейбіреуі Ілиястың тұңғыш жинағы «Беташар»,1927 жылы басылып шықты деуі жаңсақ. Өйткені, алдымен «Беташар» өлеңдер жинағы емес. Ол тек жалғыз ғана «Беташар» деген ұзақ өлең. Ф.Ғабитова «Ақынның өмірбаяны» атты мақаласында: «Ілиястың бірінші туындысы 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналының бесінші санына қосымша болып басылған «Беташар» дейтін 18 беттік кітапша болатын»,- дейді. Ілиястың 1928 жылы жазған өмірбаянындағы: «Беташар –кішкентай үгіт өлең, әйелдер бөлімі басты. Бұл - менің алғашқы шыққан кітабым»,-деген сөзін негізге алып, ілиястанушылар кітап деп есептеп жүр. Қазақ поэмаларының отызыншы жылдардағы ең жақсы үлгілері I. Жансүгіров қаламынан туды. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары осы жанрдың үздік ескерткіштері болып қалды. Бұлардан басқа ақын «Рүстем қырғыны», «Кәнпеске», «Мәйек», «Дала», «Жаңа туған» атты көлемді шығармаларын жазды. Бірнеше поэмасы («Мақпал», «Көбік шашқан», «Исатай») аяқталмай қалған.Ең алғашқы поэмаларының бірі - «Рүстем қырғынында» (1926) ақын Жетісу жерінде болып өткен қанды, қайғылы оқиғаны, ел билеуші төрелердің қазақ руларын бір-біріне кектестіріп, айдап салып отырған озбыр тағылығын көрсетеді. «Кәнпеске», «Мәйек», «Жаңа туған»поэмалары заманалық тақырыпқа батыл барудың нәтижелері. Бұлардың бірінде («Кәнпеске») байлардың мал-мүлкін алып, еңбекшілер игілігіне айналдыру науқанының қызу кезеңі айтылса, екіншісінде («Мәйек») бытырап жүрген жеке меншік елдің коллектив болып бірігіп, «Мәйек» атты колхозға ұйысқаны, мемлекеттен ауыл шаруашылық машиналарын сатып алып, егін салғаны, бірлескен еңбекке үйрене бастағаны көрсетіледі.«Күй» поэмасында ақын қазақ халқының күй қазынасын жеткізген қобызшы шалд\ың бейнесін нақтылы елестетеді. Қобызшыдан бала кезінде естіген «Бозінген» күйінің тарихын баяндайды, әрбір күйдің тасасында ел есінен кетпес тағдыр, тартыс жататынын кең пайымдайды. Азат қоғамда ертедегі зарлы, мұңды күйлердің орнына жігерлі жаңа әуен, саз пайда болғанын, бұрын жекелеген орындаушылар тартқан өнердің өрісі кеңейіп, зор үнді оркестрге ұласқанын ақын шебер түйіндейді («Бұл өктем болат жігер, күрес күйі, қосылған мың-мың дауыс, мың-мың ауыз»).«Күй» поэмасында көтерілген әлеуметтік сарындар «Күйшіде» жаңа қырынан қуатты көркемдік шешімдер тапқан. «Күйші» тарихи оқиғалар негізіне құрылған. Мұнда екі мәселе - күй құдіретін суреттеу мен таптық, әлеуметтік теңсіздіктер зардабын көрсету қатарласа келеді. Кенесары ханның Жетісуға келген кезіндегі бір оқиға ескі өмірдегі ширыққан қайшылықтарды, таптық алалықтарды жарқырата ашуға жараған. Кенесарының Сарыүйсін руынан шыққан күйші жігітті қарындасы Қарашашқа тарту еткені, еріксіз күйшінің басындағы шырғалаң, қатерлі хал, оның алғашқыда қыздан дәмелі болып, соңынан шошынып, азат болуға ұмтылғаны қат-қабат суреттермен берілген. Поэманың үлкен жаңалықтарының бірі - қаһармандар психологиясын өмір ағысына, жағдайға тығыз бірлестіріп, тұтас бейнелер жасауында.I. Жансүгіров поэмаларының идеялық-көркемдік жағынан күрделісі -«Дала» поэмасы (1930). Қазақ республикасының құрылғанына он жыл толуына арналған бұл шығарма ақынның дәуір шындығын, жаңарулар сырын, қоғамдағы ұлы өзгерістерді толғаған туындыларының қорытындысы іспеттес. Сондай-ақ ақын мұнда халықтың өткен замандардағы бастан кешкендерін де тарихи оқиғалар желісінің ізімен шолады. Сөйтіп бұл поэма қазақ елінің бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра, кезең-кезеңімен көрсете келіп, халықтың нағыз бақытқа тек Ұлы Октябрь революңиясынан кейін ғана қолы жеткенін шежіре-толғау түрінде баяндайды.