Ндірістік жарықтандыру түрлері мен жүйелері

Өндірістік үй-жайларда жарықтандырудың үш түрі қолданылады: табиғи (жарық көзіне күн жатады), жасанды (тек жасанды жарықтандыру көздері ғана қолданылады), бірлескен немесе аралас (табиғи және жасанды жарықтандыруды бірге қолданумен сипатталады).

Бірлескен жарықтандыру табиғи жарықтандыру, өндірістік әрекеттерді орындауға қажетті жағдайларды жасай алмаған кезде қолданылады.

Қазіргі кездегі қолданыстағы құрылыстық нормалар және ережелермен жасанды жарықтандырудың екі жүйесі қарастырылған: жалпы жарықтандыру жүйесі және үйлескен жарықтандыру жүйесі.

Табиғи жарықтандыру, табиғи жарықтандыру көздерімен - тікелей күн сәулелерімен және көк күмбезінде диффузды таралған жарықпен (атмосферамен таралған күн сәулелерінен) жасалады. Табиғи жарықтандыру биологиялық тұрғыдан адамның көзі жақсы бейімделген ең құнды жарықтандыру түріне жатады. Оның әсері жарық ағымының жоғары қарқындылығымен және көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл аймақтардағы сәулелену түрлерін үйлестіретін қолайлы спектралды құрамының болуымен анықталады. Табиғи жарықтандыру, жарықтандыру деңгейі мен көріну жағдайын анықтайтын фактор ғана емес, сондай-ақ жарық ойықтары арқылы адамның қоршаған әлеммен тікелей байланыс жасауының арқасында оң психо-физиологиялық әсер көрсетеді.

Өндірістік жағдайларда табиғи жарықтандырудың келесі түрлерін қолданады:

а) бүйірлік - сыртқы қабырғалардағы жарық ойықтары (терезелер) арқылы;

б) жоғарғы - үй-жай шатырларындағы жарық фонарьлары арқылы;

в) үйлескен - жарық фонарлары мен терезелер арқылы.

Жоғарғы немесе үйлескен жарықтандырумен жарықтандыру6 бүйірлік жарықтандыруға қарағанда біркелкі жарықтануды қамтамасыз етеді. Тек бүйірлік жарықтандыруды қолданған кезде терезелерге жақын жерлерде жоғары жарықтандыру болады да, ал цехқа тереңдеген сайын жарықтану деңгейі азая түседі, сонымен бірге үлкен көлемді құрал-жабдықтар үлкен-үлкен көлеңкелер түзуі мүмкін.

Бірақ, бірқатар өндірістік үй-жайлар үшін табиғи жарықтандыру жалғыз өзі жарықтандыру көзі бола алмайды, себебі оның спектралды құрамы мен қарқындылығы жер деңгейінде өте үлкен шамаларда өзгереді және көптеген факторларға: тәулік мезгіліне, жыл мерзіміне, күннің ашықтығына, жауын- шашынға, географиялық ендікке және атмосфералық ауаның ластану дәрежесіне байланысты. Мысалы, атмосфераның жоғарғы қабатының бұлттылығы, жарықтандыруды екі есеге дейін жоғарылатады, төменгі қабаттың бұлттылығы, оны 25-38% төмендетеді, найзағайлы ауа райы 87%-ға төмендетеді. Атмосфералық ауаның шаңмен, түтінмен және газдармен ластануы табиғи жарықтандыру деңгейін 25-40% төмендетеді және күн сәулесінің биологиялық белсенді қысқа толқынды УК- бөлігін біршама дәрежеде өткізбейді. Өндірістік тапсырмаларды орындау үшін, тек табиғи жарықтандырудың бір өзін қолдану, мөлдір жарық конструкцияларын
қолданудың жетілдірілмеуі және оларды пайдаланудың қанағаттанарлықсыздығы себепті, жеткіліксіз болатындығы тәжірибеде дәлелденген.

Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз, үй-жайларда бірлескен жарықтандыруда - табиғи жарық пен жасанды жарықты бірге қолданады. Бірлескен жарықтандыру жүйесіндегі жасанды жарықтандыру тұрақты түрде қосылып түруы мүмкін (табиғи жарықтандыру жеткіліксіз аумақтарда) немесе күн қараңғыланғанда қосылуы мүмкін.

