М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеңіз

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген.

КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988), 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батыл мінез көрсетті. КСРО билігі бұған құлақ аспаған соң белгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болған Б.Ельциннің қолдауымен бұл проблеманы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында екінші рет қайта көтеріп, КСРО Президенті М.Горбачевты Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөнінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты... М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды (1988 ж.). 1989 жылы 22-қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, тіпті оған дүркірете қол соғып қойғанда, екінші рет қайта шығып сөйлеп, депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеді және қабылданған заңның үлкен зардабы болатынын ескертті. М.Шаханов ұсынысы Президенттің қолдауымен дауысқа қайта салынып қазақ тілі жекедара мемлекеттік мәртебе иеленді. Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын және республикадағы аз ұлттарды тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді.

М.Шаханов 1989-91 жылдар аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 1990-93 жылдары - республика Жоғарғы Кеңесінің, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

1992 жылы М.Шаханов Олжас Сүлейменовпен бірлесіп «Халық конгресі» партиясын құрды. Бірақ екі тілде тәрбиеленген екі тұлға арасында ұлттық мүдде мен космополиттік ағым жүйелі көзқарас таба алмағандықтан партия ұзақ ғұмыр кеше алмады. 1993-2003 жылдар аралығында М.Шаханов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2001 жылдан «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті, 2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, 2010 жылдан «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық «Жалын» журналының Бас редакторы.

М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды. Автордың Ш.Айтматовпен бірлесіп жазылған «Құз басындағы аңшының зары» атты кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы да бірнеше елдің кітап дүкендерінен, сахналарынан орын тепті.

Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық қаһарманы» атағынан, орден, медалдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол оны былай түсіндіреді. «Отан біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек. Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір елімізде кез-келген заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ұрылардың ең кемі екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарында болғым келмейді. Ал шет мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды алатын себебім, ел перзентіне көрсетілген, есепке құрылмаған риясыз құрмет сәл де болса республикамыздың рухани мәртебесін өсіреді».

Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

73.Отырар дастанында Шағатайдың Отырарды ала алмау себебін әкесіне түсіндіруін сипаттаңыз-»Сен мен-Сен менің ұрпағымның сүйегіне зор таңба салдың,намысыма сызат түсірдің,екі жүз мың әскеріңмен Отырарды ала алмадың» деп Шыңғыс хан ұлы Шағатайға оқты көзін қадайды.Жоқ әке мен де аянып жүрген жоқпын,менің қанша үмітім желге ұшты,қаншама әскерім қырылды,егер шынымды айтсам Отырар халқының рухы --өр , тәні-- бекем,бір қайтпас қайсар халық екен,оңай берілмейтін тірліктерінен бірліктері артық халық екен деп әкесіне түсіндіреді.

74. М. Шахановтың Желтоқсан оқиғасын зерттеуі және баға беруі ын мәнісінде Кеңес одағы ауқымында болған демократиялық қозғалыстардың барлығы Қазақстаннан бастау алғандығын баяндайды қоғам қайраткері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын зерттеу бойынша комиссияны басқарған Мұхтар Шаханов. "Желтоқсан көтерілісі - үлкен көлемде алғанда, бұрынғы Кеңес одағындағы барлық қозғалыстардың көшбасшысы болды", - деп есептейді саясаткер. Себебі оның деректеріне қарағанда, желтоқсан оқиғасына бір жыл екі ай қалғанда КСРО Қауіпсіздік комитеті, КСРО Ішкі істер министрлігі бірлесіп құпия, "Метель" операциясын әзірлеген. Онда Кеңес одағы ауқымында билікке қарсы көтеріліс бола қалған жағдайда оларды басып-жаншу амалдары қамтылған.
"Оны сынайтын жер таба алмай жүргенде 1986 жылы желтоқсанда Алматыда өрімдей қыз-жігіттер көтеріліске шықты. Осыдан соң КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Чебриков Горбачевке кіріп, операцияны сынап көруге рұқсат алған", - дейді Шаханов. Алайда бұл дерек бойынша ол Қырғызстанда елші болып тұрған кезінде сауал қойғанымен, Горбачев одан жалтарған. Желтоқсан оқиғасында алғаш қолданылған басып-жаншу тәсілдері кейін басқа кеңес елдерінде пайдаланылған.
Шахановтың ойынша, егер бұл операцияны сынау жөнінде рұқсат берілмегенде, "жастар көшеде бір-екі күн тұрып, өз талап-тілектерін айтқаннан кейін тарап кетер еді". Алайда арнайы әскери операция жүзеге асуы салдарынан, кейбір деректерге қарағанда, жазықсыз 158 адам қаза болған. Көтеріліс кезінде жарақат алып, мүгедек болған, оқуы мен жұмысынан қуылған қазақтар қаншама? Олай болса, Кеңес одағы кезіндегі зардаптар үшін әзірбайжандықтар тәрізді халықаралық сотқа шағымданған дұрыс па, әлде литвалықтар сияқты өтемақы сұраған жөн бе?
"Желтоқсан оқиғасы - Горбачев бастаған Орталық комитеттің ақылсыз, шолақ саясатының нәтижесі. Оған тікелей кінәлі, жауапты адам кім? Ол - Горбачев", - деп есептейді саясаткер Серік Әбдірахманов. Сондықтан ол желтоқсан оқиғасын қайта тергеп, кінәлі азаматтарды жауапқа тарту артық емес деп санайды. "Бұл мәселе Қазақстанда да көтеріліп, оған айып тағып жатса, бұл - "тілеп алған сыбағасы" деп санаймын. Ресми түрде желтоқсан оқиғасына баға берілсе, әділетті болар еді", - дейді саясаткер.
Қызыл империяның жазықсыз құрбандарының құқығын қорғау бойынша бастамалардың барлығы дұрыс болғанымен, сол мемлекеттердің үкіметі оны қолдамайынша, олардың жүзеге асуы екіталай екендігін айтады Мұхтар Шаханов. Мәселен, 90-жылдары оның желтоқсан көтерілісіне орай, Горбачев және оның серіктерін Конституциялық сот арқылы жауапқа тарту, көтеріліс кезіндегі заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша прокуратураға шағымдану бастамасынан түк шықпаған. Арыздар сол күйі шаң басқан архивтерде қалған...

Наши рекомендации