Ақынның эпикалық поэзия жанрындағы ең биік жетістігі - «Құлагер» поэмасы. Мазмұны терең, көркемдігі кемел, құрылысы шымыр бұл шығарма - I. Жансүгіров творчествосындағы зор белес қана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің айтулы туындыларының бірі. «Күйші» мен «Құлагердің» озық орнын сөз ете келіп, М. Әуезов: «Бұл шығармалар біздегі поэзия мәдениеті Абайдан соңғы дәуірде революциялық тәрбие нәтижесінде биік сатыға шыққанын дәлелдейді», - деп жазды.I. Жансүгіровтің «Құлагері» ақынның жанына жақын тақырып - халықтың ән-күйін, дарынды өнерпаз адамдарының тағдырын жырлаудағы үздіксіз ізденістерінің жаңа асуы. Өмір шындығын көркем жинақтап, өткеннің оқиғалары ішінен әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктердің себебін ашып, кейіпкерлер мінезін шебер талдауы жағынан поэма әдебиетіміздің үздік табысы.I. Жансүгіров халықтың өнер мұрасынан бұрынғы өмірдің терең сырларын іздейді, еңбекші елдің еш уақытта жақсы болашақтан үмітін үзбегенін, ән-күйлерінде асыл арманын жырлағанын таниды. Сонымен қатар ол бүгінгі бақытты ұрпаққа тап теңсіздігі жайлаған заманның ауыр мұңдарын таныстырып, халық жасаған өнер мүлкінің асылдарын ел қажетіне жаратуды көздейді. Бұл өткендегі мәдени мұраға деген лениндік қағидалардан туатын дұрыс бағыт еді.«Құлагерде» туған ел мен жердің қадір-қасиеті, сұлулығы зор шабытпен жырланады. Қазақстанның аты аңызға айналған басқа да өңірлерін атап өтіп, ақын қазақ халқының ең көрікті жерлерінің бірі Көкшетауды шалқыта суреттейді. Үлкен отаншылдық жүректен шыққан бұл жыр жолдары қазақ өлеңінің меруерт тізбектері болып естіледі. «Құлагер» - таптық, әлеуметтік теңсіздік заманындағы дарынды адамдардың тағдырын таныстыратын шығарма. I Жансүгіров Ақан сері сүрген дәуірдің қат-қабат қайшылықтарын, сорақы сұмдықтарын кең жинақтап, әділ сипаттама береді. Т.Сыдықов «Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі» Ілияс негізгі жанрлардың бәрі не де қалам тербеді: өлең, поэмалар, сын –сықақ әңгімелер, фельетон, пьесалар, роман, публистикалық мақалалар, ара –тұра әдеби сын жазуға білек түре кірісіп кетті.М.Қаратаев: «Әнші» - Ілияс поэзиясында кейін үлкен арнаға айналатын құдіретті сарынның бастамасы дерлік өлең. Бұл сарын әуелде тастан шыққан бұлақ тәрізді сылдырап басталса, бара –бара ол «Күй» мен «Күйші» поэмасына құйды да, өзені тәрізді сарқырап ақты, ақырында «Құлагер» поэмасының аңғарына құлап, кемерімен тең келген жылдам дариядай ұлы арнада терең тұңғиығы теңселе шалқыды. Ілияс поэмаларының сюжеттік конвасын күрделендіріп, қайсар ақыл, қажымас қайрат, жасымас жігер, табанының топырағын тұмар етіп тағар, көзіңе оттай басылып,көкірегіне шырақ маздатар, қылыштың жүзіндей қылшылдап тұрған көргендік пен көрегенділіктің, өнер иесі қонған әулиеліктің, абыздықтың символы, асылдардың көзі, қаракөктің өзі кейіпкерлер галереясын жасап кетті. Десе де әділет үшін айтқан жоқ, І.