Өнеркәсіп орындарын жасанды жарықтандыру, қызатын шамдармен және газды разрядты шамдармен іске асырылады. Көздің кернеулігі қойылатын талап, жаңа технологиялық үрдістерді енгізу, ал құрылыс салудың одан әрі дамытыла түсуі, ғимараттарды жаппай блоктауды қолдану, көбінесе жалғыз жарықтандыру көзі (терзесіз өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылғылар) болып табылатын немесе үй-жайлардың терезелерден алыс аумақтарындағы жеткіліксіз жарықтандыруды (фонарсыз және көп қабатты ғимараттарда) толықтыратын жасанды жарықтандыруды одан сайын күшейте түсуі. Қазіргі уақытта шығарылатын жарықтың жарық, сипаттамасы, спектрі бойынша табиғи спектрге жақындатылған жарықтандыру қондырғылары шығарылған, ол жасанды «күндізгі» жарық пен табиғи жарықтандырудың жеткіліксіздігін толықтыруға мүмкіндік береді. Бірақ, жасанды жарықтандыру үлкен энергия шығынымен, оны монтаждау қиындығымен, қымбаттылығымен байланысты және жарықтандыру құрылғыларына үнемі бақылау жасау қажеттілігін талап етеді. Өндірістерде жалпы және жергілікті жарықтандыру қолданылады. Жалпы үй-жайдың ішін тұтас жарықтандырады, ал жергілікті - жұмыс беткейлерінің немесе құрал-жабдықтардың жекелеген бөліктерінің жарықтандырылуын жоғарылату үшін қолданылады. Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға рұқсат етілмейді.

Жасанды жарық көздеріне қыздыру шамдары мен люминисцентті шамдар жатады. Қыздыру шамдары жылулық сәуле беретін жарық көздеріне жатады, олардың спектрінде сары-қызыл сәулелер басым болады, ол түстердің қабылдануын бұрмалайды. Оларды газды разрядты шамдардан жарық беруі мен түс беруі бойынша кейін жүреді, ол болса олардың өндірісте қолдануын шектейді. Әйтсе де, олар олардың іске қосылуының қарапайым сызбасына байланысты, ең сенімді жарық көзі болып табылады және олардың жұмыс істеуіне сыртқы факторлар мүлде әсерін тигізбейді. Газды разрядты шамдарда люминисценция құбылысы (суық жарықтану) қолданылады, жарық газдағы, металлдардың буындағы немесе бу мен газ қоспасындағы электрлік разряд нәтижесінде пайда болады. Оларға төмен қысымды жарық ағымын спектрлар бойынша әртүрлі тарататын люминисцентті шамдардың әр түрі жатады: ақ жарық шамдары (ЛБ), түстерді беруі жақсартылған шамдар (ЛДЦ), және де спектрі бойынша күн жарығына жақын шамдар (ЛЕ), түстілігі түзетілетін жоғары қысымды доғалық сыныпты шамдар (ДРЛ), доғалық разрядтың ауыр инертті газдарда сәулеленуіне негізделген ксенонды шамдар (ДКсТ); натрийлі жоғары қысымды (ДНаТ) және сеталдардың иодидтері қосылған металды галогенді (ДРИ) шамдар. ЛЕ, ЛДЦ шамдары түсті ажыратуға жоғары талаптар қойылатын жағдайларда қолданылады, ал қалған жағдайларда - ең үнемді шам түрінде ЛБ шамдары қолданылады. ДРЛ шамдары түстерді ажыратумен байланыссыз жұмыстарда (машина жасау және металлургия өндірістерінің жоғары цехтарында) және сыртқы жарықтандыру үшін қолданылады. ДРИ шамдары биіктік жарықты жақсы береді және түстілігі де жақсы, биік және ауданы үлкен үй-жайларды, құрылыс алаңдарын, кораблдерді және т.с.нысандарды жарықтандыру үшін қолданылады. Ксенонды шамдар өткелдерді, таукен карьерлерін, өнеркәсіп орындарының аудан көлемін жарықтандыруда қолданылады. Газды разрядты шамдар жарықты едәуір жақсы береді, Үнемді (жұмыс істеу мерзімі 5000 сағат және одан да.көп), көру алаңында біркелкі жарықтандыру береді, жылулық сәулелену бөлмейді, сәулелену спектрі табиғи жарыққа жақын. Люминисцентті шамдар жоғары дәлділікті жұмыстарда және түстерді дұрыс ажыратуды, көз бен зейіннің үлкен кернеулікті талап ететін жұмыстарда (радиотехникалық, баспа жұмыстары, тоқыма өнеркәсібі, аспап және машинажасау өнеркәсіптері және т.б.), табиғи жарық жеткіліксіз үй-жайларда, фонарсыз, терезесіз ғимараттарда және т.с.нысандарда қолданады. Газды разрядты шамдардың кемшіліктері де болады: оларға стробоскопиялық әсер (жарық ағамының пульсациясы салдарынан айналмалы және жылжымалы заттардың екеуленіп,еселеніп көріну сезімі), дросселдер шуы, көз шағылыстыру әсері жатады. Олар қалыпты тәртіпен тек ауа температурасы 15-25°С болғанда жұмыс істейді, үлкен немесе төмен температураларда жарық беру төмендейді. Оларды өрт және жарылыс қауіпті өндірістерде қолдану шектеледі.

