Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау әдістері

"Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).

Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетінадам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы). Генч сынамасы былайша өткізіледі: сыналатын адам мұрнына қыстырғыш салып, ауыз арқылы еркін дем шығарады және жағымсыз сезімдер пайда болғанға дейін аузын жауып отырады. Тыныс алу кідірісінің уақыты секундомермен тіркеледі. Әртүрлі жастағы және жыныстағы балаларға арналған осы көрсеткіштің орташа мәндері 2-кестеде келтірілген

Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.

Зерттелетін көрсеткіштер Жүктемеге дейін Жүктемеден соң дереу
Штанге сынауы    
Генче сынауы    

Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.

Дені сау шынықпаған адамдарда:

Штанге сынауы -30- 40 сек.

Генче сынауы - 20-30 сек.

Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады.

Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.

Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайы Генч сынамасы көмегімен бағаланады (демнің сыртқа шығу кезіндегі тыныс алу кідірісі).

Балаларда дем шығару кезінде тыныс алу кідірісі көрсеткішінің шамасы (секундына)

Жастары жылмен Ер балалар Қыздар
10 ± 2,8 8,3 ± 4.0
17 ± 12,4 13,0 ±7,2
16,8 ±11,0 12,1 ± 6.3
15,5 ± 7,5 11,0 ± 4,0
18,2 ± 8,5 13,0 ± 8,6
20,0 ± 12,0 16,0 ±13,6
18,5 ± 11,0 16,0 ±6,2
19,6 ± 6,7 19,0 ± 9,2

Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың болуының сауықтыру тиімділігі терең тінді биохимиялық үдерістерді жетілдіруде – гипоксия тұрақтылығының жоғарылауында көрінеді. Баланың демалу уақытында тыныс алу кідірісінің 10%-ға және одан жоғары өсуі жағымды қозғалыс ретінде сипатталады; тыныс алу кідірісі уақытының 10% төмендеуі керісінше сипатталады және оттегі тапшылығына төзімділіктің төмендеуі туралы куәландырады.

Сүйек-бұлшықет жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау әдістері

Балалардың еңбекке дене қабілетін бұлшық ет күшінің және бұлшық ет шыдамдылығының көрсеткіштері бойынша бағалау ұсынылады.

Балалардың бұлшық ет күші динамометр көмегімен анықталады. Қол буынының бұлшық етінің күші бір жаққа созылған күшті оң қолмен (солақайларда – сол қолмен) қол буыны динамометрі арқылы өлшенеді. Қол буыны бұлшық етінің жас-жынысына қарай орташа стандарты 3-кестеде берілген.

Балалардың қолының бұлшық ет күші (килограмм)

3-кесте

Жастары жылмен Оң қол (солақайларға сол қол)  
Ер балалар Қыздар
14,8 ± 3,2 12,2 ± 2,9
16,7 ±3,2 14,3 ± 2,7
18,7 ± 3,8 15,3 ±2,5
21,1 ±3,6 16,6 ± 3,8
25,9 ± 5,5 19,6 ± 4,7
26,2 ±7,0 21,6 ±4,4
28,6 ±9,0 23,5 ± 4,6
       

1) бұлшық ет күшінің 10%-ға және одан жоғары өсуі балаларды сауықтыру ұйымындағы дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуы, сауықтыру іс-шаралары жүйелерінде күш және жылдамдыққа-күшке бағытталған жаттығулардың қолданылуы туралы куәландырады. Динамикалық бақылау үдерісінде бұлшық ет күшінің 10%-ға төмендеуі көрсеткіштің кері динамикасын білдіреді;

2) сондай-ақ бұлшық ет төзімділігі динамометрдің көмегімен анықталады. 5-7 секунд демалуға үзіліс жасап, бала динамометрді бар күшімен 5 рет қысады да сосын динамометрдің бірінші және бесінші көрсеткіші салыстырылады. Баланың жағдайына байланысты бұлшық ет күшінің көрсеткіші оның бастапқы мөлшеріне қарағанда 10-15%-ға төмендейді. Осы ерекшелік неғұрлым аз болса, соғұрлым күштің төзімділігі жоғары болады. «Стайер» типіне жататын төзімді балаларда динамометрде өлшеудің басындағы және соңындағы көрсеткіштері сәйкес келеді. Осы өлшеулердің арасындағы айырмашылықтардың лагерь ауысымының басынан бастап соңына дейін өзгеруі төзімділіктің дамуын немесе артуын білдіреді.

7. Баланың функционалдық мүмкіндіктерінің өсуін білдіретін маңызды көрсеткіштер дене дайындығының оң динамикасы: жылдамдыққа (30 метрге және 60 метрге) жүгіргенде, төзімділікке жүгіргенде (300 метрге және 500 метрге), сондай-ақ басқа да нормативтерді тапсыру кезінде нәтижелердің жақсаруы болып табылады.

Наши рекомендации