Ж. таудан құлаған тасқындай сарыны нені жазса да жеріне жеткізе жазатын,теңіздің жарға соққандай асау толқындарын заманның қырық құбылған саясаты, идеологиясы асау бермес белдей көлденен жатып ап, айтарын басқа, - көзге соға айтуға жібермей,темір ноқта кигізіп тежеп, сарқылдаған сары аязымен буып, аждаһадай дігірлеп,Арыстанды – Қарабастың азынаған аузында ұстап, өз дегенін жырлауға көндірегенін атақты поэмаларынан да аңғаруға түспейді. Оны біз ақынның «Күйші» поэмасына жаңаша дүниетанымымен үңіле отырғанбыз. Т.Сыдықов (Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі ): «Құлагер» поэмасында да автор әлеуметтік психология жағына көбірек кетіп қалған. Ілияс кедейге, ақынға, палуанға, жүйрік атаулыға шынжыр балақ, шұбар төстіктің озбырлығы мен қиянатын, қолы мен қатты қастығын азу білей жеткізбек талабы оны ұлттық салт –сана, мінез –құлқымыз бен тілімізге кереғар оғаштыққа, жол айрығына бұла тартпаған. Ойлы оқырман Ақан серінің жел жетпес жүйрігі –Құлагерді өз атынан оздырмас үшін мерт қылуға дейін шімірікпей барған қара жүрек, қатыгез, тоңмойын, өзім деп өзеуреген Батырашты сатира сойылымен қалай соқса да пейілді. Ал, ата –бабасынан бақ қонып, қыдыр дарыған Нұрмағанбеттің ешкімге алты аласықбес берері жоқ, өз ажалымен өлген әкесі Сағынай шалды ақынның Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы. / Қалтырап жынданғандай қолы, басы, / Сағынай саптыаяқты сиіп өлді/ Тоқпақтай тоқсан төртке келіп жасы. Поэмадағы ақын трагедиясы,тіпті «Құлагер» трагедиясына да паң Нұрмағанбет, керек десеңіз, Батыраш та кінәлі еместей қабылданды. Бізше, шығасыға –иесі басшы. Қымызға тойып, қымызға мастанған Батыраш – екеңе,бұл атыраптың бас бәйгесін Көктұйғыны ғана алуға тиіс, бұл өңірде онымен бақ таластырар жүйрік тумағанды. Батыраш байдың ісіп –кебінуі содан. Ақан сері өзіне өзі сенімді болса, алжыған, мақтаншақ,өркөңіл, жуан кеуде, аусар, ішмерез шалдың асып –тасқанына мән бермей, әліптің артын бағып, Құлагерін кермеде ашық шашық қалдырмай, «көзінің құрты бар» көптің назарынан тыс, жасырып ұстауы керек еді. Ақанның түбіне жеткен – басынан сөз асырмайтын « ащы тіл, асау мінез қылығы», «қырық кісімен қырық пышақ болып жүретін» қыңырлығы. Тіл мен көзден сақтанбайтын өркөкіректігі, елі тым еркелетіп, кеудесінің шамадан тыс «ісіңкілігенінен», «байыптылық, парасаттылық» мінезділіктің» жетіспеуі. Сері өзінен жасы үлкен, дәулеті де даңқы Алтайдың мысын басқан,төңірегі шашпауын көтерген жандайшаптары «жігіттерінен жер қайысқан» «дап –дайын тұр өлдім деуге» дейтін кеудесі.Ілияс Ақанның тентек, өр тұқым, теріс азу, Батыраштың шиқанын қандырумен ондырмай тілгізіп, анасынан туғалы естімеген сөзін естіп, атылмаған оқты атқызып, тірідей өлтіреді, намысын таптыртады. Ақан –екеннің тежеу көрмеген «улы тілі» Батыраш шалдың етінен өтіп, сүйегіне жетеді. Ең ақыры, ақын мен Батыраш шалдың тәжікелесуіне куәгер болған халық та жағын ұстап: «Батыраш Батырашқа жібереді –ау» деп, тым –тырыс үндемеді тындаған топ. Поэманың күллі рухы, ащы сатира, улы ирония, кекті күлкі осы топтық идеяға бекем бағынған. Егер ақын жүрегінде замана оты лаулап, өз дәуірінің үні болуға тым беріліңкіреп кетпесе, халықтық мүддені таптық идеяның қанжығасына байлап жібермесе, арынды жырдың алқымы іспес дүлділі бір күнгі даңқ атағына байлана қалмай, мәңгілік ғұмырдың сырлы бесігін тербетер ме?
22.Ж.Аймауытовтың Қартқожақ, Ақбілек шығармалары.Өмірінің көбін баспасөз маңында өткізген жазушы үлкен публицияст есебіндеде белгілі. Сол кездегі мерзімді баспасөз беттерінде ол жазған мақалалар, оқшау фелетондар, хат-хабарлар көп. Аймауытовтың жазған әдеби-сын мақалаларының елеулілері: «Абайдан соңғы ақындар» (1918ж М.Ауезовпен бірігіп жазған), «Мағжан ақындығы туралы » (1923), «Аударма туралы» (1925), «Сұңқар жыры» (1925) т.б. Ол театр, музыка, өнер тарихына қатысты көптеген мақалалар жазған. Аймауытов қоғам қайраткері ретінде халық ағарту жүйесінде қызмет істей жүріп, жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға баулуда да көп еңбек сіңірді. Бұл салада да артынан мол мұра қалдырды. Олардың ішінде – «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) атты кітаптар бар. «Ақбілек» романы. Ж.Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді. Үзінділері «әйел теңдігі» журналында жарияланған. «Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожамен» үндес. Алдынғы романда жазушы жаңа қоғамдық жағдайда азаттық жолына шыққан қазақ жасын көрсетсе, соңғы романда осы әлеуметтік өзгерістер легінде қазақ әйелінің теңдік жолындағы ізденістерін суреттейді. Роман феодалдық-көшпелі ортада , бұйығы тіршілік кешкен қазақ әйелінің жаңа дәуірде өз бақытын табуы, теңдік жолындағы күресі жырланады. Рефолюция алдындағы қазақ ауылының феодалдық-патриархальды тіршілігіне әлеуметтік өзгерістердің елеулі жаңалық әкелгені сол тұстағы қазақ ауылының күрделі, қайшылықты шындығы, адамдар психологиясындағы, қарым-қатынасындағы жаңалықтар «Ақбілек» романында үлкен суреткерлікпен көрініс табады. Роман кейіпкерлері де дәуіріне ілесіп, қоғамдық дамуды өздеріне лайықты орын іздейді. Солардың алдынғы легінде АҚбілек дегеніне жетеді. Ақбілек ауылдың етекбастылығынан, алыпқашпа өсек –аяңынан құтылып, қаладан бақытын табуы – жаңа өмірдің жемісі. Ол – білім алып, қатарға қосылған алғашқы қазақ әйелінің өкілі.«Қартқожа» романы. Көркемдік ерекшелігі. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен. "Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20 –ғасырдың басындағы әлеуметтік революциялар кезінде тартыс жолынан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Романда қазақ ауылының революция алдындағы және қоғамдық қақтығыстар тұсындағы тіршілігі, халықтың азаттыққа ұмтылысы шынайы бейнеленеді. Әсіресе, жазушы осы қоғамдық тартысында ауылдан шыққан қазақ жасының әлеуметтік-теңсіздік сырын ұғып, оның себеп-салдарын түсінуге талабын нанымды көрсетеді. Шығарма кейіпкері Қартқожа да оның өскен ортасы – елі, оның азаматтары да осы уақиғалар легінде шындық долын танып, есейеді. Болашаққа қарайды, ілгерілейді. Қартқожаның біртіндеп жаңа жолға түсуі, көптің қамын ойлау дәрежесіне ілігіп, білімін жақтап, надандыққа қарсы сөз сөйлеуі – оның заман рухын қабылдауының белгісі. Сөйтіп ол әділдік жолына шығады. Жазушы Қартқожа бейнесі арқылы әлеуметтік революциялар кезеңі қазақ қоғамныың қаншалықты қозғалысқа түсіргенін, оның жаңа адамдардың тууына себепкер болғанын шыншылдықпен суреттейді. Сондай жаңа типті қаһармандар Қартқожалардан өсіп шығатынына сендіреді. Мұның өзі Аймауытовтың революция – қоғам- адам арақатынастарын анықтаудағы жаңашылдығын дәлелдейді.Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасының зерттелуі жайлы. Кезінде Ж.Аймауытов туралы ақиқатты көп жағдайда айтуға болмайтын болды. Жазушының өмір сүрген ортасы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай, заманының күрделілігі мен қайшылығы оның шығармаларының көп уақыт жабық күйінде қалуына әкелді.Ж.Аймауытовтың қоғамдық саяси қызметінен бастап, әр түрлі еңбектері бірнеше зерттеу жұмыстарына өзек болғандығы белгілі. Жазушының әдеби шығармашылығы жөнінде кезінде С.Садуақасұлы, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанұлы, С.Мұқанов, және т.б. пікір білдірсе, кейінгі тұста, С.Қирабаев, Т.Қожакеев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Р.Тұрысбеков, Д.Досжанов, Р.Нұрғали, С.Мұратбеков, А.Сатаев, Б.Құндақбаев, Ә.Әбішев, Д.Әбілов, Б.Тәжібаев, Б.Кенжебаев, Т Жұртбай, Б.Байғалиев т.б. ғалымдар тарапынан қарастырылған еңбектеріне талдау жасалып, әдеби құндылықтар мысалдармен көрсетілді.Ж.Аймауытовтың бай әдеби мұрасы туралы Қ.Мұхамедханов: «Жүсіпбектің әдеби мұрасы зерттелген емес, зерттелмек түгіл, сонау 20-жылдардан бастап Аймауытұлын арандату әрекеті, оған жазықсыз жабылған пәле-жала Жүсіпбектің көзі жойылғанша, жойылғаннан кейін де, толастаған емес. Ол өз алдына зерттелетін мәселе» -, дейді 4.391. Себебі, жазушы ақталғанға дейін Ж.Аймауытовқа, оның шығармашылық мұрасына социалистік көзқараспен баға беріліп, ескілікті уағыздайтын шығарма ретінде танылып, нәтижесінде халыққа қарсы идея ұсынған «ұлтшыл», «буржуазияшыл», «халық жауы» деген атақтар беріліп жазаға тартылды. Жүсіпбек Аймауытов шығармалары пән бағдарламасына енбей, оқушылар назарынан тыс қалды.Рақымжан Тұрысбек өзінің Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы жайындағы еңбегінде: «...Міне, «елі үшін күйген» көрнекті қазақ қаламгері, ақын, әрі аудармашы, драматург Ж.Аймауытұлының талант табиғаты мен тағдыры, сондай-ақ, өмірбаян беттері мен шығармашылық ғұмырнамасының кейбір қырлары, перзенттері мен шәкірттері ой-пікірлерінің үзік-үлгі сырлары осындай. Біз бір ғана Жүсіпбек Аймауытұлының өмірбаян беттері мен шығармашылық ғұмырнамасына үңілгеннің өзінде кезең кестелері әр қырынан көрініп, талант табиғатына, дарын дидарына парасат шуағынан гөрі-саясат салқыны көлеңкесін молынан түсірген, салмағын анық аңғарамыз.» Қирабаев С.ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ XX ғасыр басында алмасқан қоғамдық құрылыстар мен жіктелеген екі дəуірдің шекарасында өмір сүріп, сол бір аласапыран заманның шындығын əдебиет тілінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Ол қазақ халқының отаршылдық пен ішкі ауқатты топтың екі жақты езгісі не қарсы тəуелсіздік үшін күрес идеясымен сусындап, əдеби шығарма шылығының төңкеріс тұсында бастады да, оны 20-жылдары айрықшадамытып жетілдірді. Ақын, драматург, прозашы, публицист, сыншы,аудармашы Жүсіпбек бұл кезде əдебиеттің көптеген жанрларында өнімді жұмыс істей жүріп, осы жанрлардың ұлттық əдебиетіміздеорнығуына, шеберлік жағынан жетілуіне аса зор еңбек сіңірді. Қоғам дық дамудың бағыт-бағдары мен заманның қайшылықты сипатыжайлы кең толғанып жазды. Сөйтіп, ол азаттық, бостандық ұра ныастында туған жаңа əдебиеттің көш бастаушыларының легінде болды.