Өнеркәсіп орындарының бірқатарында жартылай өткізгіштер өндірісінде, радиотехникалық, микроэллектронды және басқа да салаларда ықшам климаттың тұрақты жағдайларын сақтау қажеттілігімен, ауаның жоғары тазалығымен немесе ерекше жарық беру тәртібіне байланысты жұмыс, жасанды жарықтандыру жағдайында жүргізілді (фонарсыз және терезесіз өндірістік үй-жайлар). Мұндай ғимараттарда жұмыс істеу психологиялық дискомфортқа алып келеді, сондықтан да мұндай ғимараттардың құрлысын салуға табиғи жарық жоқ үй-жайларда техникалық негіздеулер мен барлық гигиеналық талаптарды қатаң сақтаған кезде ғана рұқсат етіледі.

Өндірістік жарықтандыруға арналған шырағдандар. Шырағдандар -арматураға бекітілген жарық көздері, арматура - жарық ағымын дұрыс бағыттауға және көздің жарық көзінің шектен тыс жарықберуінен қорғауға арналған. Арматура жарық көзін механикалық зақымдалудан, сонымен қатар түтіннен, шаңнан, күйеден, ылғалдан қорғайды, мықтап бекітуді және қорек көзіне қосуды қамтамасыз етеді.

Жарықты таратуына қарай шырағдандарды тік, шашыраңқы және шағылысқан жарық шырағдандарына бөледі. Тік жарық шырағдандары жарық ағымының 80%- нан астамын ішкі шағылыстырғыш эмальды немесе тегістелген беткейінің есебінен төменгі жартышарға бағыттайды. Шашыраңқы жарық шырағдандары жарық ағымын екі жартышарға да бөледі: оның бірі 40-60% жарық ағымы төмен, басқалары 60-80% жоғары шашырайды. Шағылысқан жарық шырағдандары, жарық ағымының 80% астамын жоғары төбеге бағыттайды, ал одан шағылысқан жарық төмен жұмыс аумағына түседі. Олардың гигиеналық артықшылығына (біркелкілігі, жарқылдың болмауы және т.б.) қарамастан өндірістік жағдайларда олар сирек қолданылады, себебі олар үшін төбенің жоғары шағылысу кофефициенті және таза ауаны талап етеді, ол болса өндіріс жағдайында әрдайым мүмкін бола бермейді.

Көзді, шамның жарқырайтын беткейлерінің жарқылынан қорғау үшін,
шырағданның қорғаныс бұрышы қолданылады , ол - шамның бетінен
көлденең (жарқырайтын жіптің шеті) және арматураның шетінен өтетін
сызықпен түзілетін бұрыш. өндіріістік жарықтандыру үшін ең көп
қолданылатын шырағдандардың түрлері.... суретте көрсетілген.

Тік жарық шырағдандары («Терең сәулелендіргіш», қорғаныс бұрышы 30-35°) төбесі нашар шағылыстыратын, ауасы біршама лас, биік цехтарда (ұсталық, болат құю цехтары және т.б.) қолданады, ал аласа цехтарда (металлды суық өңдеу цехтары) - «Әмбебап» тектес шырағдандар (қорғаныс бұрышы 15°) қолданылады. Шашыраңқы жарық шырағдандары төбесі мен қабырғалары ашық түсті, ауасы таза, биіктігі шектеулі цехтарда қолданады.

Люминисцентті шамдарға арналған шырағдандар негізінен, жарықты тік таратады. Тік жарқылдан қорғау шарасына қорғаныс бұрышы, экрандаушы торлар, мөлдір пластмассадан немесе әйнектен жасалған шашыратқыштар жатады. Тағайындалуына байланысты құрастырылымдық, орындалуына қарай шырағдандарды шаңнан, ылғалдан, химиялық агрессивті заттардан қорғау дәрежесі бойынша бөледі және тағайындалуына байланысты даттанбайтын материалдардан герметикалы етіп жасайды. Ашық, жабық, шаң өткізбейтін (шаңнан герметизацияланған), ылғалдан қорғалған (тоқ әкелуші сымдары ылғалға төзімді корпусқа, патронға арналған материалдармен оқшауланған), жарылыстан қорғалған (ұшқындардың түзілуін болдырмау шаралары қарастырылған) және химиялық белсенді орта үшін даттануға қарсы материалдар қолданылады. Жарықтандырғыш қондырғылардың тиімділігі пайдалану барысында төмендеуі мүмкін, сондықтан да олардың жағдайына жүйелі түрде қадағалау жасап отыру қажет, арматурасын, шамдарын шаңнан, күйеден және әйнектелген беткейлерін уақтылы тазалап тұру керек, қондырғыны, қабырғаларды, төбені бояу керек.

