Психология ғылымының салалары.

Психология пәні, міндеттері, маңызы.

Психология – псих-қ құб-ң пайда болу, даму және қалыптасу туралы ілім. Міндеті – псих-қ іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп тану.

Бұл сөз “жан туралы ілім” Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді.

Бала дамуындағы оқытудың жетекші рөлі.

Кеңес психологтарының (А.Н. Леонтьев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн) теорияларына сәйкес баланың психикалық дамуы әлеуметтік ситуациямен анықталады, бұған оның қоғамдағы орны, үлкендер және құрбыларымен қарым-қатынас жүйесі, шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі жатады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін педагогика, психология ғылымдары жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам болуы үшін, оқытудың қажет екендігі туралы, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы құрамын әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық, прагматикалық көз қарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналысындағыларды білуге құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан көрінеді.Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қабілеті байқалса қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгеретіндей етіп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жеке жасы мен жеке басының дара ерекшеліктері мінез-құлқын білуді қажет етеді.

Іс – әрекет туралы жалпы түсінік.

Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампазсубъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді.

Психология ғылымының салалары.

Психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады: Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін. Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді. Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.

Наши рекомендации