Жүсіпбектің өміріне қатысты деректер де көп сақталмаған. Қазіргі бізге белгілі мəліметтер жазушының 1928 жылы Смағұл Садуақасовтың сұрақтарына берген жауабынан алынып жүр. Смағұлдың кейбір жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы жинаған анкетасы М. Əуезовтің архивінде сақталып, кейін Жүсіпбек ақталғаннан кейін ғана жарық көрді1. Одан кейінгі бір қатар мəлімет С. Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» (1932) кітабында келтірілген. Жазушы өміріне қатысты бұлардан басқа арқа сүйер деректер жоқтың қасы. Кейінгі жылдары Жүсіпбек ақталғаннан кейінгі жиналған мəліметтер арасында да оның өмірбаянын толықтыратын деректер көп емес. Жазушыны білетін адамдар да, жақын туыстары да бүгін аз қалған. Жас қал ған балаларының белгілі жайларға қосары шамалы. Дегенмен бұрынғы мəліметтер, соңғы деректер, архив жаңалықтары, бірен-саран жазушыны білетін адамдардың естеліктері негізінде қазір Жүсіпбектің өмірі жайлы ұғым-түсініктің өрісі бірсыпыра кеңейіп қалды.Р.Тұрысбек «Ақбілек әлемі» Тұтастай алып қарағанда, Ж. Аймауытұлының шығармашылық мұрасы, əсіресе күрделі жанрдағы туындылары («Күнікейдің жазығы», «Қартқожа», «Ақбілек») қазақ əдебиетіндегі реалистік прозаның даму жолдарын айқындап қана емес, қоғамдық, кезеңдік құбылыстарды, адами-рухани мəселелерді көркемдік-идеялық тұрғыдан шебер де шынайы бейнелеуімен биік белеске көтерілгендігінің, алыс-жақын шет ел қаламгерлерінің профессионалдық дəрежесіне жеткендігінің бірден-бір дəлелі де, дерегі де бола алады.Мұның өзі халық даналығында айқын бедерленгендей: «Шеберлік өмірді көре де түсіне білуден, сосын объектіні дұрыс таңдап ала білуден басталады». Демек, «Ақбілек» романы ұлттың талайлы тарихын, қазақ өмірінің қиын да күрделі кезеңің, басты түлғаның ауыр да сындарлы сəттерін т.с.с. нақтылы көрініс, шынайы оқиға,бедерлі бейнелер арқылы көрсетіп, тақырып табиғатын, көркемдік-эстетикалық мұраттарды шебер де шешен, шынайы үлгіде баяндаған байыпты, тағылымды туынды.Ж Аймауытұлы шығармашылық шеберлігінің мың сан шындығының бір сыры осында жатыр.Бұл – XX ғ.б. айқын көрініс тапқан қазақ романының үздік үлгісі,өрнекті өрісі, көркем шежіресі.Бұл – «Ақбілек» романының тақырыптық ерекшелігі мен жанрлық жүйені меңгерудегі батыл қадамы, көркемдік-рухани байлығы болып табылады.Бұл – «Ақбілек» романының жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін, тілдік-стильдік сипаттарын айқындайтын əрі шеберлік пен шешендіктің сырлы əлемін кең көлемде көрсететін, басты тұлғаның адами мұраты мен психологиялық қырларын ашатын елеулі еңбектер қатарына жатады.Бұл – «Ақбілек» романына да қатысты айтылар кемел ой мен маңызды мəселелердің бірі болып табылады. Өйткені, «Ақбілек» əлемі – халқы-мыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен əйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ұлт руханиятын, көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды, айшықты қолтаңба жемісі. «Ақбілек» əлемінің ақиқаты осы.Өлеңдері мен әңгімелері. Ж.Аймауытов әкесінің шын есімі – Оймауыт. 1889 жылы Павлодар обл. Баяауыл ауданы, Қызылтаумекенінде дүниеге келеген. 1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйымымен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931 ж атылған. Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910 жылдардан басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде Республикалық газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар.