Жұмыс бөлмесінің көлемі бойынша сәйкестендіріп, шырағдандарды орналастыру көмегімен жарықтандыру жүйесі құрылады. Жалпы жарықтандыру біркелкі немесе жергілікті болуы мүмкін. Шырағдандарды жалпы (тік бұрыш жасап немесе шахматты ретпен) рационалды жарықтандыру туғызу үшін, бөлменің ішінде бір текті жұмыс орындалғанда,жұмыс орындарының тығыздығы жоғары болғанда (конвейерсіз жинау цехтары, ағаш өңдеу цехтары және т.б.) орналастырады. Жалпы оқшауланған жарықтандыру, бірқатар жұмыс орындарында берілген жазықтықта жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін арналады, олардың әрқайсысының қасына қосымша шырағдан орнатылады (мысалы, қиғаш жарық), сонымен қатар цехтың әр жерлерінде сипаты бойынша әртүрлі жұмыстар орындалғанда немесе көлеңке түсіретін қондырғы орналасқанда қарастырылады. Жарықтандырудың жақсы жағдайларын жасау үшін шырағдандарды орналастыру кезінде, шырағдандар арасында белгііл бір қашықтықты және жұмыс беткейі мен төбесіне іліну биіктігін сақтау керек, әйтпесе төбеде жарықтық дақтар пайда болады, ол жарықтандырудың біркелкісіздігін тудырады. Үйлескен жарықтандыру кезінде, жергілікті жарықтандыру шырағдандары жоғары дәлділікті жұмыстарды орындаған кезде, жұмыс беткейінде керекті жарықтықты туғызуға, бақыланатын нысанға жарық ағамын белгілі немесе өзгертілген бағытта бағыттауға және т.с.жағдайларға арналады. Үйлесімді жарықтандыру жүйесіндегі жалпы жарықтандыру көмегімен қалыпты жарықтандырудың шамамен 10%-ы (табиғи жарықтандыру жоқ бөлмелерде 20% кем емес) және 90% шамасында - жергілікті жарықтандыру есебінен туғызылады. Жарық көзі газды разрядты шамдар болған кезде жалпы жарықтандыру 150 лк кем емес, қыздыру шамдарымен 50 лк, ал табиғи жарық қарастырылмаған бөлмелерде сәйкес 200 және 100 лк болуы керек.

Жергілікті жарықтандыру, тек жұмыс беткейін жарықтандыру үшін арналады және де тұрақты бір орында және тасымалды болады, ол үшін жиі қыздыру шамдары қолданылады, себебі люминисцентті шамдар стробоскопиялық әсер туғызуы мүмкін. Шырағдандар шарнирлі кронштейндерде орнатылады, ол жарық ағымының бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Жарқылдықтан қорғау үшін, қорғаныс бұрышы 3° кем болмауы тиіс немесе шағылыстырғышы болуы керек. Электрлік жарақат алу қаупін болдырмау үшін, қыздыру шамдары қолданылатын жергілікті жарықтандыру шырағдандарының қорек көзіне 36 В жоғары емес кернеулікті қолданады, ал люминисцентті шамдары үшін 220 В дейінгі кернеулікке рұқсат беріледі.

Апаттық жарықтандыру, өндірістік үй-жайларда (химиялық зауыттар, металлургиялық комбинаттар және т.с.с) және ашық аудандарда жұмыстық жарықтандырудың апаттық жағдайға байланысты өшіп қалуы (жалпы желінің) кезінде, жұмысты уақытша жалғастыру үшін қолданылады. Ол жалпы жарықтандыру жүйесінде қалыпты жарықтандырудың 5%-ын қамтамасыз етуі тиіс, бірақ ғимараттың ішінде 2 лк кем емес және кәсіпорынынң ашық алаңдарында 1 лк кем болмауы керек.

Апаттық жарықтандыру үшін, электр энергиясын автономды алатын қыздыру шамдары қолданылады. Шырағдандар үзіліссіз қосылып тұрады немесе жұмыстық жарықтандырудың апаттық өшіп қалуы кезінде автоматты түрде қосылады.

Адамдарды тысқа шығару үшін, негізгі өткел жолдар мен қауіпсіздігі үшін қосымша есіктер, еден деңгейінде 0,5 лк және 0,2 лк ашық аудандарда болуы керек.

Наши рекомендации