23.Қ. Аманжолов шығармашылығы, зерттелуі. (1911-1955)Қасымның қысқа өмірі күрделі ауыр жағдайда өтті. Оның ақындық жолы жылдардағы кеңес әдебиетінің саясатқа бейімделуі жағдайында басталды да, кешікпей Ұлы Отан соғысының майданында жалғасты. Қасымның алғ жинағы-«Өмір сыры» 1938 ж басылды. Ол лирикаға біраз талас беріп, ұзақ поэмалар жазды. Олар: Жамбыл тойында, Құпия қыз 1939 ; Бикеш 1940. Ақын таланты Ұлы Отан соғысы майданында таласты. Ол қазақ әдебиетіндегі әскери лириканы туғызып, қалыптастырып жетілдіру жолында үлкен мектептен өттің. Соғыс кезіндегі ұранға шақыруға, мадақтауға құрылған көп жырларға қарама-қарсы Қасым майдан өмірінің өткір қатыгез шындығын өз өлеңдеріне арқау етті. Солдат бойындағы қайсарлық, қажыр, төзімділік сыры анық елге хат түрінде жащған өлеңдерінің (Сәбитке, ғалияға, Қапанға) бәренде де бар. «Подполковник Әлпенге», «Жылқыайдар» өлеңдері осы жылдардың қорытындысы іспетті.Қазақ жауынгерінің ерлік жолы бұларда шеберлікпен қорытылады. Кешелі бұратана саналған халық-ң солдаты Жылқайдар Берлиннің көшесінде қолға түскен немістерді жөнге салып жүргенін ол мақтан тұтады.Қасымның «Дариғасы»-«өлмес өмір өлеңін» айтып келген ақынның жанс езімі, өмірге құштарлығы. Дариға-өмірге деген ынтықтығын үзіп кеткен соғыс лаңын, қайтқван солдат сол ғашығын шарқ ұрып іздеуді.Қасымның эпикалық поэзияда аса биік бағаланатын шығармасы-«Ақын өлімі туралы аңыз». Бұл соғыстың қызу кезінде майдан даласында туған шығарма. Оған Қасымның ақын жолдасы Абдолла Жұмағалиевтің ерлік өлімі оқиғалары себеп болған. Бір селода болған ұрыста жауды беттетпей 1 үйді паналап атысқан абдолла жау қоршауында қалада да оны атысып ала алмаған жау ызаланып үйді өртейді. Соғыстың дәл өтінен келіп газетте жарияланған Қасым поэмасын Ғ. Мүсірепов «Майданнан соққан жақсы леп» деп бағалаған еді.Қасым –ерліктің, тәуелсіздіктің ақыны еді. Оның қайсар мінезі, ақындық өктем күші, өлеңдерінің биік пафосы адам рухының жоғарылығын паш етеді. «Нар тәуекел» атты өлеңін сол ақын өмірінің кредосы десе де болады:Нар тәуекл құлаш ұрдым қиынғаҚайрат шіркін алып шықса қиын ба?Бұл саһарда сүрініп те қалармын,Сонда достым мені айыпқа бұйырма.Зерттеуші: С. Қирабаев: «Қасым-менің әдебиетке әуестене бастаған тұста көп оқып, көп шығармалар жаттап өскен, әдеби сауатымды ашқан сүйікті ақынымның бірі еді. Студент кезімде, 1948 ж «Дауыл» деген жинағы менің өмір бойы стол үстінде жататын кітабы»-дейді.Оған тапсырма бойынша жиналыста Қ-ды сынап баяндама жаса дегені. Ол болса «кейбір қателіктер де байқалады» деп қана айтқандығын жазады. Кейін Серік Қирабаев «Шыншыл да сыршыл», «Ақын тойы» атты мақалалар жазады.Қасым-әкімшілік жүйесімен ымыраға келе алмаған күйде дүниеден озды. Оның партиялық бюракраттыққа қарсы суырып салып айтқан шумақтары да бірсыпыра.Қасым-қазақтың ұлттық ақыны. Ол бүкіл жан-тәнімен, рухымен, ішкі сезім күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын толықтыра, жетілдіреді.С. Қирабаевтың сөзмен айтсақ. Қасымды оқысаң, ойы жетіледі, кем-кетігің толады, тіл